- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы е.Н. Сраубаев, с.Р. Жакенова, ж.Ж. Жарылқасын
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау
- •Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
- •Еңбек гигиенасының дамуы тарихы
- •Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
- •Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі
- •1 Кесте Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
- •Өнеркәсіптік токсикология пәні, дамуының негізгі кезеңдері
- •2 Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар
- •Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері
- •Өнеркәсіптік токсикология әдістері
- •V. Математикалық-статистикалық әдістер.
- •VI. Жануарларды уландыру әдістері:
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •Улардың организмдегі тағдыры (енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы)
- •3 Өндірістегі аурушаңдық
- •4 Өнеркәсіптегі ескертпелі санитарлық қадағалау
- •Құрылысқа жер бөлу және таңдау сатысындағы ескертпелі санитарлық бақылау.
- •Еңбек жағдайы және жұмысшылар сырқаттанушылығы.
- •6 Металлургия өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Негізгі металлургия цехтарындағы еңбек гигиенасы
- •Уақтау-сұрыптау фабрикасы
- •Алгомерация цехі
- •Домналық цехтары
- •Болат балқыту цехтары
- •Илеу (прокат) цехтары
- •Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылардың сырқаттанушылығы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылар организмінің функциональдық жағдайы
- •7 Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Шошқа шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •Мал шаруашылығындағы мал азығын дайындау цехтарындағы еңбек жағдайы
- •8 Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Цементті өндіру
- •Темірбетондық бұйымдары мен конструкцияларын жасау
- •Құрылыс кірпіштері мен керамикаларын жасау
- •Ағаштан құрылыс материалдарын жасау
- •Сауықтыру шаралары
- •Құрылысты салу технологиясы және еңбек гигиенасы
- •Ғимараттарды құрылымдарды салу (көтеру) жұмыстарына мыналар кіреді.
- •Өңдеу (қорытынды) циклі, бұған кіретіндер
- •Нөлдік циклдің құрылыс жұмыстары
- •Ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу кездеріндегі құрылыс жұмыстары
- •Сауықтыру шаралары
- •9 Жасөспірімдер және әйелдер еңбегінің еңбек гигиенасы
- •Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі
- •Әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын топтастыру
- •Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.
- •Етеккір циклының жағдайы
- •Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері
- •Жоғары температура және жылулық сәулеленудің әсері
- •Радиожиіліктегі электромагниттік өріс әсері
- •Нервтік-эмоционалдық кернеулілік
- •Әйелдердің еңбек гигиенасы мен оны қорғаудың қазіргі басты бағыттары
- •10 Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Металды балқыту
- •Ұста-пресс цехтары
- •Термиялық цехтары
- •Механикалық цехтары
- •11 Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
Республикамызда санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің пайда болу тарихы Қазақстан аймағында денсаулық сақтау жүйесінің өзінің өсуімен және жетілуімен тығыз байланысты.
Алғашқы медициналық ғылыми мекемелерінің бірі болып, қиын жылдарда, 1925ж. Қызыл-Орда қаласында ашылған өлкелік санитарлық-бактериологиялық институты саналады. 1927 жылы РКФСР ХКК Қаулысы шықты «Республиканың санитарлық органдары жөніндегі ережені бекіту туралы». Шынымен бұл күн денсаулық сақтау құрылымында СЭС-тің дербес орган ретінде туу уақыты болып келеді.
1930 жылы Республиканың денсаулық сақтау Министрлігінде санэпидбасқармасы құралды.
1931 жылы Алматы қаласында медицина институты мен денсаулық сақтау және гигиена ҒЗИ ашылды, соңғысына еңбек гигиенасы мен өнеркәсіптік санитария сұрақтарын зерттеу жүктелді.
1934 жылы республикада алғашқы рет 2 аудандық СЭС құралды (Алматылық және Шығыс Қазақстандық).
Революцияға дейінгі Қазақстанда бірде-бір санитарлық дәрігер болмаған. Республикада өнеркәсіптік санитариясы бойынша бірінші санитарлық дәрігер болып В.З. Хамитова қызмет істеді, ол Қарағанды қаласында 1935 жылдан бастап кеншілердің еңбек жағдайын жақсарту сұрақтарымен шұғылданды. Қазіргі таңда республикада 216 өнеркәсіптік-санитарлық дәрігерлер қызмет атқаруда. Тоғызыншы бесжылдықтың соңында кәсіпорындарда 431 дәрігерлік-цехтік учаскілері, 1153 дәрігерлік денсаулық сақтау бөлімшелері, 5760 төсегі бар 45 медико-санитарлық бөлімдері болды.
1939ж. Республикалық бруцеллездің және Алматылық обаға қарсы станциясы құ-ралды, ал 1940 ж. санитарлық бактериологиялық институт санитарлық-гигиеналық бөлімі бар эпидемиология және микробиология институтына айналдырылды. 1940 ж. соңында республикада 232 санитарлық дәрігерлері және 128 эпидемиологтар жұмыс істеді.
1942 ж. Қазақ (қазіргі Алматылық) медицина институтында профильді гигиеналық кафедралары бар санитарлық-гигиеналық факультет ашылды, ол гигиеналық кадрларды дайындау проблемасын шешуде маңызды ықпал жасады.
Қазақстанда Алматы қаласында 1944 жылы өлкелік патология ҒЗИ ашылды, қазіргі ол Гигиена мен эпидемиологияның ғылыми орталығына айналды. (директоры – м.ғ.д., профессор Б.Н. Айтымбетов).
Республикада еңбек гигиенасының сұрақтарын жүйелі зерттеу 1946 жылдан бас-талды, мұнда қазақ КСР ҒА жанында, тау-кен кәсіпорындары жұмысшыларның силикоз сырқатымен күрес жүргізу мақсатымен, кәсіптік гигиенасы және кәсіптік ауру секторы ашылған, ол соңынан 1950 жылы Өлкелік патология Институтының құрамына берілді.
1956 ж. бұл сектор еңбек гигиенасы бөліміне және кәсіптік аурулар бөліміне бөлінеді. Осы маңызды проблемалар бойынша зерттеулердің алғашқы ұйымдастырушылары болып В.З. Хамитова, Г.И. Тарабаева, А.Г. Алданазаров саналады.
Зерттеулердің басты тақырыптары силикозбен күрес жүргізу болды. 1952ж. бастап институт қорғасын зауыттарындағы жұмысшылардың қорғасынмен улануын зерттеуді бастады. Институтта ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудағы басты рөл Қазақ КСР ҒА академигі, проф. Н.Д. Беклемишевке беріледі, ол көптеген жылдар бойы институт директорының ғылыми ісі бойынша орынбасары болып қызмет атқарады.
1958ж. Өскемен қаласында Өлкелік патология институтының еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар бөлімшесі ұйымдастырылып, ол ғылыми медициналық базаны Шығыс Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындарына жақындату мақсатымен жүргізілген.
Осы уақыттан бастап өлкелік патология институтында қорғасынды, соңынан мырышты, мысты, титанды, магнийді өндіруші кәсіпорындарда зерттеу жұмыстары маңызды кеңейді. 60-шы жылдың ортасынан бастап, Қазақстанда фосфорлық минералды тыңайтқыштарды өндіру кәсіпорындарының дамуымен байланысты (соңынан – сары фосфорды) Өлкелік патология институтының жұмысының тақырыбында фосфорлық кәсіпорындарын зерттеу кең орын ала бастады.
1958ж. Орталық Қазақстанның көмір және тау-кен өнеркәсіптерінің кәсіпорындарындағы жұмысшыларына қызмет көрсету мақсатымен Қарағандыда Қазақ ССР денсаулық сақтау министрілігінің Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулардың Қазақ институты ашылды. Институтты ұйымдастырушы және 12 жыл бойы алғашқы директоры болып З.К. Төлегенов, соңынан доцент А.П. Филин, ал 1974 бастап 1991 жылға дейін директоры болып ҚР ҒА мүше-корр, профессор Б.Е. Алтынбеков қызмет атқарды. Оның жетекшілігімен 1986 жылы институт ҚР ҒА құрамына еңбек физиологиясы мен гигиенасы институты ретінде енгізілді. 1991 – 2006 жж институттың директоры болып ҚР ҒА академигі, м.ғ.д., профессор Ғ.А. Құлқыбаев қызмет атқарды. Бұл институтқа академик Ғ.Ә.Құлқыбаевтың бастауымен 2001 жылдың қазан айында ҚР ДСМ еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар Ұлттық орталығы статусы берілді. Осы орталықты 2006-2007 жылдары м.ғ.д., профессор С.А. Ибраев, ал қазіргі таңда Қазақстандағы гигиена саласындағы ірі ғалымдардың бірі - м.ғ.д., профессор Е.Н.Сраубаев басшылық етеді. Бірінші күнінен бастап институттың негізгі зерттеу тақырыбы көмір және тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарындағы еңбек гигиенасы мен кәсіптік патологиясы саналады. Пневмокониоздар және шу-діріл патологиялары кеншілердің негізгі кәсіптік сырқаттары болу себебінен, оларды зерттеу сұрақтары орталықтың басты міндеті саналады. Осы сұрақтармен қатар ерекше көңіл өнеркәсіптік токсикологиясына да аударылады (профессорлар А.З. Бузина, А.Н. Буханов, В.А.Узбеков).
1959 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының базасында санитарлық-гигиеналық факультеті ашылып, ал 1963 ж. Алматыдан санитарлық-гигиеналық факультетінің 4 курс студенттері осында ауыстырылады.
Гигиенистерді даярлау сұрақтарымен медицина институтының гигиеналық кафедралары мен тәжірибелік денсаулық сақтаудың еңбек гигиенасы бөлімдері белсенді шұғылдануда.
Еңбек гигиенасы кафедрасының алғашқы меңгерушісі және оны ұйымдастырушы болып доцент В.П. Ророкин істеді, соңынан кафедраны 1995 жылға дейін ҚР ҒА мүше-корр., профессор Б.Е. Алтынбеков, ал 1996 жылдан – профессор Е.Н. Сраубаев басқарады.
1966 жылдан 1975 жылға дейін Қазақстанда еңбек гигиенасы мен кәсіптік патология бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру одан әрі жетілдіріледі. 1966 ж. Өлкелік патология институты Қазақ ССР денсаулық сақтау министрлігіне беріліп, бұған эпидемиология, микробиология және гигиена бойынша Қазақ институтынан гигиена бөлімі аударылады. Осы бөлімнің аударылуынан кейін Өлкелік патология институтында еңбек гигиенасы бойынша зерттеудің тағы бір бағыты жарық көреді. Ауыл шаруашылық жұмысшыларының еңбек гигиенасы 70-ші жылдардың басында Маңғышлақты игерумен және мұнайды өндірудің өсуімен байланысты Өлкелік патология институты мұнайшылардың еңбек гигиенасы бойынша зерттеулерді бастаған. 60-шы жылдардың соңында еңбек физиологиясы бойынша зерттеулер көбейе түсті. Еңбек физилогиясы бөлімін профессор К.К. Макашев басқарған.
Қазақ ССР денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми медициналық кеңесінің жанында Өлкелік патология институтының базасында «Еңбек гигиенасы мен кәсіптік патологияның ғылыми негіздері» бойынша республикалық проблемалық комиссия құрылған (төрағасы –Қазақ ССР ҒА мүше-корр. Б.А. Атчабаров).
Қазақстандық ғалымдармен алғашқы болып, титанның қоспаларымен жұмыс істеуінде пайда болатын пенвмокониоздар зерттелген (Г.И. Белорусская), молибденмен уланудағы бірқатар биохимиялық механизмдері анықталған. (А.А.Лукашев).
Фосфорлық минералдық тыңайтқыштардың өндірісінде еңбек гигиенасы мен кәсіптік сырқаттанушылықты зерттеу негізінде фтордың қоспаларымен уланудың жіктелуі жазылған (Е.К. Нұрмағанбетов).
80-ші жылдың соңында Қазақстанда 23 мыңнан аса өнеркәсіптік кәсіпорындары мен өндірістері істеген, оның ішінде 2 мыңы ірі өнеркәсіптер. Республикада әсіресе түсті металдарды өндіру, көмірді шығару, фосфорды өндіру, болатты және прокатты шығару, жеңіл және тағам өнеркәсібінің кейбір салалары, ауыл шаруашылық өнімдерін шығару т.б. сияқты кәсіпорындардың алатын үлесі өте жоғары.
Әрине, гигиенистер мен санитарлық дәрігерлерге, дәрігер-профпатологтарға жұмысшылардың денсаулығын қорғау бойынша үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Республикада еңбек гигиенасының дамуы ҚР ҒА академиктері: Б.А. Атчабаров, Б.Е. Алтынбеков, Ғ.А. Құлқыбаев., профессорлар: В.А. Козловский, Ш.И. Иманғалиев, Ж.Т. Тұрлыбеков, Е.Н.Сраубаев, А.А. Мамырбаев, Т.А. Таткеев, А.А. Абдикулов., В.Л. Резник., К.К. Тоғызбаева, Ү.А. Аманбеков және т.б. ғалымдардың еңбектерінің жемісі, сондай-ақ, мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау қызметінің басшысы – Ф.Б. Бисмильдин, Республикалық СЭС бас дәрігері м.ғ.д. – М.Б. Спатаев т.б. аттарымен тығыз байланысты.
Қазіргі таңда республикада Қазақстан Республикасы Өкіметінің 21 ақпан 1997 ж. № 89 қаулысын «1997-2000 жылдары Қазақстан Республикасы экономикасы салаларында еңбек жағдайын жақсарту бойынша негізгі бағыттарын» жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде (одан әрі-негізгі бағыттары). Барлық облыстарда 1997-2000 жылдарына еңбек жағдайын жақсарту, оны қорғау және санитарлық-сауықтыру шаралары бойынша аймақтық бағдарламалары жасалып, олар жүзеге асырылуда.
Бірақ, қазір республиканың экономика салаларында зиянды, ауыр және санитарлық-гигиеналық талаптарына сай келмейтін еңбек жағдайларында оперативтік мәлімдемелер бойынша барлық жұмыс істеушілердің 10%-нан көбі еңбек етуде, ал біздің мәлімдемелер бойынша 30-40%.
1998 жылы республика ұйымдарында 5341 келеңсіз оқиғалары орын алған, осының нәтижесінде уақытша еңбекке жарамсыздығы 236 мың адам-күн шамасынан асып түскен, 900-ден көп адамның бір уақытта жұмысқа шықпауына тең, 277 адам қаза болған.
Келеңсіз оқиғалардың 70% -нан артығы энергетика, құрылыс, көлік салаларына және агроөнеркәсібі кешені үлесіне тиеді.
Өндірістердегі келеңсіз оқиғалардың, кәсіптік сырқаттанушылықтың негізгі се-бептері технологиялық процестердің жетілмегендігі, механизмдердің, жабдықтардың жұмысының сенімділігінң бұзылуы, еңбекті қорғау мен жағдайын жақсартуына қаражат-тардың жоқтығы, профилактикалық медициналық көмектің күрт қысқартылуы, шаруа-шылықтарда бруцелезге қарсы режимдердің орындалмауы, жұмыс орындарында ұжым-дық қорғау жүйелерінің болмауы, еңбек және демалыс режимдерінің бұзылуы болып саналады.
Өнеркәсіптегі келеңсіз оқиғалардың және кәсіптік сырқаттанудың материалдық
шығыны 1988 жылы 1,36 млрд тенгеге жеткен, (бір зардап шеккен адамға 250 мың
теңгеден жоғары). Жыл сайын өндірістік мертігу мен кәсіпітк аурулар 600-ден көп адамның мүгедек болуының себебі болып отыр. Еңбек жағдайларына және осы қорғауына ұйымның қаражаттық-экономикалық жағдайы, өндірістің материалдық-техникалық базасының жағдайы, қолданатын технологияның деңгейі, жұмыскерлерді қорғау бойынша экономикалық – құқықтық институттарының жетілгендігі маңызды әсер етеді.
Қазіргі заманда кәсіптік сырқаттанушылықтың төмендеу тенденциясы байқалып отыр. Мысалы: 1997 жылы кәсіптік сырқаттанушылықтың 1025 оқиғасы тіркелсе, 1998 жылы – 578 болған, бірақ бұл мағлұматтар кәсіпітк сырқаттанушылықтың шындық жағдайын көрсететіндігіне сенім жоқ. Кәсіптік сырқаттанушылықтың құрылымында созылмалы сырқаттар басымды бөлігін алып, тұрақты кәсіптік жарамсыздығына өтуімен бірге жүреді. Кәсіптік сырқаттанушылықтың ең жоғарғы деңгейі көмір өнеркәсібінде, мұнда 1998 ж. кәсіптік сырқаттардың 399 оқиғасы тіркелген және де олар кен өндіруші, химиялық және металлургиялық өнеркәсібінде кең тараған.
Қазақстанда, соңғы жылдар ішінде еңбекшілердің еңбекке және демалысына құқықтары, медициналық сақтандыру, зейнетақылық қамтамасыз ету және еңбек жағдайлары мен оны қорғау бойынша басты сұрақтарын қамтушы бірқатар заңдылық құжаттар қабылданған, оларға біз кейіннен тоқтаймыз.
