Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник Акушерство каз от 12.02.09.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.66 Mб
Скачать

Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі көкшетау медициналық колледжі

С.К. Мұратбеқова

Г.Ә.Мәженова

Акушерлік

Оқулық

Көкшетау, 2005

Акушерлік оқулықтың авторлары С.К.Мұратбекова, м.ғ.к.

Г.Ә.Мәженова

Оқулық орта кәсіптік білімнің бекітілген мемлекеттік стандарты және акушерлік пен гинекологияны оқытудың бағдарламасына сәйкес жазылған. Онда әйел адамның, ана мен нәрестенің денсаулығын қорғау бойынша жаңа заңнама актілері, акушерлік-гинекологиялық көмек пен індетке қарсы тәртіпті ұйымдастырудың жаңашыл түрлері, акушерлік және гинекологиядағы жаңа зерттеу әдістері көрініс тапқан. Акушерлік патология мен гинекологиялық аурулардың клиникалық суретіне, диагностикасы мен көрсетілетін шұғыл көмегіне маңызды орын бөлінген. Перинаталогия, акушерлік жансыздандыру, жанұяны жоспарлау сұрақтары қарастырылған. Болашақ медбикелерге өте қажетті жүктілерді, босанатын және босанған әйелдерді, жаңа туған нәрестелер мен гинекологиялық науқастарды күту сұрақтары баяндалған.

Пікір жазғандар:

Республикалық оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Р.Б.Нұрланова

Акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., профессор Ғ.У.Ахмедьянова

Мазмұны

АЛҒЫ СӨЗ……………………………………………………………………………

8

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………

9

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АКУШЕРЛІК-ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ………………………...

12

Акушерлік іс философиясы…………………………………………………………..

15

Әйелдер кеңес орны мен перзентханада дәрігерлік көмекті ұйымдастыру………………………………………………………………………….

16

Стационарлық акушерлік-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы…………

25

Ауылдық мекенде көрсетілетін акушерлік-гинекологиялық көмек­­тің ұйымдастырылуы……………………………………………………………………..

25

Акушерліктегі асептика мен антисептика ………………………………………….

32

ІІ ТАРАУ. ӘЙЕЛ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІНІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ………………………………………………………………….

37

Әйел жыныс мүшелерінің анатомиясы, сыртқы және ішкі мүшелері ……………

37

Әйел жыныс мүшелерінің қанмен қамтамассыздандыру, иннервациясы және лимфа жүйесі………………………………………………………………………….

39

Жыныс мүшелерінің байлам аппараты және кіші жамбас клетчаткасы…………..

39

Сүт безінің анатомиясы………………………………………………………………

41

Сүт бездерін өз бетімен бақылау…………………………………………………….

42

Әйел өмірінің кезеңдері……………………………………………………………..

43

Әйел жыныс мүшелерінің физиологиясы. Етеккір циклы………………………...

47

ІІІ ТАРАУ. ӘЙЕЛ ЖАМБАС СҮЙЕГІНІҢ АНАТОМИЯСЫ…………….. …

51

Үлкен жамбас қуысы………………………………………………………………..

52

Кіші жамбас құысы …………………………………………………………………..

54

Әйел жамбас қуысының ерлер жамбас қуысынан айырмашылығы ……………...

57

ІҮ ТАРАУ. ЖҮКТІЛІК ФИЗИОЛОГИЯСЫ…………………………………….

58

Ұрықтың дамуы туралы жалпы мәліметтер………………………………………...

60

Плацентаның құрылысы мен физиологиясы және кіндік бауы……………………

61

Жетілген нәрестенің белгілері ………………………………………………………

62

Жетілген нәрестенің бас сүйегі………………………………………………………

63

Ү ТАРАУ. ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ӘЙЕЛ АҒЗАСЫНДАҒЫ ФИЗИОЛОГИЯ­ЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР.……………………………………………..

64

Орталық жүйке жүйесі……………………………………………………………….

65

Эндокринді жүйе……………………………………………………………………...

65

Иммунды жүйе………………………………………………………………………..

66

Қан және жүрек-қан тамырлар жүйесі…………………………………………….

66

Зәр шығару жүйесі ………………………………………………………………….

67

Зат алмасу жүйесі ………………………………………………………………….…

67

Тері қабаты…………………………………………………………………………….

68

Жыныс мүшелері…………………………………………………………………….

Сүт бездері…………………………………………………………………………….

69

70

ҮІ ТАРАУ. ЖҮКТІЛІКТІ ДИАГНОСТИКАЛАУ. ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ……………………………………………………………….

71

Мәліметтер алу……………………………………………………………………….

71

Объективтік зерттеулер………………………………………………………………

71

Ішкі мүшелерді зерттеу………………………………………………………………

72

Жүктіліктің ерте мерзімін диагностикалау…………………………………………

72

Жүктіліктің кеш мерзімін диагностикалау…………………………………….……

74

Нәрестенің жатырдағы қалпы………………………………………………………

75

Жүктіліктің екінші жартысында және босану кезіндегі акушерлік тексеру әдістері ………………………………………………………………………………..

78

Тексерудің қосымша әдістері……………………………………….………………..

79

Жүктілік мерзімін анықтау………………………………………………………….

80

ҮІІ ТАРАУ. ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ГИГИЕНАЛЫҚ ТӘРТІБІ МЕН ТАМАҚТАНУЫ……………………………………………………………………..

82

Дәрілік заттардың жүкті әйелдер мен ұрыққа әсер ету ерекшеліктері…………...

84

ҮІІІ ТАРАУ. БОСАНУ……………………………………………………………..

86

Босану кезеңдерінің қалыпты ағысы………………………………………………

86

Босану кезеңдері ……………………………………………………………………

86

Жүкті және босануға келіп түскен әйелдерді санитарлық өңдеу………………….

86

Қынаптық тексеру алдындағы сыртқы жыныс мүшелерін өңдеу…………………

87

Босанудың бірінші кезеңінде әйелді күту және бақылау…………………………..

89

Нәресте басының жамбас қуысының жазықтықтарына қатысы………………...

91

Шүйде сүйегінің алға қарап тууы…………………………………………………..

92

Шүйденің артқа қарап тууы………………………………………………………….

93

Туу кезінде көрсетілетін акушерлік әрекет кезеңдері……………………………...

95

Нәрестенің біріншілік туалеті………………………………………………………

96

Бала жолдасының бөліну кезеңі……………………………………………………..

97

Нәрестенің босану жолдарынан өту кезеңінде әйелді бақылау және босануды жүргізу…………………………………………………………………………………

98

Бала жолдасының бөліну кезеңін жүргізу ………………………………………….

99

ІХ ТАРАУ. БОСАНУДЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ………………………………..

102

Психо-профилактикалық дайындық…………………………………………………

102

Жансыздандырудың жаңашыл тәсілдері……………………………………………

102

Акушерлік операциялар барысындағы жансыздандыру…………………………..

105

Х ТАРАУ. БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ ҚАЛЫПТЫ КЕЗЕҢ………………..

107

Босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу………………………………………………...

108

Босанғаннан кейінгі бөлмедегі әйелдің туалеті…………………………………….

110

Босанған әйелді босану үйінен шығару…………………………………………….

110

Босанған әйелдін еңбек етуі, дем алуы, тамақтануы …………….………………..

110

Жыныстық қатынас………………………………………………………………….

111

Сүт безін емізуге дайындау және баланы кеудемен тамақтандыру……………….

112

ХІ ТАРАУ. ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕНІ КҮТУ………………………………

113

Бөбектер бөлімінің жұмыс тәртібі………………………………………………….

113

Жаңа туған нәрестенің физиологиясы мен патологиясы………………………….

113

Нәрестелерді клиникалық тексеру…………………………………………………..

118

Нәресте ағзасының табиғи ерекшеліктері ………………………………………..

119

Күтімнің жалпы ережесі……………………………………………………………...

122

Жетіліп туған нәрестелердің күтімі…………………………………………………

122

Жаңа туған нәрестені тамақтандыру………………………………………………..

123

Науқас нәрестенің күтімі…………………………………………………………….

123

Жетілмей туған нәрестенің күтімі…………………………………………………..

126

Жатырдағы нәрестенің гипоксиясы мен асфиксиясы……………………………..

127

Нәрестені асфиксиядан құтқару тәсілдері және алдын алу……………………

129

ХІІ ТАРАУ. НӘРЕСТЕНІҢ ЖАМБАСПЕН ЖАТУЫ………………………….

131

Нәрестенің жамбаспен жатуын анықтау…………………………………………..

131

Жүктілікті жүргізу…………………………………………………………………….

132

Биомеханизм ерекшеліктері………………………………………………………….

132

Босану ерекшеліктері…………………………………………………………………

134

Цовьянов әдісі……………………………………………………………………….

135

ХІІІ ТАРАУ. КӨПҰРЫҚТЫ ЖҮКТІЛІК……………………………………….

138

Көп ұрықты жүктіліктің ағымы……………………………………………………..

138

Көп ұрықты жүктілікті диагностикалау…………………………………………….

139

Көп ұрықты жүктілік кезінде босануды жүргізу……………………………………

141

ХІҮ ТАРАУ. ЖҮКТІЛІКТІҢ БІРІНШІ ЖӘНЕ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ГЕСТОЗДАР………………………………………………..

142

Гестоздың анықтамасы, түрлері , жиілігі…………………………………………...

142

Гестоздың пайда болу себептері мен даму жолдары……………………………….

142

Ерте гестоздар…………………………………………………………………………

143

Жүкті әйелдердің гипертензия кезіндегі классификациясы……………………….

143

Жүктілік шемені ……………………………………………………………………..

145

Преэклампсия …………………………………………………………………………

146

Эклампсия……………………………………………………………………………..

146

Жүктілік гестозының диагнозы……………………………………………………

147

Гестоз ауруымен ауырған әйелдерді босандыру тәсілдері ………………………..

150

Гестоздың асқынуы…………………………………………………………………..

151

Гестоздың алдын алу шарттары……………………………………………………...

151

ХҮ ТАРАУ. ЖАТЫРІШІЛІК ҰРЫҚТЫҢ, ҚАҒАНАҚ ҚАБЫҒЫ МЕН ПЛАЦЕНТАНЫҢ АУРУЛАРЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНДАҒЫ АУЫ­Т­ҚУЛАРЫ……………………………………………………………………………...

152

Ұрық дамуының ақаулары, мерзімінен аса жүру, ұрықтың жатыр ішінде өлуі…………………………………………………………………………………….

152

Кіндік ауытқулары……………………………………………………………………

155

Ұрық жұмыртқасы қабығының аурулары………………………………………….

156

Хорионэпителиома …………………………………………………………………..

157

Көп сулы жүктілік……………………………………………………………………

157

Аз сулы жүктілік……………………………………………………………………..

158

Қағанақтың дер кезінде жарылмауы……………………………………………….

158

Плацента дамуының кемістіктері……………………………………………………

159

Плацентаның жатыр қабырғасына жабысуы………………………………………..

160

ХҮІ ТАРАУ. АУРУЛАР КЕЗІНДЕГІ ЖҮКТІЛІК ПЕН БОСАНУЛАР……..

161

Жіті және созылмалы жұқпалы аурулар…………………………………………….

161

Маңызды мүшелер мен жүйелердің аурулары……………………………………...

163

Жыныс мүшелерінің теріс дамуы және аурулары кезіндегі жүктілік…………….

166

Мамандандырылған акушерлік көмек………………………………………………

169

ХҮІІ ТАРАУ. ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ АНА МЕН БАЛАНЫҢ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ СЫЙЫСПАУШЫЛЫҒЫ …………………………..

174

Иммунологиялық сыйыспаушылықтың пайда болу жолдары, резус-қайшылықты жүктілік……………………………………………………………….

174

Гемолитикалық ауру, оның түрлері және клиникалық белгілері………………….

174

Гемолитикалық ауруды анықтау…………………………………………………….

175

Резус-қайшылықты жүкті әйелдерді бақылау және емдеу………………………...

175

Резус-қайшылықты жүкті әйелдерді босандыру ерекшеліктері…………………..

176

Жүктіліктің резус-сенсиблизациясының алдын алу……………………………….

176

ХҮІІІ ТАРАУ. ЖҮКТІЛІКТІҢ МЕЗГІЛСІЗ ҮЗІЛУІ…………………………...

177

Жүктіліктің мезгілсіз үзілуінің жиілігі, негізгі себептері………………………….

177

Мезгілінен бұрын босану…………………………………………………………….

179

Мезгілінен бұрын босанудан сақтандыру амалдары……………………………….

179

ХІХ ТАРАУ. ҰЗАҚҚА СОЗЫЛҒАН ЖҮКТІЛІК……………………………...

180

Ұзаққа созылған жүктіліктің клиникалық белгілері, оны анықтау……………….

180

Мезгілінен кеш босану ………………………………………………………………

181

Ұзаққа созылған жүктіліктің алдын алу…………………………………………….

181

ХХ ТАРАУ. БОСАНУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ АУЫТҚУЫ………………………...

182

Әлсіз толғақ, жітелуі, босанудың ағымы. Босану ауытқуларының алдын алу…..

183

Тым күшті толғақ. ……………………………………………………………………

185

Босану әрекетінің дискоординациясы. ……………………………………………..

185

Босану ауытқуларының алдын алу………………………………………………….

186

ХХІ ТАРАУ. НӘРЕСТЕНІҢ КӨЛДЕНЕҢ ЖӘНЕ ҚИҒАШ ОРНАЛАСУЫ………………………………………………………………………

187

Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуының диагностикасы ……………….

187

Жүктілікті және босануды жүргізу…………………………………………………

188

ХХІІ ТАРАУ. НӘРЕСТЕ БАСЫНЫҢ ШАЛҚАЯ ОРНАЛАСУЫ…………...

190

Бастың төбесімен орналасуы

190

Бастың маңдайымен орналасуы……………………………………………………..

191

Бастың бетімен орналасуы …………………………………………………………..

191

ХХІІІ ТАРАУ. ЖАМБАС ҚУЫСЫНЫҢ ТАРЛЫҒЫ. ЖҮКТІЛІК ПЕН БОСАНУ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ АҒЫМЫ……………………………………………..

193

Тар жамбас қуысының анықтамасы, жіктелуі, жиілігі……………………………..

193

Тар жамбас қуысын анықтау…………………………………………………………

195

Биомеханизм ерекшеліктері………………………………………………………….

195

Жүктілік пен босану кезеңдерінің ерекшеліктері ………………………………...

196

Тар жамбас қуысының алдын алу шаралары………………………………………

197

ХХІҮ ТАРАУ. ЖҮКТІЛІК ПЕН БОСАНУ КЕЗЕҢДЕРІНДЕГІ ҚАН КЕТУ………………………………………………………………………………….

198

Плацентаның төмен орналасуы………………………………………………………

198

Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі……………………

200

Госпитальдық кезеңгі дейінгі қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуінде емдік тактикалық тәсілдері……………………………………

201

Үшінші және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі қан кету…………………………

202

Бала жолдасының бөлінуі кезеңіндегі қан кету…………………………………….

202

Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан шығыны ……………………………………….

204

Геморрагиялық шок, емдеу жолдары, алдын алу амалдары …………………….

206

ХХҮ ТАРАУ. БОСАНУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖӘНЕ НӘРЕСТЕНІҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ ………………………………………………………………..

209

Жатырдың жыртылуы, жиілігі, себептері, жіктелуі………………………………..

209

Жатыр тыртығынан кейінгі жүктілік, босану және оның жыртылу ерекшеліктері………………………………………………………………………….

211

Аралықтың және қынаптың жыртылуы. ……………………………………………

212

Жатыр мойының жыртылуы…………………………………………………………

213

Қасаға буынының ажырауы………………………………………………………….

214

ХХҮІ ТАРАУ. АКУШЕРЛІК ОПЕРАЦИЯЛАР……………………………….

215

Жатыр қуысын қыру………………………………………………………………….

215

Босану жолын дайындайтын операциялар. …………………………………………

216

Аралықты кесу………………………………………………………………………...

216

Акушерлік бұру операциялары………………………………………………………

217

Нәресте жамбаспен жатқанда тартып туғызу……………………………………….

218

Акушерлік қысқаш……………………………………………………………………

220

Вакуум-экстракция операциясы …………………………………………………….

223

Нәрестені бөлшектеп шығару операциялары……………………………………….

223

ХХҮІІ ТАРАУ. КЕСАР ТІЛІГІ……………………………………………………

226

Операциядан кейінгі кезең…………………………………………………………...

228

Кесар тілігінен кейінгі асқынулардың алдын алу…………………………………

228

ХХҮІІІ ТАРАУ. БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ СЕПТИКАЛЫҚ АУРУЛАР…………………………………………………………………………….

229

Босану жолдарының жарақаттануы …………………………………………………

229

Кіші жамбас қуысындағы жыныс мүшелерінің қабынуы………………………….

229

Септикалық шок……………………………………………………………………...

231

Инфекцияның қан арқылы бүкіл денеге жайылуы (сепсис, септикопиемия)…….

232

Сүт бездерінің қабынуы………………………………………………………………

233

Босанғаннан кейінгі септикалық аурулардың алдын алу…………………………..

233

Операциядан кейінгі жараларға салынған таңғышты ауыстыру ………………….

234

Тігісті алу техникасы…………………………………………………………………

234

ХХІХ ТАРАУ. БОСАНУ БӨЛІМІНДЕГІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ БЛОКТЫҢ ЖҰМЫСЫ……………………………………………………………………………

235

Операциялық медбикенің міндеттері………………………………………………..

235

Акушерлік операцияларға дайындық ………………………………………………

236

Қынаптық операцияға дайындық……………………………………………………

236

Операциядан кейінгі науқастарды күту……………………………………………..

238

Босанғаннан кейінгі кезеңнің патологиясы. Науқас және босанған әйелдерді күту…………………………………………………………………………………….

239

Тері ішіне иньекция жасау……………………………………………………………

239

Бұлшық етке иньекция жасау………………………………………………………...

239

Көк тамырға иньекция жасау………………………………………………………...

240

Жүйені жинау…………………………………………………………………………

240

Терминдерге түсініктеме …………………………………………………………….

244

АЛҒЫ СӨЗ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау реформалары, медициналық көмек сапасының бірыңғай стандартын енгізу, бикелік істің бірыңғай концепциясын әзірлеу орта медициналық оқу орындары түлектерінің теориялық және тәжірибелік дайындықтарының едәуір жақсаратынын болжайды. Бикелік білім беруді, сонымен қатар акушерлік пен гинекология саласын жетілдіру және тиімділігін арттыру оқу және оқу-әдістемелік әдебиет қорының жаңартылуын қажет етеді.

«Акушерлік және гинекология бойынша таңдаулы сұрақтар» нұсқауында медицинаның бастаушы пәнінің неғұрлым өзекті мәселелерінің жанашыл концепциялары ұсынылған. «Дәрістер» шартты түрде екі тарауға бөлінген – акушерлік және гинекология. Бұл тараулар шынында да шартты, себебі акушерліктің де, гинекологияның да көптеген аспектілері жиі өзара араласып жатады. Атап айтқанда, акушерлік тарау ретіндегі «Жатырішілік жұқпалар» және гинекологиялық тарау ретіндегі «Жыныс жолдарымен таралатын аурулар» шындығында ортақ мәселені – ана мен болашақ нәрестенің жұқпалы ауруларға шалдығу мәселелерін баяндайды. Осыған ұқсастықтарды басқа да тараулардан байқауға болады.

Физиологиялық акушерлікке арналған тарауларда әйелдің репродуктивті жүйесінің қалыптары, нәрестенің жатырішілік дамуы, диагностикалаудың жаңашыл әдістері, жүктілерді диспансерлік бақылау, босануды жүргізу және дұрыс жасалған жансыздандыру, босанатын және босанған әйелдер күтіміндегі жаңа тенденциялар, балаларды төспен тамақтандыру қарастырылады. Акушерлік негізі жете, көп мөлшерде иллюстрациялар қолдану арқылы баяндалған.

Экстрагенитальді патологияның, ауыр түрдегі гестоздардың өсуіне, түрлі патологиялы жағдайлар кезінде жүктілікті, босануды және босанудан кейінгі кезеңдерді жүргізу тактикасының қайта қаралуына байланысты патологиялық акушерлік бойынша тараулар жаңашыл деңгейде, патологиялық алдын алуға акцент жасалына отырып нақты жазылған және де білікті фельдшер-акушерлер дайындауға және олардың одан арғы жұмыстарына өте қажетті болып табылады.

Оперативті акушерлік негізінде акушерлік операциялар, оларға дайындық және науқастарды дайындау қарастырылған. Перинаталогия тарауында нәрестені перинаталды қорғау, жаңа туған нәрестенің физиологиясы мен патологиясының негіздері беріледі.

Авторлар осы оқулық медициналық колледждерге арналған оқу әдебиеттері арасынан өз орнын табады және білікті фельдшер, акушерлердің өз беттерімен жұмыс істеуіне, сонымен қатар босануға көмектесу саласындағы дәрігерлердің көмекшісі ретінде лайықты дайындығына жағдай жасайды деп үміттенеді.

Оқулық Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Оқу Әдістемелік орталығы бекіткен жалпы білім беру стандартына сәйкес жазылған бағдарлама негізінде жасалды. Осы оқулық бойынша барлық ескертулер мен ұсыныстар ризашылықпен қабылданады және болашақтағы шығармашылық әрекеттер кезінде ескеріледі. Авторлар осы оқулықтың сапасын жақсартатын барлық сын-ескертулерге ризашылығын білдіреді.