- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі көкшетау медициналық колледжі
- •Акушерлік
- •Мазмұны
- •Кіріспе. Акушерліктің дамуының негізгі кезеңдері
- •І тарау. Қазақстан республикасында акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
- •Акушерлік іс философиясы
- •Акушер және жалпы тәжірибе медбикесінің кәсіби қызметінің нысаны
- •Акушер және жалпы тәжірибе медбикесінің кәсіптік қызмет арнасы
- •Акушерлік тәжірибедегі этика және деонтология негіздері
- •Әйелдер кеңес орны мен перзентханада дәрігерлік көмекті ұйымдастыру
- •Перинатальдік қауіп-қатерлерді ұпай арқылы бағалау (а.Г. Фролованың кестесі)
- •Ана өлімінің «қауіп-қатер» топтары
- •Әйелдер кеңесіндегі медициналық бике жұмысы
- •Стационарлық акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
- •Ауылдық мекенде көрсетілетін акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
- •Перзентхананың құрылысы мен жұмысы
- •Жанұяны жоспарлау
- •Акушерліктегі асептика мен антисептика
- •Жұқпалы аурулардың шығу көздері
- •Палата мен жабдықтарды дайындау
- •Жұмсақ жабдықтарды автоклавтауға дайындау
- •Күтім жасауда қолданылатын бұйымдарды өңдеу Медициналық термометрлер
- •Қызметшілерді тексеру
- •Іі тарау. Әйел жыныс мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Әйел жыныс мүшелерінің қанмен қамтамассыздандыру, иннервациясы және лимфа жүйесі.
- •Әйел жыныс мүшелерінің байлам аппараты және кіші жамбас клетчаткасы
- •Сүт безінің анатомиясы
- •Сүт бездерін өз бетімен бақылау
- •Әйел өмірінің кезеңдері
- •Жатырішілік кезең
- •Жаңа туу кезеңі
- •Балалық шақ кезеңі
- •Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі
- •Жыныстық толығу кезеңі
- •Климакстық кезең
- •Менопаузадан кейінгі кезеңі
- •Әйел жыныс мүшелерінің физологиясы, етеккір циклы
- •6 Сурет. Етеккір кезіндегі репродуктивті жүйенің мүшелеріндегі циклдік өзгерістер.
- •Етеккір кезеңінің гигиенасы
- •Ііі тарау. Әйел жамбас сүйегінің анатомиясы
- •8 Сурет. Әйелдің жамбас сүйегі.
- •Үлкен жамбас қуысы
- •10 Сурет. Сегізкөз ромбасы (Михаэлис Ромбасы)
- •12 Сурет. Кіші жамбас кіреберіс жазықтығының өлшемдері.
- •13 Сурет. Кіші жамбас қуысының параллелді жазықтықтары
- •Әйел жамбас қуысының ерлер жамбас қуысынан айырмашылығы
- •14 Сурет. Әйел және ер адамның жамбастары. А - әйел жамбас сүйегі б – ер адамның жамбас сүйегі іү тарау. Жүктілік физиологиясы
- •15 Сурет .
- •16 Сурет. Жасушының
- •18 Сурет. Ұрықтың имплантациясының аяқталуы.
- •17 Сурет. Жатырдың кілегейлі қабатындағы ұрықтың имплантациясының басталуы.
- •Ұрықтың дамуы туралы жалпы мәліметтер
- •Жетілген нәрестенің белгілері
- •Жетілген нәрестенің бас сүйегі
- •19 Сурет. Нәрістенің бас сүйегі.
- •Жаңа туған нәрестенің бас қаңқасының өлшемі
- •20 Сурет . Нәрістенің бас сүйегінің өлшемдері.
- •Ү тарау. Жүктілік кезіндегі әйел ағзасындағы физиологиялық өзгерістер
- •Орталық жүйке жүйесі
- •Эндокринді жүйе
- •Иммунды жүйе
- •Қан және жүрек-қан тамырлар жүйесі
- •Зат алмасу жүйесі
- •Тері қабаты
- •21 Сурет. Тері қабатының өзгерістері.
- •Жыныс мүшелері
- •Сүт бездері
- •Үі тарау. Жүктілікті диагностикалау. Жүкті әйелдерді тексеру әдістері
- •Мәліметтер алу
- •Объективтік зерттеулер
- •Ішкі мүшелерді зерттеу
- •Жүктіліктің ерте мерзімін диагностикалау
- •22 Сурет . Қынапты айнамен тексеру
- •23 Сурет . Жүктіліктің Горвица-Гегар белгісі
- •24 Сурет . Жүктіліктің Пискачек белгісі
- •Жүктіліктің кеш мерзімін диагностикалау
- •25 Сурет. Нәрестенің жүрек соғысының анықтау аппараттары
- •26 Сурет . Нәрістенің әр түрлі орналасуындағы жүрек соғысын анық тыңдаудың орындары.
- •Нәрестенің жатырдағы қалпы
- •27 Сурет.
- •28 Сурет
- •29 Сурет. Бірінші Леопольд тәсілі 30 сурет. Екінші Леопольд тәсілі
- •31 Сурет. Үшінші Леопольд тәсілі 32 Сурет. Төртінші Леопольд тәсілі
- •Жүктіліктің екінші жартысында және босану кезіндегі акушерлік тексеру әдістері
- •Тексерудің қосымша әдістері
- •Жүктілік мерзімін анықтау
- •Үіі тарау. Жүкті әйелдердің гигиеналық тәртібі мен тамақтануы
- •Дәрілік заттардың жүкті әйелдер мен ұрыққа әсер ету ерекшеліктері
- •Жүкті әйелдердің дәрілік заттарды пайдалануы кезіндегі ұрық зақымдалуының қауіпті топтары (бдұ мәліметтері)
- •Үііі тарау. Босану Босану кезеңдерінің қалыпты ағысы
- •Босану кезеңдері
- •Жүкті және босануға келіп түскен әйелдерді санитарлық өңдеу
- •Қынаптық тексеру алдындағы сыртқы жыныс мүшелерін өңдеу
- •Босанудың бірінші кезеңінде әйелді күту және бақылау
- •38 Сурет. Жүкті әйелдің қынаптық зерттелуі.
- •39 Сурет. Қуыққа катетер қою.
- •Нәресте басының жамбас қуысының жазықтықтарына қатысы
- •40 Сурет. Нәресте басының жамбас қуысының жазықтарына қатынасы:
- •Шүйде сүйегінің алға қарап тууы
- •41 Сурет. Нәрістенің шүйдесімен алға қарап орналасуы бірінші позиция, алдыңғы түрі.
- •42 Сурет. Жамбастың шығаберіс жазықтығындағы нәрістенің сагиталды жігі оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек алдыңғы сол жағында.
- •43 Сурет . Нәрестнің басы жамбас қуысының шығаберіс жазықтығында
- •44 Сурет. Бастың туылуы
- •Шүйденің артқа қарап тууы
- •46 Сурет . Шүйде сүйегінің артқы қарап туылуындағы босану механизмі
- •Туу кезінде көрсетілетін акушерлік әрекет кезеңдері
- •47 Сурет. Нәрісте басымен туылғандағы акушерлік көмек (аралықты қорғау)
- •Нәрестенің біріншілік туалеті
- •48 Сурет. Нәрестені бірншілік туалеті.
- •Бала жолдасының бөліну кезеңі.
- •49 Сурет. Бала жолдасының жатырдан бөлінуі
- •Нәрестенің босану жолдарынан өту кезеңінде әйелді бақылау және босануды жүргізу
- •Бала жолдасының бөліну кезеңін жүргізу
- •50 Сурет . Шредер белгісі.
- •51 Сурет-----. Кюстнер-Чукалов белгісі
- •52 Сурет. Абуладзе тәсілі. 53 сурет. Гентер тәсілі.
- •54 Сурет . Креде-Лазаревич тәсілі.
- •55 Сурет.
- •Іх тарау. Босануды жансыздандыру Психо-профилактикалық дайындық
- •Жансыздандырудың жаңашыл тәсілдері
- •Акушерлік операциялар барысындағы жансыздандыру
- •Х тарау. Босанғаннан кейінгі қалыпты кезең
- •Босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу
- •Босанғаннан кейінгі бөлмедегі әйелдің туалеті
- •Босанған әйелді босану үйінен шығару
- •Еңбек ету, дем алу, тамақтану
- •Жыныстық қатынас
- •Сүт безін емізуге дайындау және баланы кеудемен тамақтандыру
- •Хі тарау. Жаңа туған нәрестені күту Бөбектер бөлімінің жұмыс тәртібі
- •Жаңа туған нәрестелердің физиологиясы мен патологиясы
- •Нәресте жағдайын туғаннан соң 1 және 5 минуттан кейін Апгар шкаласы байынша клиникалық бағалау
- •Сыртқы белгілерді ұпаймен бағалау жүйесі
- •Нәрестелерді клиникалық тексеру
- •Жетілген нәрестенің белгілері:
- •Жетілмеген шала туылған нәрестенің белгілері:
- •Тым жетілген нәрестенің белгілері:
- •Күтімнің жалпы ережесі
- •Жетіліп туған нәрестелердің күтімі
- •Жаңа туған нәрестені тамақтандыру
- •Науқас нәрестелердің күтімі
- •Жетілмей туған нәрестелердің күтімі
- •Жатырдағы нәрестенің гипоксиясы мен асфиксиясы
- •Нәрестенің туғаннан кейінгі тұншығуы
- •Нәрестеге берілетін бағаның дәрежелік сипаттары
- •Нәрестені асфиксиядан құтқару тәсілдері
- •Нәрестенің гипоксиясы мен асфиксиясының алдын алу
- •Хіі тарау. Нәрестенің жамбаспен жатуы
- •56 Сурет . Нәрістенің жамбаспен жатуының түрлері.
- •Биомеханизм ерекшеліктері
- •57 Сурет . Нәрестенің жамбаспен туылуының биомеханизм ерекшіліктері.
- •58 Сурет . Нәрестенің жамбаспен жату кезіңдегі асқынулар. Босану ерекшеліктері
- •Нәресте жамбаспен орналасқан кезде жүктілікті жүргізу
- •Цовьянов әдісі
- •59 Сурет. Нәресте тек бөксесімен орныққандағы Цовьянов әдісі:
- •60 Сурет. Цовьянов бойынша классикалық әдісі а - Нәрестенің “артқы” (сол қолын) босату б - Нәрестенің “артқы” (оң қолын) босату в - Нәрестенің басын Морисо-Левре әдісімен босату
- •Аяқпен жатқан нәрестені туғызудағы Цовьянов әдісі
- •61 Сурет. Нәресте аяқтарымен орныққандағы Цовьянов әдісі
- •Хііі тарау. Көпұрықты жүктілік
- •Көп ұрықты жүктілікті диагностикалау
- •62 Сурет. Егіз жүктілікте нәрестелердің жүрек соғуының естілу орны.
- •63 Сурет. Егіз жүктілікте жатырдағы нәрестелердің орнығуы
- •Көп ұрықты жүктілік кезінде босануды жүргізу
- •Хіү тарау. Жүктіліктің бірінші және екінші жартысындағы гестоздар Гестоздың анықтамасы, түрлері , жиілігі
- •Гестоздың пайда болу себептері мен даму жолдары
- •Ерте гестоздар
- •Кеш гестоздар, жіктелуі, клиникалық белгілері, емдеу жолдары
- •Жүкті әйелдердің гипертензия кезіндегі классификациясы.
- •9 Кесте Жүктілік кезінде болатын критериялар, гипертензиялар
- •Жүктілік шемені
- •Преэклампсия
- •Эклампсия
- •Жүктілік гестозының диагнозы
- •Гестоз ауруымен ауырған әйелдерді босандыру тәсілдері
- •Гестоздың асқынуы
- •Гестоздың алдын алу шарттары
- •Хү тарау. Жатырішілік ұрықтың, қағанақ қабығы мен плацентаның аурулары және дамуындағы ауытқулары
- •Ұрық дамуының ақаулары, мерзімінен аса жүру, ұрықтың жатыр ішінде өлуі
- •Ми жарығы – мидың үлкен енбек, желке және кеңсірік аумағында шығып тұруы. Нәресте тірі туады, бірақ, әдетте, нәрестелік кезеңде шетінейді.
- •64 Сурет. Ұрық дамуының ақаулары
- •Кіндік ауытқулары
- •Ұрық жұмыртқасы қабығының аурулары Ұрықтың көпіршікке айналуы
- •Хорионэпителиома
- •Көп сулы жүктілік
- •Аз сулы жүктілік
- •Қағанақтың дер кезінде жарылмауы
- •Қағанақ қабығының уақытынан бұрын және ерте жарылуы
- •Қағанақтың кеш жарылуы
- •Плацента дамуының кемістіктері
- •Плацентаның жатыр қабырғасына жабысуы.
- •Хүі тарау. Аурулар кезіндегі жүктілік пен босанулар Жіті және созылмалы жұқпалы аурулар
- •Маңызды мүшелер мен жүйелердің аурулары
- •Жыныс мүшелерінің теріс дамуы және аурулары кезіндегі жүктілік
- •65 Сурет. Жатыр ақауларының дамуы
- •66 Сурет. Жыныс мүшелерінің теріс дамуы
- •Мамандандырылған акушерлік көмек
- •Хүіі тарау. Жүктілік және ана мен баланың
- •Иммунологиялық сыйыспаушылығы
- •Иммунологиялық сыйыспаушылықтың пайда болу жолдары,
- •Резус-қайшылықты жүктілік
- •Гемолитикалық ауру, оның түрлері және клиникалық белгілері
- •Гемолитикалық ауруды анықтау
- •Резус-қайшылықты жүкті әйелдерді бақылау және емдеу
- •Резус-қайшылықты жүкті әйелдерді босандыру ерекшеліктері
- •Жүктіліктің резус-сенсиблизациясының алдын алу
- •Хүііі тарау. Жүктіліктің мезгілсіз үзілуі Жүктіліктің мезгілсіз үзілуінің жиілігі, негізгі себептері
- •67 Сурет.
- •Мезгілінен бұрын босану
- •Мезгілінен бұрын босанудан сақтандыру амалдары
- •Хіх тарау. Ұзаққа созылған жүктілік
- •Ұзаққа созылған жүктіліктің клиникалық белгілері, оны анықтау
- •Мезгілінен кеш босану
- •Дәрігерлік амал
- •Ұзаққа созылған жүктіліктің алдын алу
- •Хх тарау. Босану әрекеттерінің ауытқуы
- •Босану ауытқуларының алдын алу
- •Ххі тарау. Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы
- •68 Сурет. Ұрықтың көлденең орналасуы. Сыртқы акушерия зерттеулері.
- •69 Сурет. Нәрестенің көлдеңен орналасуындағы асқынулар
- •Жүктілікті және босануды жүргізу
- •Ххіі тарау. Нәресте басының шалқая орналасуы
- •70 Сурет. Нәресте басының шалқая орналасуы а - төбесімен; б - маңдайымен; в - бетімен
- •Бастың маңдайымен орналасуы
- •Бастың бетімен орналасуы
- •Ххііі тарау. Жамбас қуысының тарлығы. Жүктілік пен босану кезеңдерінің ағымы
- •Тар жамбас қуысының анықтамасы, жіктелуі, жиілігі
- •Тар жамбас қуысының жіктелуі
- •71 Сурет . Тар жамбас қуысының жіктелуі
- •Тар жамбас қуысын анықтау
- •72 Сурет Тар жамбастағы іштің пішіні:
- •Биомеханизм ерекшеліктері
- •Жүктілік пен босану кезеңдерінің ерекшеліктері
- •73 Сурет . Вастен тәсілі.
- •Тар жамбас қуысының алдын алу шаралары
- •Ххіү тарау. Жүктілік пен босану кезеңдеріндегі қан кету
- •Плацентаның төмен орналасуы
- •74 Сурет. Планцентаның орналасу түрлері.
- •Емі және дәрігерлік амалы
- •Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі
- •75 Сурет. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі
- •Госпитальдық кезеңгі дейінгі қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуінде емдік тактикалық тәсілдері.
- •Үшінші және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі қан кету
- •Бала жолдасының бөлінуі кезеңіндегі қан кету
- •76 Сурет . А - жатыр мойны өзегінің жиырылуы кезіндегі плацентаның қысылуы. Б - плацентаның жатыр түтікшесінің оң бұрышында қысылуы.
- •Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан шығыны
- •77 Сурет.
- •Геморрагиялық шокты емдеу жолдары
- •Алдын алу амалдары
- •Ххү тарау. Босану жолдарының және нәрестенің жарақаттануы
- •Жатырдың жыртылуы, жиілігі, себептері, жіктелуі
- •78 Сурет. Жатыр жыртылуы.
- •Жатыр тыртығынан кейінгі жүктілік, босану және оның жыртылу ерекшеліктері
- •79 Сурет. Аралықтың жыртылуының бірінші және екінші дәрежелеріне тегіс салу.
- •80 Сурет. Жатыр мойнының жыртылуы. Қ асаға буынының ажырауы
- •Ххүі тарау. Акушерлік операциялар
- •Жатыр қуысын қыру
- •82 Сурет . Жатыр қуысын қыруыға арналған аспаптар
- •83 Сурет.
- •Босану жолын дайындайтын операциялар.
- •Аралықты кесу
- •84 Сурет Босану жолдарын дайындаутын операциялар.
- •Нәресте жамбаспен жатқанда тартып туғызу
- •Шаптан тартып шығару
- •Нәрестені аяғынан тартып шығару
- •Акушерлік қысқаш
- •85 Сурет. Акушерлік қысқаш
- •Акушерлік қысқашты салу тәсілі
- •Вакуум-экстракция операциясы
- •Нәрестені бөлшектеп шығару операциялары
- •Басты тесу операциясы
- •Бассыздандыру операциясы (декапитация)
- •Бұғананы кесу операциясы (клейдотомия)
- •86 Сурет . Нәрестені бөлшектеу операцияларының құралдары
- •Кеуде мен іш құрылысын босату операциялары
- •Омыртқаны бөлшектеу операциясы
- •Ххүіі тарау. Кесар тілігі
- •Операциядан кейінгі кезең
- •Кесар тілігінен кейінгі асқынулардың алдын алу
- •Ххүііі тарау. Босанғаннан кейінгі септикалық аурулар
- •Босану жолдарының жарақаттануы
- •Кіші жамбас қуысындағы жыныс мүшелерінің қабынуы
- •Септикалық шок
- •Инфекцияның қан арқылы бүкіл денеге жайылуы
- •Сүт бездерінің қабынуы
- •Босанғаннан кейінгі септикалық аурулардың алдын алу
- •Операциядан кейінгі жараларға салынған таңғышты ауыстыру
- •Тігісті алу техникасы
- •Ххіх тарау. Босану бөліміндегі операциялық блоктың жұмысы
- •Операциялық медбикенің міндеттері
- •Акушерлік операцияларға дайындық
- •Қынаптық операцияға дайындық
- •Операциядан кейінгі науқастарды күту
- •Босанғаннан кейінгі кезеңнің патологиясы. Науқас және босанған әйелдерді күту
- •Тері ішіне иньекция жасау
- •Бұлшық етке иньекция жасау
- •Көк тамырға иньекция жасау
- •Жүйені жинау
- •Терминдерге түсініктеме Акушерлік
- •Физиологиялық жүктілік
- •Жүктілік патологиясы
- •Физиологиялық босану
- •Патологиялық босану
- •Босанудан кейінгі кезең
а
- бала жолдасының аналық бетін қарау.
б
– қағанақ қабықшасын қарау.
а
б
55 Сурет.
Іх тарау. Босануды жансыздандыру Психо-профилактикалық дайындық
Әйелдер кеңес орнының негізгі мақсаттарының бірі – жүктілер арасында, бірінші есепке алынған күннен бастап психо-профилактикалық дайындық жүргізу. Бұл дайындықтың негізгі мақсаты – босану алдындағы қорқынышты азайту, босану кезеңіндегі ауру сезімін жеңілдету. Ол үшін 32-35 жұма аралығында дәрігер жүкті әйелдермен кеңес ретінде 5-6 сабақ жүргізеді.
І сабақтың мақсаты – босанар алдындағы қорқыныштың алдын алу. Ол үшін жүктілік пен босанудың физиологиялық құбылыс екенін, жүктілік мезгілінде әйел организміндегі өзгерістерге тоқтай отырып, босану кезеңінің өзгешеліктерін жете түсіндіру керек.
ІІ сабақта әйелдің сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінің анатомиясын таныстыру.
ІІІ сабақта – толғақ басталысымен босанудың бірінші кезеңінің тәртібіне үйретеді. Ол үшін: 1) тыныш жату; 2) толғақ кезінде бірқалыпты және терең дем алу; 3) дем алу және дем шығару әрекеттерін жатырдың төменгі жағын сипалаумен сәйкестендіру; 4) сегізкөз-бел саусақтардың ұшымен мықын сүйектің алдынғы жоғарғы өсінділерін басады, ал сегізкөз ромбасына екі жұдырықты қояды; 6) толғақты бақылау қажет.
IV сабақта – босанудың екінші және үшінші кезендеріндегі ерекшеліктерімен таныстырады. Екінші кезеңде босанып жатқан әйелді күшену ережелерімен толғақ арасында дұрыс дем алу тәртібіне үйретеді.
V сабақ – «Ана қуанышына» арналады, аналарға көмек туралы заңдармен таныстырады.
VI сабақта – толғақтың алғашқы белгілерімен, перзентханаға алдын ала жату жағдайларымен және тазалық ережесімен таныстырады.
Жансыздандырудың жаңашыл тәсілдері
Босану негізінде әр түрлі сатылы ауру сезімдерімен өтеді. Ауырсыну факторы ағзадан адреналин мен норадреналиннің бөлінуіне жағдай жасайды. Соның нәтижесінде ағза және жатыр қызметтері белсендендіріледі.
Толғақ кезінде ауруды тудыратын негізгі факторлар: жатыр мойнының ашылуы, жатыр тіндерінің гипоксиясы, жүйке талшықтарының қысылуы, жатыр байламдарының созылуы.
Босанудың бірінші кезеңіндегі ауырсынудың себебі – жатырдың жиырылуы және байламдарының созылуы. Босану қарқындаған сайын жатырдың төменгі сегментінің созылуы да ұлғая береді. Босанудың бірінші кезеңінің соңы мен екінші кезеңінің басында негізгі рөлді нәрестенің жақын жатқан бөлігінің жұмсақ тіндерге және кіші жамбастың сүйек сақинасына түсіретін қысымы алады. Босану ауырсынуының әсерінен жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы өзгеріске ұшырайды: тахикардия, жүректің соғу жиілігі, күре тамыр және көк тамыр қысымы артады. Ауырсыну әсерінен ырғақтың бұзылуы, коронарлы қан айналымның азаюы, жүрек қуысындағы қан қысымы өзгеруі мүмкін. Тыныс алу қызметінің жұмысы өзгереді, тахипноэ, дем алу көлемі азаяды, тыныс алудың минуттық көлемі артады, нәтижесінде айқын гипокапния және жатыр-плацента қан айналымы бұзылуы мүмкін. Ауырсыну өз кезегінде жатырдың жиырылу қабілетін, асқазан-ішек жолының, қуықтың жұмысын нашарлатып, жүрек айну мен құсуды тудырады. Босану барысындағы ауырсыну психоэмоцианалдық ширығу мен қажуға әкеледі, қажу өз алдына жатырдың жиырылу белсенділігінің бұзылысы мен нәрестенің жатырішінде күйзелуіне соқтырады. Егер де осы асқынулардың алды алынбаса, босану ана мен нәресте үшін жайлы бітпеуі мүмкін. Әсіресе асқынған жүктілік пен экстрагенитальді патология кезіндегі ауырсыну реакциялары өте қауіпті.
Акушерлік анестезиологияның дамуы босану үйлерінде анестезиология және реанимация қызметін құру қажеттілігін қарастырып отыр. Босану үйлерінің анестезиологиялық қызметтерінің міндеттеріне қазіргі уақытта босану барысында, сондай-ақ акушерлік операциялар кезінде түрлі жансыздандыруды жүргізу, сонымен қатар қарқынды терапия мен реанимация шараларын өткізу жатады.
Босану үйінде акушер-гинекологпен бірге анестезиолог дәрігер және медбике-анестезист қалыпты орналасқан плацентаның ерте бөлінуінде, бала жолдасы бөлінуінің ерте және кеш кезеңдеріндегі қан кетуде, плацентаның төмен орналасуынан болған қан кетуде көмек көрсетеді.
Қарқынды терапия және реанимациялық шаралардың қажеттілігі кеш токсикоздың ауыр түрлерінде, жүрек ақауында және тағы басқа экстрагенитальді ауруларда байқалады. Босану үйіндегі анестезиолог қызметкерлердің міндетіне сондай-ақ асфиксиямен туған нәрестелерге реанимациялық шаралар жүргізу жатады.
Медбике-анестезист анестезиолог дәрігердің жетекшілігімен жұмыс істейді; оның міндеттеріне анестезиологиялық аспаптармен және босануда, сонымен бірге кесар тілігін жасау кезінде жансыздандыру үшін қолданылатын құралдармен қамтамасыз ету жатады. Наркоз кезінде медбике-анестезист дәрігер басшылығымен наркоз жасалған адамды бақылап, наркоз картасына пульсін, қан қысымын, басқа да жағдай көрсеткіштерін, науқасқа енгізілген анестетиктерді және басқа да дәрілік заттарды тіркеп отырады. Медбике-анестезист жалпы анестезиология мен реаниматологияны, дәрілердің фармакодинамикалық қасиетін, қазіргі акушерлік анестезиологияны қолдануды, сонымен бірге босанудың бірінші кезеңіндегі және акушерлік кесар тілігіндегі жансыздандыру тәсілдерін, өздігімен преэклампсия және эклампсия жағдайында наркоз аппаратының көмегімен маскалы наркоз жасай білуді, венепункция техникасын, акушерліктегі асептика және антисептика негіздерін жетік меңгеруі керек.
Босанудың бірінші кезеңі мен акушерлік операцияларда қолданылатын жансыздандыру тәсілдері әр алуан. Белгілі бір әдісті таңдау босану актісінің ағымына, экстрагенитальді ауруларына және нәресте жағдайына, хирургиялық араласу мен акушерлік стационардың жабдықталуына байланысты жасалады.
Босануды жансыздандырудың дәрілік және дәрісіз жансыздандыру тәсілдері қолданылады.
Дәрісіз жансыздандыру тәсілі. Дәрісіз жансыздандыру тәсілдері арасынан физиопсихопрофилактика (жүйке физиологиясының алдын алу), гипноз, акупунктура, электроанальгезия және т.б. көңіл аудартады.
Жүкті әйелді психопрофилактикалық жолмен жансыздандырудың мақсаты – босану қорқынышының жүйкелік кешенін жою.
Маңызды психологиялық кезеңнің бірі – босану кезінде әйел жолдасының немесе жақын туыстарының бірінің қасына келуі. Сонымен қатар, босанатын әйелдің босандыратын дәрігермен және акушермен таныс болғаны да дұрыс.
Дәрісіз жансыздандыру тәсілдері арасындағы ауырсыну стимулын азайту тәсілі назар аудартады. Оған әйелдің еркін қозғалуы, жүйке талшықтарының қысылуы, абдоминалдық декомпрессиясы, т.б. жатады. Алдыңғы екеуінің маңызы зор.
Негізгі бір жансыздандыру тәсілдері – шеткері рецепторларды белсендендіру тәсілі. Солардың ішінде қазіргі уақытта гидротерапия (жылы ванна), акупунктура және акупрессура, тері арқылы тоқ өткізу тәсілдеріне көп көңіл бөлінеді.
Гидротерапия ауырсынуды азайтып, дененің босауын қамтамасыз етеді, абдоминальді бұлшық еттерге түсетін физиологиялық ширығу мен қысымды азайтып, жатырдың тиімдірек жиырылуына жағдай жасайды.
Массаж да көп елдің тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Массаждың алуан түрлері тері рецепторларын ынталандырып, көптеген миелин талшықтарының невральді белсенділігін арттырады. Бұл сезімдер ауырсыну сезімдеріне қарағанда тезірек сезіледі. Орталық жүйке жүйесіне жасалған бұндай шабуылдар ауырсынуды басады. Акупунктура және акупрессура әдістері де көптеген клиникаларда қолданылуда. Босануды жансыздандырудағы гипноз рөлі ерекше. Дегенмен, қойылатын негізгі шарт – дәрігер бұл әдістемені жетік меңгеруі керек.
Босануды дәрімен жансыздандыру тәсілдері. Жансыздандыру үшін дәрілік заттарды тағайындағанда мынаны есте сақтаған дұрыс: ешбір седативті немесе ұйықтататын дәрі немесе анальгетик плацентаға әсер етпей қоймайды және де нәрестеге әсер етпей қоймайды. Сондықтан жансыздандыруға қолданылатын дәрілік заттардың өлшемдері мен қажетті шартын белгілеп алу керек. Оған қоса дәрілік заттарды енгізетін кезеңді де (босану кезеңдерін) нақты белгілеу керек. Көбінесе ауырсынудың негізгі себебіне босану кезінде жатыр мойнының ашылуы жатады. Сондықтан жансыздандыруды жатыр мойнының 3-4 см ашылуы кезінде өткізіп, тууға 2-3 сағат қалғанда тоқтатады. Ауырсынудың ең қатты сезімдері жатыр мойны 9-10 см ашылғанда сезіледі, бірақ нәрестенің туғаннан кейінгі өміріне әсері болуына байланысты ол кезеңде барлық препараттарды қолдана беруге болмайды. Бұл кезде нәрестенің жетілу дәрежесін ескеру керек, себебі ұрық пен нәресте бауырының толықтай жетілмеуі есірткі заттарының әсер ету мерзімін ұзартады. Бұның барлығы анальгетиктерді қолданудың бірыңғай жүйесі болу мүмкін еместігін аңғартады.
Акушерлік тәжірибеде седативті, ұйықтататын заттар, транквилизаторлар, есірткелік және есірткелік емес анальгетиктер қолданылады.
Босануды жансыздандыруға келесі талаптар қойылады:
кері эмоциялар мен қорқынышты жою;
ауруды басатын тиімді әсермен қамтамасыз ету;
босану әрекетіне қысым көрсететін әсерді болдырмау;
жансыздандыру әдісінің ана мен балаға қауіп келтірмеуі;
әйелдің есін сақтау, оның босану актісіне қатысу мүмкіндігі;
лактацияға және босанудан кейінгі кезеңнің ағымына зиянды әсердің болмауы.
Босану барысында жансыздандыруды жүргізу іс-әрекетінің жүйелілігі кесте түрінде келесідей көрсетіледі:
босану ағымының басында ауырсынуы аз толғақтарда қорқынышты, ширығуды жою үшін транквилизаторларды (триоксазин 0,3-0,6 г немесе элениум 0,1-0,015 г, седуксен 0,01 г, т.б.) қолдану көрсетіледі;
белсенді босану әрекетінің дамуы мен толғақтардың айқын ауырсынуы кезінде ингаляциялық немесе ингаляциялық емес анальгетиктерді седативті немесе спазмолитикалық препараттармен үйлестіріп береді. Тез иланатын әйелдерге акупунктура, емдік электроанальгезияны қолдануға болады.
аталған босануды жансыздандыру әдістері тиімсіз немесе экстрагенитальді патология, гестоз, босану әрекетінің дискоординациясы болған жағдайда ұзақ мерзімді перидуральді анестезияны қолданған дұрыс.
Босануды жансыздандыру үшін ингаляциялық және ингаляциялық емес анестетиктер қолданылады. Біздің елде босануды жансыздандыру мақсатында көбіне ингаляциялық емес анестетиктер қолданылады: промедол, морфин, морадол, анальгин, трамал, натрий оксибутураты (ГОМК) және т.б.
Промедолдың 1% ерітіндісінен 1-2 мл бұлшық етке тағайындалады. Промедол әсері 10-20 минуттан кейін басталып, 2 сағатқа созылады. Промедолды енгізгеннен кейін нәрестенің жүрек ырғағы байқалады, босану ағымы жалғасады. Ашылу кезеңінің соңы мен құдалау кезеңінде промедолды енгізуге болмайды, себебі нәрестенің есірткілік депрессиясы дамуы мүмкін.
Т е к о д и н (Thecodinum) 1% ерітінді ретінде 1-1,5 мл тері астына қолданады. Ауру сезімін басу әсері 2-3 сағатқа созылады.текодинді сагний сульфатымен қосып (1% текодин ерітіндісінің 1 мл тері астына, 25% магний сульфаты ерітіндісінің 4 мл бұлшықетке) қолдануға болады.
А п р о ф е н (Aprophenum) ауруды басатын және жоғары спазмолитикалық әсерге ие: 1 % ерітіндінің 1 мл тері астына немесе бұлшықетке енгізіледі. Сондай-ақ апрофенді изопромедолмен қосып та қолданады (ауруды басу әсерін арттырады және өзектің ашылуын тездетеді).
Сонымен қатар ингаляциялық дәрілерді де қолданады: азоттың шала тотығы, трилен, т.б.
А з о т т ы ң ш а л а т о т ы ғ ы н ингаляциялық наркоз ретінде оттекпен қосып (азоттың шала тотығының 40-тан 80 % дейін, оттектің 60-тан 20 % дейін) босанудың бірінші және екінші кезеңдерінде қолданады. Азоттың шала тотығын арнайы аппарат арқылы маска көмегімен береді.босанатын әйелді азоттың шала тотығын қолдану техникасымен таныстырады: одан әрі толғақ кезінде әйел өзі маска салып, қолданады. Толғақ арасындағы үзілістерде масканы қолданбайды.
Оттекпен қосылыстағы азоттың шала тотығын ана мен нәрестеге зиянды әсер етпейтін тиімді заттар қатарына жатқызады.
Акушерлік тәжірибеде акушерлік емдік наркозға жиі жүгінеді. Көрсеткіштері: босану кезіндегі шаршау, босану ағымының дискоординациясы, патологиялық прелиминарлық кезеңі, гестоз. Емдік акушерлік наркоз үшін үлкен табыспен натрий оксибутиратының 20% ерітіндісі қолданылады. Премедикация мақсатында промедолдың 2% ерітіндісін (1 мл) пипольфеннің 2,5% ерітіндісімен (1 мл) немесе димедролдың 1% ерітіндісімен (1 мл) бұлшық етке қолданады. Премедикациядан соң 5-20 мин кейін ГОМК-ты 20% ерітінді түрінде көк тамырға баяу енгізеді. Ұйқы ГОМК-ты енгізгеннен кейін 3-8 минуттан соң басталып, әдетте 2,5 сағатқа созылады. Акушерлік наркозды акушер-гинеколог тағайындайды, ал орындайтын - анестезиолог.
Акушерлік тәжірибеде азот тотығы, энфлуран, метоксифлуран, трихлорэтилен, галотан, трилен, фторотан сияқты ингаляциялық анестетиктер қолданылады.
Ингаляциялық анестетиктер плацента арқылы жеңіл өтеді. Нәрестенің қысылу дәрежесі анестетикті қабылдау ұзықтылығы мен концентрациясына байланысты болады.
