Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сраубаев_Е.ЕҢБЕК_ГИГИЕНАСЫ_БОЙЫНША.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Шошқа шаруашылығындағы еңбек жағдайы

Гигиеналық зерттеулер деректері анықтағандай шошқа шаруашылығындағы кешендеріндегі басты жағымсыз факторларға дене жұмысының ауырлығынан қора жайлардың әртүрлі зиянды газ тәріздес заттармен, шаңмен, микробтармен ластануы жатады және арнаулы иістің болуы.

Ал шаңдану аталған факторлардың ішіндегі маңыздысы болып табылады. Шаң қауіптілігі оны құрамына бос қоя тотықты кремнийдің кіруімен ғана емес (деректер бойынша 0,8-1,5% құрайды), сонымен қатар оны құрайтын биологиялық ширақ компоненттердің кіруімен және шаңны зақ дисперстігімен (5мкм-ға дейінгі шаң бөлшектері 76%, ал 2 мкм 24-52%) анықталады. Жем беру сәтіндегі шаң деңгейі 96,6 мг/м 3болса 45 минуттан кейін бұл көрсеткіш 3,4 мг/м 3-ке төмендейді.

Аталған шаруашылық жұмыстары бойынша функционалдық зерттеулер (Саратов ауыл гигиенасы ғылыми-зерттеу институты мәліметтері) тексерілгендердің 33,6%-да өкпе желденуінің бұзылуын, 16,1%-де оның кейбір көрсеткіштерінің төмендегіне анықталған. Әйел жұмысшыларда акушерлік патологиялар анықталған. Операторлар арасындағы жүктіліктің асқынуы басқа қызметтердегі әйедер мен үй шаруашылығындағы әйелдерге қарағанда 2,0-2,5 есе жоғары. Гинекологиялық аурулар 20-29 жарарасындағы әйелдерде (80,9%-зерттелгендердің жалпы санынан) жиі кездесті.

Жоғарыда аталғандарға байланысты шошқа өсіру кешендеріндегі еңбек жағдайын жақсарту келесі бағыттарда жүргізілу керек: ЕСҚ-ды жетілдіру; санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізу, жұмыс орындарын дұрыс ұйымастыру, ғимарттар мен жайларға олардағы жабдықтарға ғылыми тұрғыдан тараптар қою (механикаландыру, автоматтандыру) және т.б.

Мал шаруашылығындағы мал азығын дайындау цехтарындағы еңбек жағдайы

Мал азығы қоспаларын дайындау әртүрлі технологиялық процестерден тұрады: үгіту, мөлшерлеу, қоспаларды араластыру, азық таратқыштарға тиеу. Бұл үшін әртүрлі машиналар мен механизмдер қолданылады. Жұмысты операторлар мен басқа да цех жұмысшылары атқарады. Жұмыс уақыты нормаланған және бір ауысымда атқарылады.

Еңбек жағдайлары әр жұмыс орындарындағы технологиялық процестерге байланысты болады. Операторлар жұмыстарын отырып, еріксіз алдыға қарай сәл еңкейген қалыпта атқарады. Әртүрлі кнопкаларға қызмет жасап технологиялық процесті бақылап, басқарып отырады.

Жұмыс кезінде екі қолымен жиі қимылдар жасап, басын екі жаққа 110-180о-қа жиі бұрады. Жұмыс құралдарының көрсеткштерін және басқару байланысты нервті-эмоциональді күш түсуі жоғары деңгейімен сипатталады.

Микроклимат қысқы уақыттарда жиі салқындатқыш (ауа температурасы +5,2 оС – 14,9 оС, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55-88% ауа қозғалысының жылдамдығы 0,2-0,9 м/сек). Жазғы уақыттарда цех ауасының микроклиматы сыртқы ауаға жақын болады. Бірақ, сыртқы ауаға қарағанда ауа температурасы 5-7С-қа, ылғалдылық 4-8%-ке жоғары боады. Демек, мөлшермен 22,9 оС- 37 оС және 46,3-74,9%. Жарықтың деңгейі 150 лк-тан аз болмайды.

Технологиялық жабдықтардан шығатын шу деңгейі орташа есеппен 78,2+- 4,6дБа, кейде дБа-ға жетеді. Шу спектрінде орташа және төменгі жиіліктегі дыбыстар болады.

Шу технологиялық жабдықтардың барлығынан туындайды. Шаңдану деңгейі жазғы уақыттарда барлық қондырғылар жұмыс істеп, қосымша тиеу, тарату жұмыстары атқарылғанда 8,9-1,36 мг/м3-қа жетеді. Кейбір жағдайларда операторлардың тыныс алу деңгейіндегі шаң концентрациясы 54,5 мг/мз-ға жетеді.

Мал азығын дайындау цехтарындағы шаң өсімдік тектес. Дисперсиялығы: 1мкм-қа дейінгілр 30-33%; 1-2 мкм 55-59%; 2-3 мкм – 9-12,6%; 5 мкм-дан үлкендер 0,8-2,5%. Яғни, шаң құрамында альвеолаарға өткіш ұсақ дисперсиялы бөшектер басым.

Профилактикалық шаралар: ауа құрамындағы шаң концентрациясының деңгейін, жұмыс орындарындағы шу деңгейін төмендетуге бағытталу керек. Ол шаңсыз технологиялық процесстерді пайдалануға енгізіп, тиімді желдету жүйлерін пайдалануға енгізіп, тиімді желдету жүйелерін пайдалану, сонымен қатар, шуға қарсы шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.