Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Mб
Скачать

Нәрестелерді клиникалық тексеру

Дені сау туған нәрестеге байсалды бет пішіні, эмоцианалды айғай, тез ояну, созылу тән. Алғашқы күндері босану ағымына байланысты (жамбас түбіне бетпен, желкесімен немесе жамбасымен орналасу) баланың жатуында өзгешелік болуы мүмкін. Қозғалыс белсенділігінің төмендігі немесе артықтығы жүйке бұзылыстарының бар екенін көрсетеді. Қозғыштығының арту симптомына - діріл, Морроның спонтонды рефлексі, табан клонустары (тыныштық кезде немесе әлсіз тітіркенуге жауап ретінде табанның ұзақ тырысып, дірілдеуі). Гиперқозғыштықтың неғұрлым ауыр көрінісі ретінде қаңқаішілік босану жарақаты, қанқа ішіне қан кету, менингит, сепсис, сондай-ақ алмасудың тұқым қуалаушы аурулары, электролитті құрам (гиперкальциемия) бұзылысы, гипо- және гипергликемия кезінде пайда болатын тырыспалар.

Баланы тексеру кезінде міндетті түрде оның тонусы, яғни, оның бар-жоғы, аяқ-қолдарға бірдей бөлінуі бағаланады.

Бала позасының өзгерісіне назар аудару өте маңызды. Қалыпты жағдайда жетілген балада флексорлы поза болуы керек, яғни, қолы мен аяқ буындары бүгіліп, басы денесіне келтірілген. Патологиялық жағдайларда жүйке-бұлшық ет қатысы бұзылып, бала позасы өзгереді. Ол түрлі аурулардың бар екенін меңзейді. Мысалы, «бақа» позасы – қолдары денесі бойында әлсіз жатады, аяқтары шамалы бүгілген – ОЖЖ ауыр зақымдарында, жұлын-миының зақымында, бүйрек безі жеткіліксіздігінде, жұқпалы аурулар кезінде кездеседі. Опистотонус – желке бұлшық еттерінің ригидтілігінен басы артқа қарай шалқайған, қолдары денесі бойында созылып жатыр, саусақтары жұмылған, аяқтары созылған және төменгі үшінші балтыр деңгейінде айқасқан – іріңді менингит, менингоэнцефалит, ауыр субарахноидальді қан кету, билирубинді энцефалопатияға тән.

«Фехтовальщик» позасы – басы бетімен иыққа бұрылған, бір жағының қолы мен аяғы жазылған жағдайда, екінші қолы иық буынында кері қайырылып, білек буынында бүгілген, аяғы жамбас-сан буынында кері қайырылып, тізе буынында бүгілген – қаңқа ішінің босану жарақатында кездеседі. Ассиметриялық позалар тонустың бұзылысын және ОЖЖ перинатальді зақымданғанын көрсетеді. Баланы тексеру кезінде қол және табан сүйектерінің қойылымына назар аудару қажет. «Тырнақты қол», «Итбалық қолы», «Маймыл қолы» сияқты өзгерістер, сонымен қатар табанның варусты және вальгусты орналасуы ОЖЖ түрлі зақымдарында, ұрықтың жатыр ішінде қиналуына тән және ерте кезеңде дұрыстауды қажет етеді.

Клиникалық байқаулар көрсеткендей, массаж бен қалыпқа келтіруді ертерек қалдану оң нәтиже береді.

Дені сау нәрестенің терісі нәзік, тегіс, жұмсақ болады. Бала терісінде арнайы бақылау мен күтімді қажет етпейтін патологиялық емес өзгерістер болуы мүмкін. Оларға шамалы петехиальді қан құйылулар, моңғал нүктесі, қал, т.б. жатады. Балаларда күтімнің нашарлығына байланысты тері өзерістері байқаулы мүмкін:

  • жұқпалы емес тер бөртпесі - тері қабаттарында орналасып, дененің қатты жылуымен және күтімнің төмендігіне байланысты дамитын ұсақ нүктелі қабынбайтын бөртпелер;

  • көбіне қозғалыс белсенділігі артылған балаларда тері қабатының үйкелуінен пайда болатын жаралар. Олар әдетте балтырларда, қолтық астында кездеседі. Жараның негізі себебі – баланың дұрыс құндақталмауы. Тері бөртпесі сияқты емделеді;

  • аралық пен шап аймағында дұрыс жуындырмау және жиі құндақтамау кезінде пайда болатын күлбіреулер. Кейде күлбіреулер ішек жұқпалары салдарынан, ал кейде дәрілік препараттар нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Терінің босану кезіндегі зақымдары – тырнақ ізі, эхкимоздар, басқан із, қысқыштар салғаннан, кесар тілігі операциясынан кейін кездесуі мүмкін.

Тұқым қуалаушы және туа біткен тері өзгерістері. Бұл өзгерістердің жиі көрінісі - гемангиома. Нәрестеде гемонгиоманың болуы медперсонал тарапынан зақымның диаметрде (немесе биіктігінде) өсуін мұқият бақылауды қажет етеді. Гемангиоманы зақымданған тамырларды күйдіру (криотерапия) көмегімен емдейді.

Тері қабатының өзгеруі. Нәресте терісінің түсі – қызғылтым немесе ақшыл-қызғылтым. Акроцианаз патологиялық симптом болып саналмайды және біраз уақыт бойы сақталуы мүмкін. Сонымен қатар, тері қабаты түсінің өзгеруі баладағы бір жайсыздықты аңғартады. Мысалы, жайылған цианоз жүрек зақымында немесе оның туа біткен кемістігінде байқалады.

Цианоздың көп мөлшердегі жүйелі ұстамасы ОЖЖ зақымы не пневмония – өкпе жұқпасы туралы айтады. Терінің боздығы қаназдықты немесе жұқпамен улануды байқатса, сұр топырақты реңкі ауыр пневмонияға, менингитке тән болады. Терінің мәрмәрлігі жетілмегендікті, тамыр тонусының төмендегін, лимфостазды көрсетеді. Сарғыштық нәресте кезеңіндегі сарғаю симптомының жиі белгісі болып табылады.

Баланы «жоғарыдан төмен» кестесіне сай жан-жақты тексеру қажет.

Ең алдымен баланың басы тексеріледі, оның қалпы, қаңқа сүйегінің тығыздығы, жіктері мен енбектері, олардың өлшемдері анықталады. Осы өлшемдердің ерекшеліктері жатырішілік жайсыз әсерді, баланың жетілгені, босану ағымы туралы хабар береді. Одан әрі иықты шығару кезінде иықтың сынуына байланысты бұғана тексеріледі. Орнына келтіруші таңғышты ерте мерзімде салу - сүйектің 5-7 күннен кейін бітесіп кетуіне және одан әрі неврологиялық асқынулардың, қолдың салдануын болдырмауға жағдай жасайды.

Одан әрі кеуде торы тексеріледі, ентігу мен қабырға аралықтың ішке тартылуның бар-жоқтығы анықталады, тыныс алу жиілігі (1 мин. 36-50 рет), жүрек жиырылуының жиілігі (1 мин. 120-160 рет соғу) саналады.

Осыдан кейін іші қаралады (пальпация жасау мүмкінділігі, іш кебуі). Бала өмірінің бірінші айларының негізгі мәселесі ­ асқазан-ішек жолының бейімделуі. Балалардың көбін іш ұстамалары, кебуі, газдың жиналуы мазалайды.

Ең соңында жыныс мүшелері қаралады. Олардың тазалығы, шап жарығының бар-жоғы анықталады, ұл балаларда аталық жұмыртқасының орналасуы тексеріледі.

Жоғарыда аталған манипуляциялардың барлығы гестация мерзіміне қарамастан жас туған нәрестелердің барлығын тексеру кезінде жасалады. Дегенмен, жетіліп туған нәрестеге патологиялық болып саналатын бірқатар симптомдар анағұрлым төмен гестационды мерзімді балалар үшін қалыпты болуы мүмкін.

Нәресте ағзасының табиғи ерекшеліктері

Орташа есеппен жүктілік 38-40 аптаға созылады. Осы мезгілде туған нәрестені уақыты жетіп туды деп есептейді. Нәрестенің жетіліп тууына жүктіліктің уақыты ғана әсер етіп қоймайды. Егер анасы ауру болса, қоршаған ортаның залалы тисе, т.б. себептерден нәресте жетілмей тууы мүмкін. Уақыты жетіп, жетіліп туған нәрестенің орташа салмағы 3200-3400 г, бойы 48-52 см болады.

Сүйек құрылысының ерекшеліктері:

1. Сүйектерінің тұзы аз болғандықтан, жұмсақ, майысқақ;

2. Омыртқа сүйектері негізінен шеміршектен тұрады;

3. Денесі (іш пен кеуде қосындысы) қол-аяғынан ұзын, кеуде қуысы конус тәрізді;

4. Қабырғалары көлденең орналасқан, қабырға аралықтары тар.

Терісінің ерекшеліктері:

  1. Терісі нәзік, жұқа, тез жараланады;

  2. Терісінде қан тамырлары көп;

  3. Дене жылуын реттеу жүйелері жетілмеген;

  4. Жара, ісік терінің бар қабаттарына тез тарайды.

Миының, жүйке жүйесінің ерекшеліктері:

  1. Миының үлкендігі (мидың салмағы мен дене салмағының ара қатынасы 1: 7,5 –8,5);

  2. Мидың қатпарлары аз;

  3. Ему, жұту рефлекстері жетілген;

  4. Есту, дем алу қабілеттері өте бәсең.

Жүректің, қан тамырларының ерекшеліктері:

  1. Жүрегі үлкен (жүрегінің салмағы дене салмағының 0,8 % тең);

  2. Тамыр соғысының жиілігі минутына 120-140;

  3. Қан қысымының мөлшері – 65/35; гемоглобин - 185/220 г/л; қызыл қан түйіршіктері 4,5-5,5 млн; ақ қан түйіршіктері – 25-35 мың, қызыл қан түйіршіктерінің шөгуі (ЭТЖ) – сағатына 2-3 мм; қанның ұю уақыты 4-10 минут.

Дем алу жүйесінің ерекшеліктері:

  1. Мұрын қуысының толық жетілмегендігі, шеміршектерінің нәзіктігі;

  2. Кеңірдегінің жіңішкелігі;

  3. Минутына 40-60 рет дем алады;

  4. Бір дем алғанда 15-20 см3 ауа жұтады;

  5. Өкпенің созылып жиырылу қасиеті төмен болғанмен, онда қан тамырлары көп.

Ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері:

  1. Өңештің ұзындығы - 10 см. Сондықтан, бөбек тез құсып тастайды;

  2. Ұлтабардың сыйымдылығы аз. Бірініші күні - 20 мл, 5-6 күндері - 50 мл, 10-14 күндері 70-80 мл;

  3. Ішегі қысқа болады;

  4. Туғаннан кейінгі 2-3 күн бойы тоңғақ болады;

  5. Бауырда қан тамырлары көп, бірақ жұмысы бәсең.

Кіші дәрет шығару жүйесінің ерекшеліктері:

  1. Несеп түтігі иіріліп, ұзын келеді;

  2. Қуық жоғары орналасқан, сыйымдылығы 50-80 мл;

  3. Жүйке жүйесінің пісіп-жетілмегендігінен, бөбек «шыжың» болады;

  4. Насыбай ұшындағы терісінің оның басына жабысуы, ісініуі (фимоз) жиі кездеседі.

Жалпы күйінің кейбір ерекшеліктері:

  1. Салмағын жоғалту. Бастапқы 2-3 күнде 3-10% салмағын жоғалтады да, 6-7-күндерге қарай орнына келеді;

  2. Басымен туған баланың бас терісі ісінуі мүмкін, бірақ ол 2-3 күнде тарқайды;

  3. Жылу реттеу жүйелері жетілмегендіктен, бөлменің ауасына байланысты дененің қызуы көтеріледі;

  4. Терісінің сарғыштануы: 2-3-күні 60-70% нәрестеде кездеседі. Бөбектің терісі, көзінің ағы сарғыш тартады, бұл 1-2 аптаға созылуы мүмкін. Егер табиғи заңдылыққа байланысты сарғыштанса, билирубин де, резус қайшылық та өспейді;

  5. Жыныс дағдарысы. Кейде гормондардың анадан нәрестеге берілуіне байланысты бөбектің емшегі үш-төрт күн ісініп, мазасызданады. Қыздарда кейде 3-7-күндер аралығында етекккірге ұқсас қызыл келіп, ол 1-2 күнге созылуы мүмкін;

  6. Теріде қызыл дақтардың (эритема) пайда болуы. Ол 1-5-күндер аралығында пайда болып, 2-3 күннен кейін тарайды;

  7. Мұрынмен дем алысының уақытша аздап тарылуы. Бөбектер бөлімшесінде оның көзін, мұрнын, тері қатпарларын күнделікті жылы сумен жуып-тазартады, күніне екі мезгіл өсімдік майымен сылайды. Кіндік қалдығын 0,4% грамицидінді 70% спиртке қосып немесе (кіндік дымқылданып тұрса) 5% марганцовка жағады. Кіндік қалдығы 2-5 күнде түседі. Тәулігіне алты рет емізуге апарып, содан кейін салмағын өлшейді. 5-тәулікте туберкулезге қарсы тері астына 0,1 мл БЦЖ вакцинасын егеді. Әдетте, нәрестені 6-8 тәулікте үйге шығарады.