- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы е.Н. Сраубаев, с.Р. Жакенова, ж.Ж. Жарылқасын
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау
- •Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
- •Еңбек гигиенасының дамуы тарихы
- •Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
- •Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі
- •1 Кесте Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
- •2 Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар
- •Өнеркәсіптік токсикология пәні, дамуының негізгі кезеңдері
- •Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері
- •Өнеркәсіптік токсикология әдістері
- •V. Математикалық-статистикалық әдістер.
- •VI. Жануарларды уландыру әдістері:
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •Улардың организмдегі тағдыры (енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы)
- •3 Өндірістегі аурушаңдық
- •4 Өнеркәсіптегі ескертпелі санитарлық қадағалау
- •Құрылысқа жер бөлу және таңдау сатысындағы ескертпелі санитарлық бақылау.
- •Еңбек жағдайы және жұмысшылар сырқаттанушылығы.
- •6 Металлургия өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Негізгі металлургия цехтарындағы еңбек гигиенасы
- •Уақтау-сұрыптау фабрикасы
- •Алгомерация цехі
- •Домналық цехтары
- •Болат балқыту цехтары
- •Илеу (прокат) цехтары
- •Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылардың сырқаттанушылығы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылар организмінің функциональдық жағдайы
- •7 Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Шошқа шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •Мал шаруашылығындағы мал азығын дайындау цехтарындағы еңбек жағдайы
- •8 Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Цементті өндіру
- •Темірбетондық бұйымдары мен конструкцияларын жасау
- •Құрылыс кірпіштері мен керамикаларын жасау
- •Ағаштан құрылыс материалдарын жасау
- •Сауықтыру шаралары
- •Құрылысты салу технологиясы және еңбек гигиенасы
- •Ғимараттарды құрылымдарды салу (көтеру) жұмыстарына мыналар кіреді.
- •Өңдеу (қорытынды) циклі, бұған кіретіндер
- •Нөлдік циклдің құрылыс жұмыстары
- •Ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу кездеріндегі құрылыс жұмыстары
- •Сауықтыру шаралары
- •9 Жасөспірімдер және әйелдер еңбегінің еңбек гигиенасы
- •Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі
- •Әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын топтастыру
- •Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.
- •Етеккір циклының жағдайы
- •Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері
- •Жоғары температура және жылулық сәулеленудің әсері
- •Радиожиіліктегі электромагниттік өріс әсері
- •Нервтік-эмоционалдық кернеулілік
- •Әйелдердің еңбек гигиенасы мен оны қорғаудың қазіргі басты бағыттары
- •10 Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Металды балқыту
- •Ұста-пресс цехтары
- •Термиялық цехтары
- •Механикалық цехтары
- •11 Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
7 Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
Кіріспе. Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылығы, күнен күнге өнеркәсіптік негізгі ауысып келе жатқан, үлкен халықшаруашылық маңызы бар салаларының бірі. Ауылшаруашылығын дамытуда жетістіктерге жету, халықтың материалдық жағдайын көтеріп, өсімдік және жануар тектес өнімдермен қамтамасыз етілуін сандық және сапалық жағынан анықтайды. Сонымен қатар жеңіл өнеркәсіпті, оның ішінде тері, текстильді өндірістерді ж.б. шикізатпен қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде Республикамыздағы болып жатқан экономикалық дағдарыстарға байланысты ауылшаруашылығы үлкен қиындықтарға тіреліп отыр. Ауылшаруашылығы саласының жеке меншікке сатылып үлгергені белгілі (малшаруашылығы, дала шаруашылығы, т.б.) айтарлықтай нәтижелер көрсетпей отыр.
Дегенмен де, ауылшаруашылығы алуандаған өндіріс түрлерін, техникалық күштерді, химиялық заттарды, кең байтақ жерлерді және ең бастысы адам күштерін шоғырландырады.
Ауылшаруашылығындағы еңбек гигиенасы сұрақтары, ондағы орындалатын жұмысерекшеліктеріне байланысты, олар:
мерзімділігі және жұмыстық ашық ауада орындалуы;
өздігінен жүретін машиналарды, механизмдерді, тіркеу машиналарын пайдалануы;
көлемі күн сайын өсіп келе жатқан химиялық заттарды пайдалануы;
ауру жануарлар мен биологиялық материалдармен уланған сүтпен, терімен, т.б. байланыста түсу мүмкіндіктеріне байланысты;
қол жұмыстарының орын алуы;
Ауыл шаруашыығының басты жұмыс түрлері, дала жұмыстары және малшаруашылығы.
Дәнді дақылдарды өсіру. Қазіргі уақытта астық өсіру ауылшаруашыығының неғұрлым механикаландырылған саласы болып табылады. Табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты Республикамыздың әр аймақтарындағы астық өсіру және оны жинау жұмыстары әр түрлі еңбек жағдайында атқарылады.
Астық өсіру келесі басты технологиялық процестерден тұрады: топырақты өңдеу, тыңайытқыштарды шашу, себу алдында топырақты өңдеу, себу, себілген жерлерді күту, жинау, жинағаннан кейін астық пен сабандарды өңдеу.
Себу алдында топырақты өңдеу-культивациялау, қопару, тегістеу операцияларынан тұрады. Себу жұмыстарына әр түрлі модификациядағы себу машиналары тұқымдар мен тыңайытқыштарды тиегіш механизмдер қолданылады.
Себілген жерлерді күту, қопару, өңдеу, улы химикаттар мен мыңайту жұмыстарынан тұрады. Дәнді дақылдар алқаптарының көбін тура тәсілдермен тәсілдерімен өңдейді.
Дәнді дақылдарды өсіру және жинау кезінде негізгі жұмыстардың меншікті салмағы ауысым уақытының 51, 5-77,6%-ін құрайды.
Өндіріссіз жұмыстарға жұмсалатын уақыттың көбі агрегаттарды жұмысқа дайындау, тіркеу құралдарымен толықтыру, бұзылған ақауларды жөндеу, машиналарды жанар жағармайларымен қамтамасыз ету, жұмысшыларды жұмыс орнына жеткізу, сияқты жұмыс түрлеріне жұмсалады.
Жұмыс уақытын жоғалтуды болдырмауға еңбекті дұрыс, тиімді ұйымдастыру арқылы жетуге болады: негізгі және қосымша жабдықтармен қамтамасыз ету; техниканы жұмысқа сапалы дайындау; жұмыс орындарын тиімді ұйымдастырып, жұмысшыларды дұрыс орналастыру (жұмысшылар күшін); техникаларды қажетті құрал-саймандармен, жанар жағармайлармен, себу жұмыстары кезінде тұқыммен үздіксіз қамтамасыз ету, т.с.с.
Еңбек жағдайы. Дәнді дақылдарды өсіру-жинау жұмыстары әртүрлі метеорологиялық жағдайда жүргізіледі. Мысалы: Қазақстанның солтүстік, облыстарында топырақты себу жұмыстарына дайындалуды күздің соңына жауын-қар жиі жауатын кездерде? Таңғы қатқақ уақыттарда жүргізіледі.
Кейде бұл жұмыстарды ерте көктемде қоршаған ауаның өте төмен температурасында (-5+5 –10оС) жүргізуге тура келеді.
Күздік дақылдарды ауа температурасы 10-20оС-да, ал жаздық дақылдарды ерте 0-10оС-да себеді.
Егінді жинау кездерінде метеожағдай өте өзгермелі болады. Оңтүстік аудандарда егінді жинау маусым айында басталып, тамызда аяқталады. Жұмыс сыртқы ауаның жоғары температурасында (20-35оС) атқарылса, кал Солтүстік аудандарда егінді салқын күз айларында, көбінесе қар араластыра жинайды. Егінді тез жинап алу мақсатымен ауа райының қолайлы күндерін пайдаланып, жұмыс жиі түнгі және таң ата жүргізіледі.
Механизаторлардың жұмыс орындарында Оңтүстік аудандарындағы ыстық климатқа байланысты микроклимат санитарлық гигиеналық талаптарға сай келмейді. Арнайы кондиционерлеу жабдықтармен қамтамасыз етілмеген кабиналарда ауа температурасынан 8-12оС-ға жоғары болады. Керісінше Солтүстік аудандарда астық жинау жұмыстарының соңына қарай жылытылмайтын кабиналардағы ауа температурасы айтарлықтай төмендейді (5-12оС).
Кабинадағы микроклиматты жазғы уақыттарда арнайы жалюздер және сорылып бер-ілетін ауа көлемін (салқын ауа) 250 м3/сағ-қа дейін көбейту арқылы ұйымдастырылады.
Әртүрлі машиналар мен жабдықтардың жұмысы кең диапазонды тербелісті шу деңгейі мен дірілдің туындауына соқтырады. Діріл өңделетін жердің тегістігіне байланысты болса, шу топырақтың ылғалдылығына, тығыздығына, ал жинау кезінде сабақтарының ұзындығы мен сұйықтығына да байланысты болады.
Шаң құрамы өсімдік қалдықтары, топырақ және бактериялық микрофлоралардан тұрады. Мысалы; сабанды жинау мен астықты тазалау кезінде шаң 80%-ке органикалық заттардан тұрады, ал топырақты өңдеу сәттерінде бұл көрсеткіш 10-15%-ке төмендейді. Өлшемі 5 мкм-ге дейінгі бөлшектер шаң құрамының 46%-ін құрайды.
Дәнді дақылдарды өсіру кезінде пестицидтердің қолданылуы өте сирек болады.
Физиологиялық-эргономикалық сипаттамасына келетін болсақ, тракторлар мен комбайндарда және басқа да ауылшаруашылық машиналарында жұмыс көбінесе дененің мәжбүрлік статикалық, қалпымен байланысты болады. Сонымен қатар, себу мен жинау жұмыстары кезінде машинаны бір жолақпен дәл жүргізу талабы қойлады және жаткаға қарау үшін механизатор бірен-саран алдыға еңкейіп отырады.
Дене ауыртпашылығы әртүрлі жүктерді (тыңайтқыштар, астық машина тетіктерін) көтеріп, тасымалдаумен байланысты.
Еңбек ауқымдылығы ауылшаруашылығы машиналарына қызмет жасау кезінде байқалады. Қыруар көп майлауу нүктелері, комбайндардың технологиялық заттармен шаңданып толуын тазалау дене энергиясын талап етіп, қосымша күшті қажет етеді. Көбірек кернеулік және ауырлық астық жинау кездерінде байқалады. Физиологиялық зерттеулер бұл кездерде комбайншылардың 81,2%-де (кейбір күндері 37,2-37,3оС-ға дейін) дене температурасының көтерілетінін көрсетеді. Қан тамырларының соғуы 100%-де жиілеп, 47%-де қан қысымы жоғарылайды. Түнгі жұмыстар мен күндізгі ұзақ жұмыс механизаторлардың көру қабілетін төмендетеді.
Картоп егіп өсіру - өте күрделі және ауқымды еңбек процесі.
Картоп егіп өсірудің негізгі кезеңдері: топырақты өңдеу, тыңайтқыш шашу, егетін тұқымдарды дайындау, отырғызу, күту, зиянды жәндіктер мен ауралардан қорғау, жинау, іріктеу және тұқымдық материалдарды сақтауға қою.
Жұмыс түрлерінің дәнді дақылдарды егіп өсіруде атқарылатын жұмыстардан аса көп ерекшеліктері жоқ. Көктемгі жер өңдеу жұмыстарымен қатар, егетін тұқымдарды, яғни орташа іріліктегі картоптарды дайындай бастайды. Егу жұмыстары арнайы машиналармен (СН-4Б, СКС-4, т.с.с.) жүргізіліп тұқыммен бірге топыраққа тыңайтқыш енгізіледі.
Күту кезінде қажеттілігіне байланысты қопсыту, арам шөбін жұлу жұмыстары атқарылады, әртүрлі зинкерлерге қарсы 2-3 дүркінік дәрілерді бүрку өткізіледі. Бүрку штангалық немесе желдеткіш тәріздес бүріккіштермен орындалады. Егінді жинау әртүрлі комбайндардың (ККУ-2 «Дружба» , ККУ-2А, ҚКМ-4» картоп қазғыштардың (КТН-25, КВН-2М т.б.) картоп жинағыштардың көмегімен жүргізіледі.
Еңбек жағдайы құбылмалы: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, күн радиациясының қарқындылығымен т.б. сипатталады.
Ауаның шаң және газбен ластануы барлық жұмыс жағдайларында кездеседі және негізгі кәсіптік зияндылық деп саналады. Ең көп шаңдану мөлшері жинау сәтінде болады. Комбайнерлердің тыныс алу аймағындағы шаң мөлшері ШРЕК-дан 30-40 есе көп болады. Шу, діріл көбінесе механизаторлардың олы және еден мен тракторлардың орындықтары арқылы беріледі. Көміртегінің концентрациясы тіркемелердегі жұмыс орындарында 12-18 мг/м 3-қа дейін жетеді.
Картоп іріктегіш машинаны бір опратор басқараы, ал бірнеше іріктеуші адамдар қасында тұрып іріктеу машинасына тиелген картоптарды шірінділерден, топырақ кесектерінен қолмен тазартады.
Комбайнерлердің отырғыштардың ыңғайсыздығымен көбінесе тұрып сәл алдыға еңкейіңкіреген қалыпта атқарылады. Жұмыс комбайн тетіктерімен тез және дәл басқаруды талап етеді. Комбайнды және басқа ауыл шаруашылық машиналарын топырақ, арам шөптерден тазалау жұмыстары да көп қиындыққа ұрындырып, ыңғайсыз дене қалпында орындалады.
Негізгі механикаландырылған жұмыстарды орындауға барлық жұмыс уақытының 55-62%, ал көмекші жұмыстарға 12-18%-і жұмсалады. Жұмыс күндері көбінесе демалыссыз болып, жұмыс сағаты 10-12 сағатқа дейін созылады.
Картофельді жинау кездерінде механизаторлардың барлық гемодинамикалық көрсет-кіштері: қан тамыры соғысының жиілігі мен қысымы систолалық және диастолалық қан қысымы өзгереді, бұл ЖТЖ-не айтарлықтай жүктеме түсетінін көрсетеді. ОНЖ жағынан естің, көңілдің, көру қабілтілігінің төмендеуі сияқты өзгерістер орын алады.
Тірек-қимыл жүйелері жағынан да сипатты өзгерістер болады. Механизаторлардың дене және тері температуралары көтеріледі.
Сонымен картоп егіп-өсіруші механизаторлардың еңбегі ауыл шаруашылығының басқа салаларының механизаторларының еңбегімен көп ұқсастықта болады.
Көкөніс өсірудегі еңбек жағдайы. Көкөніс өсіру екі жолмен жүреді: ашық топырақта және жылы жайларда өсіру. Тұрғындарды көкөніспен қамтамасыз етудің негізгі көзі ашық топырақта өсіру болғандықтан соған тоқталайық.
Механикаландырылған еңбек түрлерін қолдану мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, жұмыс түрлері көбінесе қолмен атқарылады. Технологиялық процесс келесі кезеңдерден тұрады: ашық топырақтарға көшеттерді отырғызу, өсімдіктерді күту (қопсыту және түбін көму, оттау, суару, пестицидтермен өңдеу т.б.) өнімді жинау т.б.
Механикаландырылмаған қол жұмыстары ашық ауада түрлі метеорологиялық факторлардың бірлескен әсер ету жағдайында жүргізіледі. Ең қолайсыз метеорологиялық жағдай жаз айларында көкөністерді отау кездерінде олады (ауа температурасы 24-25оС, күн радиациясы 697-997 Вт/м2, ауа ылғалдылығы 32-69%, ауа қозғалысы 0,4-5,2 м/с). Отырғызу, суару сияқты жұмыстарда жұмысшылар қолдары үнемі сулы және кір болады. Аяқ және дене киімдері де үнемі ылғалды болады. Қол жұмыстары мәжбүрлік дене қалпында (еңкейіп, тізерлеп отырып) статикалық күштің түсуінде орындалады.
Көкөніс шаруашылығындағы машиналардан көпөзгеше болады. Олардағы техно-логиялық процестер бірнеше жұмысшылармен атқарылады (7-8 ден 16-20 адамға дейін).
Көкөніc шаруашылығының кейбір агрегаттарымен қамтамасыз етілген кейбір тракторлардың кабиналарындағы ауа температурасы жинау жұмыстары кезінде 30-35оС-ға дейін көтеріледі.
Суару агрегаттары орнатылған тракторлардың кабиналарында, сыртқы ауа температурасы 17,3-27,1оС, ал салыстырмалы ылғалдылық 37-51% болғанда, температура 12,2-21оС, ылғалдылы 50-76% олады. Бұған салқын су тамшылары ықпалын тигізеді.
Эргономикалық анализдер кейбір машиналарда техникалық кемшіліктердің жібе-рілгенін анйқтайды (іріктеушілер үшін отырғыштардың ойластырылмауы, жүргізушілер, операторлар мен көмекші жұмысшылар арасында сигнал жүйелерінің болмауы т.с.с.).
Шу діріл және басқа да зиянды факторлар деңгейі ауыл шаруашылығының басқа салаларындағы осы факторлардың көрсеткіштеріне ұқсас.
Әртүрлі мақсатта қоданылатын пестицидтер: трефлан, дактал, дифенамид, семерон,
0,4%-і цинеба ерітіндісі 0,2%-ті хлорофос, метафос, эмульсиясы т.б. жұмысшылар ағзасына жағымсыз әсерлерін тигізеді. Бұл жағдайларда жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) пайдаланудың маңыз зор. Химикаттармен жұмыс сәтіндегі еңбек жағдайына санитарлық қадағалау жалпы ережелер мен талаптарды ескере жүргізіледі. Ең ауыр қол жмыстары (отау, суару, қопсыту, қажеттерді отырғызу) аусым соңында қан тамырларының соғуын жиілетіп (минутына 100-123,5), қысымын 1,08 кПа-ға төмендетеді.
Ауысым соңында көру есту қабілеттерін нашарлатады. Сонымен қатар бұлшық ет төзімділігін 30,9-57%-ке төмендетеді.
Механизаторларда ЖТЖ, ОНЖ, тірек-қимыл жүйелерінің қызметінің өзгерістері бо-лады. Кешенді механикаландыруды толықтай жүзеге асырған күннің өзінде де, көкөніс шаруашылығына көптеген қол жұмыстарының түрлері өз күшінде қалады. Бұл қол жұмы-стары үшін де сауықтыру шараларын ойластыруды талап етеді. Олардың ішінде жұмыс тәртібін ұйымдастырудың физиологиялық бағытталған шараларын туындаудың маңызы өте зор.
Ашық топырақтарда көкөніс өсіріп жинаудағы еңбек жағдайына қарағанда жылы жай жағдайында аталған жұмысты жүргізу салыстырмалы қолайлы жағдайда жүргізіледі.
