- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы е.Н. Сраубаев, с.Р. Жакенова, ж.Ж. Жарылқасын
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау
- •Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
- •Еңбек гигиенасының дамуы тарихы
- •Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
- •Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі
- •1 Кесте Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
- •Өнеркәсіптік токсикология пәні, дамуының негізгі кезеңдері
- •2 Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар
- •Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері
- •Өнеркәсіптік токсикология әдістері
- •V. Математикалық-статистикалық әдістер.
- •VI. Жануарларды уландыру әдістері:
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •Улардың организмдегі тағдыры (енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы)
- •3 Өндірістегі аурушаңдық
- •4 Өнеркәсіптегі ескертпелі санитарлық қадағалау
- •Құрылысқа жер бөлу және таңдау сатысындағы ескертпелі санитарлық бақылау.
- •Еңбек жағдайы және жұмысшылар сырқаттанушылығы.
- •6 Металлургия өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Негізгі металлургия цехтарындағы еңбек гигиенасы
- •Уақтау-сұрыптау фабрикасы
- •Алгомерация цехі
- •Домналық цехтары
- •Болат балқыту цехтары
- •Илеу (прокат) цехтары
- •Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылардың сырқаттанушылығы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылар организмінің функциональдық жағдайы
- •7 Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Шошқа шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •Мал шаруашылығындағы мал азығын дайындау цехтарындағы еңбек жағдайы
- •8 Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Цементті өндіру
- •Темірбетондық бұйымдары мен конструкцияларын жасау
- •Құрылыс кірпіштері мен керамикаларын жасау
- •Ағаштан құрылыс материалдарын жасау
- •Сауықтыру шаралары
- •Құрылысты салу технологиясы және еңбек гигиенасы
- •Ғимараттарды құрылымдарды салу (көтеру) жұмыстарына мыналар кіреді.
- •Өңдеу (қорытынды) циклі, бұған кіретіндер
- •Нөлдік циклдің құрылыс жұмыстары
- •Ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу кездеріндегі құрылыс жұмыстары
- •Сауықтыру шаралары
- •9 Жасөспірімдер және әйелдер еңбегінің еңбек гигиенасы
- •Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі
- •Әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын топтастыру
- •Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.
- •Етеккір циклының жағдайы
- •Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері
- •Жоғары температура және жылулық сәулеленудің әсері
- •Радиожиіліктегі электромагниттік өріс әсері
- •Нервтік-эмоционалдық кернеулілік
- •Әйелдердің еңбек гигиенасы мен оны қорғаудың қазіргі басты бағыттары
- •10 Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Металды балқыту
- •Ұста-пресс цехтары
- •Термиялық цехтары
- •Механикалық цехтары
- •11 Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
6 Металлургия өндірісіндегі еңбек гигиенасы
Қара металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
Кіріспе. Металл – Қазақстан Республикасы халық шаруашылығының даму негізінің негізі болып келеді. Қара металлургия Қазақстан өнеркәсібінің салаларына кіріп, еліміздің өнеркәсібінің, көлігінің, ауыл шаруашылығының және әскери қорғанысының негізі болып келеді. Теміртау қаласындағы Испатккармет листовой прокатты шығаруына мамандандырылған, ТМД мемлекеттерінің металлургия кешенінің 5 алып кәсіпорындарының санына кіреді. Біздің Республикададағы комбинатты Қазақстан магниткасы деп атайды, оның туу күні 1960 жыл деп саналады. 1960 жылы 3 маусымда 1-ші домна пеші алғашқы Қазақстан шойынын берген.
Бүгінгі күндегі Испаткармет, ол:
Коксохимиялық өндірісі, жылына 4.300 мың. тонна кокс өндіреді.
Уақтау-сорттау фабрикасы (УСФ) бар агломерация өндірісі, өнімділігі жылына 9,6 млн. тонна.
Домналық өндірісі, өнімділігі – жылына 5.190 мың. тонна шойын өндіреді.
Конверторлық және мартендік өндірісі, өнімділігі жылына 5.800 мың. тонна болат өндіреді.
Листопрокатты өндірісі – 6,1 млн. Тонна прокат шығарады.
Қазіргі металлургия зауыты – ол дербес қызу өмір сүруші, таңғажайыпты өзгерістер әлемі болып келетін, от пен металл қаласы.
Негізгі металлургия цехтарындағы еңбек гигиенасы
Комбинаттың негізгі металлургия цехтарының құрамына мыналар кіреді: уақтау-сорттау фабрикасы, агломерациялық, коксохимиялық, домналық, болап балқытушы (мартендік, конверторлық) және прокат цехтары.
Уақтау-сұрыптау фабрикасы
Уақтау-сұрыптау фабрикасында кенді өңдеу бойынша әртүрлі операциялар бірқатар жағымсыз факторлардың жұмысшылардың организіміне әсер етуімен жүреді.
Денсаулыққа неғұрлым зиянды ауаның жоғарғы шаңдануы келтіреді. Мұнда шаңның бөлінуі негізгі технологиялық процестердің нәтижесінде болады: руданы түсіруде (вагон аударғыштар), оны тасымалдауда, тиеуде, уақтауда және кендерді қоймаларда сорттауда.
Алгомерация цехі
Қазіргі агломерацияық цех жаңа жоғарғ,ы өнімді техникамен жабдықталған, олар прогрессивті процестерді енгізу негізінде жүйелі жетілдіріліп тұрады. Қазіргі агломерациялық цехтарында негізгі өндірістік процесстерін механикаландырумен және автоманттандырумен байланысты қол еңбегі минимумға дейін келтірілген, цехтің көптеген учаскелерінде жағымсыз факторлардың жұмысшылардың организміне әсері жойылған немесе шектелген.
Агломерация цехтарындағы өндірістік ортаның негізгі жағымсыз факторлары болып шаң, көміртегі тотығы, күкіртті газ, жоғарғы температура, шу т.б. саналады.
Агломерация цезінде шаңды бөлмейтін бірде-бір процесс жоқ. Шаң руданы ұсақтауда, сілкітіп елеуде (грохочение), тасымалдауда және шихталық материалдарды (кокс-әк+кен) қайта тиеуде, және де ұнтақ руданы күйдіріп ірілетуді (спекание-термиялық өңдеу арқылы ұсақ руда материалдарын бір-біріне жапсырып біртекті массаны алу), ұсатуда және дайын агломератты тасымалдауда пайда болады.
Шаң негізінен темірден және оның тотықтарынан, қос тотықты кремнийден, көмірден, әктен және бірқатар қоспалардан тұрады.
Домналық өндірістің негізгі тәжірибесінде флюстелген агломерат жиі қолданылып келеді, оны шихтаның құрамына әк шегіндісін қосу арқылы алады.
Флюстелген агломераттың шаңдары, оның құрамындағы бос кальций тотықтары арқылы, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықшасына тітіркендіргіш әсер етіп, тыныс жолдарының әртүрлі ауруларының тууына ықпал етеді (бранхит, ренит т.б.).
Ұнтақ руда атериалдарын күйдіру арқылы бір-біріне жапсырыт (спекание) біртекті массаны-агломератты алу технологиясы жоғарғы температураны қолданумен жүреді, сон-дықтан бұл процесте сәулелік және конвекциялық жылуы ауа ортасына көп шамада бөлі-неді. Осыған байланысты агломерациялық машиналарға қызмет көрсетуші жұмысшылар жоғарғы температураның, қарқынды инфрақызыл радиацияның әсеріне ұшырайды.
Сонымен қатар, күйдіру арқылы агломераттарды алу процесінде осы учаскенің ауа ортасына көміртегі тотығы, күкіртті газ бөлінеді, ал агломератты сындыру және уақтау учаскесінде шаң бөлінеді.
Жалпы алғанда агломерациялық цехінің бөлімшелерінде, оның ішінде шихталық материалдарды дайындау участкелерінде сауықтыру шаралары, ең бірінші кезекте шаңның пайда болуына және шаңның бөлінуіне қарсы бағытталу керек.
Шаңның пайда болуын азайту және өндіріс бөлмелерінің ауа ортасындағы шаңның концнтрациясын төмендету мақсатымен шихталық материалдарды сулау, жабдықтарды герметизациялау, шаң шығу орындарын аспирациялау, гидрошаңсыздандыру, бөлмелерді ылғалды тазалау сияқты кешенді шараларды жүргізу қажет.
Агломерациялық цехтардың барлық өндірістік участкелерінде шаң түзуі көздер бола бермейді, сондықтан шаңдаушы учаскелерді локализациялау маңызды шара болып келеді. Мысалы: өндірістік бөлмелеріне көршілес орналасқан галереяла, осы бөлмелерден конвейерлерге арналған тесігі бар қалқамен (қабырғамен) бөлінуі керек.
Бөлмелердің микроклиматын қалыптастырудағы басты орын аэрацияға беріледі.
Бөлмедегі ауаны сыртқа шығару үшін әрбір машинаның үстінде ғимараттың төбесінде сәйкесті өлшемді ауаны сыртқы шығарушы фанарлар болу керек.
Спекатель бөлімшесінде ауаны ысытушы көздері болып жағушы горндар саналады.
Осыған байланысты осы жағушы горндардың үстінде зонттар орнатылып, ауаны шығарушы құбырлар ғимараттың төбесінде шығарылып, дефлектормен жабдықталады.
