Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сраубаев_Е.ЕҢБЕК_ГИГИЕНАСЫ_БОЙЫНША.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы

Кіріспе. Мырыш өнеркәсібі түсті металлургияның жетекші салаларының бірі болып саналады. Мұнда ерекше орынды отандық мырыштың гидрометаллургиялық өндірісі алады-ол қазіргі мырыш зауыттарының ішінде ірі кәсіпорындарының бірі. Соңғы жылдарда өнеркәсіптің әртүрлі салаларында мырышты қолдану үлкен масштабты алып отыр, осыған байланысты осы салаға жаңа технологиялық процесстері, жабдықтары т.б. енгізіліп, олар жетілдірілуде. Маңызды сәттің бірі болып мырышты өзіміздің отандық шикізаттан алу саналады, бұл шикізат өзінің химиялық құрамы бойынша бұрын пайдаланылған шет елдік концентраттарынан өзгеше келеді. Ерекше орынды мырыш өнімдерін шығару көлемінің үнемі өзгермелігін зерттеу (халықаралық рыноктің сұрауларына байланысты) және осы фактордың еңбекжағдайына тигізетін әсерін зерттеу сұрақтары алып отыр.

Сонымен қатар, мырыш өндірісінің процестерінде алуан түрлі химиялық заттарды қолдануы, қолайсыз микроклиматтық жағдайлары және ауыр дене еңбегі, жұмысшылардың сырқаттанушылығына және организмнің функционалдық жағдайына кері әсерін тигізуші, жағымсыз гигиеналық жағдайын зерттеу тек 60-шы жылдардан бастап мырыш өндірісіндегі еңбек жағдайының жұмысшылардың организіміне тигізетін әсерін қарапайым әдістерді қолданып жүргізіле бастаған.

Мырыш өндірісінің жетекші өндірістік факторлары (мырыштың, қорғасынның, мыстың, күкірт және тұз қышқылдарының буларының қоспалары, олардың қышқылдық қалдықтары т.б.), олардың организмнің әртүрлі жүйеленріне, ең бірінші кезекте тыныс алу, қан айналым және нерв жүйелеріне тікелей әсерін тигізу мүмкіндігін көрсетіп отыр. (Рахимова М.Т. және тағы басқалары, 1979) Сондықтан, осы факторлардың организмнің функционалдық жағдайын өзгерту спецификасына және сырқаттанушылығына әсері туралы сұрақты шешу өзекті болып келеді.

Қазіргі кезде экономикалық жағдайдың өзгеруімен байланысты отандық өнеркәсібі, оның ішінде мырыш зауыттары өздерінің өндірістік қатынастарын жаңадан құруына мәжбүр болып отыр. Егер бұрынғы жылдары мырышты өндіру үшін негізінен Ресейден және басқа елдерден түсуші концентраттарды пайдаланса, қазіргі уақытта химиялық құрамы бойынша, компоненттердің процесттік қатынастары бойынша, өңдеу сапасы бойынша өзгеше келетін жергілікті шикізат пайдаланылады. Мысалы: егер бұрынғы жылдары пайдаланушы концентраттарда орта шамамен 53% - Zn; 2.5% - Pb; 1.7%-Cu; 0.19%-Cd; 7.2%-Cu; 10.2%-Fe; 3.6% -SiO2; болса, қазіргі жылдары пайдаланатын жергілікті шикізаттың құрамында 47,2%-Zn; 0.89% - Pb;0.13% - Cd; 2.2% - Cu; 10.2%-Fe; 1.7%-SiO2; т.б. болады. Яғни, темірдің мөлшері шамамен 3 есе, кремнийдің мөлшері 2 есе төмендеген. Сонымен бірге Zn, Cd, Аs, Sb және басқа компоненттердің проценттік мөлшері нің азаюы байқалған (Fe, Cu өсуінде), бұл жағдай әрине жұмысшылардың еңбек жағдайына да әсерін тигізуі керек еді.

Сонымен қатар, егер бұрынғы жылдарда мырыш зауыттары барлық технологиялық жабдықтарының толық қуатында жұмыс істеген болса, ал қазіргі шығаратын өнімдердің көлемі рыноктің сұрауына да, және де шығаратын өнімнің сапасына да қойылатын талаптарына байланысты маңызды құбылмалы болып тұр.

Барлық негізгі жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары айтарлықтай жағымсыз болуда. Мысалы, жүргізілген зерттеулер мыналарды көрсетіп отыр: концентраттарды даярлау учаскелеріндегі шаңдардың концентрациялары қоректегіщтердің жанында 4,18 мг/м куб ± 0,39 мг/дм3, транспортерлерге төгу орындарында – 12,8 мг/дм3±; 1,06 мг/м3, ал кептіруші барабандардың маңайында – 18,6 мг/м3, 2,1 мг/м3 дейін төмендеген, ал бес жыл бұрыносы учаскелердегі шаңның концентрациялары сәйкесті 13,6 мг/м3 + - 1,01 мг/м3, 18,4 мг/м3+ - 2,92 мг/м3 және 27,9 мг/м3 + - 2,46 мг/м3 деңгейінде болған.

Күйдіру пештері орналасатын учаскелерінде де бұрынғы жылдарда шаңнығ жіне күкіртті ангидридтің концентрациялары жылдың суық кезеңінде ШРЕК-тен 2-3 есе өсетіні байқалатын болған. Осыған байланысты мына фактіні келтірген дұрыс: концентраттардағы химиялық заттардың пайыздық құрамының төмен болуына сәйкесті, ауа ортасындағы көптеген компоненттердің концентрацияларыда төмендеген. Мысалы: күйдіру цехінде бұрынғы пайдаланатын концентраттардағы қорғасынның (Pb) – пайыздық мөлшері орта есеппен 2,5 % тең болса, оның ауа ортасындағы мөлшері әр учаскелерде 0,43 мг/м3 – 1,13 мг/м3 дейінгі аралықта болған (ШРЕК-0,01 мг/м3), ал қазір қолданылатын концентраттарда (Pb-0,89 %), жұмыс аймағы ауасындағы қорғасынның орташа ауысымдық концентрациясы 0,1-0,34 мг/м3 дейін төмендеген. Ауа ортасындағы Аs, Sb Cd SiO2 концентрациялары екі есе азайған, бірақ темірдің мөлшері біршама көбейгені байқалған.

Сілтісіздендіру процестеріндегі еңбек жағдайлары жағымсыз болып отыр. Өндіріс бөлмелеріндегі ауа ортасына ШРЕК-тен, әдетте аысп кетуші Н2So4, HCI, ZnCI2, SO2, AsH3, SbH3, MnO, CdO сияқты қоспалар бөлінеді.

Өндіріс бөлмелерінің микроклиматы ауаның жоғарғы ылғалдылығымен (82-96%) сипатталады, ол электролиттік ерітінділердің үлкен аудандарымен және ауа қозғалысының аздығымен байланысты.

Электролиз процесінде ауа ортасына бөлінетін химиялық компонеттер, әдетте, сілтісіздендіру процессіндегідей болады, бірақ олардың өндірістік бөлмелеріндегі концентрациядары біршама жоғары келеді.

Жағымсыз факторлардың негізгі ошағы электролиздік ванналардың жанында, әсіресе олардың үстінде шоғырланған, себебі осы жұмыс орындарында катодтар мен анодтарды шығару және салу бойынша, катодтік мырыш сындырып алу бойынша, ванналарды тазарту бойынша ауыр денелік операцияларды орындаушы жұмысшылардың тыныс алу аймағына ШРЕК-тен маңызды асып кетуші ZnO, ZnSO4, ZNCi2, H2SO4, HCI, PbSO4 сияқты әртүрлі компоненттерді кешені, және де AsH3, H3, SbH3, CI2, HF, SO2 бөлінеді. Ванналардың үстіндегі жұмыстар ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен ауаның температурасы +27оС жоғары келетін жағдайларда орындалады.

Мырышты өндірудегі еңбек жағдайының жағымсыз факторларының бірі болып, бөлшектерінің өлшемдері 0,1-0,9 мкм, өндірістік аэрозольдері саналады, яғни олардың бронх-альвеоларлық аппаратының терең қабатына өте алатын қабілетін көрсетіп отыр.

Сонымен, мырышты өндіру өнеркәсібі, тіпті қазіргі технологиялық процестер мен жабдықтарды қолданудың өзінде де, өндіріс ортасы жағымсыз келетін өндіріс болып отыр. Ең жағымсыз факторларына негізінен токсикалық және фиброгендік әсер беруші көп компонентті химиялық кешендері жатады. Өндірістік процесі қолайсыз микроклимат жағдайында өтеді (ауаның қозғалысының төменгі жылдамдығында ауаның жоғары ылғалдылығы мен жоғарғы температурасында).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]