Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сраубаев_Е.ЕҢБЕК_ГИГИЕНАСЫ_БОЙЫНША.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

4 Өнеркәсіптегі ескертпелі санитарлық қадағалау

Негізгі қағидалар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі (МСЭҚ) халықтың денсаулығына қоршаған ортаның қолайсыз факторлары әсерлерінің алдын алумен, анықтаумен және оларды жоюмен айналысатын органдар мен мекемелердің орталықтандырылған жүйесі. МСЭҚ кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың санитарлық ережелер мен нормалар талаптарын орындауын қадағалайды.

МСЭҚ өз жұмысы барысында Қазақстан Республикасының ата заңы – Конституцияны, еліміздің басқа да заңдарын, Ел басының үкімдерін, министрлер кабинетінің қаулыларын, ҚР ДСМ бұйрықтарын және басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

ҚР Министрлер кабинетінің ҚР МСЭҚ туралы ережелерінде (№547 25.04.95) мынадай делінген: МСЭҚ өнеркәсіптік нысандар құрылысында немесе қайта құруда, жобалау құжаттарын әзірлеу барысында санитарлық нормалар мен ережелердің, гигиеналық нормативтердің орындалуын бақылайды.

Сондықтан, ескертпелі санитарлық қадағалау (ЕСҚ) еңбек гигиенасы жөніндегі санитарлық дәрігердің СЭС жағдайындағы маңызды жұмыс тарауының бірі.

Жобалау барысындағы ЕСҚ жұмысшылардың денсаулығына зиянды өндірістік факторлардың кері әсерлерінің алдын алу бойынша тиімділігі өте жоғары шаралар жиынтығы болып табылады. Бұл жұмыс «Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау» (1998), «ҚР халықтарының денсаулығын қорғау» (1994) туралы заңдарда көрсетілгендей, жұмысшылардың еңбек қауіпсізідігі мен салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған және санитарлық заңнамалар (МЕСТ, еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесі – ЕҚСЖ), сондай-ақ басқа да арнайы директивтік, заңнамалық құжаттар талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

ЕСҚ бойынша дәрігер-гигиенистің жұмысы мазмұны келесі сатыларда гигиеналық сараптау жүргізуді қарастырады:

1) құрылысқа жер учаскесін бөлу және таңдау

2) жобаны сараптау

3) құрылыс, қайта салу немесе техникалық қайта жарақтандыру

4) іске қосуға қабылдау

5) жаңа технологиялық процестер, жаңа жабдықтар мен материалдарды ендіруге әзірлеу

СЭС дәрігерлері үшін негізгі нормативтік құжаттар мыналар: «Өндірістік нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», «Өндірістік жабдықтарға қойылатын гигиеналық талаптар және технологиялық процестерді ұйымдастырудың санитарлық ережелері».

Құрылысқа жер бөлу және таңдау сатысындағы ескертпелі санитарлық бақылау.

Құрылысқа жер бөлу және таңдау Экология және биоресурстар министрлігінің рұқсатымен, сонымен қатар, сәулеттік және санитарлық қадағалау органдарымен қаланың, елді мекеннің түпкілікті жоспарына сәйкес келісіледі.

Барлық өндірістік нысандардың санитарлық қорғау аймағы (СҚА) болады.

Қоршаған ортаны зиянды заттармен ластау көзі болып табылатын өндірістер мен кәсіпорындардың жіктелуіне сәйкес санитарлық қорғау аймағы бойынша кәсіпорындардың 5 класы бар: Кәсіпорындардың 1 класы үшін СҚА - 1000 м кем емес, 2 класы - 500 м кем емес, 3 класы - 300 м кем емес, 4 класы - 100 м кем емес, 5 класы - 50 м кем емес.

Кәсіпорындар үшін қажет болғанда техникалық-экономикалық және гигиеналық негізделген болса, СҚА кеңейтілуі (тек 3 еседен артық емес) келесі жағдайларда мүмкін:

- атмосфераға бөлінетін шығарыстардың тазалану тиімділігіне байланысты;

- санитарлық тұрғыдан зиянды, жеткіліксіз зерттелген, жаңа өндірістер салынғанда;

- белгіленген нормаларға дейін зиянды факторлар (шу, діріл, ЭМӨ) деңгейін төмендету мүмкіндігі болмағанда;

- жел раушаны және тағы басқа да жергілікті қолайсыз факторларға байланысты.

Санитарлық қорғау аймағының көлемін МСЭҚ органдарымен келісіп, кішірейтуге болады. СҚА немесе оның қандай да бір бөлігін кәсіпорынның қосымша пайдалануға немесе өнеркәсіп алаңын кеңейтуге арналған аймағы ретінде қарастыруға болмайды. СҚА территориясы құрылыс жобасына сәйкес көгалдандырылып, жайлыландырылуы тиіс. СҚА-да монша, кір жуу кәсіпорынын, көліктер тұрағын, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын, емханаларды, ғылыми-зерттеу зертханаларын, кәсіпорынның кезекші немесе апаттық қызметкеріне арналған бөлме-жайларды орналастыруға рұқсат етіледі.

Құрылысқа алаң таңдағанда СҚА сақтау, атмосфералық ауаны, топырақты, су қоймаларын өнеркәсіп шығарыстарынан қорғаумен байланысты санитарлық-гигиеналық шаралар кешені шешімін табуы қажет. Құрылыс алаңдары тікелей күн сәулесі түсуі, табиғи желдетілуі тұрғысынан санитарлық талаптарға сай келуі тиіс.

Жер учаскесін бөлу кезінде су құбыры мен канализация жүйесімен қамтамасыз ету

мәселесі шешілуі тиіс. Шаруашылық-ауыз су көзін таңдау, оның жеткіліктілігі, сапасын қамтамасыз ету мүмкіндігі, шаруашылық-іркінді және өндірістік іркінді суларды тазалау, аластау бойынша шаралар толық қарастырылады.

Осы мақсатта комиссия құрылады. Оның құрамына жобаға тапсырыс берген мекеме, жобалау ұйымы, әкімшілік, бас құрылысшы мекеме, санитарлық қызмет және басқа да мекемелер (энергиямен қамсыздандыру, министрлік, т.б.) өкілдері кіреді.

Құрылыс алаңын таңдау туралы тұжырымдалған шешім қабылдау үшін бірқатар жоба алды және жобалық материалдармен танысу қажет.

Жоба алды материалдары қатарына техникалық-экономикалық тұжырым (ТЭТ) жатады.

Санитарлық дәрігер ТЭТ-дағы жұмысшылар денсаулығына және сыртқы ортаға өн-дірістік факторлардың зиянды әсерін алдын алу принциптерінің ұсынылуы дұрыстығын бағалауы тиіс. Жобалаушыларға технологиялық процестердің ұйымдастырылуы мен жабдықтарға қойылатын гигиеналық, эргономикалық талаптар мен жобалау үшін басшылыққа алу қажет нормативтік-әдістемелік құжаттар тізімін хабарлауы қажет.

ТЭТ-ға алаңды таңдау бойынша шешім қабылдауға қажет жағдайлық, жуықталған түпкілікті жоспар қоса беріледі.

Материалдарды қарау барысында еңбек гигиенасы жөніндегі дәрігер басқа дәрігерлермен, инженерлермен біріге отырып, бірқатар мәселелерді шешуі тиіс:

- өнеркәсіптік торап құрамында орналастыру мүмкіндігі;

- атмосфераға бөлінетін өнеркәсіптік шығарыстардың құрамы, тазалау мүмкіндігі, тарату шарттары;

- өнеркәсіптік және іркінді сулардың көлемі, құрамы және тазалау мүмкіндіктері;

- зиянды факторлар деңгейінің селитебті аймаққа арналған нормалардан асуына ықпал ететін жағдайлар;

- санитарлық қорғау аймағы көлемі, оның жайлыландырылуы, көгалдандырылуы;

- сыртқы өндірістік, көліктік байланыстардың ұйымдастырылуы;

- су тартатын және тазалау қондырғыларын салу орындары;

- өндіріс қалдықтарын өтелдеу орындары.

Атмосфераға санитарлық нормаларға сәйкес емес концентрацияда зиянды заттар бөлетін, топырақты, ашық және жерасты су көздерін ластайтын алдын ала тазартусыз, зиянсыздандырусыз өнеркәсіптік іркінді сулар шығаратын кәсіпорындар келісімге жатпайды.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылысына арналған жер учаск,,,,,сін бөлу жайлы

санитарлық қадағалау органдарының шешімі 2 аптада беріледі және ҚР ДСМ бекіткен арнайы 301-у формасындағы қорытынды түрінде ұсынылады.

Ұйымдар арасында келіспеушілік туындағанда, қорытынды мен тиісті құжаттар қызығушылығы бар министрліктің қарауына және 1 апта көлемінде шешім қабылдауына беріледі. Соңғы шешімді жергілікті әкімшілік қабылдайды.

Жобаны сараптау. СЭС-да және жобалаушы ұйымда жобаны қарау гигиеналық кемшіліктерді, санитарлық нормалар мен ережелерден ауытқуларды жоюға, еңбек қауіпсіздігі бойынша тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Жобаны келісу мерзімі 15 күн, өте сирек 45 күн құрайды.

Санитарлық ережелерге сәйкес түпкілікті жоспарды сараптауда төмендегілерді қарау қажет:

1. жағдайлық жоспар, мұнда кәсіпорынның елді мекенде орналасуын, жердің рельефін, су қоймаларын, СҚА көлемін, жел раушанын ескергендегі кәсіпорынның басқа кә-сіпорындарға, жобаланатын тұрғын үйлерге, өнеркәсіп нысандарына қатынасын көрсетеді.

2. кәсіпорынның түпкілікті жоспары, мұнда кәсіпорын ғимараттарының өнеркәсіп алаңында орналасуы жоспары, жекелеген ғимараттардың тағайындалуы, олардың арақашықтығы, түсініктеме хат көрсетіледі. Түсініктеме хатта келесі ақпарат болады: а) қолданылатын материалдар, шикізат, отын, т.б.; ә) өндірістік процестің сипаттамасы; б) кәсіпорынның қуаты, жұмысшылар саны; в) сумен қамтамасыз ету тәсілі (су көзінің сипаттамасы), технологиялық суды тұтыну көлемінің шамалары, ыстық цехтар жұмысшыларының саны, душ, асхана қызметін пайдаланатындар саны; г) іркінді суларды және қоқыстарды аластату тәсілдері, оның сипаттамасы; ғ)тұрмыстық бөлме-жайлардың тізбесі және сипаттамасы; д) ғимараттың биіктігі жайлы мәліметтер; е) өнеркәсіптік алаң шегіндегі жерасты суларының деңгейі жайлы мәліметтер.

3. Графикалық сызба немесе зауыт ішілік көліктер сипаттамасы, көлік және адамдар қозғалатын, материалдар тасымалданатын жолдардың белгіленуі.

Қарауға берілген материалдардың құрамында мынадай құжаттар болуы тиіс:

а) СҚА және жел раушаны көрсетілген жағдайлық жоспар;

ә) жергілікті санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы бар, жергілікті әкімшіліктің жер учаскесін бөлу жайлы шешімі;

б) су тартатын және өнеркәсіптік іркінді суларды жіберу орындары жайлы жергілікті СЭС қорытындысы;

в) кәсіпорынның атмосфераға шығаратын шаң мен газдарының көлемі, құрамы, тазарту әдістері, сонымен қатар іркінді сулары жайлы мәліметтер.

Өнеркәсіп алаңының жоспарлануын бағалағанда, санитарлық талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін бірқатар жалпы ережелерді есте ұстау қажет.

1. Зауыт ішілік көліктің ұтымды пайдаланылуы үшін негізгі өндірістік цехтар технологиялық процесс ағымы бойынша орналастырылады, қосалқы цехтар негізгі цехтарға жақын, ыңғайлы, ал шикізат пен дайын өнімдер қоймалары негізгі жолдарға жақын, өнеркәсіп алаңының сыртына таман орналастырылады.

2. Өндірістік зияндылықтардың неғұрлым аз таралуы үшін, негізгі өндірістік цехтарды ерекше бір шарттарды сақтай отырып, дұрыс топтастыру қажет, мысалы:

а) ыстық цехтардың ғимараттарының да, ғимарат аралық ауласының да желдетілуі мүмкіндігін ескере отырып топтастырады; ә) шаң, газ бөлетін цехтарды өнеркәсіптік алаңның ық жағынан, сыртына таман орналастырады; б) әкімшіліктік-шаруашылық және оқу ғимараттары алаңның жел жағынан, сыртына таман, негізгі кіру есігіне жақын немесе кәсіпорын аймағынан тыс жерде орын алғаны жөн.

3. Ғимараттарды жеткілікті жарықпен, табиғи желдетумен қамтамасыз ету үшін, санитарлық заңнамаларға сәйкес, ғимараттар арасында белгілі арақашықтықтар сақталуы тиіс (негізгі, қосалқы цехтар ғимаратары мен әкімшіліктік-шаруашылық ғимаратар, шаң бөлетін ашық қоймалар арасы). Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында, технологиялық процестің өрт қауіптілігін, отқа төзімділігін ескеріп, ғимараттар арасындағы тиісті арақашықтықты сақтау қажет.

4. Сумен қамтамасыз ету жүйесін таңдау әр уақытта жергілікті жағдайларға байла-нысты (су көзінің сипаты, судың сапасы және т.б.). Негізі кәсіпорынның суға мұқтажды-ғын (технологиялық, шаруашылық-ауыз су) ортақ су жүйесінен қамтамасыз еткен жөн. Шаруашылық-ауыз су мұқтаждығын суды пайдалану нормаларына сәйкес есептейді.

5. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы шаруашылық-фекальды іркінді суларды тазарту мен аластатудың арнайы ерекшеліктері жоқ, сондықтан, елді мекендердегі іркінді суларды аластатудың жалпы қағидалары қолданылады.

6. Ерекше ластаушы заттар болмаған жағдайда, өндірістік қоқыстар тұрғын үйлер тәрізді, жалпы ережелерге сәйкес аластатылады. Жануарлар тектес шикізаттарды өңдей-тін өндірістердегі (тері өңдеу, ет комбинаты, т.б.) қоқыстарды санитарлық ережелер та-лаптарына сәйкес кәсіпорыннан, елді мекеннен 0,5 км кем емес қашықтықта орналасқан, арнайы жабдықталған орындарға (жануарлар жерленетін орындар) жерленеді.

Өнеркәсіптік алаңдарды пайдаланылуына байланысты бірнеше аймақтарға бөледі:

а) зауыт алды аймағы (кәсіпорынның шартты шекарасынан тыс);

ә) өндірістік;

б) қосалқы;

в) қоймалар;

өнеркәсіп торабы территориясын мынадай аймақтарға бөледі:

г) қоғамдық орталық;

ғ) кәсіпорын алаңы;

д) қосалқы өндірістер мен шаруашылықтар нысандары.

Өндірістік жарықтандыру жобасын сараптау. Табиғи және жасанды жарықтандыруды жобалау бойынша жүргізілетін өнеркәсіптік-санитарлық қадағалаудың міндеті жобадағы мәліметтердің негізгі нормативтік құжаттар (ҚНмЕ) талаптарына сәйкестігін анықтау. Өнеркәсіптік кәсіпорынның жасанды жарықтандырылуы бойынша ұсынылған жобалық құжаттардың құрамында мынадай материалдар болуы керек: шамдар мен қондырғылардың орналасуы көрсетілген барлық бөлме-жайлардың жоспары; түсініктеме хат, жарық-техникалық есептеудің негізгі кестесі. Жарықтандыру жобасы бойынша қорытынды төмендегі сызба-нұсқа бойынша беріледі:

А. Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы.

Ә. Көз жұмыстарының сипаты мен кернеулілігін анықтау (айыру нысандарының минималды өлшемі, реңмен нысанның контрасты, ашық болу дәрежесі және ерекше шарттар (түстердің реңін айыру, қозғалатын айыру нысандарының болуы және т.б.).

Б. Табиғи жарықтандыру.

1. Табиғи жарықтың түрі.

2. Дәлдік дәрежесі бойынша жұмыс түрлері (айыру нысандарының өлшеміне байланысты).

3. Көз жұмыстарының шарттарына сәйкес табиғи жарықтандыру коэффицентінің шамасы.

4. Осы жұмыс үшін жеткілікті, норма деңгейіндегі табиғи жарықтандыру коэффиценті шамасын қамтамасыз ететін, жарық түсетін ойықтардың талап етілетін ауданын есептеу.

5. Өндірістік бөлме-жайлар мен қондырғылардың түстерін дұрыс таңдау.

6. Инсоляциямен күресу шараларын бағалау.

7. Бөлмелердің бояуын жаңарту, терезелерін тазарту кезеңділігін белгілеу.

В. Жасанды жарықтандыру.

1. Жарық көзін таңдау.

2. Жобалаушылардың ұсынған жарықтандыру жүйесін бағалау.

3.Жалпы жарықтандыру шамдары типтерінің сипаттамасы (құрастырылуы және жарық ағымының таралуы сипаты бойынша).

4. Жарық ағымының жыпылықтауын және шамның көргізбеуші әсерін шектеу.

5. Шамдарды тазалау кезеңділігі.

6. Айыру нысанының көлемін, реңін, нысанмен контрастын, жарық көзін, жарықтандыру жүйесін ескере отырып, жұмыс беткейіндегі қажетті жарық деңгейінің төменгі мөлшерін анықтау.

7. Жалпы жарықтандыру шамдарының жарық деңгейін есептеу.

8. Жергілікті жарықтандыру сипаттамасы:

а) құрастырылуы бойынша;

б) шамның бекітілуі сипаты бойынша;

в) нақты берілген шамның жарықтандыру деңгейін анықтау.

9. Апаттық немесе эвакуациялық жарықтандыруды бағалау.

10. Жобаланған жарықтандыруды бағалау және есептеу.

Г. Қорытынды.

Өндірістік желдету жобасын гигиеналық сараптау. Желдету жобасын санитарлық сараптау міндеті болып, белгілі жұмыс ғимаратындағы қажетті санитарлық жағдайлармен қамтамасыз ету саналады.

Жылу бөлу, ылғал, бу және газ бөлу бөлмелеріне түсетін желдету жобасының сандық сипаттамасын өңдеу, шектеліп рұқсат етілген өлшемдер шегінде жалпы алмасу желдетумен араласу қажет. Іске қосылған ғимараттағы желдетуді жобалау кезіндегі мұндай тапсырманы орындау үшін санитарлық дәрігер өндірістік процесті жобалауды, ғимараттың құрылыс ерекшеліктерін мұқият зерделеп, құралдар көмегімен қажетті өлшеулерді жүргізу керек. Жаңадан салынып жатқан ғимараттағы желдетуді жобалау тапсырмаларын құрастыру кезінде, дәрігер өндірістің ерекшеліктерін ескеру қажет.

Желдету бойынша санитарлық – дәрігердің ескертпелі қадағалау жұмысы бірқатар сатылардан тұрады. Ең алдымен дәрігер желдетуді жобалайтын ұйымға санитарлық тапсырма құрастырады. Тапсырмада келесілері көрсетілуі керек:

  1. берілген ғимарат немесе цехтың санитарлық ерекшеліктері (технологиялық процес, материал);

  2. оқшаулаушы желдетуді қажет ететін ластардың көзі болатын учаске немесе қондырғы;

  3. қажетті жалпы желдету жүйесі (аэрация, механикалық желдету);

  4. механикалық желдету кезінде: а) ауаны және шығарысты сору деңгейімен орының болуы; б) бөлмеде сору және тықсыру санылауының орналасуы; в) қажетті ауалық тепе – теңдік; г) рециркуляцияны пайдалану мүмкіндігі; д) сорылатын ауаны жылытуды, ылғалдауды, суытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар; е) бөлме ауасын зиянды қосылыстардан тазалауды ұйымдастыру бойынша қосылыстар.

5. Жергілікті сору желдетуін қолдану кезінде – ауалы душ, жылу үргіш құрылғы, оазис орындары.

6. Берілген өндірістегі зиянды газдардың, булар мен шаңдардың шектеліп рұқсат етілген концентрациялары, жұмыс аймағындағы температура мен ылғалдылықтың рұқсат етілген нормативтері, бөлменің бийктігі бойнша температурамен улы зат концентрацияларының ауытқулары, оқшаулаушы желдету саңылаулары арқылы ауаны сорудың қажетті жылдамдығы, бөлме ауасына берілетін қажетті температура, ылғалдылық және қозғалыс жылдамдығы.

Сараптық қорытындыдағы қарастырылатын сұрақтар тізімі

Жобада қабылданған шешімдерді бағалау кезіндегі қарастырылатын сұрақтар:

  1. Жобада таңдалған желдету жүйесінің сипаттамасы мен оны таңдау дұрыстығын бағалау.

  2. Сору жүйесінің сипаттамасы мен оны бағалау: а) сору ауасын алу әдісі мен орны; ә) сору аусын тазалау, жылыту, ылғалдау қондырғысы; б) сору ауасы саңылауының орналасу мен қондырғысы; в) ағым бойынша ауа алмасу жеткіліктігін бағалау; г) бір адамға қажет ғимарат кубатурасы, ауа шаршысы; ғ) рецуркуляцияның болуы, рұқсат етілуі, оның масштабы.

3) Жергілікті сору қондырғысын бағалау: а) ауалы душтың бағыты; ә) сору ауасының температурасы; б) ауаны беру жылдамдығы.

4) Тықсыру жүйесінің сипаттамасы мен оны бағалау: а) жалпы сору желдетуі саңылауының құрылысы мен орналасуы; ә) оқшаулаушы жапқыш құрылысы; б) жапқыш саңылауындағы ауаның бастапқы жылдамдығы; в) шығарылатын ауаның тазалау қондырғысы; г) шығарылатын ауа орнының сипаттамасы; ғ) сору бойынша ауа алмасу

5) Жалпы алғанда желдету жүйесінің сипаттамасы: а) сору ауасының орны мен шығарылатын ауаның қатынасы; ә) сору және тықсыру саңылауының қатынасы; б) ғимараттың ауа балансы (яғни, сорылатын және шығарылатын ауаның жалпы мөлшері).

6) Желдету жүйесін жалпы санитарлық бағалау.

Жобаның сәулеттік - құрылыс бөлімін сараптау. Өнеркәсіп құрылысы жобаларын гигиеналық сараптауда сәулеттік-құрылыс сұрақтарының дұрыс шешілуін бағалау ерекше маңызды. Бұл мәселе өндірістік ғимараттар, цехтар мен құрылымдардың құрылысы сұрақтарын қамтиды: ғимараттар типі, олардың көлемі, құрылыс материалдары, ғимараттардың жекелеген элементтері, төбесінің типі, өндірістік және қосалқы бөлме-жайлардың орналастырылуы, жоспарлануы.

СЭС қарауына ғимараттардың фасады мен кескіндері жоспары, негізгі құрылыстық көрсеткіштері ұсынылуы тиіс: ғимараттың, жекелеген бөлмелердің өлшемдері, қабырға мен еденнің материалдары туралы мәліметтер және т.б. Кейде құрылыстық және техно-логиялық бөлім сызбалары бірге беріледі. Түсініктеме хатта жекелеген цехтар мен ауы-сымдардағы жұмысшылар саны, өндірісті дамыту жоспары, оның жарылу және өртену қауіптілігі.

Өндірістік бөлме-жайлардың ішкі өңдеулеріне арналған материалдарды таңдауда да гигиеналық талаптар ескерілуі тиіс. Улы заттардың (мысалы, сынап) буларының бөлінуі мүмкін цехтарда қабырғаларды өңдейтін материалдардың улы заттарды сіңіргіштік қасиеттері ескеріледі, олар оңай тазаланатын материалдан (плиткамен қапталған, эмальданған немесе майлы боямен боялған) жасалуы қажет. Еден беткейі тегіс, оңай тазаланатын, жалтыр емес болуы, ал суды жоғары мөлшерде пайдаланатын болса, су өздігінен ағып кетуі үшін еден еңіс болуы және канализациямен қосылуы керек.

Жер едендер соққы қолданылатын және қыздырылған тетіктермен жанасатын қоймалар мен ыстық цехтарда рұқсат етіледі. Тас едендер қоймаларда қолданады. Бетонды едендер өте берік, бензин және минералды майларға төзімді. Асфальтті едендер де берік, су өткізбейді, бірақ оны жоғары температуралық режимдегі бөлме-жайларда пайдалануға рұқсат етпейді. Керамикалық едендер жоғары температураға, қышқылдарға, сілтілерге және минералды майларға төзімді. Метал едендер сирек қолданылады (қыздырылған заттармен жанасу, қаттылығы жоғары беткей қажеттігі болғанда). Ағаш едендер механикалық-жинау және жөндеу-механикалық цехтарында пайдаланылады.

Қабырғаларда жылдың суық мезгілінде конденсат пайда болмауы үшін жылуға жеткілікті тұрақты болуы қажет. Өнеркәсіп нысандары құрылысында қолданылатын материалдарға кәсіпорынның өрт және жарылыс қауіптілігіне байланысты ерекше талаптар қойылады, бұл арнайы өрт қауіпсіздігі ережелерінде көрсетілген.

Жобаны сараптау кезінде ғимаратта ауысым барысындағы (әсіресе ауысым басын-да, аяғында) жұмысшылар ағымының дұрыс ұйымдастырылуы (өтетін жолдардың, бас-палдақтардың, сыртқы есіктердің, қақпалардың ені, орналасуы) бағаланады. Өтетін жол-дардың орналасуы қарама-қарсы ағымдарды болдырмауы тиіс, ал олардың ені жұ-мысшылардың саны көп ауысымға байланысты анықталады. Апаттық жағдайларда, әс-іресе жарылу, өртену қаупі бар өндірістерде жұмысшыларды жылдам эвакуациялау жағ-дайлары қарастырылады. Шығатын есіктер саны екеуден кем болмауы және баспалдақ алаңы кең болуы керек және т.б.

Санитарлық нормативтерде бөлме-жайлардың талап етілетін минималды өлшемдері бекітілген: әр жұмысшыға аумағы 15 м3 кем емес және ауданы 4,5 м3 кем емес. Өнді-рістік бөлме-жайлардың биіктігі 3,2 м кем емес болуы керек. Бірақ, қазіргі өндірістерде, жұмыс бөлмелерінің көлемі ең алдымен, өндірістік қондырғылардың өлшемімен және оған қызмет көрсетуді ұтымды ұйымдастыру қажеттілігімен анықталады.

Қосалқы ғимараттар мен бөлме-жайлар жобасын сараптау (әкімшіліктік және тұрмыстық ғимараттар). Тұрмыстық ғимараттар келесі жұмысшыларға қызмет көрсетуге арналған: санитарлық – тұрмыстық, денсаулық сақтау, қоғамдық тамақтандыру, сауда, мәдениет. Әкімшілік және тұрмыстық бөлмелер жылжымалы құрылыста (құрылыстық – монтажды ұйымының әкімшілік және тұрмыстық бөлмелері ), қосымша бөлімде жобаланады, өртке қарсы бөгеттер мен қоршалады.

Қосалқы бөлмелерді жеңіл оқшаулаушы материалдан жасайды және бөлек орна-ластырады. Қосалқы бөлмелердің биіктігі (еденнен төбеге дейін ) 2,4 м кем болмау керек. 1А, 1Б, 1Г, 1Д және 1VА климаттық аудандарындағы жылжымалы құрылыс биіктігі 2,7 м кем болмау керек, жұмысшылардың үнемі орналасуына байланысты 7% көбейтіледі.

Қосалқы бөлмелердің құрамына бірқатар тұрмыстық бөлмелер қарастырылады (дәретханалар, демалу, жуыну, ұста бөлмелері). Олар жұмыс орнына жақын орналасады.

Өндірістегі жұмысшыларға санитарлық – тұрмыстық бөлмелер өндіріс процесіне байланысты ҚНмЕ 2.09.04 – 87 «Административные и бытовые здания» құжатына сәйкес жобаланады.

Жұмыс орындарынан дәретханаларға, шылым шегу, жылыту немесе суыту орындарына, жартылай душтарға, сумен қамтамасыздандыру қондырғылары дейінгі арақашықтық 75 м артық болмау керек, ал жұмыс орындарынан мекеме алаңына дейін – 150 м артық емес.

Тұрмыстық бөлмелер ауданы мен қызмет түрі жұмысшылар саны мен еңбек жағдайына байланысты шешіледі. Жобаның технологиялық бөлімінде 1 ауысымдағы жұмысшылардың тізімі болу керек.

Санитарлық – тұрмыстық бөлме-жайлар құрамына киіну, душ, дәретхана, шылым шегу, жылыну немесе салқындау, жартылай душ, ауыз су құрылғысы, арнайы киімдерді өңдеу, сақтау және тарату бөлмелері кіреді.

Санитарлық сипатына байланысты өндірістік процестер 4 топқа бөлінеді:

  1. 3 және 4 зияндық класының заттарымен шақырылатын процестер.

  2. Артық жылу немесе жағымсыз метеорологиялық жағдай кезіндегі процестер.

  3. 1 және 2 зияндылық класының заттарымен шақырылатын процестер

  4. Ерекше тазалық пен залалсыздандыруды қажет ететін процестер.

Әр топ арнайы тұрмыстық бөлме мен құрылысты, киім шешу орнының түрін 1 адамға қажет шкаф саның 1 душқа және кранға адма саның анықтайтын топшаға бөлінген.

Техникалық кітапхана, бейнеқор құрамы мен ауданы ҚНмЕ 2.09.04 – 87 «Административные и бытовые здания» құжатына сәйкес қабылданады.

Тұрмыстық бөлмелерді гигиеналық сараптау келесі схема бойынша жүргізіледі:

  1. Бас жоспарда қосымша бөлмелердің орналасуын және көлемдік – жоспарлық құрылыс шешімдерін бағалау.

  2. Санитарлық – тұрмыстық бөлмелер ҚНмЕ 2.09.04 – 87 «Административные и бытовые здания» сәйкестігін анықтау.

  3. Жеке бөлмелердің (киім шешу, душ, жуыну, жинау) жоспарлануын бағалау.

  4. Денсаулық сақтау бөлмелерін бағалау. Сауықтыру пункті. Оның категориясы, орналасуы, өлшемдері. Ингаляторий, фотарий, қол және аяқ ванналары, дем алу бөлмелері, олардың құрылымы мен өлшемдері.

Жаңа технологиялық процестер мен өндірістік қондырғылар жобаларын гигиеналық сараптау. Өндірістік мекемелерде ескертпелі санитарлық қадағалаудың маңызды бөлігі - дәрігер – гигиенисттің шарушылыққа жаңа жоғары өнімді қондырғыларды енгізу жұмыстарына қатысуы.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тәжірибесінде технологиялық процестер мен қондырғыларды бағалау құрылыс немесе кәсіпорынды қайта салу жобасын қарастыру барысында жүзеге асады, себебі, бұл жобалар процестің суреттелуі, шикізаттың түрі, негізгі өндірістік қондырғылары туралы мәліметтері бар технологиялық бөлімнің құрамына кіреді.

Денсаулық сақтау органдарының сараптауынан өтпеген немесе қолдануға рұқсат етілмеген, зиянды факторларды туындатуы мүмкін қондырғылар мен технологиялық

процестер жобалауға жатпайды.

Белгіленген уақытта бүтіндігін бұзу қарастырылған процестерді қолдану кезінде жобада технологиялық процестердің бүтіндігін бұзу ұзақтығы, кезенділігі, үлес салмағы көрсетілуі керек, еңбек зияндылығы мен қорғаныс шаралар негізделген.

Микробты ластану көзі болатын технологиялық процесті жобалау кезінде жұмысшының денсаулығына әсерін алдын – алуды (шикізатты залалсыздандыру, эритемді және бактерицидті сәулелену, озондау, жасанды ионизация, медико - профилактикалық) қарастыру қажет.

  • Қолданылатын шикізат сипаттамасы, зияндылығы

  • Ұнтақ және басқа материалдарды сақтау қоймаларының болуы

  • Өндірістік процестердің үздіксіздігінің қолданылуы

  • Термиялық оңашалаудың қарастырылуы

  • Технологиялық посттарды орналастыру есебінен ғимараттың жоспары мен қиылысын қарастыру

  • Негізгі технологиялық процеске гигиеналық баға беру. Зияндылықтардың түрі (шаң, газ, жылу, ылғал, шу, діріл, ультрадыбыс)

  • Шығарыстарды төмендету бойынша шаралар қарастырылуы

  • Технологиялық эстетика бойынша шаралар қарастырылуы

  • Бөлмеден тыс қондырғылардың орналасуы дұрыстығы

  • Жұмыс орнының ұтымдылығы

  • Жұмыс құрамының сипаты бойынша мәліметтердің болуы

  • Зиянды факторлармен күресу шаралары қарастырылуы

  • Өндірісті пайдаланудың барлық кезеңдерінің ұзақтығы есебінің берілгендігі: іске қосу – реттеу, жөндеу (күрделі және ағымды), т.б.

Еңбек процесін жобалауда еңбек процесінің ауырлығы мен кернеулілігінің оптимальды және рұқсат етілген шамаларын ескере отырып, негізгі жұмыс қалпына байланысты бағалау қажет.

5 ТАУ - КЕН ӨНДІРІСІНДЕГІ ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ

Пайдалы қазбаларды ашық және жерасты әдістерімен өндіреді.

Кен өндірудің ашық әдісі пайдалы қазбаларды толық алуға, негізгі өндірістік процестерді кешенді түрде механикаландырып және еңбек қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қара және түсті металдардың кендері мен кенді емес пайдалы қазбаларын өндіруде негізгі орынды осы ашық әдісі алады. Ашық түрде кен өндіру орындары карьерлер деп аталады. Жалпы түрде карьер жан-жақты беткейлері 10-15 м ұзындықтағы шығыңқы беткейлермен шектелген шұңқыр тәрізді болады.

Карьердегі барлық құрал-жабдықтар түрлері ашық аспан аясында көлденең беткейлерде орналастырылған. Карьер тереңдігі 100 м-ден 400-700м жетеді.

Ашық өндіруде пайдалы қазбаларды алу бос жыныстар тұрған беттерін жабатын (ашылған жұмыстар) түрлерінің алдын алу, тұрған орнының жату тереңдігінің көлеміне байланысты. Пайдалы қазбаларды ашқан кездегі өндіру және ашу жұмыстары параллельді жүреді. Өндіру және ашу жұмыстарында өндірістік процесс келесі негізгі түрлерінен тұрады: 1) қатты жарылыс жұмыстары; 2) тасымалдаушы құралдарда пайдалы қазбалар және түр-лердің жұғынуы мен кескінделуі; 3) күрделі бөлшектеу; 4)бөлшектеу-сұрыптау зауытта-рына кенді тасымалдау; 5) жол мазмұнымен құрылысының жұмыстары; 6) жөндеу жұмыстары.

Қатты жарылыс жұмыстары кен мен түрлердің бұзуына қызмет етеді, орташадан төменнен жоғарылар күштілігімен, және жұмсақтарының бұзылуына қатысты, бірақ қатырылған түрлері қыс уақытында және мәнгі қату кезінде байқалады. Жарылу жұмыстарындағы ашық өңдеулерінде скважина әдісі, шпуралық әдіс және камералық заряд әдістері қолданылады. Ең көп таралған әдістері болып терең скважина әдісі саналады. Скважина қайнауына шарашечті буренияның буралы станколары қолданады.

ҚР-да ашық өңдеудегі техникалық эксплуатация ережелері бойынша жарылыс жұмыстарында тұрақты қолданатын, кең түрде амониттер пайдаланатын барлық жарылғыш материалдар қолдануы рұхсат етіледі. Жрылғыш затпен зарядка және жарылғыш скважина бекітілуі қолмен және де арнайы машиналармен істеледі.

Аса ірі кен массасын бөлшектеу қосалқы заряд жарылуымен ұсақ шпуралық зарядтар жарылуымен, кейде түсетін салмақ көмегімен жүреді.

Пайдалы қазба не басқа түрінің тасымалдаушы заттар не ауысымдарға ойылуы мен түсірілуі барлық карьерлер түрлерінде экскаватор көмегімен өндіріледі. Көбінесе бірожаулы экскаватордың механикаландырылған қалақ типі таралған. Олар әртүрлі қоршаулардың барлық жағдайларында және әртүрлі қклиматтық зоналарда қолданады. Жұмсақ, шашылғыш жарылған түрлерін оюына қимылдайтын экскаватор, ал транспортсыз схема шатырлы жұмыстарында – роторлы экскаваторлар жұмыс істейді.

Қазіргі кезде карьерлерде теміржол көліктері мен автокөліктерді пайдалану кеңінен таралды. 200т дейін жүк көтеретін автосамосвалдар қолданады. Автокөлікті пайдалану теміржол көлігіне қарағанда ерекшеліктері бар, темір жолда істелетін қиын жұмыстар экскаватор жұмысын ұйымдастырумен жеңілдетіледі. Және де автокөлік жұмыстары барысында құрамында зиянды заттары бар көптеген газдар қосарлана шығарылады.

Карьерлерде тау массасын тасымалдауда тағы да конверйерлі, аспалы көліктер де

қолданылады. Жол құрылысында, карьерлер ауданын тегістеуде бульдозерлер, сирек доңғалақты тракторлар немесе скреперлермен де жұмыс істейді. Карьерлерде жұмыс істейтіндерде жерасты жұмысшыларына қарағанда бұл ауру сирек кездеседі. Пневмокониоз баяу дамиды, өте баяу прогрессірленеді, қатерсіз ағымды.

Карьерлер жұмысшыларында шаңды этиологиядағы созылмалы бронхит белгілері көрінуі мүмкін, дамуында жұмыс орындарының шаңдануы ғана емес тау техникасы, автокөліктер бөлетін газдар, жағымсыз метеорологиялық жағдайлар, темекі шегу маңызды орын алады. Жиі қайталанатын жедел респираторлы аурулардың орны ерекше.

Бұрғышыларда құлақ нервісінің невриті кейбір жағдайларда кездесуі мүмкін – слесарларда құрал-жабдық өңдеуде, машинистерде бөлшектегенде және т.б. Кейбір жағдайларда ауру еңбек өтілі 5-9 жыл болғандарда да байқалады.

Техникалық және санитарлы-техникалық шаралар кешенін бұлжытпай орындау жарылғыш газдармен улану жағдайларының алдын алады.

Уақытша еңбекке жарамсыздықты туындататын сырқаттанушылық интегральды көрсеткіш болып саналады, өндіріс факторларының және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың рөлін көрсетеді.

Карьерлерде жас-жыныстық құрамы тұрақты. Істейтіндер көбінесе еркектер. Әйелдердің саны карьерлерде 12-24 % құрайды. Негізгі кәсіптік топтарда ер адамдар істейді. Орташа есеппен жастары 20-40 жас аралығындағылар. Уақытша еңбекке жарамсыздық сырқаттанушылығын зерттегенде карьерлерде әртүрлі жұмыстарда жылына 1-2 рет ауырған. Сондықтан мұндай адамдарды міндетті түрде диспансерлі бақылауға алып уақытылы емдеу-профилактикалық шаралар жүргізу қажет.

Әртүрлі нозологиялық формалардағы сырқаттанушылық анализі көрсетті, барлық мамандық топтарда жоғарғы деңгейде тұмау аурулары, бірінші орынды жедел респи-раторлы алады. Тағы да жоғары деңгейлерді жүйке жүйесінің аурулары, созылмалы гастрит алады.

Тау жұмыстарын гидравликалық әдіспен жүргізу – тау массасын алу, керекті зауыттарға оларды тасымалдауы – гидромониторлы – жертартқыш қондырғылар немесе жертартқыш снарядтарының энергиясын қолдану арқасында істелінеді.

КЕ табу жерасты әдісінде кеңістікте орналасуына байланысты тігінен (тармақ,

шурфтар, гезенкалар өршитін) иілгіш және көлденең (штальдар, квершлангыла, штректер) деп жіктейді. Тау жұмыстарын жер асты әдісімен өндіру тәртібі келесі негізгі этаптардан тұрады: туған орнын ашу, шахталық жер мен тазартқыш жұмыстарын дайындау (пайдалы қазбаны алдыру).

Кен қазуда негізгі өндірістік процестер болып отбойка, кіру, екіншілік бөлшектену және кен жеткізуі саналады. Кенді сұрыптау көп жағдайларда жарылғыш жұмыстар көмегімен істейді. Жарылғыш заттар зарядтарын шпура, скважиналарда орналастырады, сирек – тау жұмыстарына негізделген миналық зарядтар қолданады. Жерасты жағдайларында аммиакты-селитренді жарылғыш заттар таралуды алды.

Шпура немесе скважина келесі жарылғыш заттардың зарядталуына бұрғылауын айналдыру, ұрылу-бұрылу, айналу-ұрылу қозғалысқа ие бұрғылау машиналарымен өндіреді. Ұры-бұрылу бұрғылауында қолшалық, телескоптық және колонкалық пневматикалық перфораторларды қолданады. Олардың айырмашылығы массасында (12-ден 30 кг); минуттағы ұру жиілігі (1700-ден 2000-ға дейін) және (жиналған) қосылған ауа қолданылуында (2-ден 3,5 м3/мин). Бұлақтарда терең бұрғылау қондырғылары кең қолдануды тапты, бұл 1м3 табылған кеннің бұрғылау жұмысының көлемін азайтуға көмектесті. Терең скважинамен кенді сұрыптау жер асты кен табу жұмыстарында 50%-дай құрайды. Бұрғылау – бұл жағдайларда айналдыру (АБВ-3М) және ұрып-айналдыру (БА-100, НКР-100М) бұрғылау станоктарымен жүзеге асырылады.

Көлденең жұмыстарында тау массасын жинау кезеңдік (циклдік) немесе үзіліссіз қозғалысты жүк машиналарымен іске асады. Пайдалы қазбалардың жер асты талдаулары өткізімдік және тазалау жұмыстарын жүргізуге таулы қамтамасыздандыру комплекстерін кең түрде енгізу (жүктік, жүкті әкелетін өзі жүретін машиналар, өткізімдік комбайндар, және бірнеше манипуляторлары бар өзіндік жүретін бұрғылау қондырғылары, пневматикалық және электрогидравликалық станоктары айналдыру-ұрғылау бұлғылауының) ауыспалы перфораторлармен бұрғылау көлемін маңызды түрде қысқартуға әкеледі. Жерасты кен табуда (перспективті) қолайлы түрі болып комбайнды әдіспен қалыпты өңдеу өтімділігі саналады. Жұмыс орындарында еңбек жағдайын тиімді ұйымдастыру, гигиеналық сұраныстарға сәйкес келуі.

Пайдалы қазбалары мол бұлақтарда тазалау жұмыстары өзі істейтін құрал-жабдықтармен істелінеді. Бұрғылау-бұрғылау қондырғыларының көмегімен жүзеге асады, онда автоподатчиктармен бірнеше перфораторлар орналасады. Қондырғылармен дистанционды басқару жүргізіледі. Экскаваторлармен немесе өзі жүретін вагоншықтарға салып өңделген кен штректерінен шахта бұтағына не кентүсіргіштерге жеткізеді, ол арқылы өңделген штректерге түседі.

Тау массасын тазалау аяқталуына байланысты және өңделу тереңдігіне сәйкес, өңделген кеңістік аумағында, вентиляция трубаларын, ауа өткізу, су өткізу трубаларын,

рельс жолдарын және де басқа көмекші жұмыстарды орнатып істейді.

Карьерде не шахтада қолданылатын тау машиналары және технологиялық процесс еңбек жағдайын анықталған дәрежеде әсер береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]