
- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі көкшетау медициналық колледжі
- •Акушерлік
- •Мазмұны
- •Кіріспе. Акушерліктің дамуының негізгі кезеңдері
- •І тарау. Қазақстан республикасында акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
- •Акушерлік іс философиясы
- •Акушер және жалпы тәжірибе медбикесінің кәсіби қызметінің нысаны
- •Акушер және жалпы тәжірибе медбикесінің кәсіптік қызмет арнасы
- •Акушерлік тәжірибедегі этика және деонтология негіздері
- •Әйелдер кеңес орны мен перзентханада дәрігерлік көмекті ұйымдастыру
- •Перинатальдік қауіп-қатерлерді ұпай арқылы бағалау (а.Г. Фролованың кестесі)
- •Ана өлімінің «қауіп-қатер» топтары
- •Әйелдер кеңесіндегі медициналық бике жұмысы
- •Стационарлық акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
- •Ауылдық мекенде көрсетілетін акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
- •Перзентхананың құрылысы мен жұмысы
- •Жанұяны жоспарлау
- •Акушерліктегі асептика мен антисептика
- •Жұқпалы аурулардың шығу көздері
- •Палата мен жабдықтарды дайындау
- •Жұмсақ жабдықтарды автоклавтауға дайындау
- •Күтім жасауда қолданылатын бұйымдарды өңдеу Медициналық термометрлер
- •Қызметшілерді тексеру
- •Іі тарау. Әйел жыныс мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Әйел жыныс мүшелерінің қанмен қамтамассыздандыру, иннервациясы және лимфа жүйесі.
- •Әйел жыныс мүшелерінің байлам аппараты және кіші жамбас клетчаткасы
- •Сүт безінің анатомиясы
- •Сүт бездерін өз бетімен бақылау
- •Әйел өмірінің кезеңдері
- •Жатырішілік кезең
- •Жаңа туу кезеңі
- •Балалық шақ кезеңі
- •Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі
- •Жыныстық толығу кезеңі
- •Климакстық кезең
- •Менопаузадан кейінгі кезеңі
- •Әйел жыныс мүшелерінің физологиясы, етеккір циклы
- •6 Сурет. Етеккір кезіндегі репродуктивті жүйенің мүшелеріндегі циклдік өзгерістер.
- •Етеккір кезеңінің гигиенасы
- •Ііі тарау. Әйел жамбас сүйегінің анатомиясы
- •8 Сурет. Әйелдің жамбас сүйегі.
- •Үлкен жамбас қуысы
- •10 Сурет. Сегізкөз ромбасы (Михаэлис Ромбасы)
- •12 Сурет. Кіші жамбас кіреберіс жазықтығының өлшемдері.
- •13 Сурет. Кіші жамбас қуысының параллелді жазықтықтары
- •Әйел жамбас қуысының ерлер жамбас қуысынан айырмашылығы
- •14 Сурет. Әйел және ер адамның жамбастары. А - әйел жамбас сүйегі б – ер адамның жамбас сүйегі іү тарау. Жүктілік физиологиясы
- •15 Сурет .
- •16 Сурет. Жасушының
- •18 Сурет. Ұрықтың имплантациясының аяқталуы.
- •17 Сурет. Жатырдың кілегейлі қабатындағы ұрықтың имплантациясының басталуы.
- •Ұрықтың дамуы туралы жалпы мәліметтер
- •Жетілген нәрестенің белгілері
- •Жетілген нәрестенің бас сүйегі
- •19 Сурет. Нәрістенің бас сүйегі.
- •Жаңа туған нәрестенің бас қаңқасының өлшемі
- •20 Сурет . Нәрістенің бас сүйегінің өлшемдері.
- •Ү тарау. Жүктілік кезіндегі әйел ағзасындағы физиологиялық өзгерістер
- •Орталық жүйке жүйесі
- •Эндокринді жүйе
- •Иммунды жүйе
- •Қан және жүрек-қан тамырлар жүйесі
- •Зат алмасу жүйесі
- •Тері қабаты
- •21 Сурет. Тері қабатының өзгерістері.
- •Жыныс мүшелері
- •Сүт бездері
- •Үі тарау. Жүктілікті диагностикалау. Жүкті әйелдерді тексеру әдістері
- •Мәліметтер алу
- •Объективтік зерттеулер
- •Ішкі мүшелерді зерттеу
- •Жүктіліктің ерте мерзімін диагностикалау
- •22 Сурет . Қынапты айнамен тексеру
- •23 Сурет . Жүктіліктің Горвица-Гегар белгісі
- •24 Сурет . Жүктіліктің Пискачек белгісі
- •Жүктіліктің кеш мерзімін диагностикалау
- •25 Сурет. Нәрестенің жүрек соғысының анықтау аппараттары
- •26 Сурет . Нәрістенің әр түрлі орналасуындағы жүрек соғысын анық тыңдаудың орындары.
- •Нәрестенің жатырдағы қалпы
- •27 Сурет.
- •28 Сурет
- •29 Сурет. Бірінші Леопольд тәсілі 30 сурет. Екінші Леопольд тәсілі
- •31 Сурет. Үшінші Леопольд тәсілі 32 Сурет. Төртінші Леопольд тәсілі
- •Жүктіліктің екінші жартысында және босану кезіндегі акушерлік тексеру әдістері
- •Тексерудің қосымша әдістері
- •Жүктілік мерзімін анықтау
- •Үіі тарау. Жүкті әйелдердің гигиеналық тәртібі мен тамақтануы
- •Дәрілік заттардың жүкті әйелдер мен ұрыққа әсер ету ерекшеліктері
- •Жүкті әйелдердің дәрілік заттарды пайдалануы кезіндегі ұрық зақымдалуының қауіпті топтары (бдұ мәліметтері)
- •Үііі тарау. Босану Босану кезеңдерінің қалыпты ағысы
- •Босану кезеңдері
- •Жүкті және босануға келіп түскен әйелдерді санитарлық өңдеу
- •Қынаптық тексеру алдындағы сыртқы жыныс мүшелерін өңдеу
- •Босанудың бірінші кезеңінде әйелді күту және бақылау
- •38 Сурет. Жүкті әйелдің қынаптық зерттелуі.
- •39 Сурет. Қуыққа катетер қою.
- •Нәресте басының жамбас қуысының жазықтықтарына қатысы
- •40 Сурет. Нәресте басының жамбас қуысының жазықтарына қатынасы:
- •Шүйде сүйегінің алға қарап тууы
- •41 Сурет. Нәрістенің шүйдесімен алға қарап орналасуы бірінші позиция, алдыңғы түрі.
- •42 Сурет. Жамбастың шығаберіс жазықтығындағы нәрістенің сагиталды жігі оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек алдыңғы сол жағында.
- •43 Сурет . Нәрестнің басы жамбас қуысының шығаберіс жазықтығында
- •44 Сурет. Бастың туылуы
- •Шүйденің артқа қарап тууы
- •46 Сурет . Шүйде сүйегінің артқы қарап туылуындағы босану механизмі
- •Туу кезінде көрсетілетін акушерлік әрекет кезеңдері
- •47 Сурет. Нәрісте басымен туылғандағы акушерлік көмек (аралықты қорғау)
- •Нәрестенің біріншілік туалеті
- •48 Сурет. Нәрестені бірншілік туалеті.
- •Бала жолдасының бөліну кезеңі.
- •49 Сурет. Бала жолдасының жатырдан бөлінуі
- •Нәрестенің босану жолдарынан өту кезеңінде әйелді бақылау және босануды жүргізу
- •Бала жолдасының бөліну кезеңін жүргізу
- •50 Сурет . Шредер белгісі.
- •51 Сурет-----. Кюстнер-Чукалов белгісі
- •52 Сурет. Абуладзе тәсілі. 53 сурет. Гентер тәсілі.
- •54 Сурет . Креде-Лазаревич тәсілі.
- •55 Сурет.
- •Іх тарау. Босануды жансыздандыру Психо-профилактикалық дайындық
- •Жансыздандырудың жаңашыл тәсілдері
- •Акушерлік операциялар барысындағы жансыздандыру
- •Х тарау. Босанғаннан кейінгі қалыпты кезең
- •Босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу
- •Босанғаннан кейінгі бөлмедегі әйелдің туалеті
- •Босанған әйелді босану үйінен шығару
- •Еңбек ету, дем алу, тамақтану
- •Жыныстық қатынас
- •Сүт безін емізуге дайындау және баланы кеудемен тамақтандыру
- •Хі тарау. Жаңа туған нәрестені күту Бөбектер бөлімінің жұмыс тәртібі
- •Жаңа туған нәрестелердің физиологиясы мен патологиясы
- •Нәресте жағдайын туғаннан соң 1 және 5 минуттан кейін Апгар шкаласы байынша клиникалық бағалау
- •Сыртқы белгілерді ұпаймен бағалау жүйесі
- •Нәрестелерді клиникалық тексеру
- •Жетілген нәрестенің белгілері:
- •Жетілмеген шала туылған нәрестенің белгілері:
- •Тым жетілген нәрестенің белгілері:
- •Күтімнің жалпы ережесі
- •Жетіліп туған нәрестелердің күтімі
- •Жаңа туған нәрестені тамақтандыру
- •Науқас нәрестелердің күтімі
- •Жетілмей туған нәрестелердің күтімі
- •Жатырдағы нәрестенің гипоксиясы мен асфиксиясы
- •Нәрестенің туғаннан кейінгі тұншығуы
- •Нәрестеге берілетін бағаның дәрежелік сипаттары
- •Нәрестені асфиксиядан құтқару тәсілдері
- •Нәрестенің гипоксиясы мен асфиксиясының алдын алу
- •Хіі тарау. Нәрестенің жамбаспен жатуы
- •56 Сурет . Нәрістенің жамбаспен жатуының түрлері.
- •Биомеханизм ерекшеліктері
- •57 Сурет . Нәрестенің жамбаспен туылуының биомеханизм ерекшіліктері.
- •58 Сурет . Нәрестенің жамбаспен жату кезіңдегі асқынулар. Босану ерекшеліктері
- •Нәресте жамбаспен орналасқан кезде жүктілікті жүргізу
- •Цовьянов әдісі
- •59 Сурет. Нәресте тек бөксесімен орныққандағы Цовьянов әдісі:
- •60 Сурет. Цовьянов бойынша классикалық әдісі а - Нәрестенің “артқы” (сол қолын) босату б - Нәрестенің “артқы” (оң қолын) босату в - Нәрестенің басын Морисо-Левре әдісімен босату
- •Аяқпен жатқан нәрестені туғызудағы Цовьянов әдісі
- •61 Сурет. Нәресте аяқтарымен орныққандағы Цовьянов әдісі
- •Хііі тарау. Көпұрықты жүктілік
- •Көп ұрықты жүктілікті диагностикалау
- •62 Сурет. Егіз жүктілікте нәрестелердің жүрек соғуының естілу орны.
- •63 Сурет. Егіз жүктілікте жатырдағы нәрестелердің орнығуы
- •Көп ұрықты жүктілік кезінде босануды жүргізу
- •Хіү тарау. Жүктіліктің бірінші және екінші жартысындағы гестоздар Гестоздың анықтамасы, түрлері , жиілігі
- •Гестоздың пайда болу себептері мен даму жолдары
- •Ерте гестоздар
- •Кеш гестоздар, жіктелуі, клиникалық белгілері, емдеу жолдары
- •Жүкті әйелдердің гипертензия кезіндегі классификациясы.
- •9 Кесте Жүктілік кезінде болатын критериялар, гипертензиялар
- •Жүктілік шемені
- •Преэклампсия
- •Эклампсия
- •Жүктілік гестозының диагнозы
- •Гестоз ауруымен ауырған әйелдерді босандыру тәсілдері
- •Гестоздың асқынуы
- •Гестоздың алдын алу шарттары
- •Хү тарау. Жатырішілік ұрықтың, қағанақ қабығы мен плацентаның аурулары және дамуындағы ауытқулары
- •Ұрық дамуының ақаулары, мерзімінен аса жүру, ұрықтың жатыр ішінде өлуі
- •Ми жарығы – мидың үлкен енбек, желке және кеңсірік аумағында шығып тұруы. Нәресте тірі туады, бірақ, әдетте, нәрестелік кезеңде шетінейді.
- •64 Сурет. Ұрық дамуының ақаулары
- •Кіндік ауытқулары
- •Ұрық жұмыртқасы қабығының аурулары Ұрықтың көпіршікке айналуы
- •Хорионэпителиома
- •Көп сулы жүктілік
- •Аз сулы жүктілік
- •Қағанақтың дер кезінде жарылмауы
- •Қағанақ қабығының уақытынан бұрын және ерте жарылуы
- •Қағанақтың кеш жарылуы
- •Плацента дамуының кемістіктері
- •Плацентаның жатыр қабырғасына жабысуы.
- •Хүі тарау. Аурулар кезіндегі жүктілік пен босанулар Жіті және созылмалы жұқпалы аурулар
- •Маңызды мүшелер мен жүйелердің аурулары
- •Жыныс мүшелерінің теріс дамуы және аурулары кезіндегі жүктілік
- •65 Сурет. Жатыр ақауларының дамуы
- •66 Сурет. Жыныс мүшелерінің теріс дамуы
- •Мамандандырылған акушерлік көмек
- •Хүіі тарау. Жүктілік және ана мен баланың
- •Иммунологиялық сыйыспаушылығы
- •Иммунологиялық сыйыспаушылықтың пайда болу жолдары,
- •Резус-қайшылықты жүктілік
- •Гемолитикалық ауру, оның түрлері және клиникалық белгілері
- •Гемолитикалық ауруды анықтау
- •Резус-қайшылықты жүкті әйелдерді бақылау және емдеу
- •Резус-қайшылықты жүкті әйелдерді босандыру ерекшеліктері
- •Жүктіліктің резус-сенсиблизациясының алдын алу
- •Хүііі тарау. Жүктіліктің мезгілсіз үзілуі Жүктіліктің мезгілсіз үзілуінің жиілігі, негізгі себептері
- •67 Сурет.
- •Мезгілінен бұрын босану
- •Мезгілінен бұрын босанудан сақтандыру амалдары
- •Хіх тарау. Ұзаққа созылған жүктілік
- •Ұзаққа созылған жүктіліктің клиникалық белгілері, оны анықтау
- •Мезгілінен кеш босану
- •Дәрігерлік амал
- •Ұзаққа созылған жүктіліктің алдын алу
- •Хх тарау. Босану әрекеттерінің ауытқуы
- •Босану ауытқуларының алдын алу
- •Ххі тарау. Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы
- •68 Сурет. Ұрықтың көлденең орналасуы. Сыртқы акушерия зерттеулері.
- •69 Сурет. Нәрестенің көлдеңен орналасуындағы асқынулар
- •Жүктілікті және босануды жүргізу
- •Ххіі тарау. Нәресте басының шалқая орналасуы
- •70 Сурет. Нәресте басының шалқая орналасуы а - төбесімен; б - маңдайымен; в - бетімен
- •Бастың маңдайымен орналасуы
- •Бастың бетімен орналасуы
- •Ххііі тарау. Жамбас қуысының тарлығы. Жүктілік пен босану кезеңдерінің ағымы
- •Тар жамбас қуысының анықтамасы, жіктелуі, жиілігі
- •Тар жамбас қуысының жіктелуі
- •71 Сурет . Тар жамбас қуысының жіктелуі
- •Тар жамбас қуысын анықтау
- •72 Сурет Тар жамбастағы іштің пішіні:
- •Биомеханизм ерекшеліктері
- •Жүктілік пен босану кезеңдерінің ерекшеліктері
- •73 Сурет . Вастен тәсілі.
- •Тар жамбас қуысының алдын алу шаралары
- •Ххіү тарау. Жүктілік пен босану кезеңдеріндегі қан кету
- •Плацентаның төмен орналасуы
- •74 Сурет. Планцентаның орналасу түрлері.
- •Емі және дәрігерлік амалы
- •Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі
- •75 Сурет. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі
- •Госпитальдық кезеңгі дейінгі қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуінде емдік тактикалық тәсілдері.
- •Үшінші және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі қан кету
- •Бала жолдасының бөлінуі кезеңіндегі қан кету
- •76 Сурет . А - жатыр мойны өзегінің жиырылуы кезіндегі плацентаның қысылуы. Б - плацентаның жатыр түтікшесінің оң бұрышында қысылуы.
- •Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан шығыны
- •77 Сурет.
- •Геморрагиялық шокты емдеу жолдары
- •Алдын алу амалдары
- •Ххү тарау. Босану жолдарының және нәрестенің жарақаттануы
- •Жатырдың жыртылуы, жиілігі, себептері, жіктелуі
- •78 Сурет. Жатыр жыртылуы.
- •Жатыр тыртығынан кейінгі жүктілік, босану және оның жыртылу ерекшеліктері
- •79 Сурет. Аралықтың жыртылуының бірінші және екінші дәрежелеріне тегіс салу.
- •80 Сурет. Жатыр мойнының жыртылуы. Қ асаға буынының ажырауы
- •Ххүі тарау. Акушерлік операциялар
- •Жатыр қуысын қыру
- •82 Сурет . Жатыр қуысын қыруыға арналған аспаптар
- •83 Сурет.
- •Босану жолын дайындайтын операциялар.
- •Аралықты кесу
- •84 Сурет Босану жолдарын дайындаутын операциялар.
- •Нәресте жамбаспен жатқанда тартып туғызу
- •Шаптан тартып шығару
- •Нәрестені аяғынан тартып шығару
- •Акушерлік қысқаш
- •85 Сурет. Акушерлік қысқаш
- •Акушерлік қысқашты салу тәсілі
- •Вакуум-экстракция операциясы
- •Нәрестені бөлшектеп шығару операциялары
- •Басты тесу операциясы
- •Бассыздандыру операциясы (декапитация)
- •Бұғананы кесу операциясы (клейдотомия)
- •86 Сурет . Нәрестені бөлшектеу операцияларының құралдары
- •Кеуде мен іш құрылысын босату операциялары
- •Омыртқаны бөлшектеу операциясы
- •Ххүіі тарау. Кесар тілігі
- •Операциядан кейінгі кезең
- •Кесар тілігінен кейінгі асқынулардың алдын алу
- •Ххүііі тарау. Босанғаннан кейінгі септикалық аурулар
- •Босану жолдарының жарақаттануы
- •Кіші жамбас қуысындағы жыныс мүшелерінің қабынуы
- •Септикалық шок
- •Инфекцияның қан арқылы бүкіл денеге жайылуы
- •Сүт бездерінің қабынуы
- •Босанғаннан кейінгі септикалық аурулардың алдын алу
- •Операциядан кейінгі жараларға салынған таңғышты ауыстыру
- •Тігісті алу техникасы
- •Ххіх тарау. Босану бөліміндегі операциялық блоктың жұмысы
- •Операциялық медбикенің міндеттері
- •Акушерлік операцияларға дайындық
- •Қынаптық операцияға дайындық
- •Операциядан кейінгі науқастарды күту
- •Босанғаннан кейінгі кезеңнің патологиясы. Науқас және босанған әйелдерді күту
- •Тері ішіне иньекция жасау
- •Бұлшық етке иньекция жасау
- •Көк тамырға иньекция жасау
- •Жүйені жинау
- •Терминдерге түсініктеме Акушерлік
- •Физиологиялық жүктілік
- •Жүктілік патологиясы
- •Физиологиялық босану
- •Патологиялық босану
- •Босанудан кейінгі кезең
І тарау. Қазақстан республикасында акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы
Акушерлік ғылымы - жүкті, босанатын және босанған әйелдерге дәрігерлік көмек көрсететін медицина ғылымының бір саласы.
Ол француздың accoucher – босану деген сөзінен алынған. Бұл ғылым ұрықтану, жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі әйел ағзасындағы физиологиялық, патологиялық құбылыстарды және жүктіліктің, босанудың асқынуларын, емін, алдын алу шараларын зерттейді.
Ерте кезде ел арасында жүкті әйелдерге көмек көрсететін «ақ қолды» аналар болған; босануды жеңілдету мақсатымен жүкті әйелді керілген арқанға асылдырып босандырған. Жаңа туған сәбиді қырық күнге дейін «кіндік шеше» өз қамқорлығына алған.
Қазақстанда акушерлік ғылымы 1920-1921 жылдардан бастап қалыптасты, осы кезге дейін халыққа мемлекет тарапынан акушерлік-гинекология көмектері көрсетілмеген. Тек 1921 жылы Денсаулық сақтау халық комитеті құрамында ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімшесі ашылған болатын.
Тұңғыш әйелдер кеңес орны 1921 жылы Орынбор қаласында, ал 1928 жылы Алматыда ашылды. Республиканың қазақ аудандарында акушерлік пунктерді ұйымдастыру басталды. Қалалар мен селоларда босану бөлімдері ашылып, әйелдер кеңес орны жұмыс істей бастады. Денсаулық халық комиссариаты 1925 жылы акушерлік техникумдар ашуды ұйымдастырды.
Осы жылдары Орал, Орынбор, Семей, Алматы қалаларында мәдени-ағарту жұмыстары жүргізіліп, дәрігерлер жүктілік гигиенасы, жүктілік асқынуларының алдын алу турасында дәрістер оқи бастады.
Алматыда 1932 ж. «Ана мен бала денсаулығын қорғау» ғылыми-зерттеу институты ашылды, бұл институтта өндірістік факторлар мен жұқпалы аурулардың жүкті әйелге, нәрестеге тигізетін әсері зерттеліп, жайлаудағы әйелдерге акушерлік-гинекология көмегін көрсету жөнінде қажетті шаралар белгіленді. Институт жұмысын жақсартып, оның ғылыми бағытын белгілеуде институттың директоры, медицина ғылымының кандидаты доцент А.Б.Бисенова көп еңбек eттi. Осы жылдары Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Семей медицина институттарында жүйелі ғылыми зерттеулер жүргізілді.
Қазақстанда акушерлік-гинекология ғылымы саласына ғылыми жұмыстарымен және іс-тәжірибелік еңбектерімен өз үлесін қосқан ғылыми қайраткерлер бар, солардың біpi медицина ғылымының докторы, профессор К.Д.Өтегенова.
К.Д.Өтегенова 1958-1978 жылдары Алматы медицина институтының акушерлік-гинекология кафедрасының меңгерушісі болды. Қазақстан мемлекеттік медицина институтының тұңғыш түлегі, 1936 жылы бітipiп, алғашқы еңбек жолын Шымкент облысының Ащысай руднигінде, 25 төсектік емханада бастаған.
К.Д.Өтегенова 1937-1938 жылдары акушерлік-гинекология кафедрасының клиникалық ординатурасын бітipiп, 1938-1941 жылдары аға лаборант болып жұмыс жасаған, 1941-1946 жылдары акушерлік-гинекология кафедрасының ассистенті болып, 1945 жылы «Аналық без обырының клиникалық және гистологиялық байланысы» туралы диссертация қорғап, 1946 жылы доцент атағына ие болған. Ал 1952-1958 жылдар аралығында педиатрия факультетінің акушерлік-гинекология кафедрасын меңгерген. К.Д.Өтегенова 1955 жылы докторлық диссертациясын қорғаған, 1956 жылы профессор атағы берілген.
К.Д.Өтегенова талантты, жоғары дәрежелі клиницист, хирург, педагог болған. Сол кездегі кафедраның негізгі ғылыми бағыты - ана мен ұрық арасындағы табиғи байланыстарды зерттеу және ана мен перинаталды өлімді азайту жолдарын табу. К.Д.Өтегенова осы ғылыми бағытта 26 ғылым кандидатын дайындап, 122 ғылыми еңбекті жарыққа шығарған. 1954-1965 жылдары ҚазССР денсаулык сақтау министрлігінің бас акушер-гинекологы болып қызмет жасаған және көптеген қоғам жұмыстарына қатысқан.
1958-1977 жылдары акушер-гинекологтар қоғамының төрайымы, "Акушерство және гинекология" журналының редколлегия мүшеci, облыстық кеңестің депутаты болған.
К.Д.Өтегенова 1954 жылы Финляндиядағы, 1961 жылы Азия, Африкадағы, 1978 жылы VII халықаралық конгреске қатысқан.
Қазақстанда акушер-гинекологиялық көмекті ұйымдастыруда еңбек ciңipген ғалым, м.ғ.д., профессор Х.Е.Мырзалиева. Көп жылдар бойы Алматыда дәрігерлердің білімін жетілдіру кафедрасын меңгерген.
Қ.Қ.Құдайбергенов - м.ғ.д., профессор, 1976-1978 жылдар арасында Ақтөбе облысының бас акушер-гинекологы қызметін атқара отырып, көп жылдар бойы акушерлік-гинекология кафедрасын меңгерген. Негізгі ғылыми бағыты: босанғаннан және жасанды түсіктен кейінгі септикалық аурулардың алдын алу және емдеу.
Қ.Қ.Құдайбергеновтың 100-ге жуық ғылыми жұмысы, 6 рационалдық ұсынысы бар.
Профессор, м.ғ.д. Р.С.Аманжолова көп жылдар бойы Алматы медицина институтының педиатрия факультетінің кафедра меңгерушісі болған, балалар дәрігерлерін дайындауда көп еңбек сіңірген.
Ж.Ш.Исалиев - м.ғ.к., Алматыда 1975 жылы ашылған акушер-гинекологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры болған, институттың ашылуына және оның ғылыми бағытының дамуына көптеген үлес қосқан. Акушер-гинекологиялық ғылыми-зерттеу институтының көлемі ұлғайып, 1991 жылы "Ана мен бала денсаулығын қорғау" жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы болды.
Орталықта кандидаттық және докторлық диссертация қорғайтын ғылыми кеңес жұмыс істейді
Орталықтың ашылып, дамуына көп еңбек сіңірген ғылым докторы, профессор, халық депутаты Н.А.Каюпова.
Н.А.Каюпова 1959 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіріп, дәрігерлік қызметін № 1 перзентханада бастады. 1965-1970 жылдары ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, ал 1971-1981 жылдары акушерлік-гинекология кафедрасының доценті болды. 1981-1983 жылдары ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары және ҚазССР-ның Денсаулық сақтау министрлігінің бас акушер-гинекологы болып тағайындалды. 1983 жылдан бастап акушер-гинекологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры (Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы).
Н.А.Каюпованың 200-ге жуық ғылыми еңбектері бар. 33 ғылым кандидатын, 12 ғылым докторын дайындады. Ғылыми еңбектерінің бағыты - жоғары "қауіп-қатер" тобындағы жүктiлepдi бақылау тактикасы және Қазақстанда ана өлімін төмендетудің әдістері.
Н.А.Каюпова шет мемлекеттермен де ғылыми байланыс жасауда; 20 жыл бойы акушер-гинекологтардың Ұлттық қауымдастығын басқарады және Еуропалық қауымдастықтың мүшесі.
"Жанұяға" жоғары дәрежеде көмек көрсету мақсатымен тұңғыш рет Алматыда 1988 жылы "Әлеуметтік медициналық көмек көрсету" емханасы ашылып, онда УДЗ диагностикасы кеңінен қолданылады. Ал 1995 жылы адам репродукциясының қалалық Орталығы ұйымдастырылып, тұңғыш рет "Экстракорпоральді ұрықтандыру" тәсілі енгізілді.
Аналарға акушерлік көмекті жоғары дәрежеде ұйымдас-тыруды, нәpecтeнi түрлі "қауіп-қатерден" қорғау жолдарын негіздей отырып, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы 1991 жылы Перинатология орталығын ашты. Орталықтың мақсаты: жоғары "қауіп-қатер" тобындағы аналар мен мерзімінен ерте босанушыларды және "шала" туған нәрестелерге реанимациялық көмекті жоғары дәрежеде көрсету және екінші сатыда толық сауығып шығуын қамтамасыз ету.
Алматыда жүкті, босанатын, босанған аналарға көмек көрсететін №1, №2, №3, №4, №5 перзентханалар бар.
Қазақстанда ауыл тұрғындарына акушерлік-гинекологиялық көмегін жоғары сатыда ұйымдастыру мақсатымен, дифференциалды 5 сатылық зерттеу, ем жүргізу жүйесі енгізілді.
Бірінші саты - ФАП (фельдшерлік акушерлік пункт) және АДА (ауылдық дәрігерлік амбулатория).
ФАП - дәрігерлік көмекке дейін бірінші рет ауыл тұрғындарына емдеу-алдын алу көмегін көрсететін медициналық мекеме. Ауыл тұрғындарының арасынан жүкті әйелдерді, гинекологиялық науқастарды анықтап, олардың денсаулығын бақылайды.
АДА - тұңғыш рет жүкті, босанатын, босанғаннан кейінгі және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге дәрігерлік көмек көрсететін мекеме.
Екінші саты – БӘКО (базалық әйелдер кеңес орны), КДО (кеңестік-диагностикалық орталық).
БӘКО - әйелдерге акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін арнайы мекеме. Бұл мекеме жеке немесе перзентхананың, орталық аудандық аурухананың, кеңестік-диагностикалық емхананың бөлімі болады. Сонымен қатар, жоғары дәрежелі "қауіп-қатер" тобындағы әйелдерге екінші сатыда арнайы көмек көрсетеді.
КДО (кеңестік-диагностикалық орталық) - "Жанұяда" болатын ауруларға (бедеулік, т.б.) кеңестік, емдеу-алдын алу көмегін көрсететін медициналық мекеме.
Үшінші саты - ОАА (орталық аудандық аурухана). Бұл мекемеде төмен дәрежелі "қауіп-қатер" тобындағы әйелдерге мамандандырылған дәрігер көмек көрсетеді.
Төртінші саты - қалалық және облыстық перзентханалар: орта дәрежелі "қауіп-қатер" тобындағы әйелдерге арнайы акушерлік көмегі көрсетіледі.
Бесінші саты - ПО (перинатальдық орталығы), акушер-гинекологиялық кафедралардың клиникалары, РАБДҚҒЗО (Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығы).
ПО - кеңестік, әдістемелік және оқу мекемесі. Қала және облыс аумағындағы жоғары дәрежелі "қауіп-қатер" тобындағы әйелдерге акушерлік-гинекологиялық көмектер көрсетеді. Акушер-гинекология кафедрасының қызметкерлері оқу барысын жүргізумен біpгe, клиниканың дәрігерлеріне әдістемелік нұсқау, жоғары дәрежелі "қауіп-қатер" тобындағы әйелдерге кеңес береді.
РАБДҚҒЗО - Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығы. Бұл Орталық Қазақстан Республикасында акушер-гинекологиялық көмекті жоғары сатыда ұйымдастыратын, емдеу-алдын алу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқаратын, жоғары дәрежелі мамандар дайындауды және шет мемлекеттермен байланысты қамтамасыз ететін бас мекеме.
Әйелдерге арнайы акушерлік-гинекологиялық көмектер көрсететін мекемелер: әйелдер кеңес орны, перзентхана, ауруханалардың акушер-гинекологиялық бөлімшелері.
Әйелдер кеңес орны - әйелдерге емдеу-алдын алу көмегін көрсететін негізгі мекеме. Өз жұмысын диспансерлік бақылау және учаскелік принциппен жүргізеді.
Әйелдер кеңес орнының учаскелік принциппен жұмыс жасауының маңызы зор, ceбебі акушер-гинеколог сол учаскедегі басқа дәрігер мамандармен (терапевт, эндокринолог, т.б.) байланыса отырып, өз мезгілінде жүкті әйелдерді есепке алып, оларға алдын ала емдеу жүргізеді.