Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать

8.Бос жерлерге қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыздар.

Ғарыш алаңы – ғарыштық аппараттарды құрастыруға, ... және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандарына: техникалық позиция, старттық және командалық өлшеу ... жатады. Әр ... күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан құрылыстардан тұрады. Ғарыш алаңының ... арнайы технологиялық және жалпы техникалық жабдықтарға ажыратылады. Старттық кешендегі ... технологиялық жабдықтар жылжымалы немесе орнықты болып бөлінеді.

Қажетті сөздер: арнайы, нысан, жабдықтары, сынауға, кешендері

  1. Септеулік шылаулар тіркескен сөз тіркестермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ғылым туралы, жаңалық ашуға байланысты, мәселелерге байланысты, дайындықтан соң, жыл сайын, жұртпен бірге, телефон арқылы.

10.«Ғылым» сөзімен тіркесетін 5 сөз тіркесін жазып, олармен сөйлем құрастырыңыздар.

11. Демеулік шылауларды қатыстырып 6 сөйлем құраңыз.

12.Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Егер жай ғана асфальтқа күкірт қосатын болсаңыз, өте берік қоспа шығады. Мұндай жол 5 жылдан 10 жылға дейін еш жөндеусіз қызмет көрсете алады. Ғалымдар: «Біз ғана құрылыс материалдарынан зәулім ғимараттар салуымыз қажет, оған мүмкіндігіміз де жетеді»,- дейді. Бұрынғы ауыр әрі тез сынғыш кірпіштің орнына ғалымдар бетонның ұяшықты бетон деп аталатын жаңа үлгісін ойлап тапқан. Оған зиянсыз қалдықтармен дисперсті қолданылады. Тек жаңа технологияларды қолданудың арқасында ғана өнімнің беріктігі мен қоршаған ортаның әсеріне төтеп беру қасиеттері артып отыр.

  1. Көп нүктенің орнына қажетті шылауларды қойып, оқыңыздар

Ғарыштық түсірілімдер ... табиғи құбылыстардың уақыт бойынша өзгеруін бақылауға болады. Қойылған мақсатына және түсіргіш аппарат орнатылған ғарыштық тасығыштар түріне ... ғарыштық түсірілімнің бірнеше әдісі бар. Бұл түсірілімдер метрология, мұхиттану, геология ғылымдары ... өте қажет.

Қажетті сөздер: үшін, арқылы, қарай

  1. Мәтінді оқыңыздар

Үлкен іске ұмтылған технопарк

Шығыс Қазақстандағы «Алтай» технопаркі 2004 жылы құрылған. Мекеме аймақтағы ғылыми-техникалық ойдың орталығы іспетті. Осы секілді ғылыми орталықтардың атқарар қызметі Президенттің «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасында анық көрсетілген. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Алдағы ғасырда еліміздің экономикалық саясаты, отандық ғылымның жетістіктері мен қуат көздерін үнемдеу және экологиялық таза технологиялар негізінде бәсекеге қабілетті өнім өндірумен тығыз байланысты болатындығын» атап өткен. Технопарк бұрынғы құрылыс-жол институтының негізінде пайда болды. Себебі, аталған білім ордасының оқытушылық құрамы мықты еді. Біраз ғалымдар көптен бері ірі өнеркәсіп орындарымен жұмыла жұмыс істеп келген. Енді оларға тек бір саты жоғарылап, нақты заманында тұтынушыларды өздерінің берік әрі сапалы өнімдерімен қызықтыра білуі керек еді. Шығыс Қазақстан әр уақытта өзінің өнеркәсіп әлеуетінің жоғарылығымен белгілі. Кеңестік уақытта да кәсіпорындардың барлығы дерлік қорғаныс өнеркәсібімен тығыз байланыста болды. Қару-жарақтың жаңа үлгілерін шығаруға, институт қызметкерлері тұтас жұмылдырылды. Өскеменде әр жылдары стратегиялық зымырандарға қажетті бөлшектер, атом сүңгуір қайықтарына арнап жанармай мен ауа тазарту жүйесі де жасалған. Бірнеше зауыт алыс қашықтықтағы ғарыштық байланыс жүйесіне арнап бөлшектер шығаруға машықтанды. Қазір кәсіпорындар сол баяғы уран, тантал және берилий секілді шикізаттардан бейбіт өмірге ғана арналған өнімдер шығарады. Өз салаңның майталманына айналу үшін технологияларды ұдайы жетілдіріп отыру қажет. Ал бұған тек ғалымдар көмектесе алады. Профессор Генадий Бицоев бериллийден керамиканы айырудың маманы. Айтпақшы, металдың бұл түрімен Қазақстан мен АҚШ сынды екі-ақ ел жұмыс істейді. Ғалым әзірге дүниежүзі бойынша жалғыз технологияны ойлап тауып, өндіріске енгізіп отыр. Зерттеу жұмыстары аттай он жылға созылған. Радиоактивті заттарды өңдеуден шығатын 1-ші санатты қауіпті қалдықтардан отқа өте берік тантал, ванадий, бериллий сияқты металдар алынады. Сосын оларды өте кішкентай бөлшектерге бөледі. өнімді электроника, ғарыш, әуе өнеркәсіптері кәдеге жаратады. Мұндай бұйымдар өте берік болғандықтан көпке шыдайды. Алғашқы тәжірибелік үлгілер сараптамадан өтіп, халықаралық жоғары талаптарға жауап беретінін көрсетті. Сондықтан болар Ресей, АҚШ, Үндістан мен Израиль қызығушылық танытуда. Болашақта Қазақстан бұл салада әлемде жетекші елдердің біріне айналады деген болжам бар. Жылу электро стансаларының мұржасынан будақтап шығатын түтін, көптеген қала үшін көз үйренген көрініс. Күзгі-қысқы жылу беру кезінде ауа қабатына қауіпті қоспалар тонналап бөлінеді. Әсіресе, көміртегі тотығының зияны шаш етектен. Осыны ескерген «Алтай» технопаркінің мамандары дағдылы жүйеден бас тартып, балама қуат көзін пайдалануды ұсынып отыр. Жылыту үшін жер астынан шығатын ыстық суды, күн сәулесін және желді де қолдануға болады. Бүгінде жылу насостары Шығыс Қазақстанның бірқатар мекемелерінде іске қосылған. Олар қолданысқа сенімді әрі қарапайым, шығыны аз, ал ең бастысы экологияға келтіретін еш зияны жоқ.

Бүгінгі таңда «Алтай» технопаркі түрлі-түсті металлургия, машина құрастыру, жаңа конструкциялы материалдар, ақпараттық технология және экологиялық жобалар секілді бес негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Кез келген жоба өнеркәсіп орындарына жол тартқанға дейін коммерцияландырудың барлық кезеңінен өтуі шарт. Тек сонда ғана технология, өнім, қызмет көрсетудің бәсекелестік қабілеті артып, табысқа қол жеткізуге болады. 4 жылдың ішінде технопарк 100 ғылыми жаңалыққа патент алған. Дегенмен де шешімін таппай жатқан мәселелер әлі де бар.