- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі көкшетау медициналық колледжі
- •Акушерлік
- •Мазмұны
- •Кіріспе. Акушерліктің дамуының негізгі кезеңдері
- •І тарау. Қазақстан республикасында акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
- •Акушерлік іс философиясы
- •Акушер және жалпы тәжірибе медбикесінің кәсіби қызметінің нысаны
- •Акушер және жалпы тәжірибе медбикесінің кәсіптік қызмет арнасы
- •Акушерлік тәжірибедегі этика және деонтология негіздері
- •Әйелдер кеңес орны мен перзентханада дәрігерлік көмекті ұйымдастыру
- •Перинатальдік қауіп-қатерлерді ұпай арқылы бағалау (а.Г. Фролованың кестесі)
- •Ана өлімінің «қауіп-қатер» топтары
- •Әйелдер кеңесіндегі медициналық бике жұмысы
- •Стационарлық акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
- •Ауылдық мекенде көрсетілетін акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
- •Перзентхананың құрылысы мен жұмысы
- •Жанұяны жоспарлау
- •Акушерліктегі асептика мен антисептика
- •Жұқпалы аурулардың шығу көздері
- •Палата мен жабдықтарды дайындау
- •Жұмсақ жабдықтарды автоклавтауға дайындау
- •Күтім жасауда қолданылатын бұйымдарды өңдеу Медициналық термометрлер
- •Қызметшілерді тексеру
- •Іі тарау. Әйел жыныс мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Әйел жыныс мүшелерінің қанмен қамтамассыздандыру, иннервациясы және лимфа жүйесі.
- •Әйел жыныс мүшелерінің байлам аппараты және кіші жамбас клетчаткасы
- •Сүт безінің анатомиясы
- •Сүт бездерін өз бетімен бақылау
- •Әйел өмірінің кезеңдері
- •Жатырішілік кезең
- •Жаңа туу кезеңі
- •Балалық шақ кезеңі
- •Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі
- •Жыныстық толығу кезеңі
- •Климакстық кезең
- •Менопаузадан кейінгі кезеңі
- •Әйел жыныс мүшелерінің физологиясы, етеккір циклы
- •6 Сурет. Етеккір кезіндегі репродуктивті жүйенің мүшелеріндегі циклдік өзгерістер.
- •Етеккір кезеңінің гигиенасы
- •Ііі тарау. Әйел жамбас сүйегінің анатомиясы
- •8 Сурет. Әйелдің жамбас сүйегі.
- •Үлкен жамбас қуысы
- •10 Сурет. Сегізкөз ромбасы (Михаэлис Ромбасы)
- •12 Сурет. Кіші жамбас кіреберіс жазықтығының өлшемдері.
- •13 Сурет. Кіші жамбас қуысының параллелді жазықтықтары
- •Әйел жамбас қуысының ерлер жамбас қуысынан айырмашылығы
- •14 Сурет. Әйел және ер адамның жамбастары. А - әйел жамбас сүйегі б – ер адамның жамбас сүйегі іү тарау. Жүктілік физиологиясы
- •15 Сурет .
- •16 Сурет. Жасушының
- •18 Сурет. Ұрықтың имплантациясының аяқталуы.
- •17 Сурет. Жатырдың кілегейлі қабатындағы ұрықтың имплантациясының басталуы.
- •Ұрықтың дамуы туралы жалпы мәліметтер
- •Жетілген нәрестенің белгілері
- •Жетілген нәрестенің бас сүйегі
- •19 Сурет. Нәрістенің бас сүйегі.
- •Жаңа туған нәрестенің бас қаңқасының өлшемі
- •20 Сурет . Нәрістенің бас сүйегінің өлшемдері.
- •Ү тарау. Жүктілік кезіндегі әйел ағзасындағы физиологиялық өзгерістер
- •Орталық жүйке жүйесі
- •Эндокринді жүйе
- •Иммунды жүйе
- •Қан және жүрек-қан тамырлар жүйесі
- •Зат алмасу жүйесі
- •Тері қабаты
- •21 Сурет. Тері қабатының өзгерістері.
- •Жыныс мүшелері
- •Сүт бездері
- •Үі тарау. Жүктілікті диагностикалау. Жүкті әйелдерді тексеру әдістері
- •Мәліметтер алу
- •Объективтік зерттеулер
- •Ішкі мүшелерді зерттеу
- •Жүктіліктің ерте мерзімін диагностикалау
- •22 Сурет . Қынапты айнамен тексеру
- •23 Сурет . Жүктіліктің Горвица-Гегар белгісі
- •24 Сурет . Жүктіліктің Пискачек белгісі
- •Жүктіліктің кеш мерзімін диагностикалау
- •25 Сурет. Нәрестенің жүрек соғысының анықтау аппараттары
- •26 Сурет . Нәрістенің әр түрлі орналасуындағы жүрек соғысын анық тыңдаудың орындары.
- •Нәрестенің жатырдағы қалпы
- •27 Сурет.
- •28 Сурет
- •29 Сурет. Бірінші Леопольд тәсілі 30 сурет. Екінші Леопольд тәсілі
- •31 Сурет. Үшінші Леопольд тәсілі 32 Сурет. Төртінші Леопольд тәсілі
- •Жүктіліктің екінші жартысында және босану кезіндегі акушерлік тексеру әдістері
- •Тексерудің қосымша әдістері
- •Жүктілік мерзімін анықтау
- •Үіі тарау. Жүкті әйелдердің гигиеналық тәртібі мен тамақтануы
- •Дәрілік заттардың жүкті әйелдер мен ұрыққа әсер ету ерекшеліктері
- •Жүкті әйелдердің дәрілік заттарды пайдалануы кезіндегі ұрық зақымдалуының қауіпті топтары (бдұ мәліметтері)
- •Үііі тарау. Босану Босану кезеңдерінің қалыпты ағысы
- •Босану кезеңдері
- •Жүкті және босануға келіп түскен әйелдерді санитарлық өңдеу
- •Қынаптық тексеру алдындағы сыртқы жыныс мүшелерін өңдеу
- •Босанудың бірінші кезеңінде әйелді күту және бақылау
- •38 Сурет. Жүкті әйелдің қынаптық зерттелуі.
- •39 Сурет. Қуыққа катетер қою.
- •Нәресте басының жамбас қуысының жазықтықтарына қатысы
- •40 Сурет. Нәресте басының жамбас қуысының жазықтарына қатынасы:
- •Шүйде сүйегінің алға қарап тууы
- •41 Сурет. Нәрістенің шүйдесімен алға қарап орналасуы бірінші позиция, алдыңғы түрі.
- •42 Сурет. Жамбастың шығаберіс жазықтығындағы нәрістенің сагиталды жігі оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек алдыңғы сол жағында.
- •43 Сурет . Нәрестнің басы жамбас қуысының шығаберіс жазықтығында
- •44 Сурет. Бастың туылуы
- •Шүйденің артқа қарап тууы
- •46 Сурет . Шүйде сүйегінің артқы қарап туылуындағы босану механизмі
- •Туу кезінде көрсетілетін акушерлік әрекет кезеңдері
- •47 Сурет. Нәрісте басымен туылғандағы акушерлік көмек (аралықты қорғау)
- •Нәрестенің біріншілік туалеті
- •48 Сурет. Нәрестені бірншілік туалеті.
- •Бала жолдасының бөліну кезеңі.
- •49 Сурет. Бала жолдасының жатырдан бөлінуі
- •Нәрестенің босану жолдарынан өту кезеңінде әйелді бақылау және босануды жүргізу
- •Бала жолдасының бөліну кезеңін жүргізу
- •50 Сурет . Шредер белгісі.
- •51 Сурет-----. Кюстнер-Чукалов белгісі
- •52 Сурет. Абуладзе тәсілі. 53 сурет. Гентер тәсілі.
- •54 Сурет . Креде-Лазаревич тәсілі.
- •55 Сурет.
- •Іх тарау. Босануды жансыздандыру Психо-профилактикалық дайындық
- •Жансыздандырудың жаңашыл тәсілдері
- •Акушерлік операциялар барысындағы жансыздандыру
- •Х тарау. Босанғаннан кейінгі қалыпты кезең
- •Босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу
- •Босанғаннан кейінгі бөлмедегі әйелдің туалеті
- •Босанған әйелді босану үйінен шығару
- •Еңбек ету, дем алу, тамақтану
- •Жыныстық қатынас
- •Сүт безін емізуге дайындау және баланы кеудемен тамақтандыру
- •Хі тарау. Жаңа туған нәрестені күту Бөбектер бөлімінің жұмыс тәртібі
- •Жаңа туған нәрестелердің физиологиясы мен патологиясы
- •Нәресте жағдайын туғаннан соң 1 және 5 минуттан кейін Апгар шкаласы байынша клиникалық бағалау
- •Сыртқы белгілерді ұпаймен бағалау жүйесі
- •Нәрестелерді клиникалық тексеру
- •Жетілген нәрестенің белгілері:
- •Жетілмеген шала туылған нәрестенің белгілері:
- •Тым жетілген нәрестенің белгілері:
- •Күтімнің жалпы ережесі
- •Жетіліп туған нәрестелердің күтімі
- •Жаңа туған нәрестені тамақтандыру
- •Науқас нәрестелердің күтімі
- •Жетілмей туған нәрестелердің күтімі
- •Жатырдағы нәрестенің гипоксиясы мен асфиксиясы
- •Нәрестенің туғаннан кейінгі тұншығуы
- •Нәрестеге берілетін бағаның дәрежелік сипаттары
- •Нәрестені асфиксиядан құтқару тәсілдері
- •Нәрестенің гипоксиясы мен асфиксиясының алдын алу
- •Хіі тарау. Нәрестенің жамбаспен жатуы
- •56 Сурет . Нәрістенің жамбаспен жатуының түрлері.
- •Биомеханизм ерекшеліктері
- •57 Сурет . Нәрестенің жамбаспен туылуының биомеханизм ерекшіліктері.
- •58 Сурет . Нәрестенің жамбаспен жату кезіңдегі асқынулар. Босану ерекшеліктері
- •Нәресте жамбаспен орналасқан кезде жүктілікті жүргізу
- •Цовьянов әдісі
- •59 Сурет. Нәресте тек бөксесімен орныққандағы Цовьянов әдісі:
- •60 Сурет. Цовьянов бойынша классикалық әдісі а - Нәрестенің “артқы” (сол қолын) босату б - Нәрестенің “артқы” (оң қолын) босату в - Нәрестенің басын Морисо-Левре әдісімен босату
- •Аяқпен жатқан нәрестені туғызудағы Цовьянов әдісі
- •61 Сурет. Нәресте аяқтарымен орныққандағы Цовьянов әдісі
- •Хііі тарау. Көпұрықты жүктілік
- •Көп ұрықты жүктілікті диагностикалау
- •62 Сурет. Егіз жүктілікте нәрестелердің жүрек соғуының естілу орны.
- •63 Сурет. Егіз жүктілікте жатырдағы нәрестелердің орнығуы
- •Көп ұрықты жүктілік кезінде босануды жүргізу
- •Хіү тарау. Жүктіліктің бірінші және екінші жартысындағы гестоздар Гестоздың анықтамасы, түрлері , жиілігі
- •Гестоздың пайда болу себептері мен даму жолдары
- •Ерте гестоздар
- •Кеш гестоздар, жіктелуі, клиникалық белгілері, емдеу жолдары
- •Жүкті әйелдердің гипертензия кезіндегі классификациясы.
- •9 Кесте Жүктілік кезінде болатын критериялар, гипертензиялар
- •Жүктілік шемені
- •Преэклампсия
- •Эклампсия
- •Жүктілік гестозының диагнозы
- •Гестоз ауруымен ауырған әйелдерді босандыру тәсілдері
- •Гестоздың асқынуы
- •Гестоздың алдын алу шарттары
- •Хү тарау. Жатырішілік ұрықтың, қағанақ қабығы мен плацентаның аурулары және дамуындағы ауытқулары
- •Ұрық дамуының ақаулары, мерзімінен аса жүру, ұрықтың жатыр ішінде өлуі
- •Ми жарығы – мидың үлкен енбек, желке және кеңсірік аумағында шығып тұруы. Нәресте тірі туады, бірақ, әдетте, нәрестелік кезеңде шетінейді.
- •64 Сурет. Ұрық дамуының ақаулары
- •Кіндік ауытқулары
- •Ұрық жұмыртқасы қабығының аурулары Ұрықтың көпіршікке айналуы
- •Хорионэпителиома
- •Көп сулы жүктілік
- •Аз сулы жүктілік
- •Қағанақтың дер кезінде жарылмауы
- •Қағанақ қабығының уақытынан бұрын және ерте жарылуы
- •Қағанақтың кеш жарылуы
- •Плацента дамуының кемістіктері
- •Плацентаның жатыр қабырғасына жабысуы.
- •Хүі тарау. Аурулар кезіндегі жүктілік пен босанулар Жіті және созылмалы жұқпалы аурулар
- •Маңызды мүшелер мен жүйелердің аурулары
- •Жыныс мүшелерінің теріс дамуы және аурулары кезіндегі жүктілік
- •65 Сурет. Жатыр ақауларының дамуы
- •66 Сурет. Жыныс мүшелерінің теріс дамуы
- •Мамандандырылған акушерлік көмек
- •Хүіі тарау. Жүктілік және ана мен баланың
- •Иммунологиялық сыйыспаушылығы
- •Иммунологиялық сыйыспаушылықтың пайда болу жолдары,
- •Резус-қайшылықты жүктілік
- •Гемолитикалық ауру, оның түрлері және клиникалық белгілері
- •Гемолитикалық ауруды анықтау
- •Резус-қайшылықты жүкті әйелдерді бақылау және емдеу
- •Резус-қайшылықты жүкті әйелдерді босандыру ерекшеліктері
- •Жүктіліктің резус-сенсиблизациясының алдын алу
- •Хүііі тарау. Жүктіліктің мезгілсіз үзілуі Жүктіліктің мезгілсіз үзілуінің жиілігі, негізгі себептері
- •67 Сурет.
- •Мезгілінен бұрын босану
- •Мезгілінен бұрын босанудан сақтандыру амалдары
- •Хіх тарау. Ұзаққа созылған жүктілік
- •Ұзаққа созылған жүктіліктің клиникалық белгілері, оны анықтау
- •Мезгілінен кеш босану
- •Дәрігерлік амал
- •Ұзаққа созылған жүктіліктің алдын алу
- •Хх тарау. Босану әрекеттерінің ауытқуы
- •Босану ауытқуларының алдын алу
- •Ххі тарау. Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы
- •68 Сурет. Ұрықтың көлденең орналасуы. Сыртқы акушерия зерттеулері.
- •69 Сурет. Нәрестенің көлдеңен орналасуындағы асқынулар
- •Жүктілікті және босануды жүргізу
- •Ххіі тарау. Нәресте басының шалқая орналасуы
- •70 Сурет. Нәресте басының шалқая орналасуы а - төбесімен; б - маңдайымен; в - бетімен
- •Бастың маңдайымен орналасуы
- •Бастың бетімен орналасуы
- •Ххііі тарау. Жамбас қуысының тарлығы. Жүктілік пен босану кезеңдерінің ағымы
- •Тар жамбас қуысының анықтамасы, жіктелуі, жиілігі
- •Тар жамбас қуысының жіктелуі
- •71 Сурет . Тар жамбас қуысының жіктелуі
- •Тар жамбас қуысын анықтау
- •72 Сурет Тар жамбастағы іштің пішіні:
- •Биомеханизм ерекшеліктері
- •Жүктілік пен босану кезеңдерінің ерекшеліктері
- •73 Сурет . Вастен тәсілі.
- •Тар жамбас қуысының алдын алу шаралары
- •Ххіү тарау. Жүктілік пен босану кезеңдеріндегі қан кету
- •Плацентаның төмен орналасуы
- •74 Сурет. Планцентаның орналасу түрлері.
- •Емі және дәрігерлік амалы
- •Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі
- •75 Сурет. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі
- •Госпитальдық кезеңгі дейінгі қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуінде емдік тактикалық тәсілдері.
- •Үшінші және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі қан кету
- •Бала жолдасының бөлінуі кезеңіндегі қан кету
- •76 Сурет . А - жатыр мойны өзегінің жиырылуы кезіндегі плацентаның қысылуы. Б - плацентаның жатыр түтікшесінің оң бұрышында қысылуы.
- •Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан шығыны
- •77 Сурет.
- •Геморрагиялық шокты емдеу жолдары
- •Алдын алу амалдары
- •Ххү тарау. Босану жолдарының және нәрестенің жарақаттануы
- •Жатырдың жыртылуы, жиілігі, себептері, жіктелуі
- •78 Сурет. Жатыр жыртылуы.
- •Жатыр тыртығынан кейінгі жүктілік, босану және оның жыртылу ерекшеліктері
- •79 Сурет. Аралықтың жыртылуының бірінші және екінші дәрежелеріне тегіс салу.
- •80 Сурет. Жатыр мойнының жыртылуы. Қ асаға буынының ажырауы
- •Ххүі тарау. Акушерлік операциялар
- •Жатыр қуысын қыру
- •82 Сурет . Жатыр қуысын қыруыға арналған аспаптар
- •83 Сурет.
- •Босану жолын дайындайтын операциялар.
- •Аралықты кесу
- •84 Сурет Босану жолдарын дайындаутын операциялар.
- •Нәресте жамбаспен жатқанда тартып туғызу
- •Шаптан тартып шығару
- •Нәрестені аяғынан тартып шығару
- •Акушерлік қысқаш
- •85 Сурет. Акушерлік қысқаш
- •Акушерлік қысқашты салу тәсілі
- •Вакуум-экстракция операциясы
- •Нәрестені бөлшектеп шығару операциялары
- •Басты тесу операциясы
- •Бассыздандыру операциясы (декапитация)
- •Бұғананы кесу операциясы (клейдотомия)
- •86 Сурет . Нәрестені бөлшектеу операцияларының құралдары
- •Кеуде мен іш құрылысын босату операциялары
- •Омыртқаны бөлшектеу операциясы
- •Ххүіі тарау. Кесар тілігі
- •Операциядан кейінгі кезең
- •Кесар тілігінен кейінгі асқынулардың алдын алу
- •Ххүііі тарау. Босанғаннан кейінгі септикалық аурулар
- •Босану жолдарының жарақаттануы
- •Кіші жамбас қуысындағы жыныс мүшелерінің қабынуы
- •Септикалық шок
- •Инфекцияның қан арқылы бүкіл денеге жайылуы
- •Сүт бездерінің қабынуы
- •Босанғаннан кейінгі септикалық аурулардың алдын алу
- •Операциядан кейінгі жараларға салынған таңғышты ауыстыру
- •Тігісті алу техникасы
- •Ххіх тарау. Босану бөліміндегі операциялық блоктың жұмысы
- •Операциялық медбикенің міндеттері
- •Акушерлік операцияларға дайындық
- •Қынаптық операцияға дайындық
- •Операциядан кейінгі науқастарды күту
- •Босанғаннан кейінгі кезеңнің патологиясы. Науқас және босанған әйелдерді күту
- •Тері ішіне иньекция жасау
- •Бұлшық етке иньекция жасау
- •Көк тамырға иньекция жасау
- •Жүйені жинау
- •Терминдерге түсініктеме Акушерлік
- •Физиологиялық жүктілік
- •Жүктілік патологиясы
- •Физиологиялық босану
- •Патологиялық босану
- •Босанудан кейінгі кезең
Преэклампсия
Жүктілік нефропатиясы өз уақытында толық емделмесе, гестоздың ауыр түрі – преэклампсияға ауысады. Бұнда нефропатияда айтылған ауру белгілерінің барлығы болады (гипертензия, протеинзия, протеинурия, ісіну). Оған қоса бұдан басқа да қосымша белгілер пайда болады. Аурудың асқынғаны сонша, жүйке жүйесінің қозуы біліне бастайды. Науқастың басы ауырады, көзі қарауытып, бұлдырап, көруі нашарлайды, көз алдында кішкентай шіркейлер ұшқандай болып көрінеді. Кейде көзі тіпті көрмей де қалады. Жүрегі айнып, құсады, асқазан тұсы қатты ауырады. Кейде мұндай ауруларды тамақтан уланған деп болжап, емді уақытында қолданбай, асқындырып алатын да жағдайлар кездеседі. Кейбір әйелдерді ұйқы басады, ал кейбіреулері, керісінше, абыржып, ашушаң, жылағыш болады. Тез уақытта ем қолданбаса, преэклампсия асқынып, эклампсияға ауысады.
Эклампсия
Эклампсия гестоздың ең ауыр түрі. Ми ұлпаларының оттегімен қоректенуі нашарлап, ісінуі салдарынан, жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады. Әйел есінен танып, бүкіл денесі, бұлшық еттері құрысып, эклампсия басталады. Эклампсияны қазақша «жүкті әйелдің талмасы» десе де болады. Ол төрт кезеңнен тұрады:
1. Талудың алдыңғы кезеңі. Жүкті әйелдің есі кіресілі-шығасылы, дем алысы жиілеп, жүрегі қатты жиі соғып, қас-қабағы жыбырлап тартылады. Бұл кезең 20-30 секундқа созылады.
2. Тоникалық талма кезеңі әйел есінен айрылады, дем алысы тоқтап, терлеп, аузынан көбікті сілекей ағады, көз қарашығы үлкейіп, жағы қарысып қалады. Осы кезде ауру тілін тістеп алуы да мүмкін. Жүрек қағысы, тамыр соғуы нашарлайды. Дененің бұлшық еттері қатайып, сіресіп қалады. Бұл кезеңнің ұзақтығы 30 секундқа созылады, ол ана үшін де, нәресте үшін де қауіпті.
3. Клоникалық талма кезеңі. Әлгі қатып-сіресіп тартылған бұлшық еттер енді бірінің артынан бірі, кеудеден бастап, алдыңғы саннан, артқы аяқтарға қарай селкілдеп тартылып тарай бастайды. Әйелдің демі жоқ, ауыр қалпында, біртіндеп тартылғаны саябырлап, жақтары ашылып, аузынан қан, сілекей аға бастайды. Бұл кезең 40 секундтан 1,5 минутқа дейін созылады. Талма біткеннен кейін әйел ессіз қатты ұйықтап қалады. Кейде жүкті әйел осындай жағдайда бірнеше күннен айға дейін болуы мүмкін.
4. Ауру әйел есін жиып, өз-өзіне келе бастайды. Дем алысы, жүрек жұмысы дұрысталады. Аурудың беті қайта бастайды.
Жүктілік гестозының диагнозы
Жүкті әйелді әрдайым қарап, бақылап, қажетті тексерулерін жүргізіп отырса, гестозға диагноз қою онша киынға соқпайды. Әсіресе, ерте қойылған диагноздың мәні зор. Бұл ауруды уақытында емдесе, ол асқынбайды, ананың да, баланың да денсаулығы сақталады.
Гестозбен қандай жүкті әйелдер ауыруы мүмкін деген сұрақ туындайды. Әйелдер кеңес орнында әрбір учаске дәрігері алдын ала жүктілігі гестозбен асқынуы мүмкін деген әйелдерді ерекше топта бақылайды. Олар: көп босанған, жасы ұлғайып тұңғыш босанатындар (30-дан жоғары) және жасы 18-ге толмағандар, көп сулы жүктілік, етженді әйелдер. Осы айтылған топқа түрлі-түрлі науқастарды бар жүктіліктің бірінші жартысында және бұрынғы жүктіліктерінде токсикоз болған әйелдер де кіреді. Бірінші орында бүйрек ауруымен (пиелонефрит, гломерулонефрит, бүйрек тасы, т.б.), екінші орында жүрек-қан тамыр ауруларымен (гипертония, жүрек ақауы, ревматизм, т.б.) ауыратындар. Келесі орнында эндокриндік аурулар: қант диабеті, қалқанша, жыныс бездерінің ауруры. Бұл топқа жүйке жүйесі, бауыр, өт, асқазан, қан тамырлар аурулары да кіреді.
Гестоз бір күнде пайда болмайды, оның дамуына бірталай уақыт керек. Гестоздың клиникалық белгілері пайда болудан бұрын жүкті әйел ағзасында әр түрлі көзге елеусіз патологиялық өзгерістер жүріп жатады, мұндай жағдайды алдыңғы гестоз (претоксикоз) ден атайды.
Гестоз алдында болатын ағзадағы өзгерістерді білу үшін акушерлік тәжірибеде бірнеше қосымша сынамалар қолданады. Олар:
1. Салмақтың патологиялық артуы. Егер жүктілік екінші жартысынан асқаннан кейін әйелдің салмағы апта сайын 350-400 грамнан көбірек өссе, ол денеде «жасырын» ісінудің бар екендігін көрсетеді.
2. Қан қысымының асимметриясы: оң және сол қолдардың қан қысымының айырмашылығы сынап бағанасынан 10 мм көп жоғарылайды.
3. «Лабильді» (тұрақсыз) синдром. Мұнда жүкті әйелді тұрғызып, жатқызып қан қысымын екі рет өлшейді. Содан кейін оның бірнеше рет (7-10 рет) жүрелеп отырып, тұруын сұрайды. Осыдан кейін қайталап қан қысымын екі рет өлшейді. Екеуінің айырмашылығы сынап бағанасынан 10 мм аспауы керек, ал егер одан асса, әйелдің қан тамырларының жиырылу қабілеті өзгеріп, оның қозуының артқанын дәлелдейді.
4. Мак-Клюр-Олдрич сынағы. Бұл сынаманы қолдану арқылы ұлпаның суды тарту (гидрофильдігі) қабілетті анықталады. Ол үшін 0,2 мл физиологиялық ерітіндіні білектің ішкі бетінің төменгі жағындағы теріге жібереді, бұл жерде күлдіреу пайда болады. Бұл күлдіреу әдетте 40-45 минутта ұлпаға сіңіп кетуі керек, ал егер тез уақытта сіңсе (15-20 мин), ұлпаның гидрофильдік қабілетінің артқаны.
5. Қанның жалпы белогының, әсіресе, альбумин, глобулин фракцияларының төмендеуі.
6. Тробоциттердің азаюы – 160 мыңға дейін (әдетте 200-400 мың). Тромбоциттің санын 16-22-28 апталарда тексеру керек.
Гестоздың анық клиникалық белгілері пайда болғанда, диагноз қою қиын емес. Ол үшін жоғарыда айтылғандай күні бұрын әйелдің қан қысымын, зәрін, денесінде ісіктің бар-жоғын білу қажет.
Дұрыс диагноз қою үшін бірнеше лабораториялық тексерулер жүргізіледі:
Зәрді зерттеу. Зимницкий, Аддис-Каковский, Нечипоренко сынамаларын жасау керек.
Қанды зерттеу, әсіресе, қызыл қан түйіршіктеріне көңіл бөлу керек. Гестозда қаназдық жиі кездеседі. Тромбоциттердің санын да анықтау қажет.
Биохимиялық анализдердің ішінен өте маңыздысы мочевина мен креатининнің, қанттың, билирубиннің мөлшерін білу. Бауырдың функциясын білу үшін бауыр сынамаларын жасау керек.
Көздің түбін қарау өте қажет. Гестозға тән көз түбінде өзгерістер пайда болады, көк тамырлар кеңейіп, артериялары қатты тарылады (ангиопатия), кейде гестоздың өте ауыр түрінде көздің түбіне қан құйылып, көз торы қыртысынан бөлініп қалуы мүмкін.
Өте қажет анализдердің бірі коагулограмма. Қанның ұюы мен протромбиннің уақыты, фибриногеннің концентрациясы, әсіресе, фибриногеннің өзгерген түрлерін, тромбоциттердің агрегациялық, адгезиялық қабілеттерін анықтау.
Емдеу жолдары. Гестозды емдеу өте күрделі. Ол біріншіден оның түріне, әйелдің жағдайына, сонан соң жүктілік мерзіміне байланысты болады. Егер гестоздың асқынған ауыр түрінде әйелдің босанатын мезгілі жақындаса, оны емдей отырып, тез арада босандырудың оңай жолдарын табу керек. Ал гестоздың жеңіл түрінде жүктілік уақыты әлі жетпесе, әйел жағдайы жақсы болса, ең алдымен гестозды емдейді. Егер ем қонбаса не нәтижесіз болса, әйелді босандырудың қолайлы әдістерін іздеу керек.
Гестозды емдеу. Тек қана емханада, босану үйінде жүргізіледі.
Жүкті әйелдің жататын бөлмесі кең, ауасы таза, тыныш төсек тәртібі сақталуы қажет.
Тамақтану тәртібі. Тамақ жеңіл, тез сіңетін, жұғымды, ағзаға қажетті дәрумендерге, микроэлементтерге, ферменттерге, құнды белоктар мен көмірсуларға бай болуы керек. Сондықтан әйелдер көкөніс-жемістерді керекті мөлшерінде қабылдауды тиіс. Сонымен бірге сүт, жас ірімшік, қаймақ, айран, сиыр еті, балық сияқты тағамдарды да пайдаланғаны жөн.
Суды шамалап ішу керек, тәулігіне 800-1000 мл, тұзды мөлшерін де шамалағаны жөн. Әйелдер тағамды аз мөлшерде жиі-жиі (тәулігіне 4-5 рет) қабылдағаны дұрыс.
Кейде жеңілдік күндерін белгілейді. Бұл жағадайда науқас әйел күніне тек 600 гр ірімшік және бір шыны айран не болмаса 1,5 кг алма немесе 1 кг алма мен 250 гр ірімшік қабылдайды.
3. Жүйке қозуын басатын дәрілер. Көбіне дәрілік шөптер, валериан тамыры және т.б., триоксазин, элениум, электроанальгезия, электросон белгіленеді.
Қан қысымын төмендететін дәрі-дәрмектер. Гестозды емдеуде көптен бері қолданып келе жатқан дәрі магний сульфаты. Оны көбіне Бровкин әдісімен қолданады. 20 мл 25% магний сульфатын бірінші күні әр төрт сағаттан кейін, екінші күні әр алты сағаттан кейін (4 рет), үшінші күні әр 8 сағаттан кейін (үш рет), ал төртінші күні әр 12 сағаттан кейін (2 рет) бұлшық етке жібереді. Оны көк тамырға да құюға болады. Одан басқа спазмолитиктерден: но-шпа, баралгин, спазмолитин, папаверин, т.б. дәрілерді қолданады.
Раувольфин препараттарынан: резерпин, раувазан, рауседил, т.б.; қан тамырларын қоздыратын амин ингибиторларынан (антигистаминдер): димедрол, пильпольфен, супрастин допегит, метилдофа, клофелин, непроссол, дроперидол; ганглиоблокаторлардан: пентамин, арфонад, гигроний, бензогексоний; адреноблокаторлардан: онид, пироксан, нитроглицерин; қан қысымын төмендететін дәрілерден: эуфиллин, папаверин қолданылады.
Қан тамырлары қабырғасының өткізгіштік қабілетін жақсарту үшін рутин, аскорбин қышқылын, галаскорбин, кокарбоксилаза қолданады. Гестоздың патогенезінде гиповолемия үлкен роль атқарады. Қан белоктары сұйық плазманы ұстап тұратын қабілетінен айырылады да, ол тамырдың қабырғасынан өтіп, ұлпаларға тарайды. Сөйтіп, бір жағынан ісік пайда болса, екінші жағынан – қанның жалпы мөлшері азайып, гиповолемияға ұшырайды. Гестозды емдегенде осы жағдайды ұмытпау қажет. Сондықтан, волемиялық патологияны емдеу үшін ағзаға әр түрлі сұйық дәрі-дәрмектер құйған жөн. Олардың ішінен, әсіресе, қанның онкотикалық қысымын жақсартатын – гемодез, реополиглюкин, реглюман, альбумин, қанның қатырылған плазмасын, жаңа мұздатылған плазмасын, т.б. ерітінділерді қолдану керек.
Қанның реологиясын қалпына келтіру үшін трентал, курантил, компламин, никотин қышқылы, аспирин сияқты дәрілерді қолданады.
Қанның коагуляциялық қабілетін реттеу үшін гепарин, реполиглюкин – гепарин, глюкоза – гепарин – новокаин сияқты қоспалар қолданады.
Диуретикалық дәріден гипотиазид, фуросемид, лазиксті қолданады, бірақ бұл айтылған диуретиктерді абайлап қолдану керек. Егер гиповолемияны дұрыс қалпына келтірмей тұрып мөлшерден көп не ұзақ уақыт қолданса, керісінше зияны тиюі мүмкін. Әсіресе, гестоз асқынып, ауыр түріне айналады.
Жатырдағы нәрестенің гипоксиясы мен гипотрофиясына қарсы профилактика ретінде оттегі, Николаев үштігі, кокарбоксилаза, АТФ, сигетин, унитиол, галаскорбин, глютамин қышқылы сияқты дәрілер қолданылады.
Нефропатияны емдегенде бұл дәрілердің барлығын бір күнде бермейді, өйткені бір дәрінің өзіне тән бірнеше қасиеті болады. Мысалы, жоғарыда айтқан магний сульфаты қан қысымын төмендетеді, жүйке жүйесінің қозуын реттейді, ісінуді қайтарады, ми қуысының қысымын төмендетеді, қанның коагуляциялық жағдайын реттейді. Еске алатын тағы бір нәрсе гестозды ұзақ уақыт емдеуге болмайды. Қай дәріні болса да 10-12 күннен артық бермеген жөн, ал кей дәрілерді 1-2 күн қана, кейбіреулерін тіпті бір рет қана беру керек болады.
Преэклампсияны емдеу. Гестоздың бұл түрін емдегенде, жоғарыда көрсетілген қағидалар сақталуы керек.
Тез арада ауру әйелді босану үйіне жатқызу керек. Қатты ауырған науқастарды арнайы бөлмеге болмаса реанимациялық бөлмеге жатқызса тіпті дұрыс болады. Ал, егер, преэклампсияның белгілері үйде, жолда, жұмыста, әйелдер кеңес орнында болып қалса, жедел жәрдем машинасын шақыртып, дұрыс көмек көрсету керек. Ол үшін жағдай болса жылдам эфир-кислород немесе азотфторотан наркозын беріп, көк тамырға дроперидол, седуксен, димедрол, промедол сияқты ерітінділер құяды. Ауру әйелді «нейролепсия» қалпына жеткізгеннен кейін әйел ұйықтап кетеді. Бұл нейролепсия күйі әйелге психоэмоционалдық тыныштық береді, жүйке жүйесін қорғайды. Осыдан кейін қан қысымы төмендей бастайды. Басының ауырғаны азайып, кейін қояды. Әрі қарай, жоғарыдағы нефропатияны емдеу жолын ұстанады. Бірінші күннен бастап жүкті әйелді босандыруға дайындайды. Егер қолданған қарқынды ем 4-6 сағаттың ішінде нәтиже бермесе, әйелді тез арада босандырып алу керек.
Эклампсияны емдеу.
Ауруды тегіс жерге жатқызыңыз, да басын бір жаққа бұрып қойыңыз.
Аузын қасық немесе шпатель арқылы ашып, тілді сыртқа шығарып, дем алу жолын ашыңыз.
Егер өз демалу тез қалпына келсе қалтыраудан кейін, оттегі қабын қолданыңыз.
Апноэ көпке созылса, Амбу қабы арқылы жел үрлеңіз.
Эклампсия қайта қайталанбау үшін, бұлшық етке магнезии егу керек. 20мл 25% (5гр) магнии сульфаты 1мл 2% новокаин немесе лидоноин әр бұлшық етке (10гр), 20мл 25% ерітіндіні (5гр) магний сульфаты 1мл 2% новокаин немесе лидокоин әр бір 4 сағат сайын, екі жақты ауыстырып отыру керек.
Магнезиялық терапияны көк тамыр арқылы да жасауға болады: 420мл физиологиялық ерітіндісін немесе 5% глкозаға -80мл, 25% ерітіндіні (20гр құрғақ ұнтақ ) магний сульфатын қосу керек. Бастапқы 100мл (4гр ұнтақ) қан тамырға 15-20 мин. 72-96 тамшы 1 минутта, кейін минутына 6-12 тамшыдан беруді жалғастырыңыз. Бұл босанудан кейін 24 сағ. созылады.
Қан тамырға еккенде мөлшерден тыс құйылып кетуін байқап отыру керек.
дем алу уақыты ≤ 13рет минутына
тізе рефлекстің болмауы.
Диурездің төмендеуі < 30мл/сағ. (үнемі катетер) Егер магний сульфатының мөлшерден тыс кететін болса, қан тамырына 10% еріт 10мл, глюконат калций ерітіндісін егу керек.
