Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык ТМО 111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1 Mб
Скачать
  1. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, оқыңыздар.

1945 жылдың 24 қазанында БҰҰ-ның Жарғысы ... , Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. Содан бері бүл күн бүкіл әлемде БҰҰ-ның ресми күні ретінде аталып өтіледі. 1995 жылдың наурызына дейін БҰҰ-на 185 ел ... болды. Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ-ның ... қабылданды. БҰҰ-ның орталық ... Нью-Йоркта орналасқан. Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 ... тілі бар. Олар: ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдері.

Қажетті сөздер: құрамына, қабылданып, ресми, мүше, штабы,

  1. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Халықаралық сот Бас Ассамблея сайлайтын 15 судьядан тұрады. Судьялар олардың азаматтығы негізінде емес, іскерлік қабілетіне қарай сайланады. Алайда сот құрамында бір елдің екі азаматы бола алмайды. Соттың орналасқан жері – Нидерландының Гаага қаласы. Мүше мемлекеттер соттың қарауына шекаралық даулар, балық аулау мен пайдалы қазбаларды өндіру құқықтары мен өзге де Жарғыда көрсетілген мәселелерді бере алады.

  1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар

Мүмкіндіктерді межелеу

2008 жылдың мамыр айында Астанада «Қазақстан – Корея: ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі» атты бизнес форум өтті. Оған қос мемлекет үкіметтерінің басшылары Кәрім Мәсімов пен Хан сын Су қатысты. Бизнес форумда Корея делегациясының құрамында келген ірі компания өкілдерімен қоса, Қазақстан тарапынан ірі өнеркәсіп компаниялары мен екінші деңгейлі банктер және құрылыс сақтандыру, телекоммуникация, компьютерлік технология саласындағы кәсіпорын өкілдері болды.

Форумда үкімет басшысы Кәрім Мәсімов: «Қазіргі таңда Оңтүстік Корея бизнесінің Қазақстанға кіруіне тиімді кезең. Осы мүмкіндікті бірігіп іске асыруымыз керек», - деді.

Кореялық компаниялар Қазақстаннан энергетика, мұнай және мұнай- химия, газ, құрылыс, қаржылық сектор, логистика секілді салалар бойынша әріптес табуға мүдделі. Елімізде корей капиталының қатысуымен құрылған 300 ден астам кәсіпорын қызмет етеді. Оның ішінде «Самсунг», «Эль Кэй корпорейшн », «Хенде», мақта кластері саласындағы «Ритекс», сонымен қатар «Донил Хайвилл», «Урим» т.б құрылыс компаниялары бар.

Корея еліміз үшін маңызды , ірі сауда экономикалық әріптес болып табылады. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2007 жылы 843,3 млн. АҚШ долларына тең келген.

    1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар

Ынтымақтастық ықпалы артады

Шанхай ынтымақтастық ұйымына енетін алты елдің жоғарғы соттары басшыларының алғашқы кездесуі 2006 жылы Шанхай қаласында басталған еді. Бұл кездесуде экстремизм, терроризм және сепаратизмге қатысты құқық қолдану тәжірибесі талқыланды. Сол жолы ынтымақтасудың негізгі қағидалары мен міндеттері айқындалып, арнайы құжаттарға қол қойылды. Санкт – Петербургте өткен екінші кездесу экстремизм мен есірткі заттарының заңсыз айналымы жөніндегі істердің сот тәжірибесінде қаралуына арналды. Кеңеске қатысушылар халықаралық шарттар мен құқық нормаларының соттармен жалпы танылған қағидаттарының қолдану мәселесін талқылады. Ал Астанада соттардың экологиялық және миграция мәселесіндегі құқық қолдану жайы қаралды. Мамандар соттардың экологиялық заңнамаларды қолдану тақырыбында баяндамалар жасады. ШЫҰ елдерінің басшылары ұсынған жоба бағытындағы ықпалдастық төңірегіндегі жұмыстар қаралды.

2. Мәтіндегі етістіктердің райларын ажыратыңыздар.

3.«Біріккен Ұлттар Ұйымы және Қазақстан» тақырыбында хабарлама жасаңыздар.

UpRibbonSharp

  1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар

Адамзат қоғамы, ерте дәуір, кезең, алғышарт, алғашқы нышаны, жүйе, құбылыс, ежелгі, дәстүр, адамзат танымы, дүниетанымы, әмбебап, сала, ортақ, энергияның жаңа заңдары, энергияның сақталу заңы.

  1. Сәйкестікті табыңыздар

Адамзат – система

Дәуір – универсальный

­Өндіріс – познание

Кезең – достижения

Жүйе – явление

Құбылыс – период

Жетістік – производство

Дербес – персональный

Таным – эпоха

Әмбебап – человечество

  1. Мәтінді оқыңыздар

Ғылым мен техниканың даму тарихынан

Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі Шығыста (Бабыл, Мысыр, Үндістан, Қытай) болашақ ғылымға негіз болған ілімнің алғашқы нышандары қалыптасты. Ғылымның алғышарты ретінде мифологияны алуға болады. Онда алғаш қоршаған орта туралы бүтін, тұтас, жан-жақты танымдық жүйе қалыптастыруға ұмтылмас болды. Бірақ танымның бұл формасы өзінің діни-антопоморфты сипатына байланысты нағыз ғылымнан алшақ жатқан еді.

Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия т.б. ғылымдар салалары қауырт дамып, бұл құбылыс кейін Ислам Ренессансы деп аталды. Омейя әулеті халифатында Ғылым үйі болды, онда ғалымдар ежелгі грек ғылымының барлық жетістіктерін араб тіліне аударды, ғылымның ерекше формасы «фәлсафа» қалыптасты.

Қайта өрлеу дәуірінде діннің басымдылығы әлсіреді, ғылым рухани өмірдің дербес факторы болып, дүниетанымның негізгі тірегіне айналды(Леонардо да Винчи, Н.Коперник). Сондай-ақ, ғылым табиғат құбылыстарын жан-жақты зерттеп, адамзат танымының көкжиегін кеңейте түсті. Механикадағы жетістіктер 17 ғасырдың аяғында жүйеленіп, толығып, әлемнің механикалық бейнесі туралы түсінік қалыптастыруда шешуші рөл атқарып, кейін әмбебап дүниетанымдық маңызға ие болды. Ол 17-18 ғасырлардағы біртұтас әлемдік механизм туралы жалпы ілімнің бөлімі ретінде танылды. 19 ғасырда болмыстың жекелеген салаларына қатысты жинақталып, жүйеленген және теориялық тұрғыдан талданып түсіндірілген материалдар, қоғам мен табиғат құбылыстарын механикалық түсіндіру шеңберінде қарастыруға сыймады, сондықтан ғылымның басқа салалары бойынша алынған нәтижелер негізінде оларды жан-жақты және терең қорыту міндеті алға қойылды. Энергияның сақталуы мен айналуы заңының ашылуы (Р.Майер, Дж.Джоуль, Г.Гельмгольц) физика мен химияның барлық тарауын ортақ негізге қоюға мүмкіндік берді. Жасуша теориясын тұжырымдау (Т.Шван, М.Шлейден) барлық тірі организмдердің біртекті құрылымын көрсетті. Элементтердің периодтық жүйесі заттың барлық белгілі түрлерінің ішкі бірлігінің барлығын көрсетті.

20 ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты, онда ДНҚ-ның молекулалық құрылымы белгіленіп, генетик кодтары айқындалады.

Қазіргі заманғы ғылымды өндірістік күш ретінде энергия, тіпті оны үнемдеу де көп қызықтырмайды, керісінше, ақпарат өңдеу, соның негізінде өндіріс пішімділігіне қол жеткізу алдыңғы орынға шықты. Адам тікелей өндіріс процесінің шеңберінен шығарылып қана қоймайды, ол мүлде жаңа сападағы техникалық әлем қалыптастыра отырып, ақпараттық модельдермен жұмыс істей бастайды. Басқару мен жоспарлауды автоматтандыру қазіргі ғылыми-техникалық дамудың басты ерекшелігі болып табылады.

  1. Мәтін бойынша сұрақтар қойыңыздар.

  1. Мифология ненің алғышарты болды?

  2. Орта ғасырларда қандай ғылым салалары қауырт дамыды?

  3. 16-17 ғасырларда ғылым қалай дамыды?

  4. 19 ғасырда қандай елеулі ғылыми жаңалықтар ашылды?

  1. Мәтіннен септеулік шылауларды теріп жазыңыздар.

  1. Шашылған сөздерден сөйлемдер құраңыздар

  1. Ғылымның, мифологияны, болады, алуға, ретінде, алғышарты

  2. Табылады, басқару, болып, жоспарлауды, мен, қазіргі, автоматтандыру, басты, ерекшелігі, ғылыми-техникалық, дамуды

  3. Ғалымдар, барлық, ғылымның, грек, араб, аударды, тіліне, жетістіктерін

7.Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Тұтас ғылымдар жүйесін құрайтын ғылыми пәндерді шартты түрде жаратылыстану, әлеуметтік және техникалық ғылымдар деп үлкен үш топқа бөлуге болады. Бұлардың арасында қатаң шекара жоқ, бірқатар ғылыми пәндер аралық жағдайда қалыптасқан. Мысалы, техникалық ғылым мен әлеуметтік ғылымның түйіскен жерінде техникалық эстетика, жаратылыстану ғылымы мен техника ғылымы түйіскен жерінде астроботаника, ал жаратылыстану ғылымы мен әлеуметтік ғылымның түйіскен жерінде экономикалық ғылымдар қалыптасқан. Іргелі ғылымдар саласының міндеті - қоғамды, дүниені, табиғатта түсіндірілетін заңдарды тану.