Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Mб
Скачать

Жетілген нәрестенің белгілері:

  1. Салмағы 2500 г артық;

  2. Бойы 46 см кем емес;

  3. Терісі қызғылт;

  4. Теріасты майлары жетілген;

  5. Тырнақтары бармағының шетінен шығып тұрады;

  6. Құлақ шеміршектері жетілген, серіппелі;

  7. Шашының ұзындығы 2 см-ден артық;

  8. Кіндігі төс пен шаттың тура ортасында орналасқан;

  9. Ер балалардың жұмыртқасы (жыныс безі) дорбасында орналасқан;

  10. Қыздарда кіші жыныс ернеуін үлкен жыныс ернеуі жауып тұрады;

  11. Ему рефлексі жақсы жетілген.

Жетілмеген шала туылған нәрестенің белгілері:

  1. Салмағы 2500 г және одан төмен;

  2. Бойы 46 см-ден кем;

  3. Теріасты майлары мардымсыз;

  4. Денесінде үлпілдек жүндері бар;

  5. Тырнақтары бармақ ұшына жетпейді;

  6. Кіндігі төмен орналасқан;

  7. Құлақ шеміршектері жұмсақ, майысқақ;

  8. Ұлдардың жұмыртқасы (жыныс безі) дорбасына түспеген;

  9. Қыздарда үлкен жыныс ернеуі кіші жыныс ернеуін жаппайды;

  10. Нәрестенің дауысы, дене қимылы бәсең;

  11. Ему рефлексі төмен немесе жоқ

Тым жетілген нәрестенің белгілері:

  1. Бас сүйектері қатты, оның жіктері жіңішке, кішкентай;

  2. Терісі құрғақ, тері беті шытынап, жартылай түлеген;

  3. Алақаны, табаны жем боп сорылған;

  4. Салмағы, бойы көбіне үлкен болып келеді.

Күтімнің жалпы ережесі

Нәрестенің жаңа туған кезеңі бала ағзасының біртіндеп жатырдан тыс тіршілік ету жағдайына бейімделуімен сипатталады. Осы процесс неғұрлым жайлы өтуі және ешқандай асқынулар мен аурулар туғызбауы үшін санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтау керек.

Дені сау туған нәрестенің керуетіне физиологиялық бөлімшеде 2,5 ш.м., ал обсервациялық бөлімшеде 4,5 ш.м. аз болмауы керек. Палаталар кең, жарық, жақсы желдетілетін және қажетті күтім заттарымен жабдықталған болуы керек.

Жетілмей туған және асфиксияда немесе бас миының босану жарақаттарымен туған нәрестелерге кювездермен және реанимация жасауға қажетті аппаратуралармен қосымша жабдықталған бөлмелер бөлінеді.

Палаталар күніне бірнеше рет балаларды тамақтандыруға әкеткенде желдетіліп отырады. Оған қоса осы уақытта ылғалды тазалық жасалып, ультракүлгін сәулесімен сәулелендіріліп отырады. Жетіліп туған нәрестелер палатасының температуралық шамасы 22-240С, ал жетілмей туған нәрестелердікі - 24-260С, ауаның қатыстық ылғалдылығы 60% болуы керек.

Нәрестелер күтіміне қажетті заттардың барлығы зарарсыздандырылып отырады. Керуеттер күн сайын 0,5% хлорамин ерітіндісімен сүртіледі, нәресте шығарылғаннан кейін матрастары дезкамерада дезинфекцияланады. Клизма жасауға қажетті заттардың барлығы 20 минут қайнатумен стерильдендіріледі.

Жаңа туған нәрестелерді күту бөлімшесінде медбике асептика мен антисептика ережелерін қатаң сақтауы керек. Кезекшілікке кіріспес бұрын жуынып, таза халат, шашын тегіс жабатын бас орамал, бөлімшеде киюге ғана арналған аяқ киім киюі керек. Әсіресе қолының тазалығын мұқият бақылауы тиіс. Жұмыс алдында медбике қолын сабындап щеткамен 3-5 мин бойы жуып, соңынан дезинфекциялаушы ерітіндімен өңдеуі керек. Бұл шараны әр баланы жуындырып-тазалағаннан кейін қайталап отырады. Ауалы-тамшылы жұқпалардың таралуының алдын алу мақсатында 4 қабатты мәрлілі маска киеді.