Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сраубаев_Е.ЕҢБЕК_ГИГИЕНАСЫ_БОЙЫНША.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Термиялық цехтары

Термиялық өңдеу процестері металлдық бұйымдар мен бөлшектерді әр түрлі орталарда (сұйық, қатты, газ түрлі) ысытуға бағытталған. Бұл технологияға күйдіру процестері, металлдарды шынықтыруын қалыптастыру және металлдың беткі қабатына көміртегіні енгізу, азотты еңгізу (азоттау), циандық қоспаларды еңгізу (циондау, карбонитрация) химиялық процестері кіреді. Осы аталған процесстерде бұйымдар 150-1100оС дейін ысытылады. Осы процестерді орындау үшін термиялық цехтары пештерімен, қыздыру қондырғыларымен, пеш-ванналарымен, шынықтыру ванналарымен немесе жартылай автоматты қондырғылармен жабдықталған. Термиялық цехтағы еңбек жағдайы метеорологиялық параметрлермен, ауа ортасындағы зиянды заттардың және электромагниттік өрістің болуымен сипатталады.

Шынықтырушы және қыздырушы пештерінің жанындағы жұмыс орындарының микроклиматы жұмыс аймағындағы ауаның жоғарғы температурасымен (7-10оС- дан жоғары), қарқынды жылу сәулеленуімен (13000 кДж/сағ. дейін) сипатталады.

Шынықтырушы орта ретінде бірқатар химиялықзаттарды қолдануы (көміртегінің ок-сиді және диоксиді, аммиак, қорғасынның және циан тұздарының ерітінділері) осы атал-ған заттардың және олардың термиялық деструкция өнімдерінің ауаға бөлінуіне кел-тіреді. Осы процестерді герметизацияланған жабдықтарда жүргізуде зиянды заттар қор-шаған ортаға бөлінбейді (вакуумдау т.б.) Термиялық өңдеудің технологиясына байла-нысты бөлінетін зиянды заттардың құрамы да сондай болады. Мысалы: көмір мен көмір-қышқылды натрий (калий) қоспасын қолданып цементтеу процесінде ционды натрийдің немесе калийдің бөлінуі мүмкін Шынықтырушы орта ретінде сары қандық тұздарын қолдануда 500-650оС температурада бейтарап ортада циониттердің бөлінуі мүмкін.

Циандық және циан тұздарының балқымалары бар барлық ванналары тиімді істейтін жергілікті сору вентиляциясымен жабдықтау ауа ортасындағы цианды сутегінің концентрациясын ШРЕК деңгейінде (0,01-0,03 мг/дм3) ұстауын қамтамасыз етеді. Азоттау процессі ауа ортасына амииактың және нитробензолдың бөлінуімен байланысты. Қорғасынның балқымасында шынықтыру процесі қорғасының 0,11 мг/м3 дейін бөлінуімен жүреді. Майларда шынықтыруда әр түрлі көмірсулар бөлінеді.

Сауықтыру шаралары. Термиялық цехтардағы сауықтыру шаралары еңбекшілерді жұмыс аймағындағы ауаға бөлінуші артық жылудан және зиянды заттардан қорғау және мертігудің алдын алу бағытында жүргізілуі қажет. Осындай шараларына жататындары мыналар: Жабдықтарды жылу оқшаулау, өндірістік бөлмелерін аэрациялау, ауалық душтарды қолдану, процесстерді герметизациялау, цианистік, циандық, роданистік, қорғасындық және басқа шынықтырушы ванналарында бүркеніштері бар жергілікті сору вентиляция қондырғыларын орнату шаралары, және де гигиеналық тұрғыдан жақсы баға алған магниттік-ипульстік қондырғылары, шынықтырушы жартылай автоматтары, ПН-32 типті шахты пештерін қолданумен сұйықтық азоттауға арналған жабдықтар кешені бар жаңа технологиялық процестерді енгізу ұсынылады. Ысыған бөлшектерді орналастыру үшін арнайы жабдықталған алаңдар бөлуін қарастыру қажет, ерекше көңілді жеке сақтану құралдарын қолдануына, арнайы киімдерді сақтауына аудару керек.