Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сраубаев_Е.ЕҢБЕК_ГИГИЕНАСЫ_БОЙЫНША.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

Сауықтыру шаралары

Құрылысшылардың еңбек жағдай ҚР денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген «Санитарлық нормалары мен ережелерінде» реттелген. Мұнда мына төмендегі аталған негізін қалаушы санитарлық нормалар мен ережелері қолданылған: «Гигиенические нормативы уровней шума на рабочих местах» 24.03.05 ж №139 ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген; «Санитарно-эпидемиологические требования к условиям работы с источниками вибрации» - 10.08.05 ж. №3781. ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген; «ПДК вредных веществ в воздухе рабочей зоны» № 1.02.011-97 т.б.

Осы нормативтік құжаттарына құрылыстың және жол машиналарының кабина-ларында гигиеналық еңбек жағдайын жасау сұрақтары, қауіпсіздік техника құралдарын қолдану, еңбекті кешенді автоматтандыру мен механикаландыру жағдайлары кірген.

Санитарлық-техникалық шараларының ішінде газоауалық жылу генераторларын жылулық теплогенераторларына және орталықтанған эылыту электроколориферлеріне ауыстыру, жоғары улы еріткіштерді улығы төмен ертікіштерге ауыстыру сияқты шараларының маңызы өте зор.

Қазақстан жағдайында қысқы мезгілде ауаның температурасы 300 С және желдің жылдамдығы 8-12 м/с жоғарыда жұмыс жасауға тиым салынған. Маңызды орынды жұмысшыларға санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жасау алып отыр, ол үшін құрылысшылардың оқтын-оқтын жылынуына, арнайы киімдерін кептіруіне вагончиктер немесе бөлмелер ұйымдастырылуы керек.машиналарды жүргізушілердің кабиналары жылытылып, шудан және дірілден оқшаулаушы қондырғыларымен және кондиционерлеу жүйесімен жабдықталуы керек.

Жеке сақтану құралдары ретінде дәнекершілерге респираторларды, сәулесүзгіштері бар қорғаушы, сақтаушы майларды, пасталарды (сылау-бояу жұмыстарында), шудан қорғаушы құралдарды қолдану, ал суық уақытында ашық ауада жұмыс істеуде ішкі жылы күрдекшелері шешіліп алынатын жартылай комбинезондарын пайдалану ұсынылады.

Медициналық - профилактикалық қызмет көрсету шараларының ішінде ҚР ДСМ № 243 бұйрығы бойынша алдын ала және мерзімдік медициналық тексеру маңызды орын алады.

9 Жасөспірімдер және әйелдер еңбегінің еңбек гигиенасы

Кіріспе. Әйел, ана және еңбекші ретінде халық арасында алатын орны ерекше. Оларға қамқорлық жасау мемлекет саясаты, қоғамымыздың өнегелі заңы болып отыр. Оған бірден-бір дәлел-республикамызда әйелдерге медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету олардың еңбек және тұрмыстық, демалу жағдайларын одан әрі жақсарту шараларын жүргізу болып отыр.

1989 жылғы Бүкілодақтық тұрғындар санағы бойынша ТМД мемлекеттерінде 285 млн. 743 мың адам тіркелген, оның ішінде 134. 687 мыңы – ер адамдар, ал 151.056 мыңы - әйел адамдар. Процентік қатынасы бойынша 47,1:52,9%, Ресейде бұл қатынас 46,7% - ер адамдар, 53,5% - әйел адамдар. Қала тұрғындарының үлесі 51 % болса, оның ішінде 53,4% әйел адамдар, ал ауыл тұрғындары арасында 50,4 % әйелдер. Бұл көрсеткіштерден ТМД елдерінің тұрғындары арасында әйел адамдар саны басым екендігіне көз жеткізуге болады.

Соңғы берілген ақпараттарға қарағанда, біздің елімізде әлі де болса еңбеккер әйел-дер көптеп саналады. Олардың барлық жұмысшылар мен қызметкерлер арасындағы үлесі – 51 %. АҚШ-та бұл көрсеткіш – 44 %, Англия мен Канадада - 42%, Франция, ФРГ - 39%.

Әйелдердің еңбекке қатысу динамикасы соңғы онжылдықта бүкіл әлемдік еңбек рыноктарында айтарлықтай өсіп отыр. Соңғы 1975-1985 жылдар арасында еңбек етуші әйелдер санының жылдық өсуі 15 млн. Адамға жетіп отыр. Халықаралық еңбек ұйымы деректері бойынша 1987 ж. еңбек ететін әйелдер саны 815 млн. жеткен.

ТМД елдерінде соңғы 30 жылдың ішінде еңбек етуші әйелдердің саны 3 есе жоғарылап, 1990 ж. 6,3 млн. адам санына жетті.

Өнеркәсіптердегі ерекше ауыр және ерекше зиянды еңбек жағдайында жұмыс атқаратын жалпы адамдар санының 44%-і, ал құрылыс саласындағы 17%-і әйелдер үлесіне тиеді.

1988 деректерге қарағанда, сол жылдары еңбекті қорғау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін жұмыс орындарында 2,7 млн-ға жуық әйел адамдар еңбек еткен. Өндірістегі әйел адамдардың көбі қосалқы жұмыстарын орындайтын жұмыскерлер.

Сонымен қатар, әйелдердің денсаулығын қорғау мәселесі өте өзекті болып отыр.

Әйелдер денсаулығының мәселелері жайында Қазақстан бойынша мына көрсеткіштерді мысалға келтірейік.

  1. Бұрынғы одақтас Республикаларда бала туылу бойынша Қазақстан 6-шы орын алатын. Соңғы кезде оның көрсеткіші төмендеп отыр (1985 ж – 100 мың тұрғынға шаққанда 24,9%о, ал 1990жылы – 21,7%о болған). Бұл көрсеткіштер әсіресе Жезқазған, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарында айтарлықтай төмендеп отыр.

  2. Әйелдердің денсаулық индексі төмендеді, бізде 30%, (АҚШ-ты 70%). 1985 жылмен салыстырғанда аяғы ауыр әйелдердің қан аурулары (анемия) 2,2 есе, бүйрек ауру-лары 2 есе жоғарылады.Қазіргі экология жағдайлары жүкті әйелдерге кері әсерін тигізуде.

  3. Жалпы Республикада бала табатын жастағы әйелдердің 50%-ы экстрогениталды аурулармен зардап шегеді. Соның салдарынан жылдан жылға ауру нәрестелердің дүниеге келуі көбейіп отыр. Егер 1987 ж. 35,6 мың ауру нәресте дүниеге келсе, 1990 ж бұл көрсеткіш 43,1 мыңға дейін көтерілді.

  4. Аналар өлімінің көрсеткіші де өте жоғары. 100 мың тірі туған аналарға шаққанда ана өлімі 53,1%, бұл көрсеткіш АҚШ, ФРГ-ға қарағанда 7 есе, ал Англияға қарағанда 9 есе жоғары. Аналар өлімінің көрсеткіші өсіп, ал балалардың туылу көрсеткіші төмендеп отыр.

  5. Қазақстанда абор жасату себептерінен жұмысқа күніне 1000-ға жуық әйел шықпайды.

Қазақстан Республикасында әйел еңбегіне қорғау және денсаулығын сақтау мақсатымен арнайы заңдар қабылданған. Онда әйел организмінің физиологиялық және күш қабілеттілік ерекшеліктері ескерілген. Әйелдерге арнайы ережелерді шығару өкіметтің оларға деген қамқорлығынан туып отыр. Демек әйелдердің аналық құқықтарын және балалардың балалық құқықтарын қорғау, оларға аналық борыштары мен отбасындағы міндеттерін жемісті еңбекпен және қоғамдық қызметтермен ұштастыруларына мүмкіндік тудырып, денсаулықтарына жайлы жағдайлар жасайды.

Осыған сәйкес, әйел еңбегін қорғаудың басты мақсаты өндірісте, әйелдердің ана болу қабілеттілігіне, демек, болашақ ұрпақтарға қандайда болмасын кеселін тигізбейтін, қолайлы еңбек және демалу жағдайларын тудыру болып саналады.

Қазақстанда ана болу мемлекеттік қорғауда болатын қасиетті және құрметті атақ, Респуңбликамыз өзінің дамуының барлық кезеңінде әйел-анаға, бала мен оның тәрбиесіне үлкен қамқорлық жасап келеді.

Ана мен бала үшін қолайлы жағдайларды жасау шаралары денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, заң, кәсіподақ т.б. органдары арқылы жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]