Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Mб
Скачать

Жүктіліктің кеш мерзімін диагностикалау

Ж

25 Сурет. Нәрестенің жүрек соғысының анықтау аппараттары

а – акушерлік стетоскоп

б – ультрадыбыстық “Малыш” аппараты

үктіліктің екінші жартысында жатырдағы нәрестенің басын, арқасын, кол-аяқтарын, және жүрек соғысын анықтауға болады. Нәрестенің жүрек соғысын арнайы стетоскоппен тыңдайды, ол минутына 120-160 рет, КТГ – кардиотохограммамен де жүрек соғысын анықтауға болады.

26 Сурет . Нәрістенің әр түрлі орналасуындағы жүрек соғысын анық тыңдаудың орындары.

1 - басымен орналасқанда бірінші позиция алдынғы түрінде

2 - басымен орналасқанда бірінші позиция артқы түрінде

3 - басымен орналасқанда екінші позиция алдынғы түрінде

4 - басымен орналасқанда екінші позиция артқы түрінде

5 – жамбаспен жатқанда бірінші позиция алдынғы түрінде

6 - жамбаспен жатқанда бірінші позиция артқы түрінде

7 - жамбаспен жатқанда екінші позиция алдынғы түрінде

8 - жамбаспен жатқанда екінші позиция артқы түрінде

Жатырдағы нәресте қимылын аналар өздері сезінеді, тұңғыш босанатын әйелде нәресте қимылы 20 аптадан кейін, ал босанып жүрген әйелдерде 18 аптада байқалады.

Нәрестенің жатырдағы қалпы

Алдың ала нәрестенің жатыр қуысындағы қалпын анықтаудың босану кезеңдерін жеңілдету үшін клиникалық мыңызы зор. Қалыпты жағдайда нәрестенің денесі бүгіліп, басы көкірігінде иіліп, аяқтары – жамбас, сан және тізе буындарында бүгіліп, ішіне қарай жиырылып жатады, ал қолдары көкірігінде айқасады. Осы жағдайда нәрестенің сырт пішіні овоид тәрізді болып келеді, ұзындығы орташа есеппен аяғымен 20- 25 см.

Нәресте жатырда үш күйде жатуы мүмкін:

  1. Ұзынынан жату (situs londitudinalis) ­ жатыр мен нәрестенің ұзынша біліктері (осьтері) бір-біріне сай келеді.

2. Көлденең жату (situs transversus) – нәрестенің ұзынша білігі жатырдың ұзынша білігімен тік бұрыш жасайды.

3. Қиғаш жату (situs obliguus) - нәрестенің ұзынша білігі мен жатырдың ұзынша білігі бір-бірімен үшкір бұрыш жасайды.

Әдетте, 99,5 % нәресте ұзынынан жатады, тек қана 0,5% нәресте көлденең және қиғаш жатады.

Нәрестенің позициясы (positi) деп оның арқысының жатырдың оң және сол жағына қатынасын айтады. Әдетте, бірінші және екінші позиция болады. Бірінші позицияда нәрестенің арқасы жатырдың сол жағына, ал екінші позицияда – оң жағына қарай орналасады.

Позицияның алдыңғы және артқы түрлері бар. Егер нәрестенің арқасы жатырдың алдыңғы қабырғасына қарап орналасса, алдыңғы, ал артқы қабырғасына қарап орналасса, артқы түрі дейді.

Нәрестенің жатуы деп оның ең ірі мүшелерінің жамбастың кіреберіс қуысына қатынасын айтады. Мысалы: жамбас қуысына бас жақын жатса, нәресте басымен, ал құйрығымен жақын жатса, нәресте жатырда құйырығымен жатыр дейді.

Нәресте жатырда көлденең немесе қиғаш орналасқан жағдайда, оның позициясы басының орналасуына қарап анықталады. Бас жатырдың сол жақ қабырғасына қарап орналасса, ол бірінші позиция, ал оң жақ қабырғасына қарап орналасса – екінші позиция болып есептеледі.