- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы е.Н. Сраубаев, с.Р. Жакенова, ж.Ж. Жарылқасын
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау
- •Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
- •Еңбек гигиенасының дамуы тарихы
- •Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
- •Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі
- •1 Кесте Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
- •Өнеркәсіптік токсикология пәні, дамуының негізгі кезеңдері
- •2 Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар
- •Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері
- •Өнеркәсіптік токсикология әдістері
- •V. Математикалық-статистикалық әдістер.
- •VI. Жануарларды уландыру әдістері:
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •Улардың организмдегі тағдыры (енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы)
- •3 Өндірістегі аурушаңдық
- •4 Өнеркәсіптегі ескертпелі санитарлық қадағалау
- •Құрылысқа жер бөлу және таңдау сатысындағы ескертпелі санитарлық бақылау.
- •Еңбек жағдайы және жұмысшылар сырқаттанушылығы.
- •6 Металлургия өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Негізгі металлургия цехтарындағы еңбек гигиенасы
- •Уақтау-сұрыптау фабрикасы
- •Алгомерация цехі
- •Домналық цехтары
- •Болат балқыту цехтары
- •Илеу (прокат) цехтары
- •Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылардың сырқаттанушылығы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылар организмінің функциональдық жағдайы
- •7 Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Шошқа шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •Мал шаруашылығындағы мал азығын дайындау цехтарындағы еңбек жағдайы
- •8 Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Цементті өндіру
- •Темірбетондық бұйымдары мен конструкцияларын жасау
- •Құрылыс кірпіштері мен керамикаларын жасау
- •Ағаштан құрылыс материалдарын жасау
- •Сауықтыру шаралары
- •Құрылысты салу технологиясы және еңбек гигиенасы
- •Ғимараттарды құрылымдарды салу (көтеру) жұмыстарына мыналар кіреді.
- •Өңдеу (қорытынды) циклі, бұған кіретіндер
- •Нөлдік циклдің құрылыс жұмыстары
- •Ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу кездеріндегі құрылыс жұмыстары
- •Сауықтыру шаралары
- •9 Жасөспірімдер және әйелдер еңбегінің еңбек гигиенасы
- •Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі
- •Әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын топтастыру
- •Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.
- •Етеккір циклының жағдайы
- •Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері
- •Жоғары температура және жылулық сәулеленудің әсері
- •Радиожиіліктегі электромагниттік өріс әсері
- •Нервтік-эмоционалдық кернеулілік
- •Әйелдердің еңбек гигиенасы мен оны қорғаудың қазіргі басты бағыттары
- •10 Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Металды балқыту
- •Ұста-пресс цехтары
- •Термиялық цехтары
- •Механикалық цехтары
- •11 Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
2 Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар
Кіріспе. Қазіргі кезде химиялық заттардың зиянды әсері адамның еңбек жағдайына немесе олардың күнделікті тіршілік әрекетіне тікелей байланысты. Тұрмыстық химия бұйымдары мен дәрі-дәрмектердің адам тұрмысында кең пайдалануына байланысты кездейсоқ тұрмыстық уланулар маңызын әлі жоғалтқан жоқ. Қазір өсімдіктер тектес табиғи улармен қатар, әртүрлі жаңа синтетикалық химиялық заттардың үлес салмағының артуы да маңызды болып отыр.
Химия мен энергетиканың, көптеген өнеркәсіп салаларының қарқынды дамуы және барлық шаруашылық салалары ауқымының артуы, сонымен қатар тұрмыстық химия мен автокөліктерді кеңінен пайдалана отырып, урбанизациялану биосфераға табиғатқа жат 1 000 000-ға жуық химиялық заттардың бөлінуіне соқтырып отыр.
1977 жылдың қарашасындағы мәліметтер бойынша 4039907 химиялық қосылыстар белгілі болды. Бірақ, 1981 жылы 5 миллионыншы химиялық зат (ол өсімдік тектес алколоид – грандирубин болды) тіркелді. Ал 1983 жылы осы тізбеге 6 миллионыншы химиялық зат енді. Сонымен, әлемде күніне мыңдаған жаңа химиялық зат пайда болады, яғни, әр 2 минут сайын бір зат. Тек ТМД елдерінің өзінде жылына 40 000 зат түзіледі.
Ал, осы тізбедегі заттардың 63 000 ғана тәжірибе жүзінде қолданылады екен (1,5%). Соның өзі ғылым мен техниканың жетістіктерін, тіршілік деңгейімізді, еліміздегі экономиканың жағдайын көрсетеді. Бұлардың қатарында пестицидтер, дәрі-дәрмектер, бояулар, тыңайтқыштар, полимерлер. Химиялық заттар синтезінің кейбір салалары аса жоғары жылдамдықпен дамиды. Мысалы, 1966 жылы шыққан «Пестицидтер бойынша анықтамада» 726 қосылыстар болса, 10 жылдан соң, бұл анықтамаға тағы 540 жаңа пестицидтерді енгізуге тура келді.
Қазақстанда соңғы 5 жылдың ішінде қолданылатын пестицидтердің көлемі шамамен 4 есеге қысқарғанымен, олардың тізімі сол деңгейден өзгерген жоқ (100 атауға жуық бар), олардың 30%-ға жуығы хлорорганикалық пестицидтер. Ал, оның үстіне жұмыс аймағы ауасындағы пестицидтердің мөлшері ШРЕК деңгейінен 2-10 есе жоғары. Ластану деңгейі неғұрлым жоғары аймақтар – Алматы облысы (45%), Шығыс Қазақстан облысы (40%). Неғұрлым ертерек жүргізілген токсикологиялық зерттеулер жоғары уытты, аса қауіпті заттарды, тіпті бүкіл технологиялық процестерді уыттылығы, қауіптілігі неғұрлым төмен заттармен, тиімділігі бірдей технологиялық желілермен алмастырумен байланысты орынсыз шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Сондықтан, өнеркәсіптік токсикология бойынша болашақ дәрігерлердің білімін және мамандардың біліктілігін арттырудың маңызы өте зор және осы орайда бұл оқу-әдістемелік құралдың тигізер пайдасы ерекше болмақ.
Өнеркәсіптік токсикология пәні, дамуының негізгі кезеңдері
Токсикология – (грек тілінен алынған: toxikon - у және logos – оқыту деген мағына береді) – сыртқы ортаның, химиялық факторларының ағзаға зиянды әсерлерінің заңдылықтары жайындағы ғылым.
Сурет 1 - Қазіргі токсикологияның құрылымы
Өнеркәсіптік токсикология - өнеркәсіптік улардың ағзаға зиянды әсерлері заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Заманымызға сай токсикологияны шартты түрде, бір-бірімен тікелей байланысты екі үлкен тарауға бөлуге болады: 1) токсикометрия; 2) интоксикация патогенезі.
Токсикометрия – яғни, «уыттылық әсерді өлшеу» алғаш рет 1930-шы жылдары Н.С.Правдин ұсынды және ол уларға сандық сипаттама береді.
Токсикометрияның алдына қоятын тікелей мақсаттары: гигиеналық сараптау, шикізаттар мен өнімдерді гигиеналық стандарттау, сыртқы ортадағы зиянды заттар көлемін шектеу (ШРЕК және т.б.).
Интоксикация патогенезі – организмде удың сіңірілуін, таралуын, метаболизмін, организмнен шығарылуын зерттейді. Сонымен қатар, уланудың биохимиялық және биофизикалық механизмдерін, патологиясын, патоморфологиясын, иммунологиясын зерттейді. Интоксикация патогенезі бойынша зерттеулер денсаулық сақтау тәжірибесінде диагностика және терапия әдістерін әзірлеуде қолданылады.
Өнеркәсіптік токсикологияның даму тамырын тереңнен Гиппократ (біздің дәуірге дейін 460-377жыл), Гален (б.д.д. мөлшермен 130-200 жыл) одан кейін Парацельс (1493-1541 жыл), Рамацини (1633-1714 жж) дәуірінен бастайды және ол өндірістік маңызды зат-тардың адам организміне зиянды әсерлері жайындағы ілімдердің дамуымен тікелей қатысты.
Өткен ғасырдың екінші жартысында және біздің ғасырдың басында өнеркәсіптік зиянды заттардың әсерін эксперименттік жануарларды зерттеу басталды. Россияда бұл істі бастаушы Е.В. Пеликан (1824-1884,1854) болды.
20-30-шы жылдарда бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде: Гендерсон және Хаггард (1930); Штаркенштейн, Поль (1929); Н.С. Правдин (1934) және Н.В. Лазеревтердің өзде-рінің және аударма жұмыстары басылған монографиялар мен оқулықтары шыға бас-тады.
Біздің елімізде өнеркәсіптік токсикологияның ірге тасын ғылым ретінде қалаушылар болып Н.В. Лазарев (1895-1973) және Н.С. Правдин (1882-1954) саналады. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының жұмысшылар денсаулығына зиянсыз дамуына толықтай мүмкіндіктер жасалынды. Бұл профилактикалық шаралардың орындалуын дамытып қадағалаудың жетістіктері деп айта аламыз. Өнеркәсіптік токсикологияның мақсаты мен міндеттері көрсетілген (1938) Н.В. Лазаревтің «Өнеркәсіптік токсикология оқулығы» әлі күнге дейін қолданылуда. Ал «Электролиттер еместер» кітабы (1944) органикалық заттарды биологиялық, химиялық, физикалық жүйеге келтірген алғашқы ғылыми туынды. Н.С.Правдин гигиеналық нормалаудың ғылыми негіздерін, химиялық заттарды токсикологиялық бағалау әдістерін әзірлеп, одан әрі жетілдіруге ерекше көңіл бөлді.
Профилактикалық пәндер арасында өнеркәсіптік токсикология алғашқы орындардың бірін алады, өйткені, химиялық заттың организмге әсерін алдын ала зерттеп, болжап жұмысшыларға зиянсыз еңбек жағдайын ұйымдастыруға мүмкіндік бере алады.
Қазіргі кездегі санитарлық заңнамалар талаптарына сәйкес бірде бір химиялық зат немесе қоспа алдын ала токсикологиялық зерттеулерден өтіп, бағасы берілмей өндіруге және өнеркәсіпте қолдануға рұқсат етілмейді.
