Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сраубаев_Е.ЕҢБЕК_ГИГИЕНАСЫ_БОЙЫНША.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Болат балқыту цехтары

Соңғы жылдары болатты балқытудың ең тараған әдісі болып мартендік және оттегілік-конверторлік әдістері саналады.

Мартендік цехтарындағы жұмысшылардың еңбек жағдайын белгілеуші негізгі факторларына мыналарды жатқызуға болады: метеорологиялық жағдайлары, балқыған металлдың ұшқындарынан құю қауіпі, кейбір учаскелердің ауасының көміртегі тотығымен газдануы және шаңдануы.

Цехтағы жылу бөлуші негізгі көз-мартендің пеш болып келеді, оның кірпіштік қабырғасы 200-2500С дейін ысиды. Жылу көп шамада шойынды пешке құю, пештен болатты ағызу, оларды құймаларға құю уақытында және балқыған металмен жанасушы жабдықтардан бөлінеді.

Цехтардың ауданы үлкен болғандықтан және таралуы біркелкісіз болуынана, ондағы ауаның температурасы цехтің әр учаскелерінде біркелкі болмайды. Мартендік пештерден ең қашық орналасқан аэрацияланатын жұмыс орындарындағы ауаның температурасы сыртқы температурадан әдетте 2-50С асады.

Мартендік цехтардағы ауаның ең жоғарғы температурасы пештің сыртқы жағындағы алаңдарда металлды ағызу тесіктерінің жанында болады.

Конвекциялық жылудан басқа, жоғарыда аталған барлық көздер, көп шамада инфрақызыл сәулелерін таратады.

Инфрақызыл сәулелері тарайтын жұмыс орындарына жататындары мыналар: миксерлік бөлімшесі, алдыңғы жұмыс алаңы, пештің металлды ағызу тесігінің жанындағы жұмыс алаңы, науалар және құю алаңы. Ең қарқынды сәуле таратуы жабық заслонкалы пештерде болады. Мұнда инфрақызыл сәулелердің әсеріне тиеуші машиналардың машинистері, болат балқытушысы және оның көмекшісі порогтар мен подиналарды толтыру бойынша, шлакты шығару, «штемпельді беру» прогту бөлшектеу және қайта бітеу, сынамаларды алу бойынша операцияларды орындауда ұшырайды.

Қазіргі мартендік цехтарында көптеген операциялар механикаландырылған, ал кейбірлері автоматтандырылған, сондықтан жұмысшылар көп уақытын жоғарыда аталған жағымсыз факторлардың әсерінен тыс өткізеді, бірақ қазірге дейін кейбір операциялар, гигиеналық тұрғыдан жағымсыз келетін факторлары бар учаскелерде өткізіледі. Осындай операцияларға жататындары: пештің алдыңғы іргесін қолмен толтыру, пешке әртүрлі қосымша материалдарды салу, болат ағызушы тесікті ашу және бітеу, қосушы материалдарды дайындау, өндірістік процесті дайындау бойынша қосымша әртүрлі операцияларды орындау, жұмыс алаңдарын тазалау, цех жабдықтарын шлактан тазалау т.б. Барлық осы операцияларды орындау көп денелік күштің түсуін талап етеді, ал кейбіреулері жағымсыз микроклиматтық жағдайларда өтеді.

Мартендік цехтің кебір учаскелерінде шаң факторы маңызды орын алып отыр. Жұмысшылардың денсаулығына ең қауіптісі болып, құрамында көп кварц бар, отқа тһзімді материалдардың шаңы саналады. Отқа төзімді материалдардың кварц бар шаңдары ковштарды жөндеуде (футеровкалауда), стопорларды жасауда және әсіресе мартендік пештерді суық өңдеуде пайда болады.

Конверторлік өндіріс, мартендік өндіріспен салыстырғанда, балқыту операциясының тез өтуімен сипатталады. Конверторлік процесске тән ерекшелігі балқыған металлды жиі шығару болып келеді.

әрбір балқыту циклінің узақтығы шамамен 45-55 минутқа созылады. Бір жұмыс ауысымында бір конвертор 8-9 балқыма береді.

Жұмыс ауысымы бойы конверторшы жұмыскер жоғарғы температураның әсерінде болады. Конвертордағы шойынды үрлеп шығару уақытында, оттегінің сұйық металлмен жанасу аймағындағы жоғарғы температураның нәтижесінде, көп көлемде құралған түтін конвертордың мойыны арқылы сыртқа шығып, оның бір, бөлігі цехқа түседі.

Болатты балқытудың екі әдісін салыстыра отырып, мынадай тұжырымға келуге бо-лады – гигиеналық тұрғыан конверторлық әдісі технологиялық процестің бірқатар артық-шылығы бар. Өзінің сипаты бойынша ол неғұрлым қарапайым болып, көптеген процес-стерді автоматтандыруға мүшкіндік береді, ал ол өз кезегімен, мартендің өндірісінде орын алған, жұмысы ауқымды көптеген қол операцияларын жоюға ықпалын тигізеді.

Ыстық цехтарда болатын артық жылумен күрестің негізгі шараларының бірі аэрациялау болып саналады. Мартендің цехтардың ғимараттары, қауытты жылу бөлу салдарынан, ұйымдастырылған желдетуді-аэрациялауды қажет етеді.

Мартендік, оттегілік-конверторлық цехтарындағы мартендік пештердің, конверторлердің, ковштердің жанында орналасқан жұмыс орындарындағы және құю учаскелерінде көміртегі тотығының концентрациялары кейде рұқсатталған-шектік концентрацияларынан асып кетеді.

Шойынды мартендік пешке немесе конвертерге құюда, болатты құймаларға излож-ницаларға құюда, конверторлардың жаңа футеровкаларын және болат құюшы ковштарды кептіруде, құймаларды ысытуда пайда болған газдар мен шаңдарды уақытында шығару мақсатымен аспирациялаушы қалқандарды қарастыру керек. Жұмысшылардың жұмыс аймағына таза ауаны беретін және ластанған ауаны жұмыс орнынан қарама-қарсы жаққа үрлейтін душтаушы агрегаттарды орнату өте орынды болып келеді.

Сонымен қатар, ауа ортасының жағдайына, газдық коммуникациялары мен аппаратураларының техникалық жағдайларына қарамастан, олар әрдайым профилактикалық қараудан өтіп, керекті жағдайда жөнделуі керек. Пештердің шлак жинаушы бөлімдерінде, регенераторларында, жоғарғы бөлігінде, төбесінде және басқа элементтерінде кірпіш қалауларының жарылған жерлерінің болмауы тексерілуі керек.

Конверторлік цехте ауаның шаңмен ластануы сусымалы (ұнтақ) материалдарды беру учаскесінде болады.

Шаңның шығуын азайту мақсатымен, сусымалы материалдарды жабық құбырлар жүйесі арқылы беру қажет.

Сусымалы материалдарды конверттерге жеткізу және салу бойынша барлық басқару механизмдері дистанциялық, яғни қашықтық жолымен жүргізілуі керек.

Болат балқытушы цехтарында жүргізілетін сауықтыру және профилактикалық шараларының ішінде маңызды орынды мертігуден жаңа күюден сақтау шаралары алады.

Жылу бөлуші көздерді шектеуге және локализациялауға бағытталған шаралар (ыстық жабдықтарды жылу оқшаулау, сумен салқындату, экрандау т.б.) бір уақытта күюдің профиалктикасы бойынша шаралары болып келеді. Ерекше көңілді балқытылған металмен және шлакпен жанасушы ковштарды, науаларды, аспаптарды жәнебасқа жабдықтарды кептіру жұмыстары талап етеді. Жеткіліксіз кептірілген ковшқа металды құюға немесе дымқыл науаны қолдануға қатаң тиым салынады, себебі оның қопарылыс беру қауіпі бар. Балқыған металдың шашырау мүмкіндігімен байланысты операцияларды орынадуда (пешке немесе конвертерге шойынды құюда, пешті толтыруда,леткаларды бөлшектеуде, болат пен шлакты ағызуда, болатты құймаларға құюда) жұмысшылар бетті металдың ұшқындару мен шашырандыларынан қорғаушы торды немесе қорғаушы көзілдірікті қолдануы керек.