Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сраубаев_Е.ЕҢБЕК_ГИГИЕНАСЫ_БОЙЫНША.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы

Қой шаруашылығы – халық шаруашылығыныңғ жүн, түбіт тері сияқты өнімдерге деген сұраныстарын қамтамасыз етеді. Сол сияқты қой тағам көзі болып саналады. Қой санына байланысты Қазақстан бұрын алдыңғы орындарыдң бірін алған. Өсірілетін қойлардың тегі климаттық-географиялық жағдайлармен анықталады. Технологиясы және еңбек жағдайы мен қазіргі уақытта қой шаруашылығында қолда-жайылымды және бағу тәсілдері қолданылады.

Жайылымда бағу шөлейітті, шөлді және таулы жерлерде жүргізіледі. Жайылымда бағу ұзақтығы жылына 200 күнге дейін жетеді.

Еңбекті ұйымдастырудың негізгі формасы 3-4 адамдық тұрақты қойшылар бригадасы. Бұндай әр бір бригада бір отар қойды бағу үшін, табиғаттың климаттық жағдайларға байланысты өзгермелі болады. Мысалы: Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарында отардағы мал саны 105-305-ке жетсе, оңтүстік және солтүстік шығыс облыстарында 130 дан 350 басқа дейін жетеді.

Қой шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру 5 мыңнан 40мың басқа дейін малдарға арналған қой шаруашылығы кешендерін салу арқылы іске асырылды. Бұл тәсілді қолдану еңбек өнімділігін арттырып, қызмет жасаушылар санын азайтты, керісінше алынатын өнім көлемін ұлғайтуға септігін тигізеді.

Сонымен қатар, жаңа технологияны енгізу қойшаруашылығы мамандықтарына жоғары дегейдегі талаптар қояды. Мысалы: тек малшы (шопан) болып қана қоймай, малшы-механизатор мамандығын игеріп жаңа технологияны жетік игере білу керек.

Қой және ірі қара бағушылар еңбегі мерзімді болады. Еңбек процестерінің сипаты мен жағымсыз факторлардың организмге әсерлері жыл мерзіміне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан қой шаруашылығындағы еңбек жағдайын технологиялық процесстің басты кезеңдерінде қарастырған өте тиімді болады.

Қой шаруашылығындағы жыдық уақыттының 60-80%-і қойды жайылымда бағуға жұмсалады. Отарды жайылымда бағу қойға белсенді бақылаудан және енжарды бақылаудан тұрады. Бұл жұмыстар арасындағы қатынас ауа райының жағдайына байланысты өзгермелі болады. Жайлы ауа райында белсенді бақылауы жұмыс уақытының 53%-ін қамтыса, енжарды бақылау үлесіне 47% жұмыс уақыты кетеді. Ауа райыны нашарлауына байланысты шопандардың қимыл белсенділіктері күрт өсіп 74-82%-ке дейін жетеді. Белсенді бақылау атқа немесе басқа жануарларға мініп жүргізілді және бұл кездегі шопанның энергия жоғалту көлемі 167-230 Дж/с. Кейбір жағдайларда бұл көрсеткіш 335-481 Дж/с-қа жетеді (атқа жайдақ мінгенде т.б.).

Жоғарыда аталғандай қой бағушылар құбылмалы метеорологиялық жағдайда өтетіндіктен терморегуляция аппаратына көп ауырлық тиеді. Мысалы: ауа температурасы – 10оС, жел жылдамдығы 5 м/с болатын қысқы уақыттарда организм күрт салқындайды. Бұндай жағдайда дене температурасы 25-27оС-қа дейін төмендейді. Бұл ұсу жағдайына көлтіруі мүмкін. Тағы бір жағымсыз фактор мөлшерленбеген ұмыс уақыты (жазғы және ауыспалы маусым 10-12 сағатқа дейін).

Қойшылар үшін ең ауыр жұмыс бір тарлы бригадаларда малды қысқы мерзімдерде қолда (қорада) күту кезеңдері. Кезең ұзақтығы климаттық жағдайға байланысты 30-150 күнге дейін болуы мүмкін. Бұл кездерде қойшының жұмыс уақыты төмендегідей өлінеді: суару -10%, тамақтандыру - 24%, жем-шөп тасу - 40% төлдерді (қозы-лақтар) қабылдап, күту - 12%, басқа жұмыстар – 12%. Сонымен, бұл кезеңде уақыттың ¾ белгілі механикаландырылған жұмыстарды атқаруға жұмсалады екен. Энергия шығындалуы: тығыздалған шөп теңңдерін маядан босату – 502,05 Дж/с, қораны тазалау – 425,3 Дж/с, пішенді шанаға тиеу – 383,5 Дж/с, малдарға шөп шашу – 334,7. Бұл кездердегі жұмыс ауыр деп саналады және жағымсыз метеороогиялық жағдайда атқарылады, жұмыс 20 кг-нан жоғары жүктерді тасымалдау орын алатын статикалық ауырлықпен динамикалық жұмыс атқарумен байланысты.

Ал, бұл жұмыстардың атқарылуы үлкен топтастырылған бригадаларда, адамдадың

реттілікпен жұмыс атқаруы мен еңбек процестерінің механикаландырылуына байланысты, жеңіл атқарылып орташа есеппен бары1,5-2 сағат уақыт алады.

Төлдету жұмыстары. Табиғаттық-климаттық жайдарларға, қой қоралар мен жем-шөп қорына т.б. байланысты төлдету және көктем маусымдарында жүргізіледі. Бұл кездерде бригадаларға аналық малдар мен төлдерді күтуге (бағуға) қосымша адамдар бөлінеді. Бас қойшы еңбегі, матеиалдық және моральдық жауапкершіліктерге байланысты еңбек аумақтылығы және қарқындылығымен сипатталып, оның жұмыс уақыты төмендегідей бөлінеді: күндізгі жұмыстары – 50,5%, түнгі кезекшілік – 19,4%, ал ұйқысы 4-5 сағатқа дейін қысқаруы мүмкін. Төлдеу кезеңінде аналық малдарды бағатын жұмысшыларға бақылауға өте сақ болу, әртүрлі сәттерде айлалы болу талаптары қойлады. Оларға бағып жүрген аналық малдар ішінен қозылайтынын алдын-ала анықтап оларды отардан бөліп, қозылауына көмектесу міндеттері жүктеледі. Сондықтан олардың жұмыс уақытының мөлшермен 80%-ке жуығы бақылау жұмыстарына кетеді.

Сақманшылар жұмысы қозылаған қойларды қозысымен жақын маңдарда бағумен сипатталады. Бұған жұмыс уақатаның 56,7%-і кетеді, оның 2/3 бөлігін енжер бақылау, ал тек 1/3 бөлігін белсенді әрекеттер алады; 43,3%-і қозыларды аналарына табыстырып тамақтандыру, аналықтарды суару процестеріне жұмсалады.

Аналық қойлар бақташылары мен кәрі жастағы қойшылар еңбегін ағзаларының әртүрлі физиологиялық өзгерістерге ұшырауына байланысты жоғары дене еңбегін және нервтік кернеуікті қажет ететін жұмыс деп қарастыруға болады. Сақманшылар еңбегі керісінше сипатталады.

Қой қырқу жұмыстары

Жұа жабағы жүнді ересек және жартылай жұқа жабағы жүнді қойларды жылына 1 рет –көктемде, ал дөрекі жүнді және жартылай дөректі жүнду қойларды 2 рет (көктемде және күзде) қырқады. Арнайы қырықтар болмаған жағдайда кең мал қоралары пайдаланылады. Қырықтық жайларының микроклиматы климаттық жағдайларға байланысты болады. Жұмыс күні бойындағы құбылмалы температура, ылғалдылық және ауыспалы жел қозғалысының жылдамдығы жағдайында атқарылады.

Жұмыс орындарының ауасындағы шаң деңгейі 2-8 мг/м 3 аралығында болады. Шаң концентрациясының ең жоғарғы деңгейі жүнді плавстарға бөлушілер жұмыс орынарында болады. Шаң көбінесе органикалық қоспалы, ұсақ дисперсті және шаш тәріздес болып келеді.

Қырқу машиналарынан туындайтын жергілікті діріл деңгейі 120-127 дБ. Аталған машиналардан шығатын шу жалпақ жолақты және 83-90 дБА аралығында өзгеріп тұрады.

Шу көздеріне сонымен қатар жүн қысушы станоктар жатады.

Негізгі кәсіп түрлері: қырқушылар, қой тасушылар, жүн буушылар, жабағы жүн жинаушылар. Бірінші үш кәсіп иелерінің жұмысы 9-10 сағатқа созылады. Жұмыс уақытының тығыздығы 76-80%-ке жетеді. Қырқушы еңбегі көп энергия шығынын (272-350 Дж/с) талап етеді. Жұмысты көбінесе еріксіз дене қалпында атқарады.

Қой тасушылар жұмысы қойды кіші алаңда қуып ұстап, жығып, аяғын байлап конвейерге көтеріп салу, немесе сүйреп жеткізу процестерімен сипатталады.

Жүнді қысып буу жұмыстары орнының жоғары деңгейде шаңдануымен,ғ жоғары деңгейдегі ылғалдылығымен сипатталады. Қырқу, қысып буу жұмыстары кезінде кәсіптік зақымдану қауіптілігі жоғары деңгейде болады.

Ұрықтандыру жұмыстары. Күзде жүргізіледі. Қолдан ұрықтанырудың стационарлы және қосалқы орындары болады. Ұрықтандыру сәтінде жайлардың ауданы, тазалығы, микроклиматы және жарықтануы өте маңызды орын алады. Жұмыс ұзақтығы 15-16 сағатқа дейін созыады, бұл кездерде қойшылар ат үстінде жұмыс уақытының 10-11 сағатын өткізеді.

Сауықтандыру шаралары. Қой шаруашылығындағы еңбек жағдайын жақсарту үшін жаңа технологиялық процестерді енгізіп, ұса қойшылар бригадаларын топтастырудың септігі зор. Бұл жағдайларда жұмысты ауысыммен атқарып еңбек процестерін механикаландыруға мүмкіндік туады.

Қырықтықшылардың еңбек жағдайын жақсартуды арнаулы құжаттар негізінде жүгізу қажет. Қойшылар ебегі әртүрі метеорологиялық жағдайларға тәуелді болғандықтан, оларды әртүрлі табюиғатты жағымсыз факторларынан қорғайтын бірде бір құрал арнаулы киімдер. Сондықтан қойшылардың киімін ерекше талап қойылу керек.

Топтастырылған, іріленген шаруашылықтарда жоғарғы деңгейде шаңданумен байла-нысты болатын операторлар мен механизаторлар еңбегі дұрыс ұйымдастырылу керек.

Аталған шаруашылықта 7 сағаттық, 6 күндік жұмыс аптасын ұйымдастыруға қол жет-кізу қажет. Қой шаруашылығының өнеркәсіптік кешендерін ұйымдастыру еңбек ауыр-лығын төмендетіп, қойшылардың еңбек және дем алу тәртіптерін тиімділеуге үлесін тигізеді.