Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать
  1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. «Жыл» деген ұғым қайдан шыққан?

  2. «Күн» деген ұғымды түсіндіріңіз.

  3. Жер қандай заттардан тұрады?

  4. Жердің басқа планеталардан айырмашылығы неде?

6.Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе «жалған» деп жазып беріңіз.

Шын

Жалған

  1. Тіршілік етуге қажетті барлық нәрсені: тағам - тамақты, киім-кешекті, басқа да заттар мен құрал-жабдықтың бәрін жер қойнауынан аламыз.

  2. Қалдықтар жиналып - жиналып төрт жылда жарты күнді құрайды.

  3. Бұдан 4 млн. жыл бұрын Жердің сыртқы бетін самсаған метеорит шұңқырлары мен жанартаулар қаптап жатқан деген топшылау айтылады.

  4. Жердің сыртқы қабығы оттегі мен кремнийден құралған.

7. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Қазіргі кездегі адамның өмір сүру ортасы

Адамды қоршаған ортаның төрт компонентін бөліп көрсетуге болады. Оның үшеуі антропогенді факторларының әсерінен белгілі бір дәрежеде өзгерген табиғи орта болып табылады. Төртіншісі – тек адамзат қоғамына тән әлеуметтік орта.

  1. Табиғи орта (Н.Ф.Реймерс бойынша «бірінші табиғат»). Бұл - адамның әсерінен болмашы өзгеріске ұшыраған немесе өзгерістер оның өздігінен қалпына келу және өзін-өзі реттеу қабілетін жоймаған орталар.

  2. Адамның әсерінен өзгерген табиғи орта(«екінші табиғат») немесе квазитабиғи (латын тілінен аударғанда, квази – ұқсас, сондай сияқты). Бұларға егістік танаптары, баулар, жүзімдіктер, саябақтар және т.б. жатады. Мұндай орта ұзақ уақыт барысында өзін-өзі ұстап тұруға қабілетсіз.

  3. Адамның қолымен жасалған орта («үшінші табиғат») немесе артетабиғи орта (латын тілінен аударғанда, арте – жасанды) деп аталады. Оларға тұрғын және өндірістік ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер, қала және т.б. жатады. Бұл ортаға қалдықтардың жиналуы, ластану тән.

Адамның өзгерген және қолдан жасалған ортасы материалдық ортаны құрайды.

  1. Әлеуметтік орта. Бұл ортаға адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, психологиялық ахуал, денсаулық сақтау, жалпы мәдени байлықтар, материалдық қамтамасыз ету деңгейі және т.б. кіреді.

Әлеуметтік ортаның әсері күннен-күнге артып келеді. Адамның ортасына Стокгольм Декларациясы(1972 жылы) мынандай анықтама берді: «Адам бір уақытта өзінің ортасының өнімі және оны жасаушы болып табылады». Ол адамның өмір сүруінің физикалық негізі болып табылады және оның интеллектуалдық, қоғамдық және рухани дамуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да адамның өмір сүру жағдайларының және адамның негізгі құқықтарын, соның ішінде өмір сүру құқығын жүзеге асыруда екі аспекттің –табиғи орта және адам жасаған ортаның маңызы артып отыр.

8.Жоғарыдағы мәтіннен негізгі және көмекші етістіктерді ажыратыңыздар

9. Төменде берілген сөз тіркестеріндегі қарамен жазылған сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратып көріңіздер:

Қол бастаған батыр, ақ көбейді, жетісін берді, таудың етегі, үйдің қабырғасы, бір тұяқ та қалмапты.

10. Мына етістіктердің болымды түрін болымсыз етістікке, болымсыз түрін болымды етістікке айналдырып, сөйлем құраңыз.

Алды, айналдырмау, шаршау, серуендемеу, қыдыру, ойламау

  1. Мәтінді оқыңыздар

Бір замандарда жер сілкінісі болып, Тынық мұхиттың қақ ортасында бір арал пайда болса керек. Оның қашан, қалай пайда болғаны жайлы жан білмейді. Әйтеуір сыңсыған тоғай, жеміс-жидек. Ауа райы жып-жылы. Жылдың төрт мезгілі де жаз, аң жоқ, жыртқыш жоқ. Сосын бұл мекенде әрі-бері ұшып келе жатып, аялдаған құстар мекен етіп қалады. Бірте – бірте ұшуды да қояды. Келе –келе қанатын май басып, ұшуды бірте-бірте тек жүрумен ғана шектейтін жағдайға жетеді. Сөйтіп, тарихта дронт деген атпен қалған бұл құстар көбейеді. Арада қанша ғасыр өткенін кім білсін, бір күні адамның табаны да осы жерге тиеді. Жерге түскендер өз көздеріне өздері сенбейді. Май басқан семіз құсты таяқпен-ақ ұрып алып, тамақ етеді. Сол топтың басшысы Маврик есімді адам екен, соның құрметіне арал Маврикий деп аталады. Сөйтіп, адам бұл аралға да тола бастайды. Дронт- құс та біртіндеп жоғала бастады. Ал қоқыстан табылған жалғыз дронт-қаңқа бүгінде Ұлыбританиядағы мұражайда сақтаулы тұр.

Су, ауа, топырақ – адамзаттың теңдесі жоқ байлығы. Бұл үш құрылымның арасындағы биологиялық байланыс бұзылған жағдайда үлкен өзгерістер болады. Бір жасушалы балдырдан киттерге дейін, судағы қарапайым шырмауықтан бастап, жердегі қарағаға дейін табиғат физиономиялық және психологиялық кеселге ұшырайды.