Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сраубаев_Е.ЕҢБЕК_ГИГИЕНАСЫ_БОЙЫНША.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Жоғары температура және жылулық сәулеленудің әсері

Қазіргі кезде, әсіресе металлургия және машина жасау зауыттарының ыстық цехтарында туындайтын әртүрлі өндірістік факторлар әйелдер организміне зиянды жағымсыз әсерлерін тигізеді.

Көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстарының деректері, тіпті температурасы сәл ғана жоғарылаған ортада жұмыс атқаратын жүкті әйелдерде, көбінесе оның екінші айында жүрек-қан тамыр жүйесінде, термореттеу аппараттарында, бұлшық еттің жұмыс қабілеттілігінде өзгерістерді тударатынын анықтады.

Сонымен жоғары температура және басқа факторлар жағдайында жұмыс жасайтын әйелдердің денсаулығында созылмалы қабынуның бұзылуы, бала табу функциясының өзгеруі, жүктілік барысында асқынулар байқалады.

Сонымен қатар, суық микроклиматтың да үлкен мағынасы бар. Әйелдердің жиі тоңуы, салқын тию ауруларын, сондай-ақ әйел организмінің арнаулы функцияларының бұзылуына келтіреді.

Радиожиіліктегі электромагниттік өріс әсері

Әртүрлі диапазондағы электромагниттік толқындар радиотеникада, радиоэлектроникада, медицинада және т.б. халық салаларында кең қолданылады.

Радиожиіліктегі электромагниттік өрістің әсер етуін анықтауға бағытталған сынақтардың деректері өте көптеп саналады. Бұл сынақ деректері радиожиіліктің ұрғашы жануарларға әсерін, сәулелердің әсеріне ұшыраған жануарлардан туған ұрпақтардың санының азаюын және жарымжан ұрпақтардың пайызының өсуін (гонодотропты және эмбриотропты әсері) дәлелдейді. Әйелдерге радиожиіліктегі электромагниттік өрістің әсері астеновегетативті өзгерістері, етеккір циклінің бұзылуы және жүктіліктің нашар (жағымсыз) өтуі сияқты өзгерістерге келтіреді.

Радиожиіліктегі электромагниттік өрістің әсері артериалдық гипотонияны дамытып, кей кездерде бұл өзгеріс жүктілік кезінде айқын байқалып, босану кезінде асқынуға соқтыруы мүмкін. Өндірістер мен өнеркәсіптерге белгілі бір әсерін тигізетін, жоғарыда айтылған факторларға тоқтала отырып, еңбек процесінің барысында бұлшық етке түсу (әсіресе жұмыс қалпын ұстауда) сияқты физиологиялық құбылыстарды айтпау орынсыз.

Соңғы 15-20 жылда өндірістік операциялардың орандалуын автоматтандыру және механикаландыру дене еңбегін көп жеңілдетеді. Соған қарамастан, қазіргі уақытта әйел

адамдар ауыр жұмыстан толық босатылады деп айта алмаймыз.

Әйелдердің еңбегін қорғау сұрағына аса көңіл аударылады. Әр мамандық топтардағы құрылысшы әйелдердің, байланыс бөлімшелеріндегі жұмысшы әйелдердің (пошталар, қабылдаушылар және сараптаушылар) және жұмысы аз механикаландырылағн, және бұлшық еттерге көп күш түсуімен байланысты, ыңғайсыз дене қалпы, денені амалсыздан бір қалыпта ұстау жағдайларымен байланысты жұмыстардағы әйелдердің сырқаттанушылығына көп көңіл бөлінеді.

Дәрігерлік байқаудан өткізуде оларда етеккір, бала туу функциясының бұзылуы сияқты әртүрлі ауытқулары анықталады.

А.Я. Юркевичтің сырқаттанушылықты зерттеу мәлімдемелері бойынша функционалдық жүктемеден туатын аурулардың еркектерге қарағанда, әйелдерде 2 есе жиі кездесетіні анықталады. Соған байланысты, әйелдердің еңбек процесінде ауыр көтеру және тасымалдау, сондай-ақ дене қалпын ұстау тәртіптерін қатал сақтауға қойылған талаптарды бұлжытпай орындау керек.