- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы е.Н. Сраубаев, с.Р. Жакенова, ж.Ж. Жарылқасын
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау
- •Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
- •Еңбек гигиенасының дамуы тарихы
- •Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
- •Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі
- •1 Кесте Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
- •Өнеркәсіптік токсикология пәні, дамуының негізгі кезеңдері
- •2 Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар
- •Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері
- •Өнеркәсіптік токсикология әдістері
- •V. Математикалық-статистикалық әдістер.
- •VI. Жануарларды уландыру әдістері:
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •Улардың организмдегі тағдыры (енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы)
- •3 Өндірістегі аурушаңдық
- •4 Өнеркәсіптегі ескертпелі санитарлық қадағалау
- •Құрылысқа жер бөлу және таңдау сатысындағы ескертпелі санитарлық бақылау.
- •Еңбек жағдайы және жұмысшылар сырқаттанушылығы.
- •6 Металлургия өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Негізгі металлургия цехтарындағы еңбек гигиенасы
- •Уақтау-сұрыптау фабрикасы
- •Алгомерация цехі
- •Домналық цехтары
- •Болат балқыту цехтары
- •Илеу (прокат) цехтары
- •Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылардың сырқаттанушылығы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылар организмінің функциональдық жағдайы
- •7 Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Шошқа шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •Мал шаруашылығындағы мал азығын дайындау цехтарындағы еңбек жағдайы
- •8 Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Цементті өндіру
- •Темірбетондық бұйымдары мен конструкцияларын жасау
- •Құрылыс кірпіштері мен керамикаларын жасау
- •Ағаштан құрылыс материалдарын жасау
- •Сауықтыру шаралары
- •Құрылысты салу технологиясы және еңбек гигиенасы
- •Ғимараттарды құрылымдарды салу (көтеру) жұмыстарына мыналар кіреді.
- •Өңдеу (қорытынды) циклі, бұған кіретіндер
- •Нөлдік циклдің құрылыс жұмыстары
- •Ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу кездеріндегі құрылыс жұмыстары
- •Сауықтыру шаралары
- •9 Жасөспірімдер және әйелдер еңбегінің еңбек гигиенасы
- •Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі
- •Әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын топтастыру
- •Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.
- •Етеккір циклының жағдайы
- •Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері
- •Жоғары температура және жылулық сәулеленудің әсері
- •Радиожиіліктегі электромагниттік өріс әсері
- •Нервтік-эмоционалдық кернеулілік
- •Әйелдердің еңбек гигиенасы мен оны қорғаудың қазіргі басты бағыттары
- •10 Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Металды балқыту
- •Ұста-пресс цехтары
- •Термиялық цехтары
- •Механикалық цехтары
- •11 Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Етеккір циклының жағдайы
Етеккір циклының жағдайы: Овариалды-менструаьдық функциясының бұзылуы әйелдің жыныс мүшелеріне әртүрлі улы химялық заттардың әсерінің жиі кездесетін болып табылады. Әсіресе бұл жақсы зерттелген уларға қорғасын, сынап, фосфор, тринетроталол, бензол және оның гомологтарына қатысты.
Етеккір функциясының бұзылуы кейбір хлорланған көмірсуларды жасау өндірісінде еңбек етуші әйелдерде байқалған. Синтетикалық каучук, капрон зауыттарында, талшық мұнай өндірістерде еңбек етуші әйелдердің етеккір жағдайы гипер жәнегипополименурия, альгодис, менория және жиірек гипоменустральды синдром түрінде етеді (қысқа мерзімдік және мардымсыз етеккір т.б.
Кейбір өндірістік улардың әсерінен (қорғасын, сынап, мышьяк, бензол, сары фосфор, никотин, т.б.) неғұрлым маңызды ауытқуларды – етекір циклінің-аменуреясы, типті ерте пайда болатын климакс сияқты аурулардың дамуы мүмкін.
Сонымен, өндірістік кәсіп орындарда жұмыс істейтін әйелдерде, әсіресе 40 жасқа дейінгі әйелдерде, овариальды- етеккір функциясының бұзылуы еңбек жағдайында арнаулы жағымсыз әсерлердің орын алатынын көрсетіп отыр.
Кейбір өндірістік улар бала табу функциясына әсер етеді, дәлірек айтқанда әйел-дерде бала табатын жаста ұрықтану және жүкті болу қабілеттері бұзылады. Бұл улар: сы-нап, қорғасын, мышьяк, бензол булары, фторлы ангидрид, үшхлорэтилен, бензин, күкіртті көміртегі т.б. Олардың көбі бала көтеру және босанудың өтуіне зиянды әсерін тигізеді (уақытынан бұрын босану, құрсақ суының ерте ағып кетуі, патологиялық қансырау).
Сонымен организмге өнеркәсіптік улардың әсер етуімен байланысты бірқатар химя өндірістеріндегі еңбек жағдайында әйелдер еңбегін пайдалану, олардың еңбек жағдайына,
денсаулығына өте жоғары дңгейде көңіл бөлуді және қажетті нұсқауларды талап етеді.
Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері
Әйел организміне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде иондаушы сәулелені, электромагниттік өріс, жоғары температура, жылулық сәулелері, шу және діріл әсерлеріне ерекше көңіл аудару қажет.
Әр түрлі өнеркәсіп салаларында және техникалық профильдегі ғылыми зерттеу мекемелерінде, әсіресе денсауық сақтау жүйесіндегі әйелдер еңбегі иондаушы сәулеленумен көп байланысты.
Еңбек жағдайының әртүрлілігіне қарамастан, жұмысшыларды иондаушы радиацияның әсер етуіне байланысты 3 топқа бөлуге болады:
Сыртқы сәулеленудің әсеріне ұшырайтындар.
Радиоактивті заттардың ағзаға түсуінің салдарынан ішкі сәулеленуге ұшырайтындар тыныс алу, асқорыту мүшелері немесе тері арқылы.
Сыртқы және ішуі сәулеленудің үйлескен әсеріне ұшырайтындар. Иондауы сәулеленудің организмге әсер етуі туралы әдебиетттерде көп жазылған, бірақ біз үшін сәулеленудің овариалды – етеккір функциясына, жүктілікке және іштегі ұрыққа тигізетін әсері жайындағы деректердің маңызы зор.
Физикалық факторлардың ішінде иондаушы сәулелені ағзаға енуде жоғары қабілеттілікке ие бола отыры, мутагендік әсері бойынша бірінші орын алады.
Діріл және шу
Діріл және шу факторлары бар өндірістерде әйелдердің жұмыс атқаруы өте басым.
Бұндай факторлармен тігін фабрикасында, текстильді өнеркәсіптерде, темір-бетон өндірісінде, көлік, машина жасау және басқа да өндірістерде кездесеміз. Аталған өндірістермен өнеркәсіп салаларында ші мен діріл ең басты зиянды фактор Бәрінен бұрын діріл мен шудың әйелдер ағзасына әсер ету ерекшеліктері мен бұл факторларға әйел организмінің қаншалықты сезімтал екеніне тоқталып кету қажет. Сонымен қатар әйел ағзаларының арнаулы функцияларының аталған факторларға айқын тәуелдігін еске алмау мүмкін емес.
Бұлар етеккір циклының, бала табу функциясының бузылулары болып табылады.
Етеккір циклы жүктілік кезінде әйелдер шуға жоғары сезімтал келеді. Ұрықта тітіркену реакциясын тудыру үшін (электроэнцефалография мәліметтері бойынша) жуу машинасынан шығатын шудың өзі де жеткілікті екендігі анықталады. Күннен күнге айқындала түсетін «шу стресі» деп аталатын мағынаға ерекше көңіл аудару керек.
