Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сраубаев_Е.ЕҢБЕК_ГИГИЕНАСЫ_БОЙЫНША.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Ағаштан құрылыс материалдарын жасау

Ағашты өңдеу технологиялық процесінде шикізатты алғашқы өңдеу сатысын (тақтайларды, брусоктарды жасау) ажыратады.

Ағашты өңдеудің бірінші сатысы ағаш кесуші рамаларда, ал екіншісі-ағаш шеберханасы мен өңдеу цехтарында жүргізіледі. Рамаларда, есіктерді, фанерлерді, плиталарды және паркеттерді жасауда ағаш кесуші рамалар, кескіш, сүргі т.б. станоктар, пресстер және кептіргіштер қолданылады.

Еңбек жағдайының гигиеналық сипаттамасы. Осы өндірістердің негізгі жағымсыз факторларының бірі болып ауаның шаңдануы, өндірістік шу, діріл, қолайсыз метеорологиялық жағдайлары, ауа ортасының химиялық қоспаларымен ластануы саналады. Кейбір еңбектер ауыр жұмыстарды атқарумен жүреді.

Ағаш кесу цехтарындағы ауаның шаңдануы 2-20 мг/дм3 аралығындағы ағаш шеберханасы цехінің станоктік бөлімшелерінде 5-15 мг/м3 шамасында болады. Фанераларды таңдау, пішу және шлифовкалау жұмыстары шаңның маңызды бөлінуімен жүреді, мысалы ленталық-шлифовальдік станоктарының жұмыстарында шаңдануы 14-65 мг/м3 дейін жетуі мүмкін. Плиталарды жасауда ауадағы шаңның концентрациясы виброгроготтардың жанында 100 мг/м3 3 жетеді.

Шаң құраушы көздері болып тұмшаланбаған немесе жеткіліксіз тұмшаланбаған жабдықтары мен тасымалдаушы қондырғылары саналады.

Ағашты өңдеуде қарқынды шу мен діріл де орын алған. Бөренелерді, тақтайларды кесуде шудың қарқындылығы 101-106 дБ жетіп, жалпы және локальді дірілдің болуымен қабаттасады. Ағаштық-жоңқалық плиталардан асып кетеді.

Ағаш кесу цехтарында жылдың суық кезеңдерінде ауаның төмен температурасы байқалады.

Ағаштық-жоңқалық плиталарды жасауда ауа ортасы формальдегидтің және аммиактың буларымен рұқсатталған нормалардан жоғары ластанады.

Ағаштар кесу жұмыстары ауыр салмақтарды көтерумен (10-20кг), қолдың (ауысым ішінде 400-600 рет) және аяқтың (ауысым ішінде тақтайларды торцовкалауда педальдерге басуы 3000-ға жетеді) жиі қимылымен баланысты жүреді. Бір күн ішінде жұмысшылар-торцовщиктер шамамен 10-12 км жүріс қимылдарын жасайды.

Ағаштық құрылыс материалдарын жасау өндірісіндегі жұмысшыларында дірілдің, шудың әсерімен және ауыр еңбек жағдайымен байланысты денсаулық жағдайындағы ауытқулары байқалады.

Сауықтыру шаралары

Құрылыс материалдарын жасау өндірісіндегі еңбек жағдайын жақсарту шаралары ҚР Конститутциясымен, «Еңбек қорғау туралы», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» ҚР Заңдарымен, ҚР өкіметінің қаулыларымен және ҚР ДС Министрлігінің санитарлық нормаларымен және ережелерімен реттелген.

Ережелерде еңбек жағдайын сауықтыру шаралары құрылыс материалдарын жасау бойынша жеке өндірістердің спецификасын ескеріп жасалуы қарастырылған. Осыған сәй-кес төмендегі аталған негізгі кәсіпорындары мен өндірістері бойынша қауіпсіз техника-сына және өндірістік санитариясына қойылатын талаптары берілген: цемент жасау, асбес-тоцементтік бұйымдары жасау, төбені гидрооқшаулау бұйымдарын жасау, құрылыстық керамикаларды, кірпішті, әкті, гипсті керамзитті жаау, минераломақталы жылу оқшаулаушы бұйымдарды, темірбетон бұйымдарын жасау кәсіпорындары мен өндірістері.

Цемент зауыттарында еңбек жағдайын сауықтырудың ең маңызды шарасына өндірісті кешенді автоматтандырып, жабдықтарды пульттермен басқаруды ұйымдастыру (пульттерді оқшауланған бөлмелерде орналастырумен) жатады.

Шаңмен күрес жүргізу үшін цементті өндірудің ылғалды әдісін қолдану, пневмалық көлікті, гидрошаңсыздандыруды, аспирациялық қондырғысы бар бүркеніштерді және жеке қорғану құралдарын қолдану керек.

Метеожағдайларды қалыптастыру шараларына ауалық салқындату (ыстық жабдықтарды ашық далада орналастырып, агрегаттарды басқару органдарын бөлмелерде орнатумен), жылу оқшаулау, өндірістік бөлмелерді аэрациялау шаралары жатады.

Шуды төмендету оны тудырушы көзінде дыбысты оқшаулау жолымен және дыбысты жұтушы материалдарды қолданумен жүргізілуі керек.

Цемент диірмендерінің корпусы мен бронежилеткаларының арасында техникалық маталарды салу шудың деңгейін 15-20 дБ төмендетуге мүмкіндік береді. Темірбетонды бункерлердің ішкі беттерін резинканың және болшаттың қабатымен қаптау, басқару пульттерін дыбысын оқшаулау (екі қабатты шыныланған рамканы қолдану), шуға қарсы қолдану заттарын қолдану жақсы нәтиже береді.

Темірбетонды жасау өндірісіне және цемент зауыттарына санитарлық қадағалау жүргізуде ең басты сауықтыру шарасы болып өндірістерді автоматтандыру саналады. Мұнда барлық өндірістік процестерге басшылық жасау оқшауланған пульттен жүргізіледі, және де жағымсыз жағдайларда еңбек етуші адамдардың саны күрт төмендейді.

Технологияны өзгерту, мысалы темірбетондық бұйымдарды ұялы бетондардың негізінде жасау, бетонды дірілдік жолмен тығыздау үшін роторлы бетон салғышты қолдану діріл факторын толығымен жоюға мүмкіндік береді.

Цементті, керазитті өндіру кәсіпорындарында өндірудің дымқылды әдістерін енгізу, материалдарды дымқылды ұнтақтауды қолдану ауаның шаңдануын маңызды төмендетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, барлық шаң шығарушы орындарда бүркеніштерді және аспирациялық қондырғыларды қолдану бойынша шаралары жүргізілуі керек.

Діріл мен шуды генерациялаушы жабдықтар профилактикалық жөндеулерден өтіп, соңынан олардан шығатын діріл мен шудың параметрлеріне өлшеулер жүргізілуі керек.

Жылумен, дірілмен және шумен күрес жүргізу мақсатымен жылу бөлуші жабдықтарды, шу және діріл беруші материалдар мен конструкцияларды оқшаулау қажет.

Жергілікті вентиляция шаңдардың (дозаторлардан, бетон араластырғыштардан, ұнтақтағыштардан шымдықтардан, асфальтобетон араластырғыштарынан, спекательді машиналарынан) түзілу орындарынан шығару үшін, ал жалпы вентиляция-формовкалық және күйдіру цехтарында артық жылу мен ылғалды ассимиляциялау үшін қажет.

Еңбек жағдайын сауықтыру бойынша маңызды шараларының бірі болып, қол операцияларын жою мақсатымен, барлық технологиялық циклді кешенді механизациялау саналады. Әсіресе олар кірпішті пресстерден алу, шығару жұмыстарына қатысты. Неғұрлым жетілген жабдықтарды қолдану шаралары-шеңберлі күйдіру пештерінің орнына тоннелді пештерді қолдану, өндірістік технологиясын өзгерту шаралары-түтін газдармен кептірудің орнына жылы ауамен кептіру, кірпішті құрғақ әдіспен формовкалаудың орнына пластикалық формовкалау әдісін қолдану т.б. шаралары жұмысшыларды жоғары температура мен жылу сәулелердің әсерінен қорғау (кірпішті пештен шығарар алдында оны салқындату, шағылыстырушы экрандарды, арнайы киімдерді қолдану), шаңдардан, газдардан қорғау (шаң шығарушы материалдарды өңдеу және тасымалдау орындарын-тасалап (оқшаулап) аспирациялау, олардың астына бу жіберу) т.б. шараларымен бірге жүргізілуі керек.

Осы өндірістегі еңбек жағдайын сауықтыру бойынша маңызды шараларына аспирациялаушы қондырғыларды қолданып шаң шығарушы жабдықтарды герметизациялау мен тасалау, жылуды және шуды оқшаулау, жалпы алмастыру вентиляциясын қолдану сияқты шарлары жатады.

Технологиялық процесті өзгертудің де маңызы үлкен, мысалы асбестоцементті бұйымдарды құрғақ өңдеудің орнына «ылғалды» механикалық өңдеу әдісін қолдану өте ұтымды келеді.

Құрылыс материалдарын жасау өндірістеріндегі жұмысшыларға медициналық мекемелерімен жүргізілуі керек. (Қарағанды қаласында құрылысшылардың клиникасы мен профилакториясы) қалалық медициналық тексеру ҚР ДС Министрлігінің № 243 12.03.2004 ж. бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Әйелдердің еңбек жағдайларына қойылатын талаптар соның ішінде, ауырлықты кө-теру мен тасымалдауы ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген № 3074 18.09.2004 ж. «Санитарно-эпидемиологические требования к условиям труда женщин» құжатында көрсетілген.

Санитарлық – тұрмыстық бөлмелері әйелдердің гигиеналық бөлмелерімен және де діріл ауруының профилактикасы үшін қол және аяқ ванналарымен, арнайы киімді шаңсыздандыру бөлмелерімен жабдықталуы керек.

Санитарлық-гигиеналық шараларының ішінде киіммен және жеке сақтану құралдарымен (каскалар, респираторлар, антифондар т.б.) қамтамасыз ету алады.