Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Mб
Скачать

Шүйде сүйегінің алға қарап тууы

Шүйденің алға қарап туылуы төрт кезеңнен тұрады: бірінші негізгі кезең – бастың жамбастың кіреберіс жазықтығына қондырылуы. Босану басталған кезде нәрестенің басы өзінің төбе жігімен жамбастың кіреберіс жазықтығының көлденең не қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Қосымша кезең – бас сәл еңкейіп, баланың иегі көкірегіне жақындайды. Баланың басындағы кіші еңбегі үлкен еңбегіне қарағанда төмен жатады. Кіші еңбек – жетекші нүкте болады.

41 Сурет. Нәрістенің шүйдесімен алға қарап орналасуы бірінші позиция, алдыңғы түрі.

42 Сурет. Жамбастың шығаберіс жазықты­ғын­дағы нәрістенің сагиталды жігі оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек алдыңғы сол жағында.

Екінші негізгі кезең – бастың жамбас қуысына түсуі. Нәрестенің басы жамбас қуысының кең және тар жазықтарынан өте отырып, біртіндеп ішкі бұрылысын жасайды (қосымша кезең) (41 сурет). Шүйде шат сүйегіне бұрылып, бас жамбас қуысының түбіне төмен түседі (42 сурет). Осы кезде бастың төбе жігі жамбастың шығаберіс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді.

Үшінші негізгі кезең - нәрестенің басы жыныс ернеуін жарып шығып, шаттың төменгі қырының айналасында шалқаяды (қосымша кезең). Жыныс ернеуінен ең алдымен төбесі, маңдайы, беті, иегі шығады. Осы кездегі бекіту нүктесі – шүйде шұңқыры. Бұл кезең нәресте басының жыныс ернеуінен толық босанып шығуымен аяқталады.

Төртінші кезең – иықтың іштей, бастың сырттай бұрылуы. Бас туғаннан кейін не оңға не солға бұралыды, оның бұрылуы нәрестенің орналасу бағытына (позиция) байланысты. Егер нәресте бірінші бағытта орналасқан болса, оның беті анасының оң

санына, екінші бағытта орналасқан болса, сол санына бұрылады. Осы кезде нәресте иығының іштей бұрылуы аяқталады. Алдыңғы иық шаттың төменгі етегіне, артқы иық құйымшаққа тіреледі. Алдымен алдыңғы иық босап, содан кейін артқы иық жыныс ернеуінен шығады. Осы сәттен кейін нәрестенің өмірге келуі аяқталады.

Шүйденің алға қарап туу ерекшеліктері:

  1. Нәрестенің басы жыныс ернеуінен кіші қиғаш шемімен туады (өлшемі – 9,5 см; айналымы -32 см).

  2. Бекіту нүктесі – шүйде шұңқыры.

43 Сурет . Нәрестнің басы жамбас қуысының шығаберіс жазықтығында

а - бастың кесіп шығуы.

б – бастың жарып шығуы

44 Сурет. Бастың туылуы

в - бастың кесіп шығуы.

г – бастың жарып шығуы

45 сурет. Иықтың туылуы.

д - алдынғы иықтың туылуы..

е – артқы иықтың туылуы.

Шүйденің артқа қарап тууы

Бірінші негізгі кезең – бастың жамбастың кіреберіс жазықтығына қондырылуы. Бұнда да босану басталған кезде, нәрестенің басы өзінің төбе жігімен жамбасқа кіреберіс жазықтықтың көлденең не қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Бұл кезде бас еңкейіп, иегі көкірегіне жақындайды.

Екінші негізгі кезең – бастың жамбас қуысына төмен түсуі. Нәрестенің басы жамбас қуысының кең және тар жазықтарынан өте отырып, біртіндеп шүйдесімен сегізкөзге, маңдайымен шат сүйегіне бұрылып (қосымша кезең), жамбас түбіне төмен түседі. Осы кезде бастың төбе жігі жамбастың шығаберіс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді, ал жетекші нүктесі үлкен және кіші еңбектің ортасында болады.

Үшінші негізгі кезең – жарып шығу. Бұл кезеңде бас жыныс ернеуін жарып өткенде, әдеттегідей жазылмайды, керісінше қосымша бөгеледі. Бірінші бекіту нүктесі алдынан, маңдайдың шашымен ұштасқан жері мен (үлкен еңбектің алдыңғы шегі) шаттың төменгі етегінде.