Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать
  1. «Мен және қоршаған орта» тақырыбына 1-2 беттік эссе жазыңыздар.

Мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіз.

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Өз елім - өлең төсегім.

UpRibbonSharp

  1. Мәтінге қажетті сөздермен сөз тіркестерімен танысыңыздар

Білім деңгейі, сәйкестендіру білім беру құрылымы, мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш орта білім, негізгі орта білім, жалпы орта білім, кәсіптік білім, кәсіптік бағдар, базалық негіз, әлеуметтік жаратылыстануды жүзеге асыру, ереже, деңгей, әмбебап және икемді дағдыларға ие.

  1. Сәйкестікті көрсетіңіздер

Сәйкес - социальный

Жүзеге асыру - естествознание

Ереже - профессиональный

Деңгей - структура

әмбебап - привычка

икемді - уровень

дағды - правила

құрылым - осуществить

кәсіптік - соотвественно

жаратылыстану - универсальный

әлеуметтік - способный

  1. Мына сөздердің синонимдерін табыңыздар

Тәсіл, жүзеге асыру, құрылым, елеулі қызмет

  1. Мәтінді оқыңыздар

Білім жүйесіндегі реформалар

2008 жылдың тамыз айында «Білім туралы» жаңа Заң қабылданды.

Жаңа Заңның ерекшелігі – білім беру құрылымының халықаралық білім стандарттарына сәйкестендірілуі Жаңа Заңда білім беру құрылымы ЮНЕСКО ұсынған 1997 жылғы халықаралық білім сыныптамасы білім беру бағдарламалары өлшемдеріне сәйкестендіріледі. 2008 жылдан бастап 12 жылдық оқыту жүзеге асырылады Заңда 12 жылдық білімінің құрылымы анықталады. Ол - бастауыш білім - 4 жыл, 1-4 сыныптар аралығы;

- негізгі орта білім – 6 жыл, 5-10 сыныптар аралығы;

- жалпы орта білім – 2 жыл, 11-12 сыныптар аралығы ;

Бастауыш білім берудің оқу бағдарламалары баланың тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған. Негізгі орта білім беруге арналған оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негізін игеруге, тұлғаның өзін тануы мен кәсіптік бағдарын айқындауға бағытталады.

Жаңа Заңда техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұны мен құрылымы елеулі өзгертілді.

Білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау негізгі орта білім беру базасында (10сынып) және кәсіптік лицейлерде училищелерде колледждерде және жоғары техникалық мектептердегі жалпы білім беру базасында (12 сынып) жүзеге асырылатын болады.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басты міндеті - әмбебап және икемді дағдыларға ие, үздіксіз білім беруге қатыса алатын мамандарды даярлау болып табылады.

Кредитік технологияға негізделген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, білім берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат, магистратура, докторантура, PһG) заңнамамен бекітіліп отыр. Бұл Болон декларациясының ережелері мен халықаралық стандартарға сәйкес келеді.

  1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.