
- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы е.Н. Сраубаев, с.Р. Жакенова, ж.Ж. Жарылқасын
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау
- •Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
- •Еңбек гигиенасының дамуы тарихы
- •Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
- •Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі
- •1 Кесте Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
- •2 Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар
- •Өнеркәсіптік токсикология пәні, дамуының негізгі кезеңдері
- •Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері
- •Өнеркәсіптік токсикология әдістері
- •V. Математикалық-статистикалық әдістер.
- •VI. Жануарларды уландыру әдістері:
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •Улардың организмдегі тағдыры (енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы)
- •3 Өндірістегі аурушаңдық
- •4 Өнеркәсіптегі ескертпелі санитарлық қадағалау
- •Құрылысқа жер бөлу және таңдау сатысындағы ескертпелі санитарлық бақылау.
- •Еңбек жағдайы және жұмысшылар сырқаттанушылығы.
- •6 Металлургия өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Негізгі металлургия цехтарындағы еңбек гигиенасы
- •Уақтау-сұрыптау фабрикасы
- •Алгомерация цехі
- •Домналық цехтары
- •Болат балқыту цехтары
- •Илеу (прокат) цехтары
- •Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылардың сырқаттанушылығы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылар организмінің функциональдық жағдайы
- •7 Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Шошқа шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •Мал шаруашылығындағы мал азығын дайындау цехтарындағы еңбек жағдайы
- •8 Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Цементті өндіру
- •Темірбетондық бұйымдары мен конструкцияларын жасау
- •Құрылыс кірпіштері мен керамикаларын жасау
- •Ағаштан құрылыс материалдарын жасау
- •Сауықтыру шаралары
- •Құрылысты салу технологиясы және еңбек гигиенасы
- •Ғимараттарды құрылымдарды салу (көтеру) жұмыстарына мыналар кіреді.
- •Өңдеу (қорытынды) циклі, бұған кіретіндер
- •Нөлдік циклдің құрылыс жұмыстары
- •Ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу кездеріндегі құрылыс жұмыстары
- •Сауықтыру шаралары
- •9 Жасөспірімдер және әйелдер еңбегінің еңбек гигиенасы
- •Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі
- •Әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын топтастыру
- •Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.
- •Етеккір циклының жағдайы
- •Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері
- •Жоғары температура және жылулық сәулеленудің әсері
- •Радиожиіліктегі электромагниттік өріс әсері
- •Нервтік-эмоционалдық кернеулілік
- •Әйелдердің еңбек гигиенасы мен оны қорғаудың қазіргі басты бағыттары
- •10 Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Металды балқыту
- •Ұста-пресс цехтары
- •Термиялық цехтары
- •Механикалық цехтары
- •11 Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Домналық цехтары
Қазіргі домналық цехтарда еңбек жағдайлары бойынша жұмысшылардың екі негізгі тобын ажыратуға болады:
Домналық балқыту, металды кұю жұмыстарында қатысушы және домналық пештердің газдық шаруашылығына қызмет көрсетуші жұмысшылар тобы.
Қосалқы жұмысшылар тобы
Соңғы уақытқа дейін домналық цехтарға шикізат материалдарын жеткізудің ең көп тараған әдісі арнайы темір жол вагондарында тасу болып келеді, олар бункерлік эстакадаға беріліп, шикізат материалы сәйкесті бункерлерге төгіледі. Шикізат материалдарын осылай тасу әдісінде вагондарға қызмет көрсетуші жұмысшылар жыл бойы ашық ауада жұмыс істеуге мәжбүр болып, әртүрлі атмосфералық құбылыстардың әсерін душар болады. Қазіргі таңда көптеген зауыттарды шикізат материалдары домналық ецхтің бункерлеріне аглофабрикамен, коксохимцехімен т.б. учаскелерімен байланысқан ленталық транспортерлермен әкелінеді. Бұл әдістің бірқатар технико-экономикалық артықшылығы бар, және де гигиеналық тұрғыдан неғұрлым ұтымды болып келеді, өйткені барлық жұмыс орындары жабық бөлмелерде болып, жағымды еңбек жағдайын жасауға мүмкіндік береді.
Көптеген қауіпті және жұмысы көп процесстерді механикаландыруына қарамастан, қазіргі домналық цехтарда денеге айтарлықтай күш түсумен жүретін қолмен орындалатын бірқатар операциялар әлі е бар. Металлды құю, балқыту және оған дайындық жұмыс-тарының барлық циклі жоғары температурада (әсіресе жылдың жылы кезеңінде), қар-қынды инфрақызыл радиацияның, шаңның және газдың (көміртегі тотығы, күкіртті газ, азот тотықтары т.б.) әсерінде етуші, жұмысы аумақты операциялар кешені болып келеді.
Жұмысшылар-горновойар шойын мен шлакты әрбір ағызу алдында науа мен орларды (канаваларды) скреп және шлактардан тазалау бойынша, канавалардың футеровкасын жөндеу бойынша, электрозеңбіректі электропушка – шойын леткасын толтыруға арналған машина) зарядтау бойынша т.б. жұмыстарды орындайды. Сонымен қатар, горновойлар шойын және шлак леткаларының футлярын бөлшектеу және жөндеу жұмыстарын орындайды.
Құю ауласының (литейный двор) микроклиматы тұрақсыздығымен және өзінің параметрлерінің жиі өзгеруімен сипатталады (инфрақызыл сәулесінің, температурасының, ылғалдылығының және ауа қозғалысының).
Құю ауласының өндірістік ортасының жағымсыз факторларына, шойын мен шлакты ағызу кезеңінде ауаны ластаушы көміртегі тотығы, күкіртті газ, шаң жатады.
Домналық цехтің маңызды учаскелерінің бірі болып құю машинасы саналады, мұнда балқытылған шойын жеке құймаларға (слитка) – «чушкаларға» құйылады.
Құю машиналарына науашылар (желобщики) және шойыншылар (чугунщики) қызмет көрсетеді. Шойынды құю бойынша операцияларды жұмысшылар жағымсыз микроклиматтық (жазда-ыстық, ал қыста – төмен ауа температурасымен) және инфрақызыл радиациясының әсері жағдайында орындайды.
Шихталық материалдарды тасу және пештерге салу учаскелерінде шаң бөлуші орындарды локализациялау, жүйелердің герметизациясын жетілдіру, шаңды аспирациялау бойынша, қайта тиеу орындарын және материалдарды тегу биіктігін минимумге дейін қысқарту бойынша кешенді шараларды жүргізу керек.
Шихталық материалдарды бункерлерден домналық пештеріне транспортерлер арқылы беруде барлық транспортерлер, дозаторлар, төгу орындары аспирация қондырығысы бар қымтағыштармен жабдықталуы керек. Бункер астындағы бөлмелер жылдың суық кезеңінде орталықтанған жылыту жүйесімен (бу немесе ауа) жылытылуы керек. Сонымен қатар барлық ашық есік-тесіктері жылу-ауа бүркелерімен жабдықталуы керек. Және де бункер үстіндегі бөлмелердегі жұмысшылар шаңды жағдайда еңбек етуін ескеріп, оларды респираторлармен қамтамасыз ету қажет.
Жұмысшыларды инфрақызыл радиациясының әсерінен қорғау мақсатымен әртүрлі экрандарды қолдану өте орынды болып келеді, оларды науалардың канавалардың жанын-да орнатқан дұрыс. Осы экрандарды жиналып тасымалданушы қылып істеуге болады.