
- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы е.Н. Сраубаев, с.Р. Жакенова, ж.Ж. Жарылқасын
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау
- •Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
- •Еңбек гигиенасының дамуы тарихы
- •Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
- •Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі
- •1 Кесте Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
- •2 Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар
- •Өнеркәсіптік токсикология пәні, дамуының негізгі кезеңдері
- •Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері
- •Өнеркәсіптік токсикология әдістері
- •V. Математикалық-статистикалық әдістер.
- •VI. Жануарларды уландыру әдістері:
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •Улардың организмдегі тағдыры (енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы)
- •3 Өндірістегі аурушаңдық
- •4 Өнеркәсіптегі ескертпелі санитарлық қадағалау
- •Құрылысқа жер бөлу және таңдау сатысындағы ескертпелі санитарлық бақылау.
- •Еңбек жағдайы және жұмысшылар сырқаттанушылығы.
- •6 Металлургия өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Негізгі металлургия цехтарындағы еңбек гигиенасы
- •Уақтау-сұрыптау фабрикасы
- •Алгомерация цехі
- •Домналық цехтары
- •Болат балқыту цехтары
- •Илеу (прокат) цехтары
- •Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылардың сырқаттанушылығы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылар организмінің функциональдық жағдайы
- •7 Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Шошқа шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •Мал шаруашылығындағы мал азығын дайындау цехтарындағы еңбек жағдайы
- •8 Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Цементті өндіру
- •Темірбетондық бұйымдары мен конструкцияларын жасау
- •Құрылыс кірпіштері мен керамикаларын жасау
- •Ағаштан құрылыс материалдарын жасау
- •Сауықтыру шаралары
- •Құрылысты салу технологиясы және еңбек гигиенасы
- •Ғимараттарды құрылымдарды салу (көтеру) жұмыстарына мыналар кіреді.
- •Өңдеу (қорытынды) циклі, бұған кіретіндер
- •Нөлдік циклдің құрылыс жұмыстары
- •Ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу кездеріндегі құрылыс жұмыстары
- •Сауықтыру шаралары
- •9 Жасөспірімдер және әйелдер еңбегінің еңбек гигиенасы
- •Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі
- •Әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын топтастыру
- •Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.
- •Етеккір циклының жағдайы
- •Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері
- •Жоғары температура және жылулық сәулеленудің әсері
- •Радиожиіліктегі электромагниттік өріс әсері
- •Нервтік-эмоционалдық кернеулілік
- •Әйелдердің еңбек гигиенасы мен оны қорғаудың қазіргі басты бағыттары
- •10 Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Металды балқыту
- •Ұста-пресс цехтары
- •Термиялық цехтары
- •Механикалық цехтары
- •11 Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі
Зиянды өндірістік (кәсіптік) факторлары – адамның іскерлігінің төмендеуіне, жедел және созылмалы уланулар мен сырқаттардың пайда болуына, жалпы сырқаттанушылығының өсуіне және алшақтық мерзімдерде басқа жағымсыз ауытқулардың тууына келтіретін еңбекті ұйымдастыру және оны орындау факторлары. Адамның кәсіптік ісі еңбек пен жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырмау, мертігу қаупі, өндірістік ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторларының әсерлік жағдайларына жүруі мүмкін (1 кесте).
1 Кесте Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
|
Өндірістік орта мен еңбек факторлары |
Олар кездесетін жұмыстар мен өндірістердің түрлері |
|
1 |
2 |
1. Психофизиологиялық факторлар |
||
1. |
Қозғалыс аппараттарына дене жүктемесінің түсуі (статикалық және динамикалық): ауыр көтеру және тасымалдау, дененің қолайсыз жағдайда болуы, теріге, буындарға, бұлшық етке және сүйектерге ұзақ қысымның түсуі |
Механикаландырылмаған еңбек: тиеу-түсіру, жөндеу жұмыстары, кеншілердің жұмыстары, тігу машиналарында жұмыс істеу т.б. |
2. |
Физиологиялық жеткіліксіз қозғалыс белсендігі (гиподинамия). |
Ой еңбегінің көптеген түрлері: ғалымдардың, педагогтардың, бухгалтердің т.б. еңбегі |
3. |
Қан айналым, тыныс алу, дауыс байламына физиологиялық жүктеменің түсуі. |
Өнеркәсіптің әр салаларындағы ауыр жұмыстар; үрлеу аспаптарында ойнаушы музыканттардың, әншілердің еңбегі, шыны үрлеушілердің еңбегі. |
4. |
Нервтік-психикалық жүктеменің түсуі: ой еңбегімен эмоциональдық жүктеменің түсуі, анализаторларға жүктеменің түсуі, еңбек процесінің біркелкілігі. |
Операторлардың, диспетчерлердің, жүргізушілердің, хирургтардың еңбегі, конвейердегі жұмыстар т.б. |
|
2. Физикалық факторлар |
|
1. |
Жұмыс аймағындағы ауаның төмен және жоғары температурасы, ылғалдылығы және қозғалысы. |
Металлургия, машина жасау зауыттары, бояу цехтары, ашық ауадағы құрылыс жұмыстары. |
2. |
Инфрақызыл сәулелерінің жоғары деңгейі. |
Металлургия зауыттары, шыны өндірісі т.б. |
3. |
Ультракүлгін сәулелерінің жоғары деңгейі. |
Дәнекерлеу жұмыстары, металды электрлік балқыту т.б. |
4. |
Лазер сәулелерінің жоғары деңгейі. |
Зерттеу жұмыстары, аспап жасау зауыттарындағы жұмыстар, медицина саласы. |
5. |
Иондаушы сәулелердің жоғары деңгейі. |
Атом электростанциялары, гамма және рентгенодеффектоскопия. |
6. |
Электромагниттік сәулелердің, электрлік және магниттік өрістердің кернеулігінің жоғары деңгейі. |
Генераторларды, радиолокацияны жасау және қолдану өндірістері. |
7. |
Статикалық электрдің жоғары деңгейі. |
Жасанды теріні, маталарды жасау өнеркәсіптері т.б. |
8. |
Жұмыс аймағындағы ауаның жоғары шаңдануы (токсинді емес фиброгенді шаңдар). |
Кеніштер, шахталар, машина жасау зауыттары т.б. |
9. |
Шудың, дірілдің, ультрадыбыстың және инфрадыбыстың жоғары деңгейі. |
Машина жасау зауыттарында, шахталарда қолдық механикаландырылған құралдарымен жұмыс істеу. Тракторшылар мен комбайншылардың еңбектері. |
10. |
Жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуы немесе ұтымды емес жарықтандырылуы: табиғи жарықтың жоқтығы немесе жетіспеушілігі, жоғары жарқырауы, сәулелер ағымының жоғары пульсациясы. |
Шахталар, аспап жасау, машина жасау, мата жасау т.б. цехтары |
11. |
Жоғары немесе төмен атмосфера қысымы. |
Көпірлерді, тоннелдерді салу, әуе көлігі т.б. |
|
3. Химиялық факторлар |
|
|
Жалпы токсиндік, тітіркендіруші, сенсибилизациялаушы, канцерогендік, мутагендік әсер беруші, репродуктивтік функцияға әсерін тигізуші газдар, булар, сұйықтар, аэрозольдер. |
Химиялық зауыттары, машина жасау зауыттарының балқытушы, гальваникалық, малярлық цехтары; ауыл шаруашылығында улы химикаттарды қолдану т.б. |
|
4. Биологиялық факторлары |
|
1. |
Микро және макрорганизмдер-инфекциялық, инвазиялық, саңырауқұлақ ауруларының көздері. |
Сырқат жануарларға күтім жасау, терілерді өңдеу. |
2. |
Витаминдер, гормондар, антибиотиктер, белок тектес заттар. |
Фармацевтік зауыттары, ет комбинаттары, жасанды мал азықтарын және құнды азықтарды жасау өндірістері. |
|
5. Өндірістік мертігу қаупі. |
|
|
Жылжымалы машиналар мен механизмдердің, стационарлық өндірістік жабдықтардың жылжымалы элемент-терінің, жабдықтардың, материалдардың тағы басқа беттердің жоғары немесе төмен температураларының, қышқылдар мен сілтілер ерітінділерінің, электр тізбегінде кернеудің қауіпті деңгейінің адамның денесі арқылы өту т.б. қауіптердің болуы |
Машина жасау, химия зауыттары, ағаш өңдеу т.б. жұмыстары. |
Өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторлары белгілі бір жағдайларда адамның денсаулығында қандай бір ауытқуларды тудыруы, ал кейде өндірістік қамтамасыз етілген және кәсіптік ауруларды тудыруы мүмкін.
Еңбек гигиенасының негізгі міндеттерінің бірі болып жалпы және кәсіптік сырқаттанушылықтың алдын алу саналады. Кәсіптік аурулардың профилактикасы бірінші кезекте этиологиялық факторды және одан туған сырқаттарды жан-жақты зерттеуге негізделген.
Республиканың халық шаруашылығында жаңа технологиялық процестерді енгізу, өнеркәсіптің басты салаларына шетелдік инвесторларды өздерінің жаңа технологияларымен қызықтырып тарту еңбек гигиенасының алдына көптеген жаңа міндеттер қойып отыр.
Мұнда маңызы зор мәселе гигиеналық нормативтерді ғылыми тұжырымдау. Осы мақсатпен Республикада денсаулық сақтау министрлігімен еңбек гигиенасы бойынша санитарлық нормалар мен ережелердің жаңа 3 томдығы шығарылған, сонымен қатар, оның құрамындағы санитарлық нормативтік құжатнамалар кезеңді түрде жаңартылуда.
Еңбектің максималды өнімділігіне ықпал жасаушы жағдайларды қамтамасыз ету үшін адамның іскерлігіне әсер етуші жабдықтарына, құралдарына, басшылық жасаушы пульт қондырғыларына және жұмыс орнына, жұмыс және демалыс кезеңдерінің ұзақтығына қойылатын талаптарды физиологиялық тұжырымдау қажет. Мұнда еңбек гигиенасы еңбекті ғылыми ұйымдастырумен байланысты кешенді мәселелерді шешуде белсенді қатысады.
Еңбек гигиенасындағы еңбекті ғылыми ұйымдастырудың басты бағыттарын атап көрсету қажет:
Гигиеналық
Адамның денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігіне әсер етуші өндірістік ортаның факторларын нормалау.
Өндірістік ортаның зиянды факторларының деңгейін төмендету немесе жою жолымен еңбек жағдайын жақсарту.
Физиологиялық
Жұмыс орнын, машиналарды, жабдықтарды, құралдарды физиологиялық талаптарға сәйкес жасау.
Еңбек процесінде дене жүктемесін азайту.
Физиологиялық тұжырымдалған еңбек және демалыс тәртіптерін енгізу.
Нервтік-эмоциональдық жүктеменің түсуін азайту.
Токсикалогиялық
Жаңа химиялық заттарды нормалау.
Бұрын белгіленген ШРЕК-терге түзетулер енгізу немесе оларды қайта қарау.
Химиялық және физикалық факторлардың қосарланған әсерлерін зерттеу.
Зиянды химиялық заттарды зияндығы төмен заттарға алмастыру.
Медициналық
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жұмысшыларға медициналық-профилактикалық қызмет көрсетуді жақсарту.
Кәсіби сырқаттарды ерте анықтау және реабилитациялау әдістерін әзірлеу.
Эстетикалық
Өндірістік эстетиканың талаптарын орындау.
Техникалық эстетиканың талаптарын орындау.
Еңбек гигиенасы дәрігері жұмысының мазмұны. Еңбек гигиенасы бойынша дәрігердің кәсіптік қызметінің барлық формаларын 3 топқа бөлу қабылданған: ескертпелі санитарлық қадағалау (ЕСҚ), ағымды санитарлық қадағалау (АСҚ) және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары.
Ескертпелі санитарлық қадағалау – медициналық профилактиканың ең маңызды элементі.
Ескертпелі санитарлық қадағалаудың негізгі мазмұны болып өнеркәсіптік объектілерді жобалауда, жер учаскелерін таңдауда, құрылыстарын салуда, жаңа технологиялық процестердің, химиялық қоспалардың жабдықтарының, аспаптарының т.б. стандарттарын жасауда санитарлық нормалар мен ережелердің орындалуына бақылау жүргізу саналады.
Ағымды санитарлық қадағалау – жұмысшылардың денсаулығын қорғау және жоғары іскерлік деңгейін сақтау мақсатымен, бақылауға жататын объектілердегі жұмысшылардың гигиеналық еңбек жағдайына және денсаулығына жан-жақты зерттеулерді жүргізу жатады. Бұл міндеттер кәсіпорынды санитарлық сипаттау, жалпы және кәсіптік сырқаттанушылықты зерттеу, кәсіптік сырқаттардың және кәсіптік уланулардың болған оқиғаларын тексеру, өндірістік мертігу жағдайларын талдау жолдарымен жетіледі.
Ұйымдастыру - әдістемелік жұмыс санитарлық дәрігердің қызметінде маңызды орын алады. Бұл жұмыс дәрігердің өзінің ісін жоспарлау және оған талдау жүргізу, зертханалық жұмысын басқару және бақылау, санитарлық белсенді оқыту, жұмысшыларды гигигеналық оқыту, емдеу-профилактикалық мекемелерінің қызметкерлерінің және инженерлік-техникалық қызметкердің т.б. еңбек гигиенасы бойынша мамандығын жоғарылату сияқты жұмыстарды қамтиды. Еңбек гигиенасы бойынша дәрігер кәсіпорынның әкімшілігімен, еңбек департаментімен, мемлекеттік техникалық қадағалау органдарымен және салалық кәсіподақ комитеттерімен іске байланысты қарым-қатынаста болу керек.
Дәрігер гигиенистік қызметінің маңызды жағы болып салауатты өмір қалыпын қалыптастыру мақсатымен өндірістерде санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу саналады.
Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс айлық, тоқсандық және жылдық жоспарлар негізінде жүргізіледі.
СЭС-тің еңбек гигиенасы бөлімінің ағымды санитарлық қадағалауы (АСҚ) бойынша жұмыс жоспарының нұсқасын мына түрде беруге болады:
Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс
Кәсіпорындарды жоспарлық санитарлық тексеру
Тақырыптық санитарлық тексеру (әйел адамдардың, жасөспірімдердің еңбек жағдайын бақылау).
Кәсіптік ауруларды, улануларды алдын алу бойынша шаралар (жалпы сырқаттанушылық пен кәсіптік сырқаттанушылыққа талдау жүргізу, т.б.)
Ғылыми-тәжірибелік жұмыс
Санитарлық ағарту жұмысы
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін - тоқсанына бір рет, объектінің эпидемиологиялық маңыздылығына қарай - айына бір рет, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген бару жиілігіне сәйкес кедергісіз (қызмет куәлігін көрсетіп) тексеруге;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуды жою туралы жеке және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беруге;
3) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардан халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
4) халықтың пайдалануы мен қолдануына арналған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шаруашылық қызметте Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен әкелуге, сондай-ақ өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмдерде:
- елдi мекендер құрылысын, өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердi орналастыруды,салуды және қайта жаңғыртуды жоспарлауға;
- жер қойнауын пайдалануға, санитарлық-қорғау аймақтарының, суды пайдалану мен сарқынды суларды бөлiп тастау жағдайларына, уытты, радиоактивтiк және басқа да зиянды заттарды кәдеге асыру мен көмуге жасалған келiсiм-шарттар;
- шикiзаттың, технологиялық жабдықтың, тамақ өнiмдерi өндiрiсi процестерінің, азық-түлiк шикiзатының, өнеркәсiп бұйымдарының, құрылыс материалдарының, иондандырушы сәулелену көздерінің, химиялық заттар мен өнiмдердің, биологиялық, дәрi-дәрмектiк, дезинфекциялаушы, дезинсекциялаушы және дератизациялаушы құралдардың және азық-түлiк шикiзаты, тамақ өнiмдерi мен ауыз су құйылып, салынатын орауыш және полимерлiк материалдардың, парфюмерлiк-косметикалық және басқа да кең тұтынылатын тауарлардың, медициналық иммунобиологиялық препараттардың, жабдықтардың, аспаптар мен жұмыс құралдарының жаңа түрлерiне арналған стандарттар мен техникалық шарттардың жобалары бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны қарауға және беруге;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын жұқпалы және паразиттiк аурулар әкелу мен таратудан, адамның денсаулығына қауіптілігi ықтимал өнiмдi, химиялық, уытты, радиациялық және биологиялық заттарды әкелуден санитарлық қорғау жөнiндегi бақылау функцияларын жүзеге асыруға;
7) балаларға арналған тауарларға, тамақ қоспаларына олардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келетiндiгiн қарауға және қорытындылар беруге;
8) бiлiм беру ұйымдарындағы оқу-еңбек жүктемелерi мен оқу режимдерiн қарауға және ол жөнiнде қорытындылар беруге;
9) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзу фактiлерiн қарау үшiн жеке адамдарды, лауазымды адамдарды, заңды тұлғаларды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына шақыруға;
10) халықтың декреттелген топтарына жататын, жұқпалы, паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын, сондай-ақ медициналық қараудан уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы ұйғарымдар шығаруға;
11) шектеу шараларын, оның iшiнде жекелеген объектiлерде карантин белгiлеуге;
12) жұқпалы және паразиттiк аурулардың ықтимал таратушы көздерi болып табылатын, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен араласып жүрген адамдарды зертханалық тексеру нәтижелерi алынғанға дейiн оларды жұмыстан шеттете отырып, медициналық тексеруге жiберуге;
13) жұқпалы және паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын адамдарды мiндеттi түрде ауруханаға жатқызуға жiберуге;
14) халыққа мiндеттi түрде вакцина егудi, үй-жайларда және көлiк құралдарында, аумақтарда, жұқпалы және паразиттiк аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргiзудi талап етуге;
15) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердiң бұзылуы жойылғанға дейiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жекелеген жұмыс түрлерiн, жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан объектiлердi пайдалануды тоқтата тұруға;
16) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптi деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шикiзаттың, өнiмнің, технологиялық жабдықтардың, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерiн өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салуға;
17) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;
18) халықтың декреттелген тобына санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердi бiлуiне аттестаттау жүргiзуге;
19) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жасау үшiн өнiмнің құнын өтемей, сараптама жасауға жеткiлiктi және оған қажеттi көлемнен аспайтын мөлшерде өнiмнiң үлгiлерiн көруге және iрiктеу жүргiзуге құқылы.
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары:
1) мемлекеттiк органдарды санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы, санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің бұзылуы туралы хабардар етуге;
2) кәсiби уланулар мен науқастанулардың, жұқпалы және паразиттiк аурулардың пайда болу себептерi мен жағдайларын анықтауға және оларға талдау жасауға;
3) жеке және заңды тұлғаларды санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердiң бұзылу салдары туралы ескертуге;
4) халықтың иммунитетiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
5) жеке және заңды тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi жөнiндегi өтiніштерiн қарауға және тиiстi шаралар қабылдауға;
6) өзiнің қызметтiк мiндеттерiн орындаған кезде белгiлi болған ақпаратқа қатысты дәрiгерлiк құпияны сақтауға мiндеттi.
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актiлерi.
1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының анықталған бұзылуына қарай мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау нәтижелерi бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында лауазымды адамдар мынадай актiлер:
- санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актiсiн;
- халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының бұзылуы туралы хаттаманы;
- профилактикалық және iндетке қарсы iс-шараларды жүргiзу туралы бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлердiң қаулысын;
- халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жаза қолдану туралы, әкiмшiлiк жауапқа тарту, адамдарды жұмыстан уақытша шеттету, шаруашылық қызметтi тоқтата тұру , адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда халықтың, сондай-ақ шаруашылық қызметінде пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді әкелуге, өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу, шикізаттың жаңа түрлерін, өнімдерді, технологиялық жабдықты, процестерді, аспаптарды өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу туралы қаулысын;
- халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы және санитарлық-iндетке қарсы iс-шаралар жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуды жою туралы ұйғарым шығарады.
2. Актiлердің, хаттамалардың, қаулылардың, ұйғарымдардың нысандарын, оларды жасау және беру тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтедi.
3. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актiлерi жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
4. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қаулылары мен ұйғарымдарының орындалмауына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
Еңбек гигиенасы және оны қорғау саласындағы әлеуметтік-құқықтық шаралары мен заңдылықтары еңбек гигиенасы бойынша дәрігердің қызметінің негізін құраушы маңызы бар.
Сонымен, еңбек гигиенасы теориялық және клиникалық пәндерімен тығыз байланысқан кешенді ғылым болып келеді.
Алдына қойған міндеттерді шешу үшін ол әртүрлі әдістерді қолданады:
Өндірістік ортаны зерттеуде еңбек гигиенасы санитарлық-гигиеналық тексерулерді (микроклимат, шу, діріл, газдалуын, шаңдануын т.б.) жүргізу мақсаттарына бейімделген физикалық және химиялық әдістерді қолданады.
Еңбек процесін физиологиялық бағалау үшін психо-физиологиялық, биохимиялық және басқа зерттеу әдістерінің үлкен жиынтығын қолданады.
Нормативтерді тұжырымдауда жаңа химиялық заттардың, ортаның физикалық факторларының организмге әсерін зерттеуде сынақ жүргізу әдісте кеңінен қолданылады.
Жалпы және кәсіптік сырқаттанушылыққа талдау жүргізуде электронды есептеу машиналарымен математикалық-статистикалық әдістері қолданылады.