- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы е.Н. Сраубаев, с.Р. Жакенова, ж.Ж. Жарылқасын
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау
- •Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
- •Еңбек гигиенасының дамуы тарихы
- •Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
- •Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі
- •1 Кесте Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
- •Өнеркәсіптік токсикология пәні, дамуының негізгі кезеңдері
- •2 Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар
- •Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері
- •Өнеркәсіптік токсикология әдістері
- •V. Математикалық-статистикалық әдістер.
- •VI. Жануарларды уландыру әдістері:
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •Улардың организмдегі тағдыры (енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы)
- •3 Өндірістегі аурушаңдық
- •4 Өнеркәсіптегі ескертпелі санитарлық қадағалау
- •Құрылысқа жер бөлу және таңдау сатысындағы ескертпелі санитарлық бақылау.
- •Еңбек жағдайы және жұмысшылар сырқаттанушылығы.
- •6 Металлургия өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Негізгі металлургия цехтарындағы еңбек гигиенасы
- •Уақтау-сұрыптау фабрикасы
- •Алгомерация цехі
- •Домналық цехтары
- •Болат балқыту цехтары
- •Илеу (прокат) цехтары
- •Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылардың сырқаттанушылығы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылар организмінің функциональдық жағдайы
- •7 Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Шошқа шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •Мал шаруашылығындағы мал азығын дайындау цехтарындағы еңбек жағдайы
- •8 Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Цементті өндіру
- •Темірбетондық бұйымдары мен конструкцияларын жасау
- •Құрылыс кірпіштері мен керамикаларын жасау
- •Ағаштан құрылыс материалдарын жасау
- •Сауықтыру шаралары
- •Құрылысты салу технологиясы және еңбек гигиенасы
- •Ғимараттарды құрылымдарды салу (көтеру) жұмыстарына мыналар кіреді.
- •Өңдеу (қорытынды) циклі, бұған кіретіндер
- •Нөлдік циклдің құрылыс жұмыстары
- •Ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу кездеріндегі құрылыс жұмыстары
- •Сауықтыру шаралары
- •9 Жасөспірімдер және әйелдер еңбегінің еңбек гигиенасы
- •Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі
- •Әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын топтастыру
- •Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.
- •Етеккір циклының жағдайы
- •Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері
- •Жоғары температура және жылулық сәулеленудің әсері
- •Радиожиіліктегі электромагниттік өріс әсері
- •Нервтік-эмоционалдық кернеулілік
- •Әйелдердің еңбек гигиенасы мен оны қорғаудың қазіргі басты бағыттары
- •10 Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Металды балқыту
- •Ұста-пресс цехтары
- •Термиялық цехтары
- •Механикалық цехтары
- •11 Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Механикалық цехтары
Механикалық цехтар металды механикалық өңдеу үшін тағайындалған (қайрау, жону, бұрғылау, фрезеровкалау, тегістеу т.б.)
Лезвиялық құралда жұмыс істеуші (кескіш, фрезалық бұрғы) метал кесуші станоктарында металды өңдеу металдың бетін жону жолымен жүргізіледі. Металды кесу жолымен өңдеу ең кең тараған технологиялық процесс болып саналады.
Станоктардың басқа тобы образивті құралмен жабдықталған (шлифовкальды, қайраушы, полировкалаушы дөңгелектер т.б.).
Металдарды өңдеудің әртүрлі әдістерін және әртүрлі құралдарын қолдану еңбектің гигиеналық жағдайын белгілі әсерін тигізеді. Жұмысты ұйымдастырудың алғашқы принципінде әрбір станокта бір адам жұмыс істейтін. Соңынан жартылай автоматты, және толық автоматты станоктарда жұмыс істеуіне келтіреді. Гигиеналық тұрғыдан метал кесуші станоктардағы жұмыс организмге шаңның, шудың, дірілдің әсерінен және майлау-салқындату сұйықтықтарын (МСС) қолданумен өтеді.
Станочниктердің орындайтын негізгі жұмыс операцияларына чертеж бойынша тапсырмамен танысу, станокты жұмысқа дайындау, детальдерді орнату, бекіту және дайынбұйымды шығару жатды. Операцияның сипаты станоктардың жұмысн механизациялау дәрежесіне және өңделуші детальдердің өлшемі мен массасына байланысты. Азсериялы өндірісте,және де салмақтық өндірістің жөндеу цехтарында, қолмен басшылық жасалатын универвальді станоктар кеңінен қолданылады, бұл станоктарда өңдеудің бірнеше түрлерін жүргізуге болады.
Қазіргі метал кесуші станоктар, жартылай автоматтар мен автоматтар, агрегаттар және арнайы станоктар металл кесуші құралды беру операциясын, детальдерді жылжыту, станокты автоматты қосу және тоқтату операцияларын механизациялау арқасында, біршама еңбекті жеңілдетеді. Олар массалық өндірісте өлшемі бір типті детальдерді өңдеуде қолданылады.
Қазіргі уақытта сандық бағдарламамен басшылық етуші әмбебапты станокrары кеңі-нен қолданылаып кледі. Детальдерді өңдеу автоматты түрде жүргізіледі. Детальдерді өң-деумен байланыстыбарлық операциялар станочниктердің қатысуысыз орындалады, оның рольі басшылық пультіндегі приборларға визуальды бақылау жасаумен шектеледі. Стано-чниткрдің еңбегі автоматты линиялардың наладчиктердің еңбегімен ығыстырылып келеді.
Өндірістік процестерді кешенді механизациялау еңбек жағдайына әсерін тигізеді. Бір адамның бірнеше станоктарға қызмет көрсетуі, детальдерді өңдеу шапшаңдығының өсуі адамға жоғарғы күштің түсуіне келтіреді. Бл жағдайда эргономика талаптарын сақтау қажеттігі арта түседі. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесімен станоктардың конструкциясына, басшылық пультін орналастыруына, өлшеу приборларын қою тәртібіне, өңделуші металлдарды бекіту қондырғыларына қойылатын талаптары регламенттелген. Жұмысты атқарудағы адамның дене қалпының (мәжбүрлік дене қалпы) маңызы зор, оған жұмыс күніндегі адамның энергия шығынына байланысты болады. Станоктардың басшылық органдарын дұрыс орналастырмау, рукаяткаларға, педальдерге, тіпті кнопкаларға түсіретін күштің сәйкес еместігі, жұмыс ауасымы ішінде адамға статикалық күштің түсуін өсіріп оның шалдығуына келтіреді. Салмақтарды көтеру шамалары да нормаланған. Хронометраждық бақылау және эргономикалық зерттеу мәлімдемелері жұмыстың ауырлық, қиындық және зияндылық дәрежесі бойынша станочниктердің еңбегін жіктеуге мүмкіндік береді. Мысалы универвальды станоктарда істеуші станочниктердің еңбегі – аурлығы бойынша 3-ші класқа және қиындығы бойынша 3-ші класқа, ал автоматтандырылған станоктарда жұмыс істеуші станочниктер – ауырлығы бойынша 2-ші класқа, қиындығы бойынша 1-ші класқа жатқызылған.
Механикалық цехтардың микроклиматы жалпы алғанда гигиеналық талаптарға сай келеді. Бірақ үлкен цехтарда терезелердің ауданы үлкен болуымен байланысты жазғы кезеңдерінде жұмыс аймағындағы ауаның температурасы көтерілуі мүмкін. Ал қысты күні, тамбурлармен және ауалық-жылулық бүркелермен жабдықталмаған есіктердің жанында орналасқан учаскелерде ауаның температурасы төмендеуі ықтима. Осындай цехтардың кейбір учаскелерінде қыздыру пештесі мен жылу бөлуші басқа жабдықтары орналасуы мүмкін. Механикалық цехтарында әдетте, ауаның қозғалысы төмен болып кледі (0,1 м/с). Метеорологиялық жағдайларды қалыптастыру көбінесе вентиляция қондырғысын орнатумен жетіледі.
Станоктарда детальдерді өңдеу процессі жоғары және орташа жиіліктегі шуды генерациялаумен жүреді. Шудың деңгейі станоктардың модельдеріне байланысты болады. Токарьлік-винторездік станоктардың және сандық бағдарламамен басшылық етуші станоктарының кейбір түрлері шуды шектеліп рұқсатталған деңгейден асырмай жұмыс істейді. Станоктардың кейбір үлгілері, әсіресе токарьлік-револьверлік автоматтар, рұқсат етілген деңгейден жоғары шуды шығарады.
Әсіресе, қарқынды шуды фрезерлік станоктар шығарады. Сонымен қатар шу көз болып айналушы фрезерлер саналады. Детальді өңдеу процессінде фрез дискісінің дірілі пайда болып, жоғары жиілікті шу генерацияланады. Мұнда өңдеуші детальдің өзі де тербеліске келеді. Металлды кесу жылдамдығының өсуі шудың өсуіне де келтіреді. Механикалық цехтардағы ауаның шаңдануы 2,2 – 4,6 мг/м3 шамасында болып, оның жабдықтарына, өңделуші материалына (болат, шойын, аллюминий), бір уақытта істеуші станоктардың санына, бүркеніштер мен пневмо көліктерді қолдануына байланысты келеді. Өңделуші металлдан шыққан шаң бөлшектерінің 90 %, өлшемдері 5 мкм төмен бөлшектерден құралған. Жылтыратқыш станоктардың жұмысында минералды-кристалды шаң құралады. Әсіресе шаң көп шамада жылтырату процессінде пайда болады. Детальдерді ылғалды өңдеу әдісін және жергілікті сорғыш желдету жүйесін қолдану ауаның шаңдануын рұқсат етілген шектерге дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Қатты, өте қатты және осал металлдарды өңдеу үшін ультрадыбыс техникасы қолданылады. Металлды осылайша өңдеу, әдетте, сұйық ортада жүргізіледі. Ультрадыбыс адамның қолына, сұйық орта арқылы, жанасу жолымен беріледі. Жанасулар қысқа уақыттық сипатты, ал әсері-локальді болады.
Металл кесуші станоктың жұмысының міндетті компоненті болып МСС қолдану са-налады. Олар үшін әртүрлі қоспалар (күкірт, фосфор, және олардың қоспалары), поли-мерлік композициялар, беткейлі, белсенді заттар т.б. қосылған май немесе су негізінде жасалған сұйықтықтар қолданылады. Олар металды кесу құралын салқындату және материалды өңдеу технологиясын тездету үшін пайдаланылады. Негізінен мұнайлық минералдың майлары және олардың эмульциялары қолданылады. МСС химиялық құрамы мүнайдың құрамына байланысты келеді. МСС құрамына парафин, бензол қатарындағы қоспалар, май қатарындағы қанықпаған көмірсулар, азотжәне күкір қоспалары т,б, кіреді. Минералды майлардың сулаушы қабілетін көтеру үшін оларға белсендетуші қоспаларды қосады: май және нафтен қышқылдарын, сабын, сілтілік электролиттерді еріген күкіртті немесе құрамында күкірт бар басқа органикалық қоспаларды және т.б.
Жылудың қарқынды бөлінуінде металды кесуші құралдар арнайы эмульциялармен салқындатылады. Эмульциялардың құрамына машиналық және веретендік майлар, нафтен қышқылы, сілтілердің ерітінділері және сукіреді. Эмульцияларды кальцинирленген сода ерітіндісімен бейтараптандырады. Жұмыс процесінде су буланып, эмульциядағы майдың, сабынның, бейорганикалық қоспалардың, сілтілердің концентрациясы жоғарылайды. Сондықтан, МСС құрамына бақылауды жүргізу және оларды уақытында ауыстыру қажет.
МСС дененің ашық беттерін, киімін алстауы мүмкін. МСС құрамының, детальдерді өңдеу режимінің, сұйықтықтарды беру жылдамдығының, қорғаушы беттерінің барының маңызы аз емес. Майлар және олардың термиялық дисструкция өнімдері өндіріс бөлмелеріндегі ауаны ластауы мүмкін. Мұнда май аэрозольдерінің концентрациясы ондаған мг/м3 жетуі ықтимал. Аэрозольдердің құрамындағы бөлшектердің 95%-ті, өлшемдері 5 мкм-ден төмен бөлшектерден тұратын ерекше атап ету керек.
Адамның жұмыс киімінде МСС мынадай компоненттері сорбцияланады: бутан, изобутан, пентан, гексан т.б. Белгілі қауіпті сульфофрезол тудырады (гудронның веретендік дистиляторымен және күкірт қоспаларының қоспасы). Жұмыс күнінің соңында сульфрофрезолдың шашындылары жұмыс киімін ластайды. Ол киім арқылы өтіп адамның терісін ластап, жалпы улаушы әсерін тигізеді. Осыған байланысты жұмыс киімдері арнаулы өңдеуден уақытында өтуі керек.
Металл кесуші станоктарында металды өңдеу адамның көзінің бақылауымен жүреді.
Өлшеуші приборлармен құралдардың шкалаларындағы бөлімдерді ажырату және детальдердің бетін өңдеу тазалығын бақылау жүргізуі қажет. Осыған байланысты жұмыс орындарындағы жарықтану деңгейі жеткіліктіболу керекү
Механикалық цехтарда жалпы және жергілікті жарықтану міндетті түрде ұйымдастырылады. Механикалық цехтардағы жұмыс жарықтану қаупін тудыруы мүмкін. Оның негізгі себебі – жоңқалармен кішігірім жарақаттануы. Механикалық цехтарда жоңқалардан тахалауына ерекше көңіл бөлінеді. Жарақаттануына қарсы шаралар жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, жоңқалардың бұралуы және уақтануы үшін металл жоңғыштарды арнайы қайрау, оны тазалауды механикаландыру, жоңқалармен жарақаттанудың жеке профилактикасын қолдану бағытында жүргізіледі.
Универсалды станоктарда жұмыс істеуші станочниктердің еңбегінде, автоматты жабдықтарда жұмыс істеуші станочниктермен салыстырғанда ыңғайсыз дене қалпында ұзақ уақыт болуы, белсенді қимылдардың, статистикалық күштің көп түсуі, зейінді бақылау жүргізу сияқты элементтер көп орын алады.
Қолмен басқарылатын станоктарда еңбек етуші токарьлерде, фрезеровщиктердің жұмыс күнінің соңында статикалық жағдайға шыдамдығы төмендейтіні, ал автоматтанған станоктарда істеушілерде-жүрек соғуы жиіленетіні, есту сезімталдық шегінің өзгеретіні анықталған. Жұмыс күні соңында аяқтарында ауыру сезімі пайда болатынына, шаршауына шағым жасайды. Жұмыс стажы өскен сайын шағым жиілігі де өсе түседі.
Уақытша еңбекке жарамсыздық туындататын сырқаттанушылық құрылымында тыныс алу органдарының сырқаттары (жедел респираторлық аурулары, пенвманиялар, бронхиттер), тері аурулары, жүрек – тамыр жүйесінің аурулары басымды болады. Ауаның шаңдану жағдайында ұзақ жұмыс істеу шаңдық этиологиядағы пневмакониоздардың және созылмалы бронхиттердің өріс алуына келтіреді. Профилактикалық шаралары-шаңның пайда болуының алдын алуға бағытталуы керек. Жұмысшылар жеке қорғаныс құралдарын (респираторлар т.б.) қолдануы қажет.
Діріл ауруының профилактикасы дірілді азайту бойынша техникалық шараларды қолдануына еңбек және демалыс режимінің ұтымды ұйымдастырылуына бағытталады. Шудың және ультрадыбыстың организмге зиянды әсерін азайту шудан сақтаушы жеке құралдарды қолданумен жүзеге асырылады.
Станокта жұмыс істейтіндердің сырқаттанушылығының құрылымында пиодермия аурулары елеулі орын алып отыр. Олардың пайда болуына микротравмалар және құрамында әртүрлі химиялық заттары бар МСС теріні ластауы ықпал етеді.
Металды жедел әдістермен өңдеуде көздің жарақаттануы да болады. Қауіпсіздік техникасын дұрыс ұйымдастыру және жеке қорғаныс құралдарын қолдану механикалық цехтарда қолайлы еңбек жағдайларын жасауға ықпал етеді.
Металл өңдеуші өнеркәсібінде жұмысшылардың еңбегін сауықтандыру мақсатында жұмысы кешенді автоматтандарылған қалдықсыз өндірісті қолдану, автоматтандырылған процестерді енгізу өте ұтымды келеді.
