Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Mб
Скачать

13 Сурет. Кіші жамбас қуысының параллелді жазықтықтары

  1. терминальды жазықтық;

  2. негізгі жазықтық;

  3. спинальды жазықтық;

4 - шығаберіс жазықтығы.

Жоғарыда айтылған жамбас қуыстарынан басқа, оның параллелді жазықтықтарын ажыратады (15 –сурет).

Бірінші - үстіңгі жазықтық, шекаралық сызықтың үстімен өтеді. Сол себептен оны шекаралық жазықтық деп атайды.

Екінші – негізгі (басты) жазықтық, симфиздің төменгі жиегінің деңгейінде бірінші жазықтыққа параллель жатады. Бұны негізгі деп атайтын себебі, нәресте басы осы жерден өткеннен кейін айтарлықтай кедергілерге ұшырамайды.

Үшінші – спинальды жазықтық, бірінші және екінші жазықтыққа параллель, шонданай сүйектерінің өсінділерінің бағытына сәйкес келеді.

Жамбастың өткізгіш бағыты. Кіші жамбас жазықтықтарының алдыңғы қабырғасы – симфизбен, ал артқы қабырғасы - сегізкөз және құйымшақпен әлдеқайда қысқа болады, сондықтан барлық жазықтықтар алдыңғы жақтан түйісіп, ал артқы жақтан желпуіш тәрізді шашыранды орналасады. Егер де жамбас жазықтықтарының тік өлшемдерінің ортасын бір сызықпен қосатын болсақ, алға қарай иілген қисық сызық шығады. Міне, осы қисық сызықты жамбастың өткізгіш бағыты деп атайды. Нәресте осы бағытпен өтіп, өмірге келеді.

Жамбас қуысының иілу бұрышы. Бұл жамбас қуысының кіреберіс жазықтығы мен көлденең жазықтық арасындағы бұрыш. Әйел тік тұрғанда бұрыш 45-55-қа тең, ал шалқасынан жатқанда және аяқтарын ішіне жинағанда оның шат сүйегі жоғарғы көтеріліп, бұрыш кішірейеді. Егер жүкті әйелдің беліне қатты жастық қойып көтерсе, шат сүйегі төмен түсіп, бұрыш үлкейеді.

Бұрыш үлкейген жағдайда (60 асса), нәресте басының жамбас қуысына енуі ұзаққа созылып, босану кезеңдері асқынуы мүмкін.

Әйел жамбас қуысының ерлер жамбас қуысынан айырмашылығы

Әйел адам жамбасы ер адам жамбасынан едәуір ерекшеленеді. Әйел жамбас сүйегі ерлердікіне қарағанда жұқарақ, нәзік, кішірек болады.

Әйел жамбасы жалпақ және төмен, ал ер адамның жамбасы – жіңішкерек және биік орналасқан болады. Әйел адамның сегізкөзі жалпақ және ерлердікіндей ішке қатты еніп тұрмайды; ерлердікіне қарағанда әйелдердің сегіскөз мүйісі аздап алға шығып тұрады; әйел жамбасының симфизі қысқа және жалпақ болады. Кіші жамбасқа кіреберісі кеңірек, ену көлемі ­ көлденең-доғал; ерлер жамбасының кіреберісі ­ созылыңқы жүрекшеге ұқсас келеді.

Әйелдің кіші жамбас қуысы кең, алға еңкейген цилиндрге ұқсас келеді; ерлер жамбас қуысы кішкентай, төменге қарай воронка тәрізді тарылады.

Әйел жамбасының шығаберісі кең, себебі: а) құйымшақ төбешіктерінің арасы алшақ; б) әйелдердің қасаға бұрышы ерлердікіне қарағанда (70-750) кеңірек (90-1000); в) құйымшақ ерлер жамбасына қарағанда алға аз ғана шығып тұрады.

Нәрестенің босану жолдарынан өтуі аталған әйел жамбасының ерекшеліктеріне байланысты болады.

14 Сурет. Әйел және ер адамның жамбастары. А - әйел жамбас сүйегі б – ер адамның жамбас сүйегі іү тарау. Жүктілік физиологиясы

Ұрықтану

Ұрықтану дегеніміз бір-бір хромосомадан тұратын еркек (шәует) және әйел адамның (аналық жасуша) жыныс жасушаларының қосылуы. Ондағы аталық ұрықтар өздерінің қозғалғыштық қасиеттеріне байланысты жатыр түтіктеріне қарай сағатына 7,5-12 см жылдамдықпен жылжиды. Осының нәтижесінде қосарланған хромосома қалыптасып, жаңа ағзаға бастау беретін сапалы жаңа жасуша – зигота түзіледі.

Жетілген аналық жасуша протоплазмадан және ядродан тұрады. Оның сыртқы қабаты жылтыр мөлдір қабықшадан тұрады. Фолликулдан шыққан аналық жасуша тағы да эпителиден түсетін сәулелі шеңбермен көмкеріледі.

Жетілген шәуеттің басы, мойны және жіңішке құйрықшасы болады. Басында жыныс жасушасының неғұрлым маңызды бөлігін, әкесінің тұқымқуалаушылық белгілерін қамтитын ядро болады. Қозғалыссыз тұратын аналық жасушаға қарағанда, құйрықша шәуетке белсенді қозғалуға көмектеседі.

Жыныстық қатынас кезінде сперматозоид әйел адамның қынабына түседі, қышқыл орта есебінен шәуеттердің біразы өледі, ал қалғандары өздерінің сақталуына және қозғалуына жағдай жасайтын сілтілі ортаға, мойын өзегі арқылы жатырға өтеді. Адамның аналық жасушасын ұрықтандыруға бір ғана шәует қажет, ал қалғандары аналық жасушаның ақуызды қабықшасын ерітетін ерекше фермент (гиалуронидаз) бөледі, сөйтіп жалғыз шәуеттің аналық жасушаға енуіне және ядромен қосылуына мүмкіндік жасайды. Ұрықтану жүру үшін шәуеттің 75%-ның белсенді қозғалысы және қалыпты түзілісі болу керек.

Аналық жасуша овуляция кезінде шашақшалардың ұстап қалуы арқасында жатыр түтікшесіне түседі және жатыр түтікшесінің перистальтикалық қозғалысы мен эпителий кірпікшелерінің жылтылдауы есебінен түтік бойымен қозғалады. Овуляция кезеңі ұрықтану үшін өте тиімді болып саналады, егер де ұрықтану болмаса, аналық жасуша бұзылады (15 сурет) .