Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сраубаев_Е.ЕҢБЕК_ГИГИЕНАСЫ_БОЙЫНША.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

3 Өндірістегі аурушаңдық

Демографиялық көрсеткіштер мен дене дамуы. Демографиялық көрсеткіштерді талдау үшін, жұмыс істейтін тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалау әлеуметтік-гигиеналық, жалпы қабылданған зерттеулерден өзгешеленбейді.

Еңбек гигиенасы дәрігерінің жұмысына, көбінесе еңбекке қабілетті контингенттердің жастық-жыныстың құрамын оқу қажеттілігі туындайды, өйткені осылардың нәтижелерінен сырқаттанушылықтың таралу деңгейінің, сипаттамасының өзгеруіне әсерін тигізуі мүмкін. Тұрғындардың құрамы, саны, жынысы бойынша бөлінуін, жастары туралы қатар тұрғындардың табиғи қозғалысының көрсеткіштерін, өлім, туу, және өлі туу себептерін алуымызға болады.

Туу көрсеткішін демографиялық көрсеткіш ретінде бөлек сирек қолданады, көбінесе басқаларымен бірге кешенді түрде аламыз. Өлі туу көрсеткіші мен тума анамалияларымен туған балалар көрсеткіштеріне ерекше мән беріледі.

Осы мәліметтер зиянды факторлардың (мутагенді, гонадотропты және т.б.) қолайсыз әсерін анықтауда қолдануға болады, өйткені жұмысшылар еңбек ету процесінде осы факторлармен қатынаста болуы мүмкін. Мәлімет көздері болып мемлекеттік статистикалық комитеттің есеп-беру құжаттарына жүгініп, анығырақ айтатын болсақ (форма № Ю 6-2) «Перинатальды өлім туралы куәлік» құжатында өлі туу себептері тереңірек көрсетіледі. Кейбір жағдайларда жұмысшылардың денсаулық жағдайын зерттеген кезде өлім көрсеткіштерін (оның ішінде эпидемиялық тексеру кезінде де) қолданады. Осы талдау арқылы жасына, еңбек өтіліне, мамандығына байланысты зиянды өндіріс факторларымен байланысы бар екендігін анықтауға болады.

Негізі өлімді куәландыратын және өлім себебін айқындайтын - Өлім туралы дәрігерлік куәлік (форма № 01 0 б/у) құжат болып табылады, оны негізгі тіркеу (статисткалық) құжаты ретінде қолдануға болады.

Дене дамуы денсаулық жағдайының объективті көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Морфологиялық және функциональдық белгілерінің жиынтығынан туындайтын организмнің дамуы мен қалыптасуы дене дамуы деп білеміз. Дене дамуына эндогенді (тұқым қуалаушылық және т.б.) экзогенді факторлар әсерін тигізеді. Олардың ішінен табиғи-климаттық және әлеуметтік-экономикалық факторларды, адамның еңбек жағдайы мен сипатын ерекше атап кеткен дұрыс.

Кешенді дене дамуы белгелерін бағалау төмендегілерден тұрады:

  • антропометриялық (тұрғандағы бойы, дене салмағы, кеуде ауқымы және т.б.);

  • физиометриялық (өкпенің тіршілік сыйымдылығы, бұлшық ет күші мен төзімділігі және т.б.);

  • соматоскопиялық (дененің қалыптасуы, бұлшық еттің дамуы, кеуде клеткасының формасы және т.б.)

Кез келген кәсіптік топтың дене дамуы туралы мәліметтерін бақылау тобының мәліметтерімен салыстыруға болады немесе жас және жыныс топтары бойынша алынған мәліметтердің орташа сандарымен де салыстыра аламыз.

Соңғы жылдары дене дамуының көрсеткіші негізінде жалпы физикалық жұмысқа қабілеттіліктің интегральды көрсеткішін есептейміз, осы есептеу арқылы біз өмірге қажетті мүшелермен жүйелердің резервті және функциональды мүмкіншілігін қамтамасыз етеміз.

Денсаулық жағдайын бақылау және бағалау әдістері. Жұмысшылардың сырқаттанушылығы көптеген факторларға байланысты. Осыған байланысты жұмысшылардың сырқаттанушылығына әсер ететін факторлардың мынадай төрт тобын бөлеміз:

1 – ші топ – биологиялық (жынысы, жасы және басқалары);

2- ші топ – медициналық-әлеуметтік (еңбек еткенге дейінгі денсаулық жағдайы, балаларының болуы, үй жағдайы және т.б.);

3-ші топ – тұрғындардың медициналық мекемелеріне қаралуына әсер-етуші факторлар (медициналық көмек арзан болуы, өзінің денсаулығына қарауы және т.б.);

4- ші топ - өндірістік факторлар (еңбектің сипаты мен жағдайы).

Сырқаттанушылықты тіркеу және талдау жасау

Жұмысшылардың сырқаттанушылығын зерттеудің үш негізгі әдістері қолданады:

  • емдеу-профилактикалық мекемелеріне емделу көмегімен қаралулары. Бұл жағдайда көбінесе ең бірінші амбулаторлы-емханалық мекемелеріне қаралу бойынша тіркеу материалдарын немесе еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларын тіркеу материалдарын қолданамыз;

  • профилактикалық-медициналық тексеру нәтижелері бойынша;

  • өлім себептері бойынша.

Көп жағдайда мәліметтерді, ақпаратты көп беретін алғашқы 2 әдіс болып табылады. Еңбекке уақытша жарамсыздық сырқаттанушылығын зерттеу мақсаты мен себебіне қарай, оны негізінен 16 ВН форма бойынша немесе барлығын тіркеу (персональды тіркеу мә-ліметі бойынша) тереңірек зерттеу әдісі. Қарау бірлігі болып екі әдісте де жұмысшы-лардың әрбір еңбекке жарамсыздығы жағдайымен байланысты болады, оны тіркеу құ-жатынан- еңбекке жарамсыздық парағы бойынша білеміз. Ол кәсіпорын бухгалтерия-сында болады, өйткені ол заңды және қаржылық құжат болып саналады. Еңбекке жарам-сыздық парағынан аурудың ұзақтығы мен ауру туралы мәліметтерді талдай отырып, кәсіподақ комитеті мен медициналық-санитарлық бөлім (денсаулық пункті) дәрігері тоқсанға есеп беру мәліметінде мекеменің төлқұжаттық мәліметтері (аты, саласы, қай министрлікке қарайтындығы), осы есеп-беру тоқсанында жұмысшылардың ай ішіндегі орташа саны (қабылданған және шығарылған), оның ішінде әйелдердің саны көрсетіледі.

Аурулардың тобы, жиынтығы, жеке аурулар бойынша еңбекке жарамсыздық күндерінің саны мен абсолютті жағдайлары 16 ВН формалы есеп беру құжатында болады.

16 ВН формасы бойынша сырқаттанушылыққа талдау жасағанда интенсивті (бір жағдайдың орташа ұзақтығы, аурулардың тобы, жеке формасы және барлық 100 жұмысшының еңбекке жарамсыздық күндерінің саны мен жағдайлар саны) және экстенсивті (құрылымы) (еңбекке жарамсыз күндері немесе барлық жағдайлар арасындағы еңбекке жарамсыздық күндері, қандай аурумен байланыстылығы, жағдайлардың үлес салмағы) есептеулер арқылы жүргізіледі.

Осы аталған көрсеткіштердің информациялығы шектеулі. Осы кәсіпорындағы уақытша еңбекке жарамсыздық сырқаттанушылығының динамикасын білуге болады (жыл бойы, жыл ішінде) сонымен қатар басқа да кәсіпорын салалары, цехтармен салыстырмалы бағалауды өткізуге болады. Құрылымдық көрсеткіштер арқылы жұмысшылардың сырқаттанушылығының негізгі үлес салмағын анықтауымызға болады. Жұмысшылардың сырқаттанушылығының интенсивті және құрылымдық жалпы мағлұматтарын бере отырып, 16 ВН есеп-беру формасы, тереңірек талдау жасай алмайды. Өйткені бұл есеп беру формасында стажы, жасы, мамандығы, жұмыс орны т.б. мәліметтері жоқ болғандықтан сырқаттанушылыққа әсері бар жоқтығын біле алмаймыз. Сонымен қатар есептегенде жыл бойы және одан көп жұмыс істегендер, жұмысқа қабылданғандар мен жұмыстан шыққандарды алады. Осы факттар арқылы біз стаждың сырқаттанушылыққа әсері бар екендігін біле алмаймыз. 16 ВН есеп беру формасындағы аурулардың номенклатурасы қазіргі кезде көп кездесетін негізгі аурулармен ғана шектеледі. Осыған байланысты өндіріске (мамандығына) тән ауруларды жалпы аурулар қатарына жатқызады. 16 ВН формасындағы кемшіліктерді жойсақ, онда персональды (жеке) есеп беру мәліметіндегі сырқаттанушылықтың уақытша еңбекке жарамсыздығын тереңірек талдай алмаймыз. Осы көрсетілген әдіспен зерттеуді өткізумен, ұйымдастырылуының негізгі талаптары «Уақытша еңбекке жарамсыздық сырқаттанушылығын тереңірек зерттеуге арналған әдістемелік нұсқауында жазылған. Уақытша еңбекке жарамсыздық сырқаттанушылығын тереңірек зерттеу әдісі арқылы аурулардың номенклатурасын құрастыруға болады.

Осы номенклатура ауруларын жұмысшылардың жынысы, жасы, стажы, мамандығы және өндірістік-кәсіптік жағдайларда тұрақты жұмыс істейтіндер (1 жылдан аз емес) бойынша жасаймыз. Сырқаттанушылықты жеке тіркеу мәліметі бойынша өңдегенде еңбекке жарамсыздық парағы немесе жұмысшының персональды (немесе жеке тіркеу картасы) картасын қолданамыз. Соңғысы мекеменің әрбір жұмысшысына толтырылады. Онда жұмысшының фамилиясы, аты, әкесінің аты, жынысы, жасы, мамандығы және жұмыс стажы (жалпы осы мамандығы бойынша) көрсетіледі. Медико-санитарлық бөлімнің (денсаулық пункті) жұмысшылары мәліметтерді еңбекке жарамсыздық парағынан алып осы картаға жазады. Сырқаттанушылықты талдау үшін орташа 3-5 жылдағы зерттеу мәліметтерін алады. Алынған көрсеткіштерден біз еңбек жағдайы мен сипатының ролі туралы толық мағлұмат ала аламыз, сонымен қатар осы орташа көрсеткіштер де кездейсоқ әсер ету факторларының, сырқаттанушылықтың бөлек жылдарына қарағанда аз көрінетіні байқалады. Персональды тіркеу мәліметтері бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық сырқаттанушылығын талдауда қолданатын көрсеткіштердің негізгі тізімдері 2-ші кестеде көрсетілген.

Кесте 2

Жыл бойы жұмыс істеген жұмысшылардың еңбекке уақытша жарамсыздық сырқаттанушылығын талдауда қолданатын көрсеткіштердің негізгі тізімдері.

Көрсеткіштердің аталуы

Көрсеткіштердің тану мәндері

Есептеу әдісі

1

2

3

4

1

Жұмыс орнының ауысым-отыру коэффициенті

Кадрлардың қозғалыс интенсивтілігін сипаттайды

Жыл бөлігіндері жұмыс істегендердің саны (шығарылған + қабылданған) (Рш + Рқ)

Х 100

Жыл бойы жұмыс істеген жұмысшы

Контингенттерінің саны (Рк)

2.

Әртүрлі формадағы (ауру топтары) бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының құрамы

Сырқаттанушылық құрылымы

Осы ауруға (немесе аурулар тобына)байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының саны

Х 100

Барлық аурулар бойынша уақытша еңбекке

жарамсыздық жағдайларының жалпы саны

3.

Әртүрлі формадағы (ауру топтары) уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің құрамы

Сырқаттанушылық құрылымы (аурулардың уақытша еңбекке жарамсыздық күндері бойынша)

Осы ауру бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің саны

Х 100

Барлық аурулар бойынша уақытша еңбекке

жарамсыздық жағдайларының жалпы саны

4.

Ауырған адамдардың көрсеткіші

Жыл бойы жұмыс істеген контингенттер арасындағы ауырған адамдардың жиілігі

Ауырған адамдар саны (Б)

Х 100

Жыл бойы жұмыс істеген жұмысшы

Контингенттерінің саны (Рк)

5.

Жалпы ауырғандардың ішіндегі, аурудың созылмалы формасымен ауырғандардың проценті

Жалпы ауырғандарға қарағанда аурудың созылмалы формасымен ауырғандардың үлесін көрсетеді.

Аурудың созылмалы формасымен ауырғандардың саны

Х 100

Ауырған адамдардың жалпы саны

6.

Ауырмағандар көрсеткіші (адамдардың денсаулық индексі)

Жыл бойы жұмыс істейтін контингенттерінің арасындағы ауырмағандар жиілігі)

Ауырмаған адамдар саны (Б)

Х 100

Жыл бойы жұмыс істеген жұмысшы

Контингенттерінің саны (Рк)

7.

Ауруға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының көрсеткіші

Жыл бойы жұмыс істейтін жұмысшы контингентерінің арасындағы ауруға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының жиілігі

Ауруға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайларының саны (Ж)

Х 100

Жыл бойы жұмыс істеген жұмысшы

Контингенттерінің саны (Рк)

8.

Ауруға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің көрсеткіші

Ауруға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің жиілігі

Ауруға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық күнінің саны (К)

Х 100

Жыл бойы жұмыс істеген жұмысшы

Контингенттерінің саны (Рк)

1

2

3

4

9.

Ауруға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық 1 жағдайының орташа ұзақтығы

Ауруғу байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайының созылуы

Бірге алынған барлық аурулардың уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің саны

Х 100

Барлық аурулар бойынша уақытша еңбекке

жарамсыздық жағдайларының жалпы саны

10.

Жынысына, жасына, өндірістік кәсіптік және басқа топтары бойынша ажыратылған көрсеткіштер

әртүрлі зерттеу топтарындағы еңбекке жарамсыз күндерінің, жағдайларының ауырған адамдардың жиілігі

Есептеу әдісін № 4,5,6,8 көрсеткіштерден қарайсыздар

11.

Бір ауырған адамның уақытша еңбекке жарамсыздығының жалпы орташа ұзақтығы (барлық жағдайларды қосқанда)

Жыл ішінде 1 ауырған адамның уақытша еңбекке жарамсыздық күнінің орташасы қанша

Барлық жағдайлар бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық күндерінің саны (К)

Х 100

Ауырғандардың жалпы саны

12.

Уақытша еңбекке жарамсыздықпен байланысты аурулардың ауру жағдайы реттілігінен ауырғандарды тарату

Уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты ауырған адамдардың ауру реттілігінің құрамы.

а) 1жылдағы уақытша еңбекке қабілетсіз ауру жағдайымен ауырғандардың саны (1 рет)

Х 100

Барлық ауырғандар саны (А)

б) Ауруына байланысты 3 немесе одан да көп уақытша еңбекке қабілетіздігімен ауырғандар саны (3 және одан көп)

Х 100

Ауырғандар саны (А)

13.

Жыл бойы жұмыс істеген 100 адамның ауруына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық көп жағдайының саны және 0, 1,2,3 жиілік көрсеткіштері

Жыл бойы жұмыс істейтін контингент жұмышыларының әртүрлі жағдай жиілігінің санын сипаттайды.

Ауруына (0,1,3 рет және оданда көп) байланысты уақытша еңбекке жарамсыз жағдайының шектелген санымен ауырғандардың саны

Х 100

Жыл бойы жұмыс істеген жұмысшы контингенттерінің саны (Рк)

14.

Жедел аурулардың қайталану жағдайларының көрсеткіші

Осы аурумен ауырған 1 науқастың жедел ауруына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайының орташа саны

Жедел ағымды жүретін нозологиялық форма бойына уақытша еңбекке жарамсыз жағдайының саны

Х 100

Осы нозологиялық форма бойынша ауырған адамдардың саны

15.

Созылмалы ауру өршеуінің қайталану көрсеткіші

Осы аурумен ауырған 1 науқастың созылмалы ауруына өршеуіне байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайының орташа саны

Уақытша еңбекке жарамсыздықпен жүретін созылмалы ауруының өршу жағдайының саны

Х 100

Осы созылмалы аурумен ауырғандардың саны

16.

Ауруына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығының ұзақтылығына байланысты ауырған адамдардың құрамы, %

Жалпы ауырған жұмысшылар ішіндегі осы немесе басқа уақытша еңбекке жарамсыздығы ауруына байланысты ұзақтығының қанша үлес құрағанын көрсетеді.

Ауруына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы 10 күннен аз құраған ауырған адамдар саны (10-19,20-29 күн және т.б.)

Х 100

Ауырған адамдар саны (А)

Ауруына байланысты 40 күн және одан көп күн ішіндегі уақытша еңбекке қабілетсіз адамдардың пайызын айтқан жөн.

1

2

3

4

17.

Жыл бойы жұмыс істеген 100 адамның ауруына байланысты уақытша еңбекке қабілетсіздігімен шектелген ұзақтығымен ауырғандардың жиілігі

Жыл бойы жұмыс істеген 100 адамның ауруына байланысты уақытша еңбекке қабілетсіздігімен шектелген ұзақтығымен ауырғандардың жиілігін көрсетеді.

Ауруына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы 10 күннен аз құраған ауырған адамдар саны (10-19,20-29 күн және т.б.)

Х 100

Жыл бойы жұмыс істеген жұмысшы контингенттерінің саны (Рк)

Ауруына байланысты 40 күн және одан көп күн ішіндегі уақытша еңбекке қабілетсіз адамдардың пайызын айтқан жөн.

18.

Уақытша еңбекке қабілетсіздік жағдайының құрамы (ауруға байланысты уақытша еңбекке қабілетсіздік жағдайының жалпы саны, процентте)

Жалпы ауырған жұмысшылар ішіндегі осы немесе басқа уақытша еңбекке жарамсыздығы ауруына байланысты ұзақтығының қанша үлес құрағаныны көрсетеді.

Ауруына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы 10 күннен аз құраған ауырған адамдар саны (10-19,20-29 күн және т.б.)

Х 100

Ауруға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайының ерекше саны (Ж)

19.

Осы зерттелетін жылдағы ұжым жұмысының адам-күн жалпы санының ауырған күндері бойынша өткізген күндерінің үлес көрсеткіші

Ауруы бойынша өткіщген күндерінің үлес көрсеткіші

Ауруына байланысты еңбекке қабілетсіз күндерінің саны

Х 100

Ұжымның барлық адам-күн жұмысының жалпы саны (жоспар бойынша) (N x Pk) , бұл жердегі N бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.

Толық күнтізбелік жылдағы нақты өндірістік-кәсіптің жағдайдағы жұмыс істеген ең тұрақты контингенттерді жекелей тіркеуде сырқаттанушылықты тереңірек зерттеуде көрсетілген әдісінде негізделеді. Жыл бойы жұмыс істейтін кадрлар құрамының азғана ауысуы жұмысшылардың негізгі массасын құрайды және олардың сырқаттанушылық көр-сеткіштері, еңбек ұжымы сырқаттанушылығын толығырақ сипаттайды. Бірқатар аудан-дағы өнеркәсіпті игеретіндер еңбек ұжымының кадрлары жоғары алмасуымен ерек-шеленеді, олар мемлекетіміздің облыс орталықтарындағы өнеркәсіптерден 3-5 есе жо-ғары. Осындай ұжымдардағы жылдың бөлігінде жұмыс істегендер саны жыл бойы жұмыс істегендердің санынан асып кетіп сол себептен, сондықтан соңғыларының сырқат-танушылығы еңбек ұжымының сырқаттанушылығының жағдайын сипаттай алмайды.

Еңбек ұжымын құрайтын құрамындағы жаңадан қабылданған және шығарылғандардың сандарының көбеюін көңілімізге алсақ, онда біз 3 жұмыс істейтін контингенттерінің сырқаттанушылығын: жыл бойы, жаңадан қабылданған және шығарылғандарды зерттеуіміз қажет. Нақтырақ ДСМ бекітілген «Сырқаттанушылықтың уақытша еңбекке жарамсыздығымен байланысты кадрлардың жоғары алмасуын зерттеуге арналған әдістемелік ұсыныстар» жайлы әдістемесінде жазылған.

Еңбек сипаты мен жағдайының ауруға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығымен салыстарғанда сырқаттанушылықтың келесі топтарын анықтайды.

  • негізгі мен бақылау (факторлар әсері жоқ);

  • әртүрлі қандылықты дәл сонда фактордың әсеріне ұшыраған бірнеше өндірістік-кәсіптік топтар.

  • Жұмыс жағдайы мен факторлар әсерінің ұзақтығын көрсететін, нақты өндірістік-кәсіптік жағдайларда ұзақ уақыт жұмыс жасайтын, жұмысшылар тобы. Бұл топтар жасы, жынысы және басқа белгілері бойынша біртекті болу керек.

Салыстырылатын кәсіптік топтардың әралуандығының статистикалық айқындылығын Стьюдент критерийі (t) көмегімен бағалауға болады.

Егер ауырғандар саны 25%-дан кем емес немесе 75%-дан жоғары болса, белгілердің әралуандығын Фишер критерийі көмегімен бағалау ұсынылады.

Құбылыстар арасындағы байланыс жоқ немесе бар болса, белгілерді сәйкестік (х2) көрсеткіші көмегімен тексеруге болады; бірақ бұл көрсеткіш байланыстың күшін бағалауға мүмкіндік бермейді.

Сырқаттанушылыққа, уақытша еңбекке жарамсыздыққа көрсеткішіне әр түрлі факторлардың әсер ету маңызы мен мөлшерін сандық анықтау үшін талдаудың дисперстік корреляциялық, дискриминантты түрлері және басқа да математико-статистикалық әдістері пайдаланады.

Статистикалық материалдық талдауын дұрыс көрсету үшін оны графикалық түрде бейнелеу қажет (сызықтық, бағаналық, дөңгелек диаграмма).

Сырқаттанушылық пен еңбек жағдайының арасындағы себеп-салдарлық

байланыстың болуы туралы мәліметтерді пайдаланып, дәрігер өндірісте жұмысшылардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін сауықтыру шараларын негіздеуіне болады.

Кәсіптік сырқаттанушылықты талдау. Кәсіптік сырқаттанушылық еңбек ұжымын еңбек жағдайының әсер ету сипатын анықтайтын ұғым.

Құрылымының ерекшелігін, таралуын, жұмыс топтарының жастық зақымдалуын, кәсіптік сырқаттанушылықтың пайда болу себебін және жағдайын анықтай алдын-алу шараларын өңдеуге мүмкіндік береді.

Кәсіптік сырқаттанушылықты зерттеу кезіндегі ақпарат көзі болып, МСЭҚ дәрігерлерімен жылына 2 рет құрастырылатын «Кәсіптік есеп» саналады. Сонымен қатар, статистикалық есеп беру құжаты болып «Кәсіптік уланулар мен кәсіптік сырқаттанушылықты терксеру актісі» саналады.

Сонымен қатар, еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу орталықта-рында кәсіптік аурулардың арнайы есеп картасы арқылы жеке есеп беру жүйесі жолға қойылған.

Картаның құрамына науқастың төлқұжаттық мәліметтері, кәсібі, еңбек жағдайының сипаты, кәсіптік ауру тудыратын жағдайлары кіреді.

Жалпы түрде кәсіптік сырқаттанушылықты талдау кезіндегі ақпаратты жинау мен өңдеу реті, уақытша еңбекке жарамсыздық талдауынан ерекшеленбейді. Бірақ бірқатар ерекшеліктер болуы мүмкін. Кәсіптік сырқаттанушылық зерттеу мақсаты мен талаптарына байланысты 5 жылдан кем емес уақытқа зерттелуі керек. Бұл бақылау белгілерін көбейтуге мүмкіндік береді. Кәсіптік сырқаттанушылықты талдаудың мұндай жолы, зерттелетін кәсіпорында технологиялық процестің түбірлік өзгерістер, алдын-алу шаралары енгізілсе ғана пайдаланады.

Кәсіптік сырқаттанушылықты зерттеу кезінде кәсіптік зиянмен қатынаста болу уақытына байланысты, оның таралуы басты роль атқарады.

Бірғана кәсіптік зиян әртүрлі сырқаттанушылық тудыруы мүмкін (мысалы, этилацетат созылмалы бронхиттің, бронхтың демікпенің, аллергиялық дерматиттің, т.б. этиологиялық факторы болуы мүмкін). Соған байланысты аурудың еңбегін ұйымдастыру ерекшеліктерін терең зерттеу қажет.

Кәсіптік сырқаттанушылықты кәсіптік зияндылық қаруындылығымен байланыстыру үшін, аурудың жиілігі мен ауырлығының сандық параметрлерін талдау қажет.

Зерттелетін кәсіптік аурудың зақымдалатын контингенттерін анықтау үшін, жасын, жынысын, кәсібін, аурудың иодотогиялық формаларын ескеру қажет.

Басты орында кәсіптік сырқаттанушылыққа әкелген талдау нәтижелері болып саналады. Кәсіптік науқастар өз жұмысында еңбекке қабілетті, басқасында мүгедектік – алуы мүмкін. Науқастарды мүгедектікке немесе басқа жұмысқа ауыстыру, толық емделуге әкелмейтін сырқаттың ауырлығымен байланысты. Кезеңдік медициналық тексеру сапасын бағалау мақсатымен кәсіптік сырқаттардың анықталуын бақылау қажет.

Алғаш рет қойылған диагноздың бұрмалануы медициналық қарау сапасының төмендігін куәландырады.

Кәсіптік ауруларды талдау кезінде басты орында олардың себебін анықтау бболып саналады, өйткені бұл сауықтыру шараларын өңдеуге мүмкіндік береді. Кәсіптік зақымдалудың кең тараған себептеріне технологиялық процестердің жеткіліксіздігі, құралдардың, санитарлық техникалық қондырғылардың дұрыс дамымауы, және қорғаныс заттарының болмауы және т.б. жатады.

Осы әдіспен, еңбек гигиенасы дәрігернің кәсіптік ауруларды зерттеуі жұмысшы кнтингентінің денсаулығын жақсартуға бағытталған шараларды жүргізуге көмектеседі, олар кәсіптік ауруды тудырушы жағымсыз болжамдар болады.

Әлеуметтік тиімділікті сырқаттанушылықтың төмендеуі анықтайды. Әлеуметтік тиімділікті шағын өндірісте пайдалы нәтиже алу үшін сауықтыру-профилактикалық шараларды жүргізуге жұмсалған шығын көлемін есептеумен анықтайды.

Қазіргі уақытта сырқаттылық төмендеуінің әлеуметтік тиімділігін анықтаудың түрлі әдістері бар. Дәрігер, еңбек гигиенасы сұрақтарын шешуші дәрігер кейбір есептеулерді жүргізе білуі қажет (кейде экономист көмегін қолдануы мүмкін) сонымен қатар экономикалық көрсеткіштер әкімшілік үшін жеткілікті айқын екендігін ескеру керек.

Ережеге сәйкес, өндіріске сауықтыру шараларды енгізген соң 3-5 жылдан кейін қайта талдау жасалып уақытша жұмысқа жарамсыздықты анықтайды. Анықталған көрсеткіштердің төмендеуі экономикалық эффективтілікті бағалауға негіз болады.

Сырқаттанушылықтың профилактикасында экономикалық пайдалы нәтижені есептеу. Берілген жағдайда пайдалы экономикалық нәтиже, сырқаттанушылықтың санын төмендету арқылы потенциалды нұсқау келтіру эквивалентін жобамен алынған.

Егер сырқаттылықты, N1 – деп егер профилактикалық шаралар қолданар алдындағы кезең, ал N2 – деп осы шараларды өткізгенмен кейінгі кезең, және К мен рубимен әр сырқаттылық жағдайдың орташа экономикалық көлемін белгілейміз.

Сырқаттылық алдын алумен экономикалық ұтысты (Е) келесі формуламен өрнектейді.

E = K( N1-N2)

Сырқаттылық төмендеуінің жалпы экономикалық тиімділігін есептеу. Бұл әдіс негізіне биылғы жыл мен өткен жылдағы жұмыс уақытының жұмысқа жарамсыздықтықтың төмендеуі нәтижесінде ұзаруын салыстырады.

Жалпы үнемді өнімнің құны төмендеуі және еңбекке жарамсыздық қағазына төлеудің төмендеуімен байланысты соммасы есептелінеді.

Ол үшін келесі мәліметтерді білу керек:

  • жұмысшылар саны (орташа осы жылда)

  • жұмысқа жарамсыздық күнінің абсолютті саны (ф.16-ВН формасы бойынша)

  • 1 жылда жұмыс жасалған адам-күн саны

  • сырқаттануға байланысты 1 жылда жазылған адам-күн жұмыс уақыт саны.

  • 1 жұмысшыға келетін орташа жұмыс күнінің саны

  • жылына 1 жұмысшыға келетін өнім саны орташамен

  • жылына 1 жұмысшыға келетін шартты-тұрақты шығын орта есеппен.

Экономикалық көрсеткіштердің есептік реті 3 кестеде көрсетілген.

Қазіргі уақытта көптеген өндіріс орнында есептеуіш орталық ЭВМ дермен жабдықталған машинада есептеулердің материалдарын дайындап, жинақтау қиын емес. Оның баста элементтері он біріншілік құжаттарды ерекше кодтай және ведомствтерді шифрлеп толтыру. Есептеуіш орталықта жұмыс жасаушы инженерлер үшін математикалық бағдарламаларын құрастыруда, үлкен қиындық туғызбайды.

ЭВМ пайдалану зертетулерді кеңейтіп және математикалық статистикада жаңа әдістерді қолдануға мүмкіндік береді.

Кесте 3

Экономикалық көрсеткіштерді есептеу әдістемесі

Көрсеткіш

Есептеу әдісі

Аурудың төмендеу нәтижесінде жұмыс сағаты сақталуы %

Өткен жылдағы Жұмыскер-

еңбекке жарам лердің

сызды Х орташа саны

күнделікті

көрсеткіші

Жұмысты аяқтап бітірген жұмыскерлердің – күнделікті саны

Уақыт сақталу нәтижесінде, өнім шығару

Әр бір жұмыскер Жылдық жұмыс

лердің жылдық уақытының

өнім шығаруы Х сақталуы.

Күніне – адам

б ір адамға орташа жұмыс күні

Өнімнің құнын төмендеу нәтижесінде үнемдеу

бір адамға жыл Жылдық жұмыс

дың әр кездегі уақытының

шартты шығын Х сақталуы.

Күніне – адам

б ір адамға орташа жұмыс күні

Еңбекке жарамсыздығы қағазына шығынның төмендеу. Жоспарға қарсы

Шығын жоспар бойынша- факты шығын

Шығынға қарсы Өткен жыл

Жылдық шығын - өткен жылдың шығыны

Алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер МСЭҚ емдеу мекемесі дәрігерлермен біріге жүргізетін шаралардың ішіндегі негізгі профилактикалық шаралар тобы болып табылады.

Жұмысшыларды жұмысқа қабылдау алдында міндетті түрде алдын ала және кезеңді медициналық тексерулер, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары үкімет заңдарымен реттелген: «ҚР халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» заңы (2002), «О безопасности и охране труда» (1998) және ҚР ДСМ №243 «Перечень вредных производственных факторов, профессий, при которых обязательны предварительные и периодические медицинские осмотры и Инструкции по проведению обязательных и предварительных медицинских осмотров работников, подвергающихся воздействию вредных, опасных и неблагоприятных производственных факторов» бұйрығы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Өнеркәсіпте қауіпті және зиянды факторлары бар жұмысқа жаңадан қабылданғандарды алдын ала медициналық тексерудің мақсаттары:

1. Денсаулығы толығымен осы мамандық иелеріне қойылатын талаптарға сай келетін, жауапкершілігі жоғары адамдар ғана жұмысқа жіберу: мысалы, көтергіш крандарда істейтіндердің вестибулярлық аппаратында ауытқулар болмауы керек, көру алаңының шектелуі 200 кем емес, т.б.

2. Жұмысқа денсаулығының ауытқулары жоқ, зиянды өндірістік факторлар әсерінен кәсіби ауруларға шалдықбайтын адамдарды ғана жұмысқа жіберу, мысалы: созылмалы бронхитпен немесе созылмалы пневмониямен ауыратын адамдар асбест шаңы әсері бар өнеркәсіптерде жұмыс істей алмайды, себебі, ол ауру ағымын ауырлатып, асбестозға әкелуі мүмкін.

3. Денсаулығында ауытқулары жоқ, инфекциялық және паразитарлық аурулардың таралуына себеп болмайтын адамдарды жұмысқа жіберу. Мысалы: қоғамды тамақтану, тамақ өнеркәсібінде, тұрмыстық қамсыздандыру мекемелерінде, балалар мекемелерінде және т.б. жерлерде инфекция қоздырғышын тасымалдаушы адамдар жұмысқа жіберілмейді.

Медициналық тексерулерді тиісті лицензиясы және сертификаттары бар (аумақтық емхана, медициналық-санитарлық бөлімшелер және т.б.) барлық емдеу-профилактикалық мекемелер жүргізе алады. Жұмыс беруші жұмысшыға медициналық тексеруге жолдаманы кәсібіндегі зиянды және қауіпті өндірістік факторлары көрсетілген тізімімен қоса береді, ол өз кезегінде оны емдеу-профилактикалық мекемеде емдейтін дәрігерге беруі керек (денсаулық пункті дәрігері, аумақтық учаске дәрігері және т.б.).

Емдеу мекемелерінің дәрігерлері әр берілген мамандыққа денсаулығының жарамдылығы бойынша шешім қабылдаған кезде, зиянды және қауіпті факторлар, басқа да кері әсер ететін факторларға көңіл аударуы керек, сонымен қатар, қосымша әр өндірістік факторға қарсы көрсеткіштерді арнайы тізімдерден (№ 1,2 тізімдер) қарауы тиіс. Медициналық зерттеулер нәтижелері амбулаторлық картаға жазылады. Жұмысқа жарамдылығы бойынша дәрігердің қорытындысы беріледі.

Берілген кәсіпорында санитарлық қадағалау жүргізетін еңбек гигиенасы дәрігері, медициналық қараудан кейін рұқсат етілетін мамандықтар тізімін дайындауы қажет.

Осы тексерулердің сапасын ұйымдастыру бойынша сәйкес акт толтырады. Әкімшілік медициналық тексеруден өтпегендерге жауапты. Медициналық тексеруден өтпегендер жұмысқа жәберілмейді.

Кезеңдік медициналық тексерудің, яғни жұмысшылардың денсаулығына динамикасында бақылау жүргізудің мақсаттары: 1) кәсіптік аурулардың алғашқы симптомдарын анықтау, патологиялық процестің дамуын тоқтату; 2) зиянды еңбек жағдайында жұмыс жасауға кедергі жасайтын сырқаттанушылықты анықтау; 3) зерттеулерден туындайтын дербес профилактикалық шаралармен қамтамасыз ету.

Медициналық қарау ұйымдастыруда, нәтижелерді талдауда емдеу профилактикалық, гигиеналық шаралар ұйымдастыруда бас рольді гигиена дәрігері атқарады.

Санитарлық зерттеу нәтижесінде акт толтырылады. Онда цехтардың, участкелердің, мамандықтардың және зиянды факторлардың атаулары көрсетіледі. Санитарлық зерттеу акті негізінде кәсіпорын әкімшілігі бір ай мерзімінде мамандықтардың өндірістік зиянды факторлардың тізімін құрастырады. Бұл тізім МСЭҚ-мен келісіледі.

Емдеу профилактикалық мекемелері (медициналық-санитарлық бөлім, емхана және

т.б.) МСЭҚ-алынған контингент пен оның әкімшілігінен алынған жұмысшылар тізімі бойынша медициналық тексеруге жататындығы туралы, осы жұмыс бойынша медициналық тексеру өткізу жоспары еңбек гигиенасы дәрігерінің келісімімен және белгілі формамен құрастырылады. Мекеменің әкімшілігі толық медициналық тексеру өту жайында бұйрық шығарады, онда: цехтар, өту мерзімі және медициналық тексеру өтетін орын белгіленеді. Әкімшілік жұмысшылардың медициналық тексеруден дер кезінде және толық өтуін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорындағы әрбір жұмысшыға сапалы түрде медициналық тексеру жүргізіліп, нақты қортынды берілуі тиіс. Осы кәсіпорынға қызмет көрсетуші емдеу-профилактикалық мекемесі және кезеңді медициналық тексеру өткізетін дәрігерлер міндетті түрде кәсіптік аурулар жайындағы біліктілігі жоғары болуы керек. Дәрігерлердің дайындықтарын емдеу профилактика мекемелері және МСЭҚ-дың бас дәрігерлері қамтамасыз етулері керек. Емдеу мекемелерінің дәрігерлерінің дайындықтарының деңгейіне байланысты медициналық тексеру сапалы өтеді. Кезеңдік медициналық тексеру нәтижелері амбулаторлық медициналық картаға жазылады. Мұнда әр бір кезеңдегі тексерулер және өзгерістер жазылады. Медициналық қарау нәтижесінде анықталған науқасқа мынадай емдеу сауықтыру шаралы жүргізіледі: денсаулық жағдайы өзгергенде динамикалық дәрігерлік бақылау. Қажет жағдайда стационарлық, санаторлық-курорттық жолдама беріледі, диеталық тамақтану тағайындалады. Жұмысқа қарсы көрсетілген белгілер табылған кезде, оны басқа жұмысқа немесе мүгедектікке ауыстырады.

Медицианлық тексеру кезінде кәсіптік ауру белгілері анықталса, диагнозды айқындау мақсатымен арнайы зерттеулер тағайындалады.

Диагнозды қою кезінде конфликті жағдайлардың туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда, кәсіби аурулар орталығының арнайы конфликті комиссиясы құрылып, диагнозды эксперт-мамандар тобы бекітеді.

МСЭҚ – мекемесінің сұрауы бойынша зерттелушінің еңбек жағдайын санитарлық гигиеналық сипаттамасы жасалады. Оған МСЭҚ бас дәрігері қол қояды.

Мінездеме жұмысшының еңбек жағдайын толық түрде сипаттайтын, өндірістік орта мен еңбек процесінде зиянды факторла тізімінің сандық сипаттамасы факторлар дина-микасында жұмысшыларға берілген максимальді мерзіміне сәйкес келуін қамту керек.

Бұл жағдайда СЭС-тен зертханалы-инструментальды зерттеудің ғылыми зерттеу институттары медициналық жоғары оқу орындарының белгілері қажет. Ауысым уақытында фактордың әсер ету уақытын хронометражды белгілермен көрсетеді.

Табиғи инфекциялық аурулар мен кәсіптік аурулар (мысалы сібір түйнемесі малшылардағы бруцеллез) арасындағы байланысын аудандық МСЭҚ-дың дәрігер-эпидемиологы тағайындайды да жұқтыру ошағында инфекциялық ауруды эпидемиологиялық тексеруді жүргізеді. Аурудың инфекциялық және паразитарлық жұғуын дәлелдейтін құжат болып эпидемиологиялық тексеру картасы жатады.

Барлық өндірістік аурулармен және денсаулық жағдайына байланысты ауытқуларға ұшыраған адамдар міндетті түрде цех терапевтерімен диспансерлік бақылауға алынады.

Клиникалық көрінісі бойынша нейротропты улармен (сынап, марганец, тетра-этил қорғасын, күкіртті-көміртсутек) және діріл ауруына шалдыққан науқастар невропатологта диспансерлік қадағалауда болады, қарқынды өндірістік шудың әсері бар топтар отоларингологта, ал жұмысшылардың көп бөлігі учаскелік терапевте диспансерлік бақылауда болады. Медициналық тексеру кезінде еңбек гигиенасының дәрігері міндетті түрде бақылауы керек:

  • тексеру өту мерзімін

  • жұмысшылардың толық өтуін

  • сауықтыру шараларының орындалуын

Жұмыстың негізгі тарауы - кезеңді медициналық тексерудің және цехты гигиеналық тексерудің нәтижесі бойынша сауықтыру шараларын әзірлеу болып табылады.

Дәрігер-гигиенист кезеңді медициналық тексерудегі барлық нәтижелерді жан жақты бағалай білуі керек және гигиеналық, емдеу-профилактикалық шараларды ескеруі керек. Жыл сайын кезеңдік медициналық өту нәтижелері кәсіпорында талқыланады; дайындық және өту кезінде қатысатын комиссия (емдеу-профилактикалық мекеме, МСЭҚ, кәсіпорын әкімшілігі, кәсіпорынның кәсіподақ комитеті) қортынды актісін құрастырады.

Бұл актіде міндетті түрде жұмысшылар саны медициналық тексерістен өткендігі және оның қорытындысы (жалпы және өндірістік ауруларға күдікті жұмысшылар санын) көрсетілуі керек.

Осыған байланысты жұмысшыларға емдеу профилактикалық және еңбекке орналастыруды қарастыру керек (стационарлық, санаторлы-курортты емдеуде демалыс үйлерінде және профилакториялық санаторияларда және уақытша, әрдайым басқа жұмысқа ауыстыру). Осылардан басқа, медициналық тексерулер нәтижесі бойынша, актіде цехтардағы еңбек жағдайының жеңілдетілуі жайлы ұсыныс берілуі керек.

Медициналық тексеру мен санитарлық дәрігердің санитарлық-гигиеналық қорытындысы. Актіге қоса басқа жұмысқа ауысуды ұсыну, стационарлық емдеу, диеталық тамақтану және т.б. жұмысшылар тізімі беріледі. Қорытынды акт 4 данада жазылып, кәсіпорын әкімшілігіне, емдеу-профилактикалық мекемесіне, өндірістің кәсіподақ комитетіне, МСЭҚ органына жіберіледі.

Кәсіби аурулар және уланулар жағдайларын анықтау.

  • еңбектің жағымсыз әсерінен пайда болатын ауру

  • аурудың этиологиясында басты рөл – өндірістік фактор саналады. (Мысалы: силикозда-кремнийдің қостотығы шаңы).

  • Кейбір ортақ аурулардың өршуінің себеп-салдары өнеркәсіптік орта факторларымен байланысты. (туберкулезбен ауырғандармен қатынаста болатын дәрігерлердің осы аурумен сырқаттануы).

Жедел кәсіптік ауру (улану) – зиянды өндірістік факторлардың қысқа мерзімде әсер еткенде (бір жұмыс ауысымында) дамитын ауру.

Созылмалы кәсіптік ауру (улану)– зиянды өндірістік факторлардың ұзақ уақыт бойы әсер еткенде дамитын ауру.

Жедел және созылмалы улануды химиялық заттың организмге әсер ететін, кәсіптік аурудың жеке түрі деп санау керек.

Топтық кәсіптік ауру – бір мезгілде 2-ден артық жұмысшының ауруы.

Кәсіби аурулар жағдайларын тіркеу және анықтау.

Кәсіби ауруларды мемлекеттік тіркеу жүйесі елімізде 1924 ж. енгізілді. Кәсіби ауруды тіркеу мен тексеру мына нұсқау бойынша «Правила регистрации, расследования профессиональных заболеваний и отравлений, учета и отчетности по ним» № 294 ҚР ДСМ бұйрығы 23.06.2005 ж. Осы құжатқа сәйкес жедел кәсіби аурудың пайда болуына байланысты жедел хабарлама толтырылуы тиіс. Жедел хабарламаны бекітілген форма бойынша анықтаған дәрігер толтырады. Хабарлама 12 сағат ішінде, сол өнеркәсіпті қадағалайтын МСЭҚ органына жіберіледі. Топтық жедел кәсіби ауруда әр адамға жеке хабарлама толтырылады. Егер емдеу-профилактикалық мекемесінде жаңа диагноз қойылса, онда жедел хабарламаны 24 сағат ішінде жіберу керек.

Жедел топтық аурулар жағдайында бруцеллез, сібір түйнемесі, сіріспе, құтыру –өндіріске байланысты болса, емдеу-профилактикалық мекемесі дәрігері телефон, телеграф арқылы хабарламаны арнайы журналға тіркетуі керек.

Созылмалы кәсіби ауруды да анықтағанда жедел хабарлама жіберіледі. Хабарлама емдеу мекемесінде толтырылады. Кәсіби аурулар мәселелерімен еңбек медицинасы және кәсіби аурулар орталықтары, медицина институттарының кәсіби аурулар клиникасы, дәрігерлердің білімін жоғарылату институттары, республикалық, аудандық мамандандырылған кәсіби патолгия бөлімшелері айналысады.

Созылмалы кәсіби ауруды (улану) 3 күн ішінде қорытынды диагноз қойғаннан кейін аймақтық емдеу-профилактикалық мекемесіне жолдайды.

Кәсіби аурулардың әрбір оқиғасы арнайы тексеруге жатады. Жедел хабарлама алғанда, ол жедел кәсіби ауру болса еңбек гигиенасы жөніндегі дәрігер оны алғаннан бастап 24 сағ ішінде түбегейлі тексеру жүргізуі қажет. Кәсіби ауруларды тексеруде комиссияның құрамына МСЭҚ дәрігері, кәсіпорын әкімшілігі өкілі, еңбекті қорғау маманы, кәсіподақ комитеті, цех дәрігері кіреді.

Тексеру процесінде кәсіби аурулардың жағдайы, болу себебі анықталады; жұмыс орнында зертханалық және аспапты әдістерді қолдану жағымсыз өнеркәсіптік факторларды бағалау бойынша зерттеулер жүргізіледі; арнайы шаралар кешені жүргізіледі, кәсіби ауруды (улану) алдын алу шаралары. Зерттеу жүргізіліп болған соң төрт дана акт толтырады. 1 экземпляр администраторда қалады, екіншісі МСЭҚ, үшіншісі профилактикалық мекемеде (кәсіподақты қадағалайтын), төртіншісі – кәсіподақ комитетінде. Зерттеуден кейін акт статистикалық және заңды құжат болып саналады және де әрдайым сақталады.

Әрбір созылмалы кәсіби аурудың оқиғасын тексеру анықтау қажет, ол 7 күн ішінде комиссия жүргізеді, оның құрамында жедел кәсіби аурулардың комиссиясының тексерулеріне ұқсайды. Созылмалы кәсіби улануларды зерттеу процесінде еңбек гигиена дәрігері актті санитарлық зерттеу цехында, кәсіпорын және зертханалық зерттеу қорытындысында, жұмыс орнында, материалда, аттестацияда және т.б. қолданады. Тексеру аяқталғаннан кейін акт толтырады.

Кәсіби ауруларды тіркеу үшін және денсаулығының жағдайына, еңбекке жарамдылығы, кәсіби аурулардың есебі дурналында тіркеледі. Журнал МСЭҚ кәсіби ауруларының оқиғалары және тексеру актілері негізінде толтырады. Тексеру акті негізінде кәсіби аурулардың есептік журналы негізінде «О порядке сбора и передачи информации для автомазированной системы учета и анализа профзаболеваний» нұсқауы мен кәсіби аурулардың есептік картасы (ф. №389/у) толтырылады.

Осылай кәсіби ауруларды тіркеу, алдын-алу шараларын жоспарлау, кәсіби аурулардың төмендеуіне бағытталады және жұмысшылардың денсаулығын сақтауға ықпал етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]