Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Mб
Скачать

Тексерудің қосымша әдістері

Р е н т г е н д і к т е к с е р у ұрықтың орналасуын, ұрық санын, кейбір даму кемістіктерін, жамбас құрылысының ерекшеліктерін, оның өлшемін және ұрық басының өлшеміне сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. Дегенмен, рентгенографияға нақты диагноз қою үшін әдеттегі тексеру жолымен (пальпация, аускультация, қынапты тексеру, т.б.) мәліметтер ала алмаған жағдайда ғана жүгінеді.

Ультрадыбыстық сканерлеу ірі мекемелерде болатын күрделі аппаратура көмегімен жасалады. Бұл әдіс дамудың ерте кезеңдерінде ұрық жұмыртқасын анықтауға мүмкіндік береді. Жүктіліктің кеш кезеңдерінде ультрадыбыс көмегімен ұрықтың орналасуын (басын, денесін, аяқ-қолын, ішкі мүшелерін), т.б. анықтайды. Оған қоса жүктілік мерзімін анықтауда маңызды саналатын басының, кеуде торының, т.б. өлшемін, сонымен қатар дамудың кейбір ерекшеліктерін де (гипотрофия, гидро- және микроцефалия, т.б.) анықтауға болады. Плацентаның тіркескен орны, ұрық саны, сұйықтықтың аз-көптігі және жүктіліктің басқа даму ерекшеліктері анықталады. Ультрадыбыстық тексерудің ана мен балаға зияны жоқ.

Э л е к т р о к а р д и о г р а ф и я ұрық гипоксиясын уақытында анықтауда маңызды саналатын жүрек жұмысын тексеруде кеңінен қолданылады. Бұл әдіс 14-16 апталық ұрықтың жүрек жұмысын тіркеуге мүмкіншілік береді. Электрокардиография көмегімен егіздерді, жамбасқа орналасуын, т.б. анықталады.

Ф о н о к а р д и о г р а ф и я – ұрық жүрегінің жұмысымен туындаған дыбыстық құбылыстарды тіркеу әдісі. Бұл әдіс жүрек соғысының жиілігін (қалпын, жиілеуін, сиреуін), қарқынын (қалыпты, аритмия), дыбысын, т.б. анықтауға мүмкіндік береді, ал ол болса дер кезінде ұрық гипоксиясы және басқа патологиялық кемістіктерді аңғартады.

А м н и о с к о п и я - бұзылмаған қабықтар арқылы көрінетін қабықтар мен қағанақ суларын тексеру әдісі. Сулардың боялуларының өзгеруі мен тазалық дәрежесі (жасылтым, сары, лас) бойынша басталмақшы асфиксия, ұрықтың гемолитикалық аурулары және басқа асқынулар туралы айтуға болады. Амниоскопия стационарда өткізіледі.

А м н и о ц е н т е з - су шығару және оны тексеру үшін (гемолитикалық аурудың ауыр формасына, гендік ауруларға күдік болғанда және басқа асқынулар) ұрық қуысының қабығын тесу.

Жүктілік мерзімін анықтау

Жүктілік мерзімін анықтаған кезде, әйелден алған барлық мәліметтерді (соңғы етеккірі, нәрестенің тұңғыш қимылын, т.б.), арнайы акушерлік зерттеулерді ескереді. Акушерлік тәжірибеде жүктілік мезгілін апта және акушерлік аймен анықтайды. Бір акушерлік ай төрт аптаға немесе 28 күнге тең. Жүктіліктің және босанудың мерзімін анықтауда, жатыр деңгейін, нәрестенің бас өлшемдерін білудің маңызы зор. 3-4 айлық мерзімнен бастап жатыр биіктігін анықтауға болады.

7

6

5

4

3

2

1

33 сурет. Жүктіліктің әр мезгіліндегі жатыр деңгейінің биіктігі.

1. Акушерлік 4 айда (16 апта) жатыр түбі қасаға мен кіндік арасында қасағадан 6 см жоғары

2. Акушерлік 5 айда (20 апта) жатыр түбі кіндіктен екі елі төмен, қасағадан 12 см жоғары.

3. Акушерлік 6 айда (24 апта ) жатыр түбі кіндік деңгейінде, қасағадан 20 см жоғары.

4. Акушерлік 7 айда (28 апта) жатыр түбі кіндіктен екі-үш елі жоғары, қасағадан 24 см жоғары.

5. Акушерлік 8 айда (32 апта) жатыр түбі кіндік пен семсер тәрізді өскіннің ортасында, қасағадан 28-30 см жоғары, іштің шеңбері 8-85 см

6. Акушерлік 9 айда (36 апта) жатыр түбі семсер тәрізді өскін мен қабырға доғасы деңгейінде, қасағадан 34-36 см жоғары, бұл жатыр түбінің ең жоғарғы биік деңгейі, іштің шеңбері ­ 90 см.

7. Акушерлік 10 айдың аяғында ( 40 апта) жатыр түбі сегіз ай кезіндегі деңгейге қайта түсіп, іштің шеңбері 95-98 см болады. Жатыр түбі 8-10 айларда бір деңгейде тұрғанда, оның мезгілін іштің айнала шеңберінің өлшемі бойынша ажыратады. 10 ай аяғында жатыр түбі төмен түсіп, жүкті әйелдің тыныс алуы жеңілденеді. Жүктіліктің екінші жартысында іштің аумағын, жатырдың деңгейін сантиметрлік лентамен өлшейді. Ол үшін лентаны алдынан кіндік үстіне, ал артынан белдің ортаңғы аймағына орайды.

Жүктіліктің соңғы айларында оның болжамды мерзімін Скульский формуласы арқылы анықтауға болады:

Х =

Х – жүктіліктің мерзімі; L - жатырдағы ұрықтың ұзындығы; 2 – еселеу коэффициенті; 5 (алымындағы) – жатыр қабырғасының қалыңдығы; 5 (бөліміндегі) – акушерлік ай, 5-ке көбейтілген, ол жетілген ұрықтың ұзындығына тең.

Жорданиа формуласы: Х = L + C

Х – жүктіліктің мерзімі; L – жатырдағы жетілген ұрықтың ұзындығы; С – бастың тік өлшемі. Қазіргі жағдайда жүктілік мерзімін УДТ арқылы анықтайды.

Жүктілік мерзімін анықтауда қосымша көмек - нәрестенің бас өлшемін білу. Ол үшін әйелді шалқасынан жатқызып, жамбас өлшегіштің түймелерін бастың кеңсірік пен шүйде сүйегіне сәйкес келетін ең алыс нүктелеріне қояды. Әдетте бастың тік өлшемі (кеңсірік пен шүйде бұдырмағының арасы – 12 см), ал 8 айлық мерзімде (32 жұмада) ол 9,5 см-ге тең, 9 айлық мерзімде (35-36 жұмада) – 11 см.