Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Mб
Скачать

10 Сурет. Сегізкөз ромбасы (Михаэлис Ромбасы)

1-Ү бел омыртқаның үшкір өсікіні; 2- мықын сүйегінің қыры; 3- артқы жоғарғы сүйек өсіндісі; 4-сегізкөздің ұшы.

Жамбас қуысы өлшемдерін анықтаған кезде ерекше көңіл бөлетін жер – Михаэлис (сегізкөз) ромбасы. Сегізкөз сүйегінің артқы бетінің жоғарғы бұрышы Ү бел-омыртқа мен сегізкөздің орталық қыры арқылы құралған. Бүйір бұрыштары мықын сүйегінің артқы жоғарғы өсінділеріне сай келеді. Төменгі бұрышы құйымшақтың ұшына жетеді. Ал жоғарғы және сыртқы жағынан ромба арқаның үлкен бұлшық еттермен, төменгі және сыртқы жағынан құйрық бұлшықеттердің қырымен шектелген.

Кіші жамбас қуысы

Кіші жамбас қуысы – айналысы сүйектермен, үсті ­ кіреберіс, асты ­ шығаберіс жазықтықтарымен қоршалған кеңістік. Бұл төрт жазықтыққа бөлінеді (13 сурет).

  1. Жамбасқа кіреберіс жазықтық.

  2. Жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығы.

  3. Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы.

  4. Жамбас қуысының шығаберіс жазықтығы.

1. Жамбас қуысына кіреберіс жазықтық алдынан – симфиздің жоғарғы және шат сүйегінің жоғарғы ішкі жиектерімен, бүйірінен мықын сүйегінің доғал сызығымен, артынан - сегізкөз мүйісімен шектеледі.

Ж

амбас қуысының кіреберіс жазықтығында 3 өлшем бар: тік көлденең және екі қиғаш өлшемдері.

11-сурет. Кіші жамбас қуысының жазықтықтары

1 - кіреберіс жазықтығы;

2 - кең бөлігінің жазықтығы;

3 - тар бөлігінің жазықтығы;

4 - шығаберіс жазықтығы;

а, б – жамбас қуысының өткізгіш бығыты

Тік өлшемі – сегізкөз мүйісінен симфиздің ішкі бетінің ең шығыңқы жеріне дейінгі аралық. Бұл нағыз немесе акушерлік конъюгата, 11 см тең (conjngata vena) тағы анатомиялық конъюагата бар, ол акушерлік конъюгатадан 0,3-0,5 см артық.

Көлденең өлшемі – мықын сүйектерінің доғал сызықтарының ең алшақ жатқан нүктелерінің аралығы, шамамен – 13-13,5 см.

О

12 Сурет. Кіші жамбас кіреберіс жазықтығының өлшемдері.

1 – тік өлшем (анық конъюгата) 11 см

2 – көлденең өлшем 13 см

3 – сол жақ қиғаш өлшем 12 см

4 – оң жақ қиғаш өлшем 12см

ң және сол қиғаш өлшемдері 12-12,5 см. Оң қиғаш өлшем – оң жақ сегізкөз мықын тігісінен сол жақ мықын-шат төмпешігіне дейінгі аралық. Сол қиғаш өлшем сол жақ сегізкөз-мықын тігісінен оң жақ мықын-шат төмпешігіне дейінгі аралық.

2. Жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығы төмендегідей шектелген: алдынан симфиздің ішкі бетінің ортасымен, бүйірінен ұршық ойығының ортасымен, артынан ІІ-ІІІ сегізкөз омыртқаларының жалғасқан жері.

Жамбастың бұл бөлігінің тік және көлденең өлшемдері бар. Тік өлшемі - сегізкөздің ІІ, ІІІ омыртқаларының қосылған жерінен симфиздің ішкі бетінің ортасына дейін, ол 12,5 см. Көлденең өлшемі – ұршық ойыстарының арасы, 12,5 см-ге тең.

3. Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы алдынан – симфиздің төменгі жиегінен, бүйрінен – шонданай сүйектерінің қырларымен, ал артынан – сегізкөз-құйымшақ тігісімен шектелген.

Тік өлшемі – сегізкөз-құйымшақ тігісінен симфиздің төменгі жиегіне дейінгі арылықта орналасқан, 11-11,5 см-ге тең.

Көлденең өлшемі шанданай сүйектері қырының арақашықтығымен өлшенеді, ол –10,5 см.

4. Жамбастың шығаберіс жазықтығы төмендегідей шектелген: алдынан – симфиздің төменгі жиегі, бүйірінен шонданай төмпешіктері, артынан құйымшақ ұшы. Бұл жерде де тік және көлденең өлшемдер бар.

Тік өлшемі – құйымшақ ұшынан, симфиздің төменгі жиегіне дейін. Ол – 9,5 см-ге тең. Нәресте кіші жамбас арқылы шыққан кезде құйымшақ артқа қарай 1,5-2 см-ге жылжиды, осының нәтижесінде тік өлшем 11,5 см-ге ұлғаяды. Көлденең өлшемін шонданай төмпешіктерінің ішкі бетінің аралықтарымен өлшейді, 11 см-ге тен.