Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Mб
Скачать

Кеш гестоздар, жіктелуі, клиникалық белгілері, емдеу жолдары

Жүктіліктің екінші жартысындағы гестоздың 2 түрі болады: таза және аралас түрі.

Гестоздың таза түрі ­ дені сау жүкті әйелдің жүктілік гестозына шалдығуы.

Аралас түрі – сырқат әйелдің (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, т.б. аурулар) жүктілік гестозына шалдығуы.

Жүкті әйелдердің гипертензия кезіндегі классификациясы.

Клиникалық диагноздары:

  • Созылмалы гипертензия.

  • Жүктілік кезіндегі ісіктер.

  • Преэклампсияның жеңіл түрі.

  • Преэклампсияның орташа түрі.

  • Преэклампсияның ауыр түрі.

  • Эклампсия.

9 Кесте Жүктілік кезінде болатын критериялар, гипертензиялар

Жүктілік кезіндегі гипертензия, протеннурия анықталмаған (О13). Преэклампсияның жеңіл түрі.

АҚ жоғары немесе 140/90 тең. Екі рет өлшенеді (екінші рет 6 сағат сайын дем алғаннан кейін). Немесе систололық қысым 30мм, ал диастолалық 15мм. Қол-аяқтарда ісік болмайды, тәуліктік протеннурия 0,3грамм.

Жүктілік кезіндегі гипертензия, протеннурия анықталған. Преэклампсияның орташа түрі (нефропатия) (014.0)

АҚ жоғары немесе 140/90 тең, 6 сағат дем алғаннан кейінгі 160/110 мм-тан төмен емес. Протеннурия 0,3г (тәуліктік 5г) қол-аяқтарда ісіктер болуы мүмкін.

Жүктілік кезіндегі гипертензия протеннурия анықталған.

Преэклампсияның ауыр түрі (014.1)

АҚ жоғары 160/110 немесе тең, 6 сағат сайынғы дем алыстан кейін өлшенген. Немесе систолалық қысымның 30мм жоғарлауы, ал диастолалық 15мм. Протеннурия тәулігіне 5г. Қол-аяқтардың ісіктері болуы мүмкін.

Эклампсия

Преэклампсиямен байланысты тоникалық және клоникалық талмалар , қалтыраумен бірге.

Бүгінгі күні гестоздың белгілі және белгісіз түрлері жиі кездесіп жүр. Мысалы, жүктілік нефропатиясына тән бірнеше белгілері бар: қан қысымының көтерілуі, аяқ-қолдың ісінуі, зәрде белоктың пайда болуы. Белгісіз түрінде тек қана зәрінде белок болып, шамалы аяқ-қолының ісінуі мүмкін. Жүктілік гестозының ең бастапқы басталған мезгілін анықтаудың маңызы зор, себебі, гестоз мерзімі екі жұмадан асып кетсе (жеңіл дәрежесінің өзі), ұзаққа созылған гестоз деп есептеп, оның жатырдағы нәрестеге, анаға тигізер әсерін анықтап, емдеу және босану тәсілдерін тез арада шешу керек.

Жүктілік шемені

Жүктіліктің екінші жартысындағы гестоздың алғашқы сатысы.

Жүктілік шеменінің негізгі белгісі ­ ісік және зәрдің азаюы. Ісінудің үш дәрежесі бар:

І. Ісік тек аяқтарда ғана болады.

ІІ. Ісік аяқпен қатар іш пердесін де қамтиды.

ІІІ. Ісік бүкіл денені қамтиды.

Жүктілік шеменінде зерде ақуыз болмайды, қан қысымы физиологиялық қалыптан аспайды.

Жүктілік мерзімінің екінші жартысында жасырын ісіктің де болуы ықтимал. Оны анықтаудың бірнеше жолдары бар. Олар: жұма сайын жүкті әйелдің салмағын өлшеу (жұмасында 350-400 грамнан артық салмақ қосылуға тиіс емес), зәрдің тәуліктік мөлшерін білу, сақина және Мак-Клюр-Олдрич сынақтарын жүргізу.

Мак-Клюр-Олдрич сынағы – 0,2 мл физиологиялық ерітіндіні шприцпен білезік сүйек аймағындағы терінің ішіне жібереді. Бұл жерде күлдіреу пайда болады. Егер қан тамырларының гидрофилдік қасиеті өзгермеген болса, күлдіреу 40-45 минут шамасында сорылып, жоқ болады. Ал, гидрофильдік қасиет артқан жағдайда күлдіреу тез арада (15-20 минут) сорылады. Бұл жағдай жүктіліктің жасырын шеменінде кездеседі.

Сақина сынағы деп киіп жүрген сақинаның жүктілік кезінде саусаққа сыймай қалуы.

Жүктілік шемені көбіне бүйрек ауруларымен ауыратын әйелдер арасында кездеседі. Себебі, жүктілік кезінде күш көп түсетін мүшелердің бірі – бүйрек. Бұл кезеңде жатырдағы ұрықтың өсуіне байланысты, бүйректің қызметі екі есе артады. Бүйрек арқылы адам ағзасындағы қажетсіз заттың бәрі сүзіліп, сыртқа шығады.

Егер бүйрек бұрын да ауырған болса, жүктілік кезінде оның бөлу қызметі төмендейді. Осының салдарынан жүкті әйелдің аяқ-қолы ісінеді. Жүктілік шеменін дер кезінде емдемесе, ол асқынып, нефропатияға айналуы мүмкін.

Емдеу жолдары. Жүктілік шеменін тек босану үйінде емдейді. Емдеудегі негізгі мақсат – тұзды тамақ пен сұйықтықты мөлшерлі тұрғыда қолдану. Тәулігіне 700-800 мл сұйықтық және 5-6 грамм ғана тұз қолдану керек.

Әрбір 7-10 күнде бір рет жеңілдік күндерін ұйымдастыру қажет, ол күнгі тамақ мәзірі ­ 1,5 кг алма немесе 600 г сүзбе, 200 г қант, 200 г қаймақтан тұрады.

Ісікті қайтару үшін күніне 2 рет 0,1 г гипотиазид (3 тәулік) немесе 20 мг фуросемид береді. Бұл жағдайда ағзадан калий өте көп бөлінеді, сондықтан калий препараттары қоса беріледі (оратат калий). Қан тамырларының өткізгіштік қасиетін төмендету мақсатымен аскорбин қышқылын (0,1 х 3 рет), гласкорбин (0,5 х 3 рет), В1 дәрумені (1 мл күнделікті), метионин (0,5 х 3 рет), глюкоза (40% 20 мл) мен аскорбин қышқылын (5% 3,0 мл) күн сайын көк тамыр арқылы жіберу керек.

Жақсы ұйықтау үшін түнге қарай триоксазин, элениум дәрілері беріледі.

Емдеу кезінде жүкті әйелдің салмағы мен тәуліктік зәрін қадағалап отырудың маңызы зор.

Жүктілік шеменімен ауырған әйелді босану үйінде ісік толық қайтып, тәуліктік зәр өз қалпына келгеннен кейін ғана үйге қайтаруға болады.

Кеш басталатын гестоздардың келесі бір түрі ­ жүктілік нефропатиясы.