Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Mб
Скачать

Үііі тарау. Босану Босану кезеңдерінің қалыпты ағысы

Әйелдің босанып, нәрестенің өмірге келуі табиғи заңдылық. Босану жоғарғы жүйке, нейро-гуморалдық, гипоталамус-гипофиз жүйелеренің жыныс мүшелерімен қарым-қатынасының жұмылуынан пайда болатын күрделі физиологиялық құбылы. Жүктілік пен босану қалыпты жағдайда өту үшін орталық жүйке жүйесінің мыңызы зор. Себебі орталық жүйке жүйесінде «босану доминанты» қалыптасады. «Босану доминанты» пісіп-жетілмесе, ойдағыдай қалыптаспаса, босану кезеңдері өзінің физиологиялық жолынан ауытқиды.

Босанудан бірнеше күн бұрын мынандай белгілер пайда болады: қағанақ суы азайып, нәресте басы жамбас қуысының кіреберісіне тіреліп, жатыр түбі төмендейді, жыныс жолдарынан «шырышты тығын» аға бастайды, жатырдың жиырылу қабілеті артады.

Босанудың басы жүйелі толғақпен басталады. Бұл толғақтың алдында бірнеше сағат бұрын дайындық кезеңі болады, ол қалыпты жағдайда алты сағатқа созылады.

Прелиминарлық дайындық кезеңі деп жатырдың қозу қабілетінің артып, әлсін-әлсін жатырдың жүйесіз, ретсіз жиырылып, сирек толғақтың басталуы, жатыр мойнының қысқарып (1-2 см-ге дейін), жұмсарып, жамбас қуысының орталық бағытына сәйкес келіп, мойын өзегінің ашылып, жетілуі. Бұл кезең әйелдің мазасын алмайды, ұйқысын бұзбайды. Сөйітіп, жүйесіз сирек толғақ біртіндеп жүйелі босану толғағына көшеді.

Босану кезеңдерінің қалыпты жағдайда өтуі үшін мынандай шарттар қажет:

1. Жыныс мүшелерінің дұрыс дамып жетілуі және босану жолдарының дайындығы;

2. Күшті, жүйелі толғақ;

3. Нәресте салмағының орташа болып, оның жатырда дұрыс орналасуы.

Босану кезеңдері

Босану үш кезеңге бөлінеді:

1. Жатыр мойнының жайылып ашылуы;

2. Нәрестенің босану жолдарынан өтуі;

3. Бала жолдасының бөлінуі.

Жүкті және босануға келіп түскен әйелдерді санитарлық өңдеу

Босануға келіп түскендердің босану бөлімшесіне жұқпалы аурулар әкелуін және дені сау босанушылардың ауруханаішілік жұқпалы аурулардың ауыруын ескерту жұмысы, босанушылардан сұрастыру және тексеру жүргізетін санитарлық-өткізу блогының бірінші буыны – фильтрде жасалады.

Фильтрде температураны өлшейді, тамыр соғысын тыңдайды, болуы мүмкін жұқпалы ауруларды немесе жұқпалы науқастармен байланысын анықтау үшін сұрастыру жүргізеді, тері қабатын (бөртпелер, іріңді жаралар, қышыма және т.б.) қарайды, аранды тексереді.

Фильтрден кейін әйел адам денсаулық жағдайына байланысты (физиологиялық немесе обсервациялық) бағытталған бөлімшенің санитарлық бөліміне түседі.

Екінші буын – бұл жүкті әйелдерді немесе босануға келіп түскендерді санитарлық өңдеу орны.

Жүктінің немесе босануға келіп түскендердің санитарлық өңдеуін, құралдар мен күтім бұйымдарының дезинфекциясын дұрыс жүргізу қажет.

Ол үшін:

  • резеңкелі қолғап киіледі;

  • қол мен аяқтағы тырнақтар алынады;

  • қоласты ойықтағы түктер бір рет қолданылатын лезвиемен қырылады;

  • корнцангкпен ұстатылған ылғалды тампон көмегімен залалсыздандырылған сұйық сабынмен алдын ала жұмсарту арқылы қасағадағы түктер қырылады;

  • тазалау клизмасы қойылады.

  • клизма қою аяқталғаннан кейін үштік пен Эсмарх күрешкесі 3% хлорамин ерітіндісіне 1 сағатқа салынады;

  • резеңкелі қолғап шешіліп, қол жуылады;

  • іш босатқаннан кейін босанушы жеке сабын және залалсыздандырылған жөкемен жуынып, сүртініп, залалсыздандырылған киім киеді;

  • аяқ және қол тырнақтары йодпен, төс ұштары гауһар жасылымен өңделеді.

Тазалау клизмасын қолдану кезеңі алдында, кесар тілігі операциясынан кейін, жүктіліктің ауыр гестозы кезінде, уақытынан бұрын болатын босану кезінде қоюға болмайды.

Босануға келіп түскендердің тері қабаты қаралады, дене температурасы өлшенеді, педикулезге тексеріледі, екі қолының да АҚ өлшенеді, тамыр соғысы саналады, нәрестеніңжүрек соғысы тыңдалады және қынапты тексеру, диагноз қою және босану жоспарын құру үшін байқау бөлмесіне бағытталады.