Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Mб
Скачать

Етеккір кезеңінің гигиенасы

Қалыпты етеккірдің ұзақтылығы 3-5-7 күннен аспайды. Әр етеккір кезінде 50-150 мл қан жоғалады.

Етеккір қанының құрамы жатыр бездері сұйықтығының едәуір қосындысынан және эндометридің функционалды қабатының бөлінген бөліктерінен тұрады. Құрамында ферменттердің болуына байланысты ұйымайды, тамырлардағы қанға қарағанда түсі қара қоңыр болады.

Етеккір – физиологиялық құбылыс, бірақ осы кезеңде ағзада байқалатын өзгерістер тазалық ережесін мұқият сақтауды талап етеді. Етеккір кезінде әйел әдеттегі жұмыстарын орындай береді, бірақ шаршап-шалдығудан, артық күш-салмақтың түсуінен, дененің салқындауынан және қызуынан аулақ болуы керек.

Етеккір келер алдында және келген уақытта ішкі және жамбас мүшелеріне қанның келуін тудырмау үшін ащы тағамдар және ішімдік қабылдау ұсынылмайды. Етеккір кезінде қанның жыныс мүшелеріне ағылуы қан жоғалтуды арттыруы мүмкін.

Етеккір кезінде функционалды қабаттың бөлінуіне байланысты жатырда "жаралы қабат" түзіледі. Патогенді микроағзалардың енуі және осы жараның жұқпалануы жатырдың, түтіктердің, аналық без бен жамбас қуысының қабынуына әкеп соқтырады. Сол себепті бүкіл дене мен сыртқы жыныс мүшелерінің тазалығын мұқият тексеріп отыру қажет.

Етеккір қаны еркін ағуы керек және арнайы мақталы-дәкелі төсемдерге сіңірілуі тиіс. Сыртқы жыныс мүшелерін күніне 2-3 рет қайнаған жылы сумен шайып отырған жөн. Етеккір кезінде жыныстық қатынасқа түсуге және сумен шашырату жасауға болмайды, себебі жатырдың жаралы қабаты жұқпалануы мүмкін. Сондай-ақ етеккір кезінде қынапқа лас судың енуіне байланысты ванна емес, себезгі қабылдау ұсынылады.

Ііі тарау. Әйел жамбас сүйегінің анатомиясы

7 сурет. Жамбас сүйегі.

А – мықын сүйегі

Б – шат сүйегі

В – шонданай сүйегі

  1. мықын сүйегінің қыры

  2. алдыңғы жоғарғы өсіндісі

  3. алдыңғы төменгі өсіндісі

  4. жамбастың буын ұясы

  5. жапқыш тесік

  6. шонданай бұдырмағы

  7. кіші шонданай ойығы

  8. шонданай өсіндісі

  9. үлкен шонданай ойығы

  10. артқы төменгі өсіндісі

  11. артқы жоғарғы өсіндісі

Босану жолдарының негізін жамбас қуысы құрайды. Жамбас қуысы екі бөлімнен тұрады. Жоғарғы – үлкен, төменгі – кіші жамбас қуыстары. Үлкен және кіші жамбас шекарасы екі жағынан мықын сүйек сызығымен, алдынан қасаға сүйегінің қырымен, артынан сегізкөздің негізімен өтеді. Екі жамбас, сегізкөз, құйымшақ сүйектерінен құралған (4 сурет).

Жамбас үш сүйектен тұрады: 1) мықын; 2) шат; 3) шонданай сүйектері. 16 жасқа дейін бұл сүйектер өзара шеміршекпен бекіген.

Мықын сүйек (os ilium) жамбас сүйегінің жоғарғы жағындағы қалақ тәрізді үлкен бөлігі. Оның ұршық ойысын құрайтын қалың жерін денесі, жоғарғы орналасып, кеңейіп келген жерін қанаты дейді. Қанатының жоғарғы жақ жиегін «мықын қыры» дейді (crista ilaca). Мықын қыры алдыңғы жағынан алдынғы жоғарғы (sрina ilaca anterior inferior) сүйек өсінділерімен аяқталса, сыртқы жағынан артқы жоғарғы (spina ilaca posterior inftrior) сүйек өсінділерімен аяқталып, үлкен шонданай ойындысына жалғасады (5 сурет).

3