Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Mб
Скачать

Климакстық кезең

Әйелдің репродуктивті жүйе қызметінің біртіндеп солу кезеңі болып табылады. «Климакс», «климакстық кезең» терминдері орнына қазіргі уақытта келесі терминология қолданылады:

Менопаузаалды кезең - 45 жастан менопауза басталғанға дейін;

Менопауза кезіндегі кезең - менопауза алдындағы және менопаузадан кейінгі 2 жыл;

Менопауза – орташа есеппен алғанда, 50 жаста келетін соңғы етеккір;

Менопаузадан кейінгі кезең – менопаузадан соң басталып, әйел өмірінің соңына дейін жалғасатын кезең.

45 жасқа қарай менопаузаалды кезеңінде әйел адамның аналық бездерінде 10000-нан аз ооцит қалады, фолликулдарда айқын дистрофиялық өзгерістер жүреді, эстрогендер өнімі күрт азаяды, ФСГ және ЛГ өнімдері бірнеше есе өседі. Осы кезеңнің физиологиялық ағымы кезінде аналық без қызметінің біртіндеп төмендеуі басталады және ағзаның жас шамасындағы өзгеретін реакциясы болады. Патологиялық ағым кезінде климакстық синдром дамиды. Бұл жағдайда метоболизмде өзгерістер басталады – майлы ұлпалар есебінен дене салмағы өседі, қандағы холестерин, триглецирид және глюкоза дәрежесі артады. Нейровегетативті (дененің ысуы, терлеу, бас ауруы, күре тамыр гипертензиясы, қалтырау, тахикардия), психо-эмоционалды (тітіркенгіш, ұйқышыл, депрессия, әлсіздік, ұмытшақтық), урогенитальді (қынаптың құрғауы, қышынуы және күйдіруі, зәрдің ұсталмауы) бұзылыстар пайда бола бастайды. Тері қабатының көріністері (терінің құрғақтануы, тырнақтардың сынғыштығы, шаштың түсуі, әжімдердің пайда болуы) және кешірек алмасу бұзылыстары (остеопороз, жүректің ишемиялық ауруы) байқалады.

Менопаузаалды кезеңге сай етеккір циклы ырғағының және ұзақтығының өзгерістері 50-53 жастағы етеккір үзілісімен – етеккірдің толықтай тоқталуымен аяқталады. Менопаузаалды кезеңде дисфункционалды жатырлық қан кетулер байқалуы мүмкін. Бұл жағдайда онкологиялық аурулардың дамуының жоғары қаупін есепке ала отырып, міндетті түрде эндометрияның гистологиялық тексеруін жүргізу керек. Бір жыл бойы етеккірдің болмауы Менопаузадан кейінгі кезеңнің басталуын сипаттайды.

Менопаузадан кейінгі кезеңі

Климакстық кезеңде әйел адамдар өздеріне ықыласты және төзімді көңіл бөлгенді қалайды. Олар ағзаның физикалық жағдайын құнттаулары керек, өйткені көптеген соматикалық аурулар пайда бола бастайды. Қазіргі уақытта мамандар бұл кезеңде гормональді алмастырушы терапияны белгілеуді ұсынады.

Менопаузадан кейінгі кезең аналық бездердің шамалы белсенділігі сақталатын ерте кезеңге және аналық без қызметінің толықтай тоқтатылып, ағзаның жалпы қартаюы жүретін соңғы кезеңге бөлінеді.

БДҰ жіктемесі бойынша 70-74 жас – егде жас, 75-89 жас – қарттық жас және 90 жастан жоғары ұзақ өмір сүрушілер деп ажыратылады.

Әйел денсаулығын сақтау – қазіргі заманғы ғылымның маңызды мәселелерінің бірі, өйткені дені сау әйел өмірге дені сау ұрпақ әкеледі және отбасы үшін оңтайлы жағдай туғызады.

Әйел жыныс мүшелерінің физологиясы, етеккір циклы

Жыныстық пісіп-жетілген жүкті емес әйелдің ағзасында жүктілікке дайындайтын күрделі өзгерістер болып тұрады. Бұл табиғи маңызды, белгілі бір ретпен қайталанып тұратын өзгерістер е т е к к і р ц и к л ы деп аталады.

Етеккір циклының ұзақтығы әр түрлі. Әйелдердің көпшілгінде цикл 28 күнге (4 апта) созылады, кейбіреулерінде 21 күнге (3 апта) қысқарады, сирек етеккір циклы 30-35 күндік әйелдер де кездеседі.

Әйел ағзасында жүретін циклдік өзгерістер жыныс жүйесінде, әсіресе аналық бездер мен жатырдың шырышты қабатында айқын көрінеді. Етеккір циклы кезінде белгілі бір ретпен қайталанып тұратын өзгерістер түгел ағзада, аналық безде – безді цикл, жатырда – жатырлы цикл болып тұрады.

Барлық ағзада болып тұратын циклдық өзгерістер. Аналық без бен жатырда болатын өзгерістер орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Бұл тек тітіркендіру жолымен ғана жүзеге аспайды, сондай-ақ орталық жүйке жүйесіне, етеккір циклының әр түрлі фазасында өзгеріп отыратын аналық без гормондары да әсер етеді.

Жүйке жүйесінде өзгерістер болып тұратындықтан, көптеген әйелдерде етеккір алдында тітіркендіргіштік, шаршағыштық, ұйқышылдық байқалып, етеккір біткеннен кейін өзіндегі сергіштікті қайта сезеді. Қалыпты еттекір циклы кезінде жүйке жүйесіндегі өзгерістер физиологиялық тербелістер шегінен шықпай, әйелдің жұмыс істеу қабілеттерін төмендетпейді. Жүйке жүйесіндегі физиологиялық тербелістерге байланысты етеккір циклы бойы қан айналымда, термореттеуде, зат алмасуда толқын тәрізді өзгерістер болып тұрады. Еттекір қызметін реттеу гипоталамо-гипофизарлық құрылымдағы циклды өзгерістер әйелдің репродуктивтік денсаулығын қамтамасыз ететін барлық процестерді реттейді. Гипоталамо-гипофизарлы жүйенің қызметі орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөліктерімен реттеледі. Гипофиздің алдыңғы бөлігінде (аденогипофизде) аналық бездің қызметін күшейтетін гонадотропты гормонның синтезі және оның қанға бөлінуі өтеді. Ол гипоталамус ядросынан бөлінетін, оны шешетін фактор (рилизинг-факторлар) немесе либериндер деп аталады.

Гипофиз 3 гонадотропты гормондар: фолликул жетілуін күшейтетін гормондар (ФСГ), лютеинді (ЛГ) және лютеотропты (ЛТГ) немесе пролактин бөліп шығарады. Гонадотропты гормонның түзілуі (гипофизбен) етеккір циклының сатысына сәйкес циклды өзгертіп отырады. Етеккір циклының бірінші жартысында ФГС түзілуі күшейеді, ол циклдың 7-8-күндерінде жоғарғы дәрежесіне жетеді. Одан кейінгі күндері оның түзілуі төмендеп, керісінше ЛГ бөлінуі жоғарылайды, ол циклдың ортасында жоғары деңгейге жетеді.

Аналық без циклы. Гонадотропты гормондардың әсерінен аналық безде қайталанатын өзгерістер болып тұрады, олар үш сатыдан өтеді: а) фолликулдың жетілуі – фолликулинді сатысы; б) жетілген фолликулдың жарылуы - овуляция сатысы; в) сары дененің дамуы – лютеинді сатысы.