Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Mб
Скачать

Әйел өмірінің кезеңдері

Әйел өмірінің бойынша жас шамасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын бірнеше кезеңдері анықталады. Кезеңдер ара жігі мейлінше шартты және жеке даму ерекшелігі, тұқымқуалаушылық, биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріп отырады.

Жатырішілік кезең

Бұл кезеңде ұрықтың барлық мүшелері мен жүйелерінің, сонымен қатар, анасының қанынан, плацентадан келетін және ұрықтың өз ағзасында түзілетін жыныстық гормондар әсерінен жыныстық жүйенің дамуы, саралануы және пісіп-жетілуі жүреді. Ұрықтың дамуының 3-4 аптасында ең бірінші болып жыныс бездері, ал 6-8 аптасынан бастап сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінің дамуы және саралануы басталады. Ұрықішілік дамудың 20 аптасына қарай ұрықтың аналық бездерінде примордиальді фоликуллдар болады. 31-33 аптаға қарай фоликуллдар дамуының алғашқы белгілері пайда бола бастайды, гранулеза жасушалары қабаттарының саны 6-8 қатарға дейін өседі, тека-жасушалардың қалыптасуы жүреді. Ұрықішілік дамуыдың әр аптасында репродуктивті жүйенің қалыптасуының маңызды шаралары болып тұрады, ал сыртқы ортаның зиянды фактор әрекеттері осы кезеңде белсенді даму үстіндегі құрылым мен жүйелерге өзінің кері зақымдаушы әсерін тигізеді. Бұл кезең әйелдің жыныс жүйесі қызметінің орнына келуі үшін өте маңызды, себебі сыртқы ортаның жағымсыз факторларының әсері жыныс жүйесі мүшелерінде ақаулардың дамуына себеп болады, ал ол болса әйел ағзасының өзіндік қызметтерінің бұзылысына әкеліп соғады. Бала көтеру кезінде жүкті әйел өз айналасында өте жағымды эмоцианалдық, т.б. жағдайларды, сонымен қатар дәрумендерге, микроэлементтерге, ақуыздарға және энергетикалық байланыстарға бай тиімді тағамдарды қажет етеді.

Жаңа туу кезеңі

Бұл өмірінің алғашқы 4 аптасы немесе 28 күні. Туу кезінде баланың жынысы сыртқы жыныс мүшелерінің құрылысы негізінде анықталады, себебі ерте кездегі балалық шақта басқа жыныс белгілері болмайды. Жаңа туған қыз бала өмірінің алғашқы бірінші аптасында эстрогенді толыққандылықтың кейбір көріністері байқалады және жыныстық криздің құбылыстары пайда болуы мүмкін: сүт бездерінің қатаюы, қынаптың шырышты қабаттарының ісінуі, тіпті жыныс жолдарынан қанды бөлінділер ағуы мүмкін. Бұның барлығын қыз бала ағзасына ана гормондарының тигізетін әсері деп санауға болады. 8-10 тәулікке қарай бұл құбылыстар жойылады.

Балалық шақ кезеңі

Балалық шақты бейтарап кезең деп атайды, себебі өмірінің бірінші айынан 8 жасқа дейін репродуктивті жүйеде белгілі өзгерістер болмайды. Ағза біртіндеп дене бітімінің және жыныстық қалыптасуына дайындалады. Толыққанды даму үшін 3-4 жастан, яғни бала өзін әйел не еркектік жынысқа жататынын сезінген уақыттан бастап, қыз балаларды белгілі бір тәртіп пен гигиена ережелеріне үйрету қажет.

Қыз баланың бөлек төсегі және өзінің жеке дәрет жабдықтары болуы керек. Балалардың іш киімдері ересектердің киімдерінен бөлек жуылуы тиіс. Бір жасқа дейін памперстерді үнемі қолдануға болмайды, оны тек қана серуендеуге шыққанда және түңгі ұйқы кезінде қолданған абзал. Қыз балалның сыртқы жыныс мүшелерінің шырышты қабаты өте нәзік және синтетикалық заттар, жуғыш бұйымдар, тығыз киім оларға әсер етуі мүмкін. Жыныс мүшелері қызарып, қышуы жиілетсе немесе бөлінділер пайда болса, міндетті түрде балалар гинекологына көріну қажет.

Баланы күнделікті тазалыққа үйрету керек: күніне екі рет тіс жууға, күніне 4-5 рет қуықты және күнде ішекті босатуға, дәреттен кейін және тамақтану алдында қолды жуып отыруға. Егер үйде үй жануарлары болатын болса, қыз немесе ұл баланы жануарларды күтуге үйрету керек және алдын алу мақсатында баланың және жануардың паразиттерге қарсы емін жүргізген жөн.

4-5 жастан бастап баланы сыртқы жыныс мүшесінің әр дәреттен кейінгі тазалығына, яғни жеке не дәрет қағазымен қолдануға, сонымен қатар күн сайын іш киімді ауыстырып отыруға үйрету керек.

Бала жұмыс пен демалыстың ыңғайлы тәртібімен, толыққанды үйлестірілген тағаммен, 10 сағаттық тыныш ұйқымен, күн сайынғы таза ауадағы демалыспен және денеге күш түсіретін үстемелер кешенімен қамтамасыз етілуі тиіс.