Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сраубаев_Е.ЕҢБЕК_ГИГИЕНАСЫ_БОЙЫНША.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі

ТМД мемлекеттеріндегі жалпы халық санының 151 млн. әйел адамдарына келеді (52,9%). Халық шаруашылығында 59 млн. Жоғары әйел адамдар істеген, оның ішінде 5,3 млн колхоздарда. Ғылыми жұмыстармен шұғылданушы әйелдер – 609 мың. адам, олардың ішінде ғылым доктарлары мен кандидаттары - 27%.

Еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің талаптарына сай келмеуші жағдайларда 1998 жылы 2,7 млн. әйел адамдар еңбек атқарған. Түнгі ауысымда жұмыс істеуші адамдарды 38%-і әйелдерге келген. Осыған қоса үй шаруашылығын жасауға әйел адам күніне 3 сағат 13 мин., ал демалыс күндерінде 6 сағ. 18 мин. Жұмсайды екен.

Жұмыс істеуші әйел адамдардың алатын үлесі бойынша еңбек ұжымдарын мынадай негізгі топтарына бөлуге болады: төмен, орташа, жоғары және өте жоғары.

4 кестеге кірмеген көлік және құрылыс салаларында әйелдер еңбегінің шоғырлануымен (24 және 29%), ал ауылшаруашылығында әйелдер еңбегінің орташа шоғырлануымен (45%) сипатталады. Бұл атауға ғылым саласы да жатады.

Коммуналдық, тұрмыстық-шаруашылық, мәдени ағарту сфераларында әйелдер еңбегінің жоғары шоғырлануы сипатты (көрсеткіштері 53, 68, 70%-ке тең).

Кесте 4

Әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын топтастыру

Өндіріс салалары

Шоғырлану дәрежесі (өндірістегі жұмысшылардың жалпы санындағы әйел адамдардың алатын үлесі %)

Көмір, электроэнергетика, тау-кең өндірістері

Төмен шоғырланған30 % ке дейін

Мұнай өндіру, түсті және қара металлургия, машина жасау және метал өңдеу, құрылыс материалдары өндірісі, ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз, торф өндірістері.

Орташа шоғырланған (30-дан 50 %-ке дейін)

Шыны жасау, химия, тағам, фосфорлы-фаянсты өндірістері, полиграфия

Жоғары шоғырланған(50 %-70 %)

Жеңіл өнеркәсібі, денсаулық сақтау, сауда қоғамдыұ тамақтану кәсіпорындары.

Өте жоғары (максимальды шоғырланған 75 %)-тен жоғары).

Денсаулық сақтау, сауда және қоғамдық тамақтану салаларында әйелдер еңбегі өте жоғары шоғырланған (84 және 76%).

Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.

Халық шаруашылығында әйел еңбегін қолдану, олардың организміне өндірістік факторлардың ерекше әсер етуіне соқтырып отыр. Оның ішінде әртүрлі химиялық заттардың әсеріне ерекше көңіл аударылады. Ғылыми техникалық прогрестік маңызды компоненттерінің бірі болып саналатын халық шаруашылығын химияландыру жұмысы токсикалық заттардың әсерімен байланысты болатын химиялық және ауыл шаруашылық өндірістерінде еңбек етуші әйелдердің көп шоғырлануына келтіріп отыр.

Улы заттармен қатынаста еңбек ететін әйелдердің көп шоғырлануына келтіріп отыр.

Улы заттармен қатынаста еңбек ететін әйелдердің еңбек гигиенасының сұрақтарын қарауда, зиянды химиялық агенттердің өндірісте және өндірістен тыс үйлескен әсерлерінің мүмкіндігінің, қазіргі уақытта химиялық мутагенезбен тератогенездің маңызын түсінуді талап етеді. Осыған орай, кейбір «ескі» уларды (көміртегі тотығы, бензин, күкіртті көмертегі, хроматтар т.б.) әйелдердің регенеративтік функциясына әсері, осыдан 20-300 жыл бұрынғы көзқарасқа қарағанда қауіптірек екендігін еске салған орынды болады.

Әйелдің репродуктивтік функциясына қауіп төндерітен өндірістік улардың мүмкіндік әсерлері жайындағы сұрақтарда қарау кезінде мына жайларға ерекше көңіл аудару керек:

  1. Етек кір циклінің жағдайына

  2. Бала табу функциясының (ұрықтануға қабілеттігі, жүктіліктің барысы және аяқталуы) жағдайына

  3. Эмбриотроптық жағдайына тератогенді әсерді қоса, жаңа туған нәрестенің күніне әсіресе омыраудағы баланың жағдайына

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]