- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы е.Н. Сраубаев, с.Р. Жакенова, ж.Ж. Жарылқасын
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау
- •Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
- •Еңбек гигиенасының дамуы тарихы
- •Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
- •Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі
- •1 Кесте Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
- •Өнеркәсіптік токсикология пәні, дамуының негізгі кезеңдері
- •2 Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар
- •Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері
- •Өнеркәсіптік токсикология әдістері
- •V. Математикалық-статистикалық әдістер.
- •VI. Жануарларды уландыру әдістері:
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •Улардың организмдегі тағдыры (енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы)
- •3 Өндірістегі аурушаңдық
- •4 Өнеркәсіптегі ескертпелі санитарлық қадағалау
- •Құрылысқа жер бөлу және таңдау сатысындағы ескертпелі санитарлық бақылау.
- •Еңбек жағдайы және жұмысшылар сырқаттанушылығы.
- •6 Металлургия өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Негізгі металлургия цехтарындағы еңбек гигиенасы
- •Уақтау-сұрыптау фабрикасы
- •Алгомерация цехі
- •Домналық цехтары
- •Болат балқыту цехтары
- •Илеу (прокат) цехтары
- •Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылардың сырқаттанушылығы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылар организмінің функциональдық жағдайы
- •7 Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Шошқа шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •Мал шаруашылығындағы мал азығын дайындау цехтарындағы еңбек жағдайы
- •8 Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Цементті өндіру
- •Темірбетондық бұйымдары мен конструкцияларын жасау
- •Құрылыс кірпіштері мен керамикаларын жасау
- •Ағаштан құрылыс материалдарын жасау
- •Сауықтыру шаралары
- •Құрылысты салу технологиясы және еңбек гигиенасы
- •Ғимараттарды құрылымдарды салу (көтеру) жұмыстарына мыналар кіреді.
- •Өңдеу (қорытынды) циклі, бұған кіретіндер
- •Нөлдік циклдің құрылыс жұмыстары
- •Ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу кездеріндегі құрылыс жұмыстары
- •Сауықтыру шаралары
- •9 Жасөспірімдер және әйелдер еңбегінің еңбек гигиенасы
- •Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі
- •Әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын топтастыру
- •Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.
- •Етеккір циклының жағдайы
- •Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері
- •Жоғары температура және жылулық сәулеленудің әсері
- •Радиожиіліктегі электромагниттік өріс әсері
- •Нервтік-эмоционалдық кернеулілік
- •Әйелдердің еңбек гигиенасы мен оны қорғаудың қазіргі басты бағыттары
- •10 Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Металды балқыту
- •Ұста-пресс цехтары
- •Термиялық цехтары
- •Механикалық цехтары
- •11 Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Нервтік-эмоционалдық кернеулілік
Қазіргі уақытта бұл фактордың әсер ету маңыз зор. Нервтік-эмоционалдық керненулілік гипертония ауруларының, коронарлық патология және т.б. аурулардың тууына жиі себеп болады.
Бұл фактордың әсер етуінің салдарынан патологиялық өзгерістер болып, жүктіліктің бұзылуы, уақытынан бұрын босануы жәәне лактацияның бұзылуы мүмкін.
Сонымен өндірістік ортаның зиянды факторларының еңбек ету процесінде әйелдердің организміне тигізетін әсерлеріне қысқаша тоқтадық.
Металлургия, машина жасау және басқа да өнеркәсіп салаларындағы сырқаттанушылық сұрақтарын қарау мәлімдемелері, өнеркәсіптерде сырқаттануға байланысты жұмыс уақытын жоғалту оқиғаларының әйелдер арасында, ер адамдарға қарағанда көп болатынын айқындады.
С.П.Сперанскийдың зерттеу жұмыстарының мәлімдемелері құрылыс саласындағы әйелдер арасындағы сырқаттану жиілігі ер адамдарға қарағанда 38%-ға жоғары екенін дәлелдеді.
Сонымен қатар жұмысшы әйелдер арасындағы жоғары деңгейдегі сырқаттанушылығы еркектермен салыстырғанда негізінен гинекологиялық патологиялармен байланысты деген ой туындайды.
Кейбір жағдайларда көбінесе әйелдер ауыр жұмыспен айналысуында бұл айқын көрінеді. Мысалы, ағаш дайындау өнеркәсібінде жұмыс атқаратын әйелдер арасындағы уақытша еңбекке жарамсыздықты туындататын сырқаттанушылық құрылымында бірінші орында әйелдердің жыныс мүшелерінің аурулары, екінші - күл өндірісіндегі әйелдер арасында, үшінші - машина жасау, төртінші - химия және тігін өнеркәсіптерінде, бесінші - көмір және тау-кен өндірісіндегі әйелдер арасында анықталды.
Әйелдер еңбегі гигиенасы тұрғысынан қарағанда, олардың арасында жиі кездесетін басқа да сырқаттану формаларының маңызын атай кеткен өте орынды.
Бірқатар зерттеушілердің әртүрлі кәсіптегі жұмысшылардың сырқаттанушылығына талдау жасау және қаралуы бойынша жасаған жұмыстарының нәтижелері әйелдер арасында жиі кездесетін аурулар ретінде ангина, ревматизм, бүйрек және зәр шығару жолдарының, ОНЖ-нің функциясының бұзылуы, кәсіптік аурулар арасында перифериялық тірек-қимыл аппараттарының аурулары және кәсіптік дерматоздармен сырқаттануы маңызды орын алатынын көрсетіп отыр.
Тұжырым ретінде айта кететін жай көптеген жағдайларда ер адамдармен салыстырғанда әйелдер ауруының деңгейі жоғары орын алады.
Әйелдердің еңбек гигиенасы мен оны қорғаудың қазіргі басты бағыттары
Әйелдердің еңбек жағдайын сауықтандыруға ЕСҚ-ды жүргізу кездерінде аса жоғары көңіл бөлу керек. Демек, әйелдер еңбегі көптеп пайдаланатын зауыдтарды, цехтарды жобалау және құрылысын жүргізу кезеңдерінде олардың физиологиялық ерекшеліктерін (еркектерге қарағанда бойларының кішілігі т.б.), өндірістік жабдықтарында әйелдердің физиологиялық мүмкіншіліктеріне, салмақтарына, өлшемдеріне сай келуіне ерекше көңіл аудару қажет. Жұмыс жиһаздары мен арнайы киімдерді тиімділеудің де маңызы зор. Әйелдер саны көп өндірістік объектілерін жобалау сәттерінде құрылыс нормалары және ережелеріне сай қарастырылған барлық жағдайларға қосымша санитарлық-тұрмыстық және арнайы бөлмелердің қарастырылуына жеке талаптар қойылады.
Әйелдер еңбегі орын алатын өнеркәсіптерде қолданылмақшы жаңа химиялық заттарды гигиеналық нормалау кезеңінде, ол заттардың еркек және ұрғашы жануарлардың генеративті және репродуктивті функцияларына тигізетін әсерін бағалауда міндетті түрде сынақтық зерттеулері жүргізілуі керек.
Әйелдер еңбегін сауықтыру шараларының ішінде инженерлік-техникалық шешімдер ең бастысы болып саналады. Мысал ретінде сынамаларды алуды автоматтандыру, мұнай өнімдерінің сапасын (меншікті салмағы, фракциялық құрамы т.б.) автоматты түрде анықтауды және үлкен ыдыстардағы заттардың деңгейін ара қашықтықтан басқарып байқауды т.б. атауға болады. Санитарлық-техникалық шаралардағы ұтымды және тиімді желдету, жарықтандыру, жылыту т.б. жүйелерінің маңызы зор.
