Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Mб
Скачать

47 Сурет. Нәрісте басымен туылғандағы акушерлік көмек (аралықты қорғау)

а – нәрісте басының жыныс қуысынан тез арада жарып шығуын қамтамасыз ету

б – нәрісте басының мезгілінен бұрын шалқаймауын қамтамасыз ету.

г – алдыңғы иікті шығару

в – аралықты қорғау

б

а

в

г

д – артқы иікті шығару

е – дене тұлғасын шығару ару

д

е

Нәресте туғаннан кейін босанудың қорытынды кезеңі – бала жолдасының бөлінуі басталады. Уақытының қысқалығына қарамай, бұл кезең қан кету қаупінің алдын алу үшін зор абайлық пен мұқият болуды талап етеді.

Нәрестенің біріншілік туалеті

Қалыпты босанған әйелден жаңа туған нәрестені қабылдап, біріншілік өңдеу істей білу керек. Олардың орындалу тәсілі:

  1. Нәрестенің басы сырттай бұрылған соң, электросорғыш немесе балончик көмегімен мұрын және ауыз қуысынан кілегей сорылып алынады.

  2. Нәресте туғаннан кейін көзі стерильді тампонмен (әр көзді жаңа тампонмен), сыртқы бұрыштан ішке қарай сүртіледі.

  3. Әр көздің қабағын астына қарай тартып, ішіне 30% сульфацил натрий ерітіндісінің бір-бір тамшысынан тамызылады.

  4. Үлкен жыныс ернеулерін саусақпен ақырын ашып, қынаптың кіреберіс бөлігінің бұлшық еттеріне 30% сульфацил натрий ерітіндісін тамызады.

  5. Кіндік тамырының соғысы тоқтағаннан кейін кіндік сақинасынан 10-15 см қашықтықта арақашықтығы 2 см-ден болатын екі Кохер қысқышы салынады.

  6. Қысқыштар арасындағы шаң-тозаң 96% спиртпен өңделеді.

  7. Қысқыштар арасы стерильді қайшымен кесіледі.

  8. Жаңа туған нәресте жылы ағынды сумен жуындырылып, стерильді орамалмен сүртіледі.

  9. Резеңке қолғап ауыстырылып, кіндік сақинасынан 0,3-0,5 см арақашықтығында (96% спиртпен өңдеп) Кохер қысқышы салынады.

  10. 1-2 мин. кейін қысқышты алынып, кіндік қалдығына металдан жасалған Роговин скобасы немесе мәрлі мен дәкеден жасалған үшбұрыш салынып, қатты таңылады. Кіндік қалдығы 5% калий перманганат ерітіндісімен өңделеді.

  11. Скоба бекітілген кіндік қалдығына стерильді мәрлі дәкесімен таңу жасалады.

  12. Стерильді майға батырылған мақта тампонымен нәрестенің қатпарлары (шап, қолтық асты) сүртіліп, босану бөліктері алып тасталынады.

  13. Жаңа туған нәрестенің салмағы мен бойы сантиметрлі лентамен төбеден табанға дейін өлшенеді.

  14. Сантиметрлі лентамен нәресте басының айналымы (тік өлшемі) және иық айналымының ұзындығы өлшенеді.

  15. 3 клеенкада келесі мәліметтер жазылуы керек:

а) тегі, аты-жөні;

б) босану күні, сағаты;

в) жынысы (нәрестенің);

г) дене салмағы;

д) нәресте ұзындығы;

ж) анасының босану тарихы;

е) босану тарихының нөмері.

48 Сурет. Нәрестені бірншілік туалеті.

16. Клеенка нәрестенің екі қолына стерильді жіптермен байланады.

17. Үшінші клеенка жаңа туған нәрестенінің стерильді жаялығына немесе көрпесінің үстіне байланады.

18. Осыдан кейін жаңа туған нәресте жылытатын үстелдің үстінде 2 сағатқа қалдырылып, жаңа туған нәрестелер бөлімшесіне ауыстырылады.

19. Акушер резеңке қолғабын шешіп, қолын жуады.

Еске сақта: жаңа туған нәрестемен қарым-қатынаста болған барлық заттар стерильді болуы керек.