Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Mб
Скачать

Акушерліктегі асептика мен антисептика

Акушер-гинекологиялық стационардың аса маңызды міндеті – жүктілік кезінде және босанудан кейінгі кезеңде жұқпалы асқынуларды ескерту.

Антисептика және асептика (грек тілінен anti – қарсы, а – болдырмау, sepsis - іріңдеу) – жаралардың зақымдануының алдын алу және күресі тәсілдері.

Антисептикаға дейінгі кезеңде босанудан кейінгі септикалық аурулардың пайда болуына байланысты асқынулар және соның салдарынан қайтыс болу жағдайлары өте көп болған.

Акушерліктегі антисептика мен асептиканы венгр акушері Земмельвейс енгізді. Ол босану үйіндегі тәжірибеге анатомиялық мұражайдан келетін студенттердің қолдарымен жұқпаны (өлік уы) әкелетінін байқады. Ол жұқпалардан соң босанудан кейінгі асқынулар туындап отырды. Ал студенттер басқа клиникалардан келгенде бұндай жағдай байқалмайтын. Земмельвейс алғаш рет қолды хлорлы әкпен өңдеуді ұсынған болатын. Ал Ресей акушерлігіне асептика мен антисептиканы дәрігер акушер-гинеколог, ұлы Пирогов оқушысы Крассовский енгізді.

Асептика – бактерияларды алдын алу мақсатында жою және физикалық әдіс көмегімен олардың жараға енуін ескерту.

Жұқпа қоздырғыштары жараға екі тәсілмен кіреді: экзогенді және эндогенді. Жұқпаның экзогенді көздері: ауа (ауалы жұқпа), сөйлесу, жөтелу, түшкіру және т.б. кезінде жараға микроскопиялық бөлік ретінде түсетін сұйықтық тамшылары, жарамен жанасатын бұйымдар, т.б.

Эндогенді жұқпа көздеріне әйел ағзасында болатын және ағзаның әлсіреуі нәтижесінде және оның дамуына ыңғайлы жағдай туындағанда патогенді қасиетке ие болатын жұқпалар жатады.

Асептиканың қатаң тәртібін сақтау үшін:

  • босану үйлері дұрыс жоспарлануы керек;

  • желдету және жарықтандыру жүйесі дұрыс салынуы керек;

  • жұмыс қатаң ұйымдастырылуы керек.

Антисептика – жараның ішінде немесе оның сыртында түрлі химиялық зарарсыздандырушы заттар көмегімен жұқпамен күресу.

Механикалық, химиялық және биологиялық антисептиканы ажыратуға болады.

Механикалық антисептика жараға түскен микроптарды және басрлық өлі тіндерді, қан ұйымасын, т.б. алып тастау мақсатын көздейді.

Химиялық антисептика – микроптарды жою немесе олардың жарадағы дамуын тоқтату үшін түрлі химиялық заттарды қолдану. Бұл заттар негізгі талапқа жауап беруі керек: ағза тіндері үшін қауіпсіз және микроптар үшін қауіпті болуы керек. Мысалы: йодтың спиртті ерітіндісі, этил спирті, калий перманганаты, су тотығы, фурацилин, хлорамин, хлоргексидин.

Биологиялық антисептика – ағзаның иммунды күшін арттыратын әдістер. Бұған вакциналар, сарысулар, антибиотиктер және т.б. жатады.

Жұқпалы аурулардың шығу көздері

Босанушылардың зақымдалған босану жолдары жұқпалардың «кіру жолдары» болып табылады. Бала жолдасы түскеннен кейін жатыр жаралы қабат сияқты болады, ал жарақаттанған қынап, жатыр мойны және аралықтан жұқпалардың оңай өтуіне байланысты, босанудан кейінгі бастапқы кезең жұқпалардың кіруіне неғұрлым жағдайлы болып табылады. Бұл босанудан кейінгі жұқпалы асқынулардың дамуына әкеліп соғады.

Балаларда жұқпалардың «кіру жолдары» кіндік қалдығы болып табылады. Алайда, жұқпа зақымдалған тері және шырышты қабаттар арқылы, тыныс алу жолдары, сонымен қатар ас қорыту жолдары арқылы да өтуі мүмкін.

Босану үйінде жұқпаның көздері ретінде болуы мүмкін:

  1. бактериотаратушылыққа дұрыс тексерілмеген персонал;

б) ауыратын немесе бактерия таратушы жүктілердің, босанатындардың және

босанғандардың өздері;

в) ауруханаішілік жұқпа (антибактериалды және залалсыздандырушы заттарға

жоғары тұрақтылығы бар микробтар штаммаларының болуы);

г) мұрын-жұтқыншақ, асқазан-ішек жолы, тері қабаттарының аурулары бар жаңа

туған нәрестелер.

Жұқпалардың таралуында жиі кездесетін жүйелілік – персонал – ана – нәресте.

Акушер-гинекологиялық стационарда санитарлық-індетке қарсы тәртіп ережелерінің орындалу тәртібін орнататын бірнеше құжаттар бар: №№ 55 9.01.1981 жылдан, 691, 470, 80, 372, ОСТ 42-21-2-85, № 338 26.11.1997 жылдан және басқа құжаттар.

Осы бұйрықтарға сәйкес персоналды таңдау және тексеру ережесі, олардың денсаулық жағдайын бақылау кезеңдері; босанушыларды стационарға қабылдау және жүктілер, босанушылар, босанғандар мен нәрестелерде түрлі асқынулардың пайда болуы кезінде дер кезінде оңашалау дұрыстығы; құралдарды, тану материалдарын залалсыздандыру, персоналдың қолды жуу, босану жолдары мен операциялақ алаңды өңдеу, төс сүтін пастерлеу, босану залын, палаталар мен қосалқы бөлмелерді тазалау ережелері, сонымен қатар босануға көмектесетін мекемелерде санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы тәртіптердің сақталуына байланысты басқа да сұрақтар қарастырылады.

Осы тәртіптердің сақталу барысында палаталардың дайындалуына және дезинфекциялануына, олардың ағымдағы тазалау жұмыстарына, босану залының уақытында тазалауға жабылуына басты назар бөлінеді. Осыған байланысты медбикені оқыту және қажетті талаптарды орындау дағдыларын үйрету біздің міндетіміз болып табылады.

Медбике:

  1. босанушы шығарылғаннан кейін палатаны басты тазалауға дайындауды;

  2. палатаны өңдеп, босану блогынан босанушыны қабылдануына дайындауды;

  3. босануды қабылдау және нәрестені өңдеуге қажетті пакеттерді автоклавтауға дайындауды;

  4. залалсыздандыру үшін бикстерге материал салуды істей білу тиістігін ескере отырып, осы манипуляциялардың орындалу әдістемесімен және тәртібімен таныстырамыз.