Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сраубаев_Е.ЕҢБЕК_ГИГИЕНАСЫ_БОЙЫНША.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Ұста-пресс цехтары

Ұста-пресс цехтарында металдық загатовкалар мен бөлшектер алдын-ала 800-1200оС дейін қыздырылып, соңынан пресстерде жүргізілмейтін болса, бұл процесс суық штам-повкалау түрінде орындалады. Гигиеналық тұрғыдан өндірістік ортаның негізгі жағымсыз факторлары болып ауаның жоғары температурасы, сәулелік жылу, шу діріл саналады.

Ұстаның және штамповщиктің еңбек жағдайы негізінен қыздыру пештерінің конструкциясына, олардың өзара орналасуына және жұмыс принципіне, қыздыру отының немесе энергиясының түріне (қатты отын-көмір, кокс; сұйық отын – қарамай, мұнай өнімдері; газ, электроэнергия, индукциялық қыздыру), және де еңбекті механикаландыру дәрежесіне және оны ұйымдастыруына байланысты болады. Ыстық штамповкалауда метеорологиялық жағдайлар жылдың жылы кезеңінде ауаның температурасының 32оС дейін көтерілуімен, ысыту пештерінің алдында жылу сәулелерінің 20000 кДж/м/сағ. Дейін таралуымен сипатталады. Отын ретінде көмірді немесе мұнай өнімдерін қолдануда жұмыс орындарындағы ауа ортасы шаң (концентрациясы ШРЕК –тен 3-10 есе асатын), СО2 күйе, күкіртті газ және басқа отынның термиялық деструкция өнімдерімен ластанады.

Загатовкаларды (ыстық және суық) өңдеуге арналған пресстер мен штампылар қарқынды импульстік шудың көздері болып келеді, мұнда шу қысымының деңгейі 120-130 дБ жетеді. Жабдықтардың жұмысынан құралған шудың деңгейі пресстің, штампының, ұсталық балғаның соғу күші көп болған сайын өсе түседі. Ыстық металмен жұмыс істеуде металл қақтарының ұшу салдарынан ндірістік мертігу қаіпті бар (күю, жарақаттану). Ұста-пресс цехтарындағы жұмысшылардың сырқаттанушылық құрылымында суық тиу аурулары, перифериялық нерв жүйесінің аурулары, есту мүшелерінің, тері аурулары басымды орынды алып отыр.

Ыстық штамповкалауда еңбек жағдайын жақсарту гигиеналық тұрғыдан ақталған, жаңа тұрпатты қыздыру түрлерін (электроэнергия, жоғарғы жиілікті эл. тоқ, электрогидроэффект, қопару жолымен штамповкалау, сұйықтық ортада өңдеу т.б.) қолдану өте ұтымды болады. Ол қолмен орындалатын операциялардың көлемін азайтады, шу көзінен операторға дейінгі қашықтығын алшақтатады, діріл факторын тудырмайды, ауа ортасын қалыптастырады. Су негізінде жасалған майлау қондырғыларын қолдану өте тиімді келеді, себебі олар май аэрозольдерінің, термодеструкция өнімдерінің пайда болуын алдын алады. Жағымсыз микроклиматтық жағдайларымен күрес жүргізу үшін ысыған беттерді жылуоқшаулау, қыздыру пештерінің тесіктерінің үстінде шатырша түріндегі жергілікті сорғыш вентиляцияларын орнату, ысыған жабдықтарды салқындатуға арналған вентиляцияларды қолдану, ұсталардың жұмыс орындарын ауалық душтау, ал қажет жағдайларда-ысып кетудің жеке профилактикалық шараларын қолдану (демалыс бөлмелерін ұйымдастыру, ұтымды ішу режимдерін қамтамасыз ету, қысқа уақыттық үзілістерді ұйымдастыру) сияқты шаралары жүргізілуі керек. Жоспарламалық және құрылыстық шараларына қойылатын гигиеналық талаптарына мыналаржатады: ыстық цехтарда аэрацияны максимальді мүмкіншілікте қолдану, қажет жағдайларда – ауаны кондиционерлеу, дайын бұйымдарды немесе ысыған загатовкаларды салқындатуға арналған алаңдарды қарастыру т.б. Шумен күрес үшін шудың пайда болу көзінде және оның таралу жолында оны төмендету құралдары, ал керекті жағдайларда жеке сақтану құралдары қолданылуы керек. Кривошипті ыстық штамповкалау пресстерін қолдану шудың деңгейін 98-114 дБ дейін төмендетуге мүмкіндік береді.