Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать

7.Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар

Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалар үшін нормалық принцип болып есептеледі. Қазіргі кезде Қазақстандағы құқық жүйесінің қалыптасуы елімізде құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің Ата Заңының мәні мен алатын орны барған сайын жоғарлауда . Қазақстанның XX ғасырдағы тарихында бұдан бұрында Конституциялары болған.

8. Шашылған сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар

1.Заңы, Республикасының , Қазақстан, Ата беру , дауыс, бүкілхалықтық, қабылданды, арқылы.

2. Конституция өтпелі, тұрады мәтіннен, қазіргі, ережелерден негізгі, қорытынды, және , кіріспеден

3. Ата, бар, Заңды, қабылдау, маңызы, зор, әдісінің, орасан

4. Конституция, 9, баптан, 98, бөлімнен, Қазақстан, және, де, Республиканың, көптеген, тұрады, тармақтардан

9.Төменде берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ең жоғары, ерекше, белгілері, негізгі құқықтар, әлеуметтік даму, заң салалары, халықаралық қатынастар

  1. Бұйрық райлы етістіктерді тауып, жақтық мағынасын ажыратыңыздар.

Құнды сөзді құйма құлақ тыңдасын. Айтпас жерде тіліңді тарт. Айтарыңмен асықпа, қайратыңмен асық. Ауыр істен қорықпа, ауыр сөзден қорық. Бұра сөйлеме, тура сөйле. Ердің өзіне қарама, сөзіне қара. Кеште жат та ойла, ертең тұр да сөйле.

11. Мақал – мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіздер. Етістіктің райын ажыратыңыздар.

Ақыл - дария, алсаң да таусылмайды.

Жаманға сырыңды айтсаң, жарға жығады.

Ерінбесең еңбегін өнеді.

Денің сау болса, жарлымын деме.

Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.

12. Мәтінді оқып, етістіктің шақтарын ажыратыңыз

Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттік және қоғамдық органдардың өзге актілеріне де, соның ішінде басқа заңдарға да қатысты ең жоғарғы заңдық күші болады. Мемлекеттік органдардың өзге актілері, барлық заңдары Қазақстан Республикасы Конституциясының негізінде және соған сәйкес, сол белгілеген рәсім бойынша қабылданады. Мемлекетіміз жасайтын халықаралық келісімдер де Қазақстан Республикасына сәйкес жасалынуы тиіс. Қолданылып жүрген нормалар Конституциялық қалыптармен сай келмеген жағдайда соңғысы қолданылады, өйткені басқа нормалар осыған сай келтірілуге тиіс. Конституцияның қағидаларына қайшы келетін заңдар және өзге актілердің заңдық күші болмайды. Яғни, кез келген демократиялық құқықтық мемлекеттегі ағымдағы заңдар құқықтық базалық көзі ретінде Конституцияға негізделеді және оның әдісі мен рухына сай келуге тиіс. Кез келген құқықтық актінің Конституцияға сай келмеуі немесе оған қайшы келуі бұл құқықтық актіні заңдық күшінен айырады, оны жарамсыз етеді. Бұл Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың аса маңызды шарты.

1.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар

«Жалпы ережелер» деп аталатын I бөлім жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама бере отырып, Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес жүзеге асырылатындығын баяндайды. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасын – Президенттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет екендігін айқындап берген.Олай дейтініміз біздің ұлан – байтақ жеріміздің ұлттық – аумақтық бөліністерге бөлінбей, тек әкімшілік – аумақтық бөліністерге - облыстарға, қалаларға, аудандарға, ауылдарға т.б. – бөлінетіндігін және олардың жоғарыдағы бір орталыққа бағынатындығы. «Адам және азамат» деп аталатын II бөлім адам мәртебесін мемлекетпен тікелей байланыстырмай, жеке бастың құндылығын ашып көрсетеді. Онда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары халықаралық құқықтың мойындалған қағидаттары мен қалыптарына тікелей байланыстырылған. Жаңа қазақстандық Ата Заңның басты желісі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекет мүддесінен жоғары тұрғыдан қарау болып табылады. «Президент» деп аталатын III бөлім мемлекет басшысы ретінде Президенттің жаңа мәртебесін толық бейнелейді.Басқа мемлекет органдарының құрылуы мен қызметі IV-VIII бөлімдерде көрсетілген. Мұнда билікті бөлу принципі нақты берілген. Парламент,Үкімет, Соттар және сот төрелігі (сот билігі) туралы логикалық негізде үйлестіріліп берілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылымында әр бөлім өз қисынымен ретті орналасқан. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы өз құрылымы жағынан баршаға айқын түсінікті деп айтуға болады.

«Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын IX бөлім жаңа Ата заңды күшіне енгізу нормаларын бекітеді, бұрынғы Конституцияның күші қай кезден бастап жойылғанын нақтылайды. 1995 жылғы Конституция күшіне енгенге дейін қолданылып келген заңдардың одан әрі қарай қолданыста болу тәртібін көрсетеді.