Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Mб
Скачать

Жетілмей туған нәрестелердің күтімі

Жетілмей туған нәрестенің ағзасы жетіліп туған нәрестенікіне қарағанда анағұрлым әлсіз, соның салдарынан неше түрлі жұқпалар мен ауруға шалдыққыш келеді. Сондықтан, өмірінің алғашқы сағаттарынан бастап оның барлық мүшелерінің жұмысын қадағалап отыру қажет. Әсіресе, нәресте денесінің жылу алмасуын уақытында қалыпқа келтіру керек, себебі бала ағзасының өмірлік маңызды жүйелерінің бейімделуі осыған байланысты болады. Жетілмей туған нәресте дене тез суымен қатар, жылдам жылып та кетеді. Дене температурасының 360С төмен түсуі палатадағы ауаның салқындауына, суық, ылғалды жаялыққа орауына байланысты болады. Сол себепті жетілмей туған нәресте бірден жылытылған жаялыққа оралады. Алғашқы жуып-тазалуы да жылытылған бөлмеде және жылдам жүргізіледі.

Нәрестені ыңғайлы жылу, ылғалды және оттекті теңгерімін сақтау үшін арнайы кувезге орналастырады. Кувез қажетті температуралар параметрін орнатып отыратын арнайы датчиктермен жабдықталған болады.

Нәрестеге қажетті температура, ылғалдылық және оттек концентрациясын дәрігер белгілейді.

Жетілмей тууына байланысты, оларда сору әрекеті бұзылады, тамақтандыру үшін сүңгіні қолданады. Сүңгімен сорғалатып немесе тамшылатып тамақтандырады. Сүңгіні енгізу алдында залалсыздандырады, сонынан мұрын жолы немесе ауыз қуысы арқылы асқазанға түсіреді. Егер сүңгі қысқа болып, өңеште орналасса, құсу мүмкінділігі артады және одан әрі тұрақты құсу синдромы пайда болады. Ал ұзынырақ сүңгі ұлтабарға жетеді, ол жерде сүт жеткілікті түрде ыдырамайды және оның әсерінен де міндетті түрде құсық пайда болады. Тамақтандыру алдында медбике асқазан құрамын шприцпен сүңгі арқылы сорып алып, сүңгінің дұрыс орналасқанын мұқият тексеруі керек. Сорғалатып тамақтандыру кезінде сүттің қажетті мөлшерін шприцке құяды, ол тікелей асқазанға барады. Тамшылатып тамақтандыру кезінде сүт арнайы помпалы шприцке құйылып, сұйықтықтың асқазанға бару жылдамдығы реттеледі.

Тамақтандыру алдында және соңынан баланы 5-10 минут оттекпен дем алдырады. Тамақтандыру барысында құсудың және одан әрі өз құсығына тұншығудың алдын алу мақсатында баланың басын бір жағына бұрып қояды.

Жетілмей туған нәрестелерге көп мөлшерде сұйықтық (натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі, глюкоза ерітіндісі) беріледі.

Жатырдағы нәрестенің гипоксиясы мен асфиксиясы

Нәрестенің науқастануының, шетінеуінің негізгі себептерінің бірі – гипоксия (оттегінің жетіспеушілігінен жатырдағы нәрестенің қысылуы) және асфиксия (оның туғандағы тұншығуы). Жатырдағы нәрестенің қысылуы, оның ағзасында оттегінің жетіспеушілігінен пайда болатын өте күрделі патологиялық құбылыс, бұл жеке ауру емес, бірнеше акушерлік асқынулар мен ана ағзасындағы түрлі аурулардың салдарынан пайда болады.

Нәрестенің қысылуы жіті немесе созылмалы түрде кездеседі.

Жіті түрі нәресте жолдасының жатырдан мезгілсіз бөлінгенде, толғақ ырғағы ауытқығанда, кіндік түйілгенде және ол нәрестеден бұрын қынапқа түскенде, жатыр жыртылғанда жиі кездеседі.

Ал созылмалы түрі көбінесе жүрек-қан тамыр ауруларында, жүктілік гестозында, қаназдықта, резус-қайшылықта, өкпе, бауыр, бүйрек ауруларында, толғақ әлсіреп ұзаққа созылғанда, нәресте мезгілінен ерте не кеш туғанда кездеседі. Осы аталған жүктілік ауытқуларының және ағзалардан тыс науқастардың салдарынан жатырдағы нәресте сырқаттанып немесе шетінеп тууы мүмкін. Жатырдағы нәрестенің қысылуы негізінен ана – бала жолдасы – ұрық арасындағы қалыпты байланыстың өзгеруінен және жатыр-плацента қан айналымының бұзылуынан пайда болады. Осының салдарынан нәресте ағзасында оттегі жетіспей, зат алмасу бұзылып, түрлі патологиялық құбылыстар пайда болады.

Жатырдағы нәрестенің қысылуының жіті түрінің негізгі белгілері, нәрестенің жүрек соғысының толғақ кезінде нашарлауы - жиілеуі (160-тан асып) не сиреуі (100-110 төмен болуы). Егер әдеттегі емнен кейін, нәрестенің жүрек соғысы өз қалпына келмесе, онда оттегінің мүлдем жетіспеуінен оның қысылуы ұлғаяды. Бұл қысылу белгілерін арнайы стетоскоп арқылы тыңдап, қосымша фонография, ультрадыбыс арқылы анықтайды.

Қағанақ суының сарғыш жасыл болып өзгеруін амниоскоп құралы арқылы тексеріп білуге болады.

Созылмалы түрінің белгілері: нәресте қимылының өзгеруі. Орта есеппен нәресте 1 сағатта 4-5 рет қимыл жасайды, оның сиреуі не жиілеуі оттегінің жетіспеушілігін анықтайды. Сирек қимыл жүктіліктің ұзаққа созылуында не резус-қайшылықта кездеседі.

Оттегенің жетіспеуін қимыл арқылы анықтайтын бірнеше тәсілдер бар:

А. Дем алуды тоқтату – дем алған кезде нәрестенің жүрек соғысы 7-10–ға дейін сиреп, дем шығарғанда 13-14 дейін жиілейді. Нәресте қысылған кезде оның жүрек соғысы екі жағдайда да (ананың дем алуы мен дем шығаруы) артады.

Ә. Оттегі беру – егер жүкті әйел он минут оттегі қабылдағаннан кейін, нәрестенің жүрек соғысы 160- тан асса не 110-нан төмен болса, бұл қысылудың белгісі.

Б. Жылу және суық әсер. Егер жүкті әйелдің құрсағын салқындатса, әдетте нәрестенің жүрек соғысы 8-10-ға сирейді, ал жылытса 13-14 соғысқа жиілейді. Нәресте жатырда қысылған кезде бұл заңдылықтар сақталмайды. Кейінгі жылдары нәрестенің жүрек соғысын әр үш сағат сайын монитор арқылы қадағалап отырады.

Емдеу жолдары. Әйелде жүктілік немесе босану ауытқулары болса, жатырдағы нәрестенің қысылуын алдын ала ескерту үшін келесі емдерді қолдану қажет.

Әйел ағзасын оттегімен қамтамасыздандырады 20 мл 40 % глюкоза мен 1 мл сигетин қоспасын; 1 мл 0,5 % куратилді 400 мл реополиглютинді венаға жібереді. Бұлшық етке 1 мл АТФ 100 мл/г кокарбоксилазаны салады, фолий кышқылы мен метионинді ішуге береді. Толғақ кезінде нәрестенің қысылу белгілері пайда болғанда да осы емдерді кеңінен қолданады.

Емдерден кейін нәрестенің жүрек соғысы теңеліп жөнделмесе, онда ананы кесар тілігі арқылы босандырады. Ал нәресте босанудың ІІ кезеңінде қысылса, оны акушерлік қысқыш арқылы, егер нәресте құйрығымен орналасса, шаптан тартып шығарады. Нәресте жыныс ернеулерінен тез тууы үшін аралықты төмен қарай 2 см тіледі.