- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы е.Н. Сраубаев, с.Р. Жакенова, ж.Ж. Жарылқасын
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау
- •Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
- •Еңбек гигиенасының дамуы тарихы
- •Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
- •Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі
- •1 Кесте Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
- •Өнеркәсіптік токсикология пәні, дамуының негізгі кезеңдері
- •2 Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар
- •Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері
- •Өнеркәсіптік токсикология әдістері
- •V. Математикалық-статистикалық әдістер.
- •VI. Жануарларды уландыру әдістері:
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •Улардың организмдегі тағдыры (енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы)
- •3 Өндірістегі аурушаңдық
- •4 Өнеркәсіптегі ескертпелі санитарлық қадағалау
- •Құрылысқа жер бөлу және таңдау сатысындағы ескертпелі санитарлық бақылау.
- •Еңбек жағдайы және жұмысшылар сырқаттанушылығы.
- •6 Металлургия өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Негізгі металлургия цехтарындағы еңбек гигиенасы
- •Уақтау-сұрыптау фабрикасы
- •Алгомерация цехі
- •Домналық цехтары
- •Болат балқыту цехтары
- •Илеу (прокат) цехтары
- •Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылардың сырқаттанушылығы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылар организмінің функциональдық жағдайы
- •7 Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Шошқа шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •Мал шаруашылығындағы мал азығын дайындау цехтарындағы еңбек жағдайы
- •8 Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Цементті өндіру
- •Темірбетондық бұйымдары мен конструкцияларын жасау
- •Құрылыс кірпіштері мен керамикаларын жасау
- •Ағаштан құрылыс материалдарын жасау
- •Сауықтыру шаралары
- •Құрылысты салу технологиясы және еңбек гигиенасы
- •Ғимараттарды құрылымдарды салу (көтеру) жұмыстарына мыналар кіреді.
- •Өңдеу (қорытынды) циклі, бұған кіретіндер
- •Нөлдік циклдің құрылыс жұмыстары
- •Ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу кездеріндегі құрылыс жұмыстары
- •Сауықтыру шаралары
- •9 Жасөспірімдер және әйелдер еңбегінің еңбек гигиенасы
- •Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі
- •Әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын топтастыру
- •Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.
- •Етеккір циклының жағдайы
- •Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері
- •Жоғары температура және жылулық сәулеленудің әсері
- •Радиожиіліктегі электромагниттік өріс әсері
- •Нервтік-эмоционалдық кернеулілік
- •Әйелдердің еңбек гигиенасы мен оны қорғаудың қазіргі басты бағыттары
- •10 Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Металды балқыту
- •Ұста-пресс цехтары
- •Термиялық цехтары
- •Механикалық цехтары
- •11 Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
8 Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы
Кіріспе. Қазақстанда өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстарды салу белгілі уақыт бойы төмендеу тенденциясы болған, бірақ соңғы жылдары Астана қаласында азаматтық құрылыстарын орасан масштабта салуына байланысты күрт жоғарылады.
Осыған орай құрылыс материалдарын жасау көлемі маңызды өсті, және де құрылыстарды салуына ірі шет елдік фирмаларды тартуына байланысты, технологиялық процестерді жоғары дәрежеде механикаландыру мен автоматтандыру және жаңа түрдегі құрылыс конструкциялары мен материалдарын қолдануына байланысты осы саладағы жұмысшылардың еңбегі түбірлі өзгерді.
Қазақстанда жалпы валдық қоғамдық өніміндегі құрылыстың алатын үлесі шамамен 6-10%. Құрылыс саласы материалдық өндіріс сферасында пайдаланылатын еліміздің жалпы өндірістік өнімінің 10-15%-ін тұтынады. Құрылыстарды салуда өндірілетін материалдың 80-90%-ті, ағаштың 50%-і жұмсалады. Темір жолы арқылы жалпы тасудың ¼ құрылыс саласына келеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның астанасы – Астана қаласында 70-тей әр түрлі фирмалар жұмыс істеуде, ал жалпы алғанда құрылыстарда шамамен 250 фирмалар.
Қазақстанда құрылыс материалдарын жасау Қарағанды, Семей цементтік зауыттарында және де барлық обылыстарында үй салу комбинаттарында, темірбетондық бұйымдарды жасау зауыттарында жүргізіледі (оның ішіндегі ең ірілері – Алматы, Қарағанды, Павлодар т.б. қалаларында).
Құрылыс материалдарын жасаудағы еңбек гигиенасы
Қазіргі негізгі құрылыс материалдарына цемент, бетон, темірбетондар жатады. Одан төмен шамада кірпіш, керамика, шыны, ағаш т.б. қолданылады.
Құрылыстағы технологиялық прогресстің басты бағыты болып мыналар саналады : құрылыстық өндірісті индустрияландыру, яғни құрылыс алаңдарын жинақтау алаңдарына ауыстыру, салынатын ғимараттармен құрылымдардың массасын азайту және құрылысты салу сапасын жоғарлату саналады.
Жиналымды темірбетондық конструкциялары мен бөлшектерін өндірістік массалық жасау металлдың, цементтің және ағаштың шығынын маңызды төмендетіп, еңбек өнімділігін көтеріп, ғимараттар мен құрылымдарды пайдалану ұзақтығын жоғарлатып, құрылысты салу қаражатын маңызды азайтуға мүмкіндік береді.
Цементті өндіру
Цементті өндірудің негізгі шикізат материалы болып өк, мергель, пемза, шлактар т.б. саналады, олар ұнтақталып, араластырылып, соңынан күйдіріледі. Осыдан алынған клинкер шарлы диірмендерде ұнтақталады, ал дайын өнім (цемент) силостарға тасымалданады да, ол сақталынып, тұтынушыларға беріледі.
Цемент - байлаушы құрылыс материалы – құрғақ (шикізатты дайындау үшін суды қолданбай) және ылғалды әдіспен алынады.
Дайын цементтің құрамында (шикізаттың құрамындай) кристалдық кремнийдің қос тотығы (0.8-9.0%) және алты валентті хромның қоспалары болады (0.001%).
Қазіргі цемент зауыттарыжоғары өнімділігімен сипатталады, ал технологиялық процестері механикаландырылған және автоматтандырылған.
Цемент зауыттарындағы негізгі кәсіптік зияндылықтарына мыналар жатады:
Ауаның шаңмен ластануы ондағаннан бастап жүздеген мг/ дм3 дейін жетеді. Мұнда санитарлық тұрғыдан шаңның ауа ортасына түсуі маңызды болып қоймай, оның тері қабатын ластауы да үлкен мағына алып отыр, өйткені цемент шаңы химиялық белсенді болып, аллергендік қабілеттерге ие келетін компоненттерден тұрады.
Күйдіру пештерінің (басының) алаңындағы шаңның концентрациясы 30-40 мг/м3 құрайды, ашық конвейерде ыстық клинкерді тасымалдауда-50 мг/м3 , жабық көлікпен клинкерді ұсатуға беруде -20-30 мг/м3, буып-түю цехтарындарында-200-500 мг/м3, ал шикізатты ұнтақтауда 70-80 мг/м3 жетеді.
2. Микроклиматтың жағымсыз факторлары, атап айтқанда - ауаның температурасының 35-40 0С дейін көтерілуі және жылулық сәулелерінің 1200 ккал/м2/сағ дейін болуы.
Жылулық сәулелерінің көздері болып пештердің, кептіргіш барабандарының, рекуператорлардың ысыған беттері саналады.
3. Шикізаттық және ұнтақтағыш диірмендерінен, күйдіру пештерінен шығушы, қарқындылығы 90-115 дБ жететін орташа және жоғары жиілікті шу.
Цемент зауыттарындағы жұмысшылардың сырқаттанушылығы тыныс алу органдарының, тері, асқазан-ішек трактісінің ауруларының жоғары деңгейде болуымен сипатталады.
Кәсіптік аурулар ішінде пневмокониоздар, шаңның бронхиттері, экзема, бронхиальды астмасы, кереңділік аурулары кездеседі.
