
- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі көкшетау медициналық колледжі
- •Акушерлік
- •Мазмұны
- •Кіріспе. Акушерліктің дамуының негізгі кезеңдері
- •І тарау. Қазақстан республикасында акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
- •Акушерлік іс философиясы
- •Акушер және жалпы тәжірибе медбикесінің кәсіби қызметінің нысаны
- •Акушер және жалпы тәжірибе медбикесінің кәсіптік қызмет арнасы
- •Акушерлік тәжірибедегі этика және деонтология негіздері
- •Әйелдер кеңес орны мен перзентханада дәрігерлік көмекті ұйымдастыру
- •Перинатальдік қауіп-қатерлерді ұпай арқылы бағалау (а.Г. Фролованың кестесі)
- •Ана өлімінің «қауіп-қатер» топтары
- •Әйелдер кеңесіндегі медициналық бике жұмысы
- •Стационарлық акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
- •Ауылдық мекенде көрсетілетін акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
- •Перзентхананың құрылысы мен жұмысы
- •Жанұяны жоспарлау
- •Акушерліктегі асептика мен антисептика
- •Жұқпалы аурулардың шығу көздері
- •Палата мен жабдықтарды дайындау
- •Жұмсақ жабдықтарды автоклавтауға дайындау
- •Күтім жасауда қолданылатын бұйымдарды өңдеу Медициналық термометрлер
- •Қызметшілерді тексеру
- •Іі тарау. Әйел жыныс мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Әйел жыныс мүшелерінің қанмен қамтамассыздандыру, иннервациясы және лимфа жүйесі.
- •Әйел жыныс мүшелерінің байлам аппараты және кіші жамбас клетчаткасы
- •Сүт безінің анатомиясы
- •Сүт бездерін өз бетімен бақылау
- •Әйел өмірінің кезеңдері
- •Жатырішілік кезең
- •Жаңа туу кезеңі
- •Балалық шақ кезеңі
- •Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі
- •Жыныстық толығу кезеңі
- •Климакстық кезең
- •Менопаузадан кейінгі кезеңі
- •Әйел жыныс мүшелерінің физологиясы, етеккір циклы
- •6 Сурет. Етеккір кезіндегі репродуктивті жүйенің мүшелеріндегі циклдік өзгерістер.
- •Етеккір кезеңінің гигиенасы
- •Ііі тарау. Әйел жамбас сүйегінің анатомиясы
- •8 Сурет. Әйелдің жамбас сүйегі.
- •Үлкен жамбас қуысы
- •10 Сурет. Сегізкөз ромбасы (Михаэлис Ромбасы)
- •12 Сурет. Кіші жамбас кіреберіс жазықтығының өлшемдері.
- •13 Сурет. Кіші жамбас қуысының параллелді жазықтықтары
- •Әйел жамбас қуысының ерлер жамбас қуысынан айырмашылығы
- •14 Сурет. Әйел және ер адамның жамбастары. А - әйел жамбас сүйегі б – ер адамның жамбас сүйегі іү тарау. Жүктілік физиологиясы
- •15 Сурет .
- •16 Сурет. Жасушының
- •18 Сурет. Ұрықтың имплантациясының аяқталуы.
- •17 Сурет. Жатырдың кілегейлі қабатындағы ұрықтың имплантациясының басталуы.
- •Ұрықтың дамуы туралы жалпы мәліметтер
- •Жетілген нәрестенің белгілері
- •Жетілген нәрестенің бас сүйегі
- •19 Сурет. Нәрістенің бас сүйегі.
- •Жаңа туған нәрестенің бас қаңқасының өлшемі
- •20 Сурет . Нәрістенің бас сүйегінің өлшемдері.
- •Ү тарау. Жүктілік кезіндегі әйел ағзасындағы физиологиялық өзгерістер
- •Орталық жүйке жүйесі
- •Эндокринді жүйе
- •Иммунды жүйе
- •Қан және жүрек-қан тамырлар жүйесі
- •Зат алмасу жүйесі
- •Тері қабаты
- •21 Сурет. Тері қабатының өзгерістері.
- •Жыныс мүшелері
- •Сүт бездері
- •Үі тарау. Жүктілікті диагностикалау. Жүкті әйелдерді тексеру әдістері
- •Мәліметтер алу
- •Объективтік зерттеулер
- •Ішкі мүшелерді зерттеу
- •Жүктіліктің ерте мерзімін диагностикалау
- •22 Сурет . Қынапты айнамен тексеру
- •23 Сурет . Жүктіліктің Горвица-Гегар белгісі
- •24 Сурет . Жүктіліктің Пискачек белгісі
- •Жүктіліктің кеш мерзімін диагностикалау
- •25 Сурет. Нәрестенің жүрек соғысының анықтау аппараттары
- •26 Сурет . Нәрістенің әр түрлі орналасуындағы жүрек соғысын анық тыңдаудың орындары.
- •Нәрестенің жатырдағы қалпы
- •27 Сурет.
- •28 Сурет
- •29 Сурет. Бірінші Леопольд тәсілі 30 сурет. Екінші Леопольд тәсілі
- •31 Сурет. Үшінші Леопольд тәсілі 32 Сурет. Төртінші Леопольд тәсілі
- •Жүктіліктің екінші жартысында және босану кезіндегі акушерлік тексеру әдістері
- •Тексерудің қосымша әдістері
- •Жүктілік мерзімін анықтау
- •Үіі тарау. Жүкті әйелдердің гигиеналық тәртібі мен тамақтануы
- •Дәрілік заттардың жүкті әйелдер мен ұрыққа әсер ету ерекшеліктері
- •Жүкті әйелдердің дәрілік заттарды пайдалануы кезіндегі ұрық зақымдалуының қауіпті топтары (бдұ мәліметтері)
- •Үііі тарау. Босану Босану кезеңдерінің қалыпты ағысы
- •Босану кезеңдері
- •Жүкті және босануға келіп түскен әйелдерді санитарлық өңдеу
- •Қынаптық тексеру алдындағы сыртқы жыныс мүшелерін өңдеу
- •Босанудың бірінші кезеңінде әйелді күту және бақылау
- •38 Сурет. Жүкті әйелдің қынаптық зерттелуі.
- •39 Сурет. Қуыққа катетер қою.
- •Нәресте басының жамбас қуысының жазықтықтарына қатысы
- •40 Сурет. Нәресте басының жамбас қуысының жазықтарына қатынасы:
- •Шүйде сүйегінің алға қарап тууы
- •41 Сурет. Нәрістенің шүйдесімен алға қарап орналасуы бірінші позиция, алдыңғы түрі.
- •42 Сурет. Жамбастың шығаберіс жазықтығындағы нәрістенің сагиталды жігі оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек алдыңғы сол жағында.
- •43 Сурет . Нәрестнің басы жамбас қуысының шығаберіс жазықтығында
- •44 Сурет. Бастың туылуы
- •Шүйденің артқа қарап тууы
- •46 Сурет . Шүйде сүйегінің артқы қарап туылуындағы босану механизмі
- •Туу кезінде көрсетілетін акушерлік әрекет кезеңдері
- •47 Сурет. Нәрісте басымен туылғандағы акушерлік көмек (аралықты қорғау)
- •Нәрестенің біріншілік туалеті
- •48 Сурет. Нәрестені бірншілік туалеті.
- •Бала жолдасының бөліну кезеңі.
- •49 Сурет. Бала жолдасының жатырдан бөлінуі
- •Нәрестенің босану жолдарынан өту кезеңінде әйелді бақылау және босануды жүргізу
- •Бала жолдасының бөліну кезеңін жүргізу
- •50 Сурет . Шредер белгісі.
- •51 Сурет-----. Кюстнер-Чукалов белгісі
- •52 Сурет. Абуладзе тәсілі. 53 сурет. Гентер тәсілі.
- •54 Сурет . Креде-Лазаревич тәсілі.
- •55 Сурет.
- •Іх тарау. Босануды жансыздандыру Психо-профилактикалық дайындық
- •Жансыздандырудың жаңашыл тәсілдері
- •Акушерлік операциялар барысындағы жансыздандыру
- •Х тарау. Босанғаннан кейінгі қалыпты кезең
- •Босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу
- •Босанғаннан кейінгі бөлмедегі әйелдің туалеті
- •Босанған әйелді босану үйінен шығару
- •Еңбек ету, дем алу, тамақтану
- •Жыныстық қатынас
- •Сүт безін емізуге дайындау және баланы кеудемен тамақтандыру
- •Хі тарау. Жаңа туған нәрестені күту Бөбектер бөлімінің жұмыс тәртібі
- •Жаңа туған нәрестелердің физиологиясы мен патологиясы
- •Нәресте жағдайын туғаннан соң 1 және 5 минуттан кейін Апгар шкаласы байынша клиникалық бағалау
- •Сыртқы белгілерді ұпаймен бағалау жүйесі
- •Нәрестелерді клиникалық тексеру
- •Жетілген нәрестенің белгілері:
- •Жетілмеген шала туылған нәрестенің белгілері:
- •Тым жетілген нәрестенің белгілері:
- •Күтімнің жалпы ережесі
- •Жетіліп туған нәрестелердің күтімі
- •Жаңа туған нәрестені тамақтандыру
- •Науқас нәрестелердің күтімі
- •Жетілмей туған нәрестелердің күтімі
- •Жатырдағы нәрестенің гипоксиясы мен асфиксиясы
- •Нәрестенің туғаннан кейінгі тұншығуы
- •Нәрестеге берілетін бағаның дәрежелік сипаттары
- •Нәрестені асфиксиядан құтқару тәсілдері
- •Нәрестенің гипоксиясы мен асфиксиясының алдын алу
- •Хіі тарау. Нәрестенің жамбаспен жатуы
- •56 Сурет . Нәрістенің жамбаспен жатуының түрлері.
- •Биомеханизм ерекшеліктері
- •57 Сурет . Нәрестенің жамбаспен туылуының биомеханизм ерекшіліктері.
- •58 Сурет . Нәрестенің жамбаспен жату кезіңдегі асқынулар. Босану ерекшеліктері
- •Нәресте жамбаспен орналасқан кезде жүктілікті жүргізу
- •Цовьянов әдісі
- •59 Сурет. Нәресте тек бөксесімен орныққандағы Цовьянов әдісі:
- •60 Сурет. Цовьянов бойынша классикалық әдісі а - Нәрестенің “артқы” (сол қолын) босату б - Нәрестенің “артқы” (оң қолын) босату в - Нәрестенің басын Морисо-Левре әдісімен босату
- •Аяқпен жатқан нәрестені туғызудағы Цовьянов әдісі
- •61 Сурет. Нәресте аяқтарымен орныққандағы Цовьянов әдісі
- •Хііі тарау. Көпұрықты жүктілік
- •Көп ұрықты жүктілікті диагностикалау
- •62 Сурет. Егіз жүктілікте нәрестелердің жүрек соғуының естілу орны.
- •63 Сурет. Егіз жүктілікте жатырдағы нәрестелердің орнығуы
- •Көп ұрықты жүктілік кезінде босануды жүргізу
- •Хіү тарау. Жүктіліктің бірінші және екінші жартысындағы гестоздар Гестоздың анықтамасы, түрлері , жиілігі
- •Гестоздың пайда болу себептері мен даму жолдары
- •Ерте гестоздар
- •Кеш гестоздар, жіктелуі, клиникалық белгілері, емдеу жолдары
- •Жүкті әйелдердің гипертензия кезіндегі классификациясы.
- •9 Кесте Жүктілік кезінде болатын критериялар, гипертензиялар
- •Жүктілік шемені
- •Преэклампсия
- •Эклампсия
- •Жүктілік гестозының диагнозы
- •Гестоз ауруымен ауырған әйелдерді босандыру тәсілдері
- •Гестоздың асқынуы
- •Гестоздың алдын алу шарттары
- •Хү тарау. Жатырішілік ұрықтың, қағанақ қабығы мен плацентаның аурулары және дамуындағы ауытқулары
- •Ұрық дамуының ақаулары, мерзімінен аса жүру, ұрықтың жатыр ішінде өлуі
- •Ми жарығы – мидың үлкен енбек, желке және кеңсірік аумағында шығып тұруы. Нәресте тірі туады, бірақ, әдетте, нәрестелік кезеңде шетінейді.
- •64 Сурет. Ұрық дамуының ақаулары
- •Кіндік ауытқулары
- •Ұрық жұмыртқасы қабығының аурулары Ұрықтың көпіршікке айналуы
- •Хорионэпителиома
- •Көп сулы жүктілік
- •Аз сулы жүктілік
- •Қағанақтың дер кезінде жарылмауы
- •Қағанақ қабығының уақытынан бұрын және ерте жарылуы
- •Қағанақтың кеш жарылуы
- •Плацента дамуының кемістіктері
- •Плацентаның жатыр қабырғасына жабысуы.
- •Хүі тарау. Аурулар кезіндегі жүктілік пен босанулар Жіті және созылмалы жұқпалы аурулар
- •Маңызды мүшелер мен жүйелердің аурулары
- •Жыныс мүшелерінің теріс дамуы және аурулары кезіндегі жүктілік
- •65 Сурет. Жатыр ақауларының дамуы
- •66 Сурет. Жыныс мүшелерінің теріс дамуы
- •Мамандандырылған акушерлік көмек
- •Хүіі тарау. Жүктілік және ана мен баланың
- •Иммунологиялық сыйыспаушылығы
- •Иммунологиялық сыйыспаушылықтың пайда болу жолдары,
- •Резус-қайшылықты жүктілік
- •Гемолитикалық ауру, оның түрлері және клиникалық белгілері
- •Гемолитикалық ауруды анықтау
- •Резус-қайшылықты жүкті әйелдерді бақылау және емдеу
- •Резус-қайшылықты жүкті әйелдерді босандыру ерекшеліктері
- •Жүктіліктің резус-сенсиблизациясының алдын алу
- •Хүііі тарау. Жүктіліктің мезгілсіз үзілуі Жүктіліктің мезгілсіз үзілуінің жиілігі, негізгі себептері
- •67 Сурет.
- •Мезгілінен бұрын босану
- •Мезгілінен бұрын босанудан сақтандыру амалдары
- •Хіх тарау. Ұзаққа созылған жүктілік
- •Ұзаққа созылған жүктіліктің клиникалық белгілері, оны анықтау
- •Мезгілінен кеш босану
- •Дәрігерлік амал
- •Ұзаққа созылған жүктіліктің алдын алу
- •Хх тарау. Босану әрекеттерінің ауытқуы
- •Босану ауытқуларының алдын алу
- •Ххі тарау. Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы
- •68 Сурет. Ұрықтың көлденең орналасуы. Сыртқы акушерия зерттеулері.
- •69 Сурет. Нәрестенің көлдеңен орналасуындағы асқынулар
- •Жүктілікті және босануды жүргізу
- •Ххіі тарау. Нәресте басының шалқая орналасуы
- •70 Сурет. Нәресте басының шалқая орналасуы а - төбесімен; б - маңдайымен; в - бетімен
- •Бастың маңдайымен орналасуы
- •Бастың бетімен орналасуы
- •Ххііі тарау. Жамбас қуысының тарлығы. Жүктілік пен босану кезеңдерінің ағымы
- •Тар жамбас қуысының анықтамасы, жіктелуі, жиілігі
- •Тар жамбас қуысының жіктелуі
- •71 Сурет . Тар жамбас қуысының жіктелуі
- •Тар жамбас қуысын анықтау
- •72 Сурет Тар жамбастағы іштің пішіні:
- •Биомеханизм ерекшеліктері
- •Жүктілік пен босану кезеңдерінің ерекшеліктері
- •73 Сурет . Вастен тәсілі.
- •Тар жамбас қуысының алдын алу шаралары
- •Ххіү тарау. Жүктілік пен босану кезеңдеріндегі қан кету
- •Плацентаның төмен орналасуы
- •74 Сурет. Планцентаның орналасу түрлері.
- •Емі және дәрігерлік амалы
- •Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі
- •75 Сурет. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі
- •Госпитальдық кезеңгі дейінгі қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуінде емдік тактикалық тәсілдері.
- •Үшінші және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі қан кету
- •Бала жолдасының бөлінуі кезеңіндегі қан кету
- •76 Сурет . А - жатыр мойны өзегінің жиырылуы кезіндегі плацентаның қысылуы. Б - плацентаның жатыр түтікшесінің оң бұрышында қысылуы.
- •Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан шығыны
- •77 Сурет.
- •Геморрагиялық шокты емдеу жолдары
- •Алдын алу амалдары
- •Ххү тарау. Босану жолдарының және нәрестенің жарақаттануы
- •Жатырдың жыртылуы, жиілігі, себептері, жіктелуі
- •78 Сурет. Жатыр жыртылуы.
- •Жатыр тыртығынан кейінгі жүктілік, босану және оның жыртылу ерекшеліктері
- •79 Сурет. Аралықтың жыртылуының бірінші және екінші дәрежелеріне тегіс салу.
- •80 Сурет. Жатыр мойнының жыртылуы. Қ асаға буынының ажырауы
- •Ххүі тарау. Акушерлік операциялар
- •Жатыр қуысын қыру
- •82 Сурет . Жатыр қуысын қыруыға арналған аспаптар
- •83 Сурет.
- •Босану жолын дайындайтын операциялар.
- •Аралықты кесу
- •84 Сурет Босану жолдарын дайындаутын операциялар.
- •Нәресте жамбаспен жатқанда тартып туғызу
- •Шаптан тартып шығару
- •Нәрестені аяғынан тартып шығару
- •Акушерлік қысқаш
- •85 Сурет. Акушерлік қысқаш
- •Акушерлік қысқашты салу тәсілі
- •Вакуум-экстракция операциясы
- •Нәрестені бөлшектеп шығару операциялары
- •Басты тесу операциясы
- •Бассыздандыру операциясы (декапитация)
- •Бұғананы кесу операциясы (клейдотомия)
- •86 Сурет . Нәрестені бөлшектеу операцияларының құралдары
- •Кеуде мен іш құрылысын босату операциялары
- •Омыртқаны бөлшектеу операциясы
- •Ххүіі тарау. Кесар тілігі
- •Операциядан кейінгі кезең
- •Кесар тілігінен кейінгі асқынулардың алдын алу
- •Ххүііі тарау. Босанғаннан кейінгі септикалық аурулар
- •Босану жолдарының жарақаттануы
- •Кіші жамбас қуысындағы жыныс мүшелерінің қабынуы
- •Септикалық шок
- •Инфекцияның қан арқылы бүкіл денеге жайылуы
- •Сүт бездерінің қабынуы
- •Босанғаннан кейінгі септикалық аурулардың алдын алу
- •Операциядан кейінгі жараларға салынған таңғышты ауыстыру
- •Тігісті алу техникасы
- •Ххіх тарау. Босану бөліміндегі операциялық блоктың жұмысы
- •Операциялық медбикенің міндеттері
- •Акушерлік операцияларға дайындық
- •Қынаптық операцияға дайындық
- •Операциядан кейінгі науқастарды күту
- •Босанғаннан кейінгі кезеңнің патологиясы. Науқас және босанған әйелдерді күту
- •Тері ішіне иньекция жасау
- •Бұлшық етке иньекция жасау
- •Көк тамырға иньекция жасау
- •Жүйені жинау
- •Терминдерге түсініктеме Акушерлік
- •Физиологиялық жүктілік
- •Жүктілік патологиясы
- •Физиологиялық босану
- •Патологиялық босану
- •Босанудан кейінгі кезең
Х тарау. Босанғаннан кейінгі қалыпты кезең
Босанғаннан кейінгі кезең деп - жүктілік пен босану кезіндегі әйел ағзасындағы өзгеріске ұшыраған ағзалардың бұрынғы қалпына келуін айтады. Бұл кезең бала жолдасы түскеннен кейін басталады (6-8 жұма). Босанғаннан кейінгі кезеңдегі ана жас босанған әйел деп атайды. Бұл кезең ерте және кеш кезең деп бөлінеді.
Ерте кезең деп - алғашқы 2-4 сағат шамасын айтады, бұл мезетте ана босанған бөлмеде, дәрігерлердің қарауында болады.
Жүкті кезде өзгеріске көп ұшырайтын ағзалардың бірі – жатыр. Босанғанға дейін ол өсіп, кіндік түбінен жоғары көтеріледі. Ал босанғаннан кейін бірітіндеп кішірейіп, бұрынғы өз қалпына келеді.
Босанғаннан кейін бірден жатырдың салмағы 1000г болып, жатыр түбі кіндік шекарасында тұрады, өлшегіш зонтпен өлшегенде ұзындығы 15-20 см-ге таяу болады. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде босанған әйелдің жатыр мойнын, қынабын тексеріп қарайды. Егер жыртылған жері болса, тігеді.
Сонымен қатар осы кезеңде әйелдің жалпы жағдайын, тамыр соғуын, қан қысымын өлшеп, жатыр жағдайын бақылап, әрбір 15 минут сайын жатырды уқалап отыру қажет. Бұл кезеңде жатырдан шамалы қан (250-300 мл) бөлінеді.
Босанғаннан кейінгі кеш кезең деп - босанған бөлмеден көшірген мезгілден бастап, әйел ағзасындағы жүктілік пен босанғаннан кейінгі барлық өзгерістердің, ағзалардың өз қалпына келу мезгілін айтады. Мәселен, жатырдың бұрынғы қалпына келуі мынадай: босанғаннан кейінгі бірінші жұмада оның салмағы екі есе кішірейеді (500 г), екінші жұмада 350 г, үшінші жұмада 250 г, 6-8-жұмада жатыр өз қалпына келеді, туған әйелдің жатыры 75 г. Босанғаннан кейін жатыр түбі 1-ші күні кіндіктен 2-4 см төмен, ал төртінші күні кіндік пен қасағаның ортасында анықталады. Ал 8-9 күндері қасағадан төмен түседі.
1 қосымша. Жатыр жиырылуымен бірге бездердің түбіндегі бөлімдерінің эпителийі және эндометрийдің базальді қабатының өсуі арқасында жатырдың кілегей қабығының қалпына келуі жүреді. Кілегейдің регенерациясы жараланған жатыр бетінің жазылу процесі болып табылады. Жараланған жатыр бетінің жазылуы кезінде лейкоциттер көптеп жиналып, жатырға және басқа да жыныс мүшелеріне микроптардың енуіне кедергі жасайды.
Жатырдың ішкі (жаралық) бетінің эпителизациясы 10-күні, эндометрийдің толық қалпына келуі босанудан кейінгі 20-күні аяқталады.
Жатыр инволюциясының жылдамдығы бірқатар себептерге байланысты: әйелдің жалпы жағдайына, әйелдің жас шамасына, босану сипатына, төспен тамақтандыруына, т.б. Жатыр инволюциясы әлсіз және көп босанған әйелдерде, бірінші рет босанатын кәрі әйелдерде, патологиялық босанулардан кейін баяу өтеді; төс сүтімен емізетін әйелдерде емізбейтіндерге қарағанда жатыр жылдамырақ жиырылады.
Қазіргі уақытта жатыр инволюциясын бақылау УДТ арқылы жүргізіледі.
Босанғаннан кейін 10-12 сағатта жатыр мойны өзгере бастайды, тек үшінші күні ғана оның өзегі 2 см дейін кішірейіп, 10-күні өз қалпына келеді. 2-3 жұмада жатырдың өзегі түгел қалыптасып, саңылау ғана қалады. Әйел босанғаннан кейінгі алғашқы күндері жатырдан қан аралас сұйықтық (үш күндей), содан кейін қанды сарысу ағады. Тек үшінші жұманың соңында жатырдан сұйықтықтың бөлінуі тоқталады.
Ал емшек безінің қызметі босанғаннан кейін бұрынғыдан да ұлғая бастайды. Босанғаннан кейінгі емшек безі 1-3-ші күндері уыз, ал 3-4–ші күндерінде сүт бөледі. Емшек бездерінде сүттің көп пайда болуынан кейде емшектің ісініп, дене ыстығы да көтерілуі мүмкін. Ана сүтінің құрамында 88 % су, 1,13 % белок, 7,2 % қант, 3,36 % май, т.б. болады.
Қалыпты жағдайда жас босанған әйелдің жалпы жағдайы өзгермейді, ыстығы көтерілмейді, тамыр соғысы шамалы төмендеп, қан қысымы бірінші, екінші күндері төмендейді, жатырдан бөлінген сұйықтық өз күндеріне сәйкес келеді, ал емшек бездері жеткілікті сүт бөледі.
Осы жоғарыда аталған қалыпты жағдайға қарамастан, кейде жас босанған әйелдің ыстығы көтеріледі.
Әдетте, дене ыстығы екі рет көтерілуі мүмкін. Бірінші рет босанған мезгілден бастап 12 сағатқа дейін, бұл босанған кездегі әйел ағзасындағы көптеген өзгерістерге байланысты болады. Ал екінші рет 3-4-күндері байқалады, ол сүт бездерінің ұлғаюына және осы күндері инфекцияның қынаптан жатырға қарай өтуіне байланысты болады, яғни, жатырдың инфекцияға қарсы қорғаныс реакциясы. Бұл - физиологиялық құбылыс.
2 қосымша. Босанғаннан кейінгі кезеңде бүйрек жұмысы әдетте қалыпты болады, бірақ зәр бөлінудің қиындауы қуық қызметінің бұзылуымен байланысады. Әйелдер көптеген жағдайларда қуық толық болғанымен, дәретке отыру сезімін сезінбейді.
Босанғаннан кейінгі кезеңде жиі ішек атониясына байланысты іш қату байқалады.
Қажетті жағдайда ананың қаны мен зәрі тексеріліп тұрады.
Босанғаннан кейінгі алғашқы тәуілікте жыныс мүшелерінің ернеулері мен қынап ептеп ауырғандай болады. Ал жатырдың біртіндеп жиырылуына байланысты іштің төменгі жағы 3-4 күндей толғақ тәрізденіп, бүріп ауырады.
Жүктілік, босану кезеңі асқынбаған әйел әдетте 7-8 күннен кейін перзентханадан шығады. Сонымен, босанған әйелдің ішкі-сыртқы жыныс мүшелері тек екі айдан кейін ғана қалпына келеді. Босанғаннан кейінгі кезеңнің дұрыс өтуі жүктілік кезеңі мен толғақтың қалыпты өтуіне байланысты. Жүктілік кезеңі асқынбаған жағдайда босану кезеңі де асқынбайды.
Босанғаннан кейінгі кезеңде ана гигиеналық шарттарды қатаң сақтауы тиіс. Перзентханада ана ауру жұқтырып алмауы үшін барлық шараларды қолданады, атап айтқанда, бұл жерде әйелдің жыныс мүшелері күніне бірнеше рет жуылып, іш киімдері мен төсек орындары әр үш күн сайын ауыстырылады, жататын бөлмесі күн сайын тазартылады. Дене қызуы күніне екі рет өлшенеді, егер бұл кезең асқынып, дене ыстығы 37,5-тен жоғары көтерілсе, әйелді обсервация бөліміне ауыстырады.