Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать

Сәкен Сейфуллин.

Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола обылысы , Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Жезқазған обылысы, Жаңарқа ауданы) туған. Шын аты Садуақас, еркелетіп Сәкен атап кеткен.

Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса - хикаяны өзі оқитын деңгейге жеткен Сәкенді «Орыс тілін үйрен, орысша оқу үйрен»,- деп Нілді зауытына жібереді.

9 жасында ауылдан кеткен Сәкен бір орыстың сиырын бағып, пеш жағып, су әкеліп, жұмыстар істей жүріп, бір жыл орысша үйреніп, екі жыл завод мектебінде оқиды.

1908-1913 жылдары Ақмолада приходская школада, қалалық училищеде 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқиды. Алғашқы өлеңін Нілді зауытында қалжың өлең жазудан бастайды. «Айқап»журналына хабар, сын, мақала бірнеше өлең бастырады.

1914 жылы жиырма жастағы семинарист С.Сейфуллиннің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы Қазан қаласында басылып шығады. Семинарияны бітірген соң Сілеті - Бұғылы деген жерде ауыл мұғалімі болады. 1917 жылы Сәкен Ақмолаға келеді. Әлеумет қайраткері, саяси күрескер болады. С.Сейфуллин әртүрлі қызметтер атқара жүріп, 1917 жылы «Бақыт жолында» пьесасын жазды, 1918 жылы Ақмола жастарының күшімен сахнада қойылады.

Сәкен Сейфуллин Колчак түрмесінде отырады. Аш-жалаңаш, қорлық-зорлық көріп Анненковтың азат вагонының тауқыметін тартады.

1919 жылы Омбы тұтқын лагерінен қашып шығып құтылады. Түркістан өтіп, Әулиеата (қазіргі Жамбыл) атырабында кеңес өкіметін орнату жұмыстарына белсене қатысады.

1920 жылы Қазақ Автономиялы Республикасы құрылғанда С.Сейфуллин Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі, Жер-су комиссиясының төрағасы, ал III Кеңестер съезінде, 1922 жылдың қазанында Қазақстан Комиссарлар Кеңесінің төрағасы етіп сайланды.

5.Мәтін бойынша 5-7 сұрақ қойыңыздар

6. Мәтіннен есімшелерді, көсемшелерді теріп жазыңдар

7.Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар

Дінмұхамед Қонаев

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993)- аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы КСРО, шетел ордендері мен медальдерінің иегері. Верный (қазіргі Алматы ) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Москваның Түсті металл алтын институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д.Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болып істеді. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. 1942-52 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Д.Қонаев 1955-60 және 1962-64 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы 1960-62 және 1964-1986 жылдары Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжрибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аямай жұмсай білді.

Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама - қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. 1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтың келуіне байланысты Д. Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты. Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

8. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1 . Дінмұхамед Қонаев қай жылдары өмір сүрген?

2 . Жоғары білім алғаннан кейін қандай қызмет атқарған?

3 . Ұлы отан соғысы кезінде қайда жұмыс істеген?

4 . Дінмұхамед Қонаевтың Қазақстанға сіңірген еңбегі туралы айтыңыз

5 . Дінмұхамед Қонаев пен желтоқсан оқиғаларының байланысы бар ма?

9. Етістіктерден есімше жасап, сөйлем құраңыздар

Білу, оқу, болу, үйрену, босату, ұласу, келу

10.Етістіктерден көсемшенің түрлерін жасаңыздар.

Үлгі: айту: айтып – айта – айтқалы

Жазу, оқу, үйрену , тыңдау, қарау, білу, көру, қарау, бару,келу, апару,әкелу, келу, кету, шақыру, сену , қау, жету, жүру

11.Етістіктерден есімшенің түрлерін жасаңыздар.

Үлгі: тыңдау: тыңдаған –тыңдар – тыңдамақ- тыңдайтын

Бару, алу, көру, жазу, қалу, жазу, әкелу, әкету, тексеру, келу, кету, озу, ойлау, оқу, отыру , жүру, тұру, жату, сезу, секемдену

1.Төмендегі көсемшелермен сөйлемдер құраңыздар.

Келіп, өмір сүріп, жұмыс істейді, жүзеге асырады, еңбек сіңіреді, оқиды, үйренеді, біледі, айтады, қарайды

2. Сәкен Сейфуллиннің бір өлеңін жаттаңыздар.

UpRibbonSharp

  1. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар

Құқықтық мемлекет, бағыт, бостандық, жан-жақты қалыптасуы, халық билігі, жүзеге асыру, әлемдік талаптар, экономикалық қатынастар, міндет, мемлекеттік нысандар, қортынды сот төрелігі, мақсат, негіз.

  1. Сәйкестікті көрсетіңіздер

Құқық- итог

Мақсат- текст

Талап- направление

Қызмет- служба

Бағыт- обязанность

Әдіс- требование

Кіріспе – введение

Мәтін- цель

Қорытынды – право

  1. Мәтінді қажетті сөздермен толықтырыңыздар.

Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ Конституция ұғымын ерте заманда Грецияда Аристотель........... болатын. Ол кезде «конституция» деген сөз «саяси құрылыс».......... білдіретін. Конституция ...... қазіргі түсінігі 18 ғасырдан бастап орнықты. Алғашқы конституция 1787 жылы АҚШ-та ............ 1789 жылы Францияда қабылданды. Кез келген конституция ...... орныққан тәртіптің негізгі ұстанымдарын бекітіп береді. Мұнда өмірдегі аса ........ өзгерістер көрініс табады.

Қажетті сөздер: маңызды, қоғамда, сонан соң, ұғымын, ұғымының, қалыптастырған.