Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Mб
Скачать

Акушерлік іс философиясы

Акушерлік іс философиясының 4 негізгі түсінігі бар:

  • жеке адам ретіндегі науқас;

  • ұрық – тірі жан;

  • қоршаған орта;

  • денсаулық.

Акушерлік іс – ғылым және өнер ретінде ана мен ұрықтың мәселелерін шешетін және оларды күтімге алатын ғылым.

Акушер тек денсаулықты сақтап қана қоймай, сондай-ақ жүкті әйелдің, босанған әйелдің сезімін және ойын да түсінуі керек. Егер әйел өз бетімен бір шешімге келе алмайтын болса, акушер оған көмек көрсетуі тиіс.

Акушер жүкті әйелмен босану және жүктілік жоспарын бірлесе жасай отырып, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және басқа да мәселелері бар жеке адаммен қарым-қатынаста екенін түсініп, ескеруі керек.

Адамның негізгі қажеттіліктері жайлы А.Маслоу өзінің кестесінде түсіндіреді. Онда қажеттілік дегеніміз — адамның денсаулығы мен амандығына қажетті маңызды психологиялық және физиологиялық тапшылық деп айтылған. Әр адамда 14 негізгі қажеттілік болады: дем алу, тамақтану, ішу, бөліп шығару, қозғалу, дені сау болу, дене қызуын сақтау, ұйықтап дем алу, киініп шешіну, таза болу, қауіптен аулақ болу, қарым-қатынас жасау, өмірлік қазынаға ие болу, қызмет ету, ойын ойнау, оқу.

Акушер және жалпы тәжірибе медбикесінің кәсіби қызметінің нысаны

Акушер және жалпы тәжірибе медбикесі жұмысының нысаны - әйел адам, оның отбасы және қоғам.

Акушер және жалпы тәжірибе медбикесінің әрекеті денсаулықты, репродуктивті қызметті сақтауға және отбасын жоспарлауға бағытталған. Акушер және жалпы тәжірибе медбикесі әйел мен оның отбасына өмірінің түрлі кезеңдерінде емдеу-алдын алу көмегін көрсетеді. Бақылайды, тексереді, жүктілердің, босанатын және босанған әйелдердің, нәрестелердің қалыпқа келуіне, отбасына кеңес ретінде көмек көрсетеді. Акушер-гинекологиялық патология кезінде күтіммен және қажетті көмекпен қамтамасыз етеді. Дәрігердің емдеу-диагностикалық тағайындауларын орындайды.

Акушер және жалпы тәжірибе медбикесінің кәсіптік қызмет арнасы

Емдеу-алдын алу мекемелері мен түрлі меншік түрінің емдеу-әлеуметтік көмек ұйымдастыру мекемелері.

Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамының мейірбандылық қызметі.

Акушер және жалпы тәжірибе медбикесінің қызметіні түрлері:

  • емдеу-алдын алу;

  • өндірістік-басқару;

  • үйретуші;

  • орындаушы.

Акушерлік тәжірибедегі этика және деонтология негіздері

Акушердің этикалық міндеттері:

  • шыншыл болу;

  • жақсылық жасау;

  • зиян келтірмеу;

  • басқалардың міндеттерін сыйлау;

  • айтқан сөзінде тұру;

  • адал болу;

  • пациенттік құқығын құрметтеу.

Акушер қызметі болып табылатын мақсаттар, яғни, жұмысының нәтижесі – этикалық құндылықтар деп аталады (идеал): кәсіптілік, денсаулық, қоршаған дені сау орта, тәуелсіздік, адам қасиеті, күтім.

Акушердің жеке қасиеттері – адамдар бойындағы жақсылық пен жамандықты анықтайтын ізгі қасиеттер: білім, іскерлік, жанашырлық, шыдамдылық, қойған мақсатына жету, мейірбандылық.

Деонтология – науқас және қоғам алдындағы міндеті туралы ғылым.

Акушерге өмірдегі ең қымбатты нәрсе - бір емес, бақандай екі адамның өмірі, денсаулығы сеніп тапсырылады. Бұл - екі еселік жауапкершілік. Акушер тек науқас алдында ғана емес, сонымен қатар оның туған-туысқандары, мемлекет алдында да жауапты болады. Пациент мүддесі бәрінен жоғары екенін түсіну қажет.