
- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы е.Н. Сраубаев, с.Р. Жакенова, ж.Ж. Жарылқасын
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау
- •Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
- •Еңбек гигиенасының дамуы тарихы
- •Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
- •Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі
- •1 Кесте Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
- •2 Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар
- •Өнеркәсіптік токсикология пәні, дамуының негізгі кезеңдері
- •Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері
- •Өнеркәсіптік токсикология әдістері
- •V. Математикалық-статистикалық әдістер.
- •VI. Жануарларды уландыру әдістері:
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •Улардың организмдегі тағдыры (енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы)
- •3 Өндірістегі аурушаңдық
- •4 Өнеркәсіптегі ескертпелі санитарлық қадағалау
- •Құрылысқа жер бөлу және таңдау сатысындағы ескертпелі санитарлық бақылау.
- •Еңбек жағдайы және жұмысшылар сырқаттанушылығы.
- •6 Металлургия өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Негізгі металлургия цехтарындағы еңбек гигиенасы
- •Уақтау-сұрыптау фабрикасы
- •Алгомерация цехі
- •Домналық цехтары
- •Болат балқыту цехтары
- •Илеу (прокат) цехтары
- •Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылардың сырқаттанушылығы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылар организмінің функциональдық жағдайы
- •7 Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Шошқа шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •Мал шаруашылығындағы мал азығын дайындау цехтарындағы еңбек жағдайы
- •8 Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Цементті өндіру
- •Темірбетондық бұйымдары мен конструкцияларын жасау
- •Құрылыс кірпіштері мен керамикаларын жасау
- •Ағаштан құрылыс материалдарын жасау
- •Сауықтыру шаралары
- •Құрылысты салу технологиясы және еңбек гигиенасы
- •Ғимараттарды құрылымдарды салу (көтеру) жұмыстарына мыналар кіреді.
- •Өңдеу (қорытынды) циклі, бұған кіретіндер
- •Нөлдік циклдің құрылыс жұмыстары
- •Ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу кездеріндегі құрылыс жұмыстары
- •Сауықтыру шаралары
- •9 Жасөспірімдер және әйелдер еңбегінің еңбек гигиенасы
- •Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі
- •Әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын топтастыру
- •Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.
- •Етеккір циклының жағдайы
- •Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері
- •Жоғары температура және жылулық сәулеленудің әсері
- •Радиожиіліктегі электромагниттік өріс әсері
- •Нервтік-эмоционалдық кернеулілік
- •Әйелдердің еңбек гигиенасы мен оны қорғаудың қазіргі басты бағыттары
- •10 Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Металды балқыту
- •Ұста-пресс цехтары
- •Термиялық цехтары
- •Механикалық цехтары
- •11 Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Темірбетондық бұйымдары мен конструкцияларын жасау
Темірбетонды және оның негізінде жасалған конструкцияларды арнаулы зауыттарында және үй салу комбинаттарында жасайды. Оларды жасау технологиясына мыналар кіреді: құрамына ценмент, ұсақ тастар, құм және жасанды кеуетті толтырғыштар (керамзит, көбіктенген перлит және вермикулит, аглопорит т.б.) кіретін бетондық қоспаларды дайындау; арматураларды дәнекерлеу, бұйымдарды формовкалау т.б. жұмыстары жатады. Бетонның құрамдық бөліктері ленталық транспортерлермен және пневматикалық көлікпен (цемент), дозаланып, формовкалық бөлімшесіне беріледі. Сонымен қатар бетон толтырғыштарын даярлау үшін күйдіру пештерін қолданады, мұнда материалдарды қопсыту және күйдіру процестері жүреді, осыдан кейін толтырғыштар қолдануға дайын болады. Асфальто-бетонды алуда оның құрамдастық бөлімдерін (үшкір тастар, мрамор ұнтақтары, құм) ұсақтаудан кейін оларды ысыған мұнай битумымен араластыру процесі жүргізіледі.
Арматура – жасалатын бұйымының металдық қаңқасы-арматуралық цехтарда нүктелі және басқа дәнекерлеу түрлерімен жиналады.
Алдын-ала арматура салынған қалыпқа бетон қоспасын құйғанна кейін, оны тығыздау вибраторларымен немесе вибротығыздаушы алаңдарында жүргізіледі. Осы технологияның соңғы операциясы болып бұйымдарды камераларда су буларымен өңдеу саналады. Қазіргі темірбетон бұйымдарын жасау кәсіпорындарындағы жұмыстары механикаландырылып және автоматтандырылып келуде.
Темірбетон бұйымдарын жасау зауыттарындағы негізгі кәсіптік зияндылықтары болып мыналар саналады:
Бетондық қоспаны алуда цемент шаңының және басқа шикізат материалдарының бөлінуі. Аз механикаландырылған зауыттардағы шаңның концентрациясы материалдарды түсіру, дозалау, араластыру процестерінде оңдаған және жүздеген мг/м3 (400 мг/м3 дейін) жетеді.
Негізінен орташа және төмен жиіліктегі шу мен дірілдің әсері. Шудың қарқындылығы бетонды жасау учаскелерінде 95 дБ, толтырғыштарды дайындау орындарында 110-120 дБ дейін жетеді. Формовкалық машинилардың жұмысында адамдардың жұмыс орындарындағы 32-65 Гц октавалық жолақтағы дірілдің шапшаңдылығы 0,25 тен 8,94 см/с дейін ауытқуымен сипатталады. Қолдық вибротығыздағыштарды қолдануда жұмысшылар локальді дірілдің әсеріне ұшырайды.
Метеорологиялық жағдайлары жалпы алғанда қолайлы келеді, бірақ күйдіру пештері орналасқан бөлмелерде ауаның жоғарғы температурасы және жылулық сәулелердің болуы мүмкін, ал бұйымдарды формовкалау мен жетілдіру бөлмелерінде – ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болады. Кейбір зауыттарда агломерациялық машиналарды қолдануында ауа ортасы күкір ангидридімен және көміртегі тотығымен ластануы мүмкін. Басқару пульттеріндегі операторлардың еңбегі нервтік-эмоциональдық ауыртпашылығымен сипаттамалады. Осы сферада еңбек етушілердің арасында діріл ауруы, кәсіптік кереңділік, дерматоздар, кейде пневмокониоздар сияқты кәсіптік аурулары кездеседі.
Құрылыс кірпіштері мен керамикаларын жасау
Қызыл кірпішті жасауда негізгі шикізат ретінде сазбалшық қолданылады, оның құрамына 50-85 % байланған кремнийдің қос тотығы (SiO2), 7-20% глинозем, 2-8% темір тотықтары мен басқа металлдардың тотықтары кіреді (СаО, МgО, К2О, Мg2О). Саз балшықтың құрамында аздаған мөлшерде органикалық заттар мен химиялық байланған су болады (2-10%).
Кірпіш жасаудың технологиялық процесіне саз-балшықты кептіру барабандарында дайындау, оны үгітуші агрегаттарда ұнтақтау, пластикалық массаны жасау үшін оған суды қосу операциялары жатады, соңынан оларды формовкалық машиналарда құйып, тоннельдік немесе шеңберлік пештерде кептіріп күйдіріледі.
Силикатты кірпіштері мен блоктарын жасау технологиясында бірқатар ерекшеліктері бар. Силикатты кірпішті жасауда алғашқы шикізат болып әк және кварц құмы саналады. Әк алдымен ұнтақталып, соңынан арнайы барабандарда сөндіріледі. Құм ұнтақтаудан кейін сөндірілген әкпен араластырылады, соңынан алынған масса формовкалау үшін пресске түседі, ал одан кейін қатуы автоклавтарға жіберіледі.
Еңбек жағдайының гигиеналық сипаттамасы. Кірпіштер мен керамикаларды жасауда қоршаған ортаның негізгі жағымсыз факторларына ауаның жоғарғы температурасы, маңызды сәулелік жылудың және шаңның бөлінуі жатады. Бұл кәсіптегі жұмысшылардың еңбегі үлкен денелік ауыртпашылығымен байланысты. Жұмыс ауысымында олардың жасайтын сомалық салмағы 6-7 тонна шамасына жетеді.
Жағымсыз метеорологиялық жағдайлары кептері бөлімшелерінде және күйдіру пеш-терінің жанында байқалады. Әсіресе жоғары температураның (500С дейін) инфрақызыл радиациясымен (1200 ккал/м2/сағ.) ұштасуы күйдіру пештерінің жанында болады.
Саз-балшықты өңдеудің алғашқы сатыларында шикізатты өңдеудің пластикалық әдістерін қолдануда шаңның ауаға бөлінуі жоқтың қасындай болады.
Ауа ортасының шаңдануы осындай массаларды даярлау бөлімшелерінде оларды ұсақтауда, ұнтақтаудща, дозалауда және араластыруда болады. Мұндай операцияларда ауадағы шаңның мөлшері ондағаннан – жүздеген мг/м3 дейін жетеді.
Жоғары шаңданудың себебі-жабдықтарды жеткіліксіз тұмшалауы. Отынның толық жанбау нәтижесінде кірпіш зауыттарының ауасына көміртегі тотығы мен күкіртті газы көп мөлшерде бөлінеді.
Сазды кірпіштерді жасаушы жұмысшыларда тірек-қимыл аппараттарының, негізінен қолдарының, аурулары және пневмокониоздар, ал әйел адамдарда жыныстық жағынан патологиялары байқалған.
Силикаттық құрылыс бұйымдарын жасауда жағымсыз факторы болып ауа ортасының шаңдануы саналады, оның негізгі себебі жабдықтарының толық тұмшаланбауы. Әкті уақтау цехінде ауаның шаңдануы 6-970 мг/м3 дейін жетеді. Кірпіштерді пресстерден шығару жұмыстары қарқынды дене еңбегімен сипатталады. Силикатты кірпіштерді жасаушы жұмысшыларында тері қабатының, жоғары тыныс алу жолдарының және көздің шырышты қабықшасының зақымдалуы байқалған.
Асбоцементті, кірпішті және асбесті жылу оқшаулаушы материалдарын жасау. Химиялық индустрия зауыдтарындағы технологиясымен бірдей. Аталмыш материалдарды жасау процесі химиялық шикізатты дозаторларда, өлшегіштерде, араластырғыштарда дайындау, өңдеу материалдарды ашық және жабық әдістермен тасымалдау және өнімдерді алуға қыздырғыш агрегаттарын пайдалану, оларды кептіру, сорттау, кесу сияқты сатылардан тұрады.
Еңбек жағдайының гигиеналық сипаттамасы. Өндірістік ортаның жағымсыз
факторына, өтуші реакциялардың химиясына және шикізаттың құрамына байланысты ауа ортасын әртүрлі химиялық қоспалардың кешенімен ластануы жатады.
Гифтальдік линолеум жасау өндірісінің ауасында ШРЕК-тен асып кетуші мөлшерде фталь ангидриді және акролейн болады. Шыны пластиктерін жасау учаскелерінің ауасында 100-900 мг/м3 шамасында стиролдың булары, ал материалдарды кесу орындарында шаңның концентрациясы 7-8 мг/м3 аралығында болады.
Шыны пластиктерден опалубкалар мен қаптаулары жасауда ауада изопропилбензол және оның гидроперекисі, толуол, малеин және фталь ангидридтері анықталады. Фенолформальдегиді смоланың, уротропиннің, порофор-57 және перлиттің негізінде жасалған жылу оқшаулаушы плиталарды жасауда ауа ортасы порофор – 57 және уротропиннің шаңымен ластанады және де ауаға фенол, аммиак, ал кейде цианисті сутегі түсуі мүмкні. Полистриолды және пенопластикалық плиткаларды жасауда ауадағы стиродың концентрациясы 2-2,8 мг/м3 дейін жетеді және көміртегі тотығының мөлшері ШРЕК-тен 1,5-2,00 есе артады. Ауаның температурасы біршама жоғары келеді жжәне қарқынды шу болады.
Полимерлік құрылыс материалдарын жасаушы жұмысшыларында химиялық этиологиядағы кәсіптік аурулары (оның ішінде дерматоздар) байқалады.